Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру



жүктеу 1,5 Mb.
Pdf просмотр
бет1/49
Дата05.05.2023
өлшемі1,5 Mb.
#42457
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Үлгілік оқу бағдарламалары kaz.



Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру 
пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 31 қазанда № 17651 болып тіркелді 
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабының 5-2) тармағына 
сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Бекітілсін: 
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін "Қазақстанның қазіргі заман тарихы" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы; 
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін "Философия" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы; 
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін "Шетел тілі" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы; 
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін "Қазақ (орыс) тілі" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы; 
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу 
бағдарламасы; 
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін әлеуметтік – саяси білім беру модулінің үлгілік оқу бағдарламасы; 
7) осы бұйрыққа 7-ші қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін "Дене шынықтыру" жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы. 
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орыннан 
кейінгі білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтүзбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз 
және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалык құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық 
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы 
нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды; 
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 
интернет-ресурсында орналастыруды; 
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы 
Білім және Ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында 
көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-
министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін. 
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі. 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі 
Е. Сағадиев
Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрінің 
2018 жылғы 31 қазандағы 
№ 603 бұйрығына 
1-
қосымша 

жүктеу 1,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау