Құлынымнан айырылдым! Айырылысқан аққудай, Ер ұлымнан айырылдым!
Негізгі әдеби ұғымдармен таныстыру
Теңіз бастан былғанды, Кім тұндырар, а, ханым? Терек түптен жығылды, Кім тұрғызар, а, ханым? немесе: Құлынын алған құландай, Құлынымнан айырылдым! Айырылысқан аққудай, Ер ұлымнан айырылдым!
Жезқазған қаласындағы Кетбұқа ескерткіші
Дәстүрлі білім жүйесі бойынша сабақ жоспары Дәстүрлі білім жүйесі бойынша сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: «Аңыз әңгімелер. Кетбұқа – кемеңгер бабамыз!» Сабақтың мақсаты: 1) Ұлы даланың жеті қырының негізгі тақырыптарын жүзеге асырудың нақты жолдарын таныстырып және насихаттай отырып, тарихи сананы жаңғырту, ұлттық болмысымызды сақтау, жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындату, ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыруға жол ашу; 2) Оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер, слайд Сабақтың түрі: жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс Сабақта қолданылатын әдістер: сұхбаттасу , сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлаудың әдістері, топтау Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі 1. Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру а) «Ойтүрткі» - Ұлы даланың жеті қыры туралы не білесіздер? - Ұлы даланың жеті қыры туралы Елбасымыздың айтқан жолдауы? ә) Топтау «Рухани құндылық» ІІІ. Мағынаны тану 1.Кіріспе сөз. “Ұлы даланың жеті қыры”(Елбасының мақаласы бойынша слайд ) Бүгінгі сұхбат сабағымызды Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын. Елбасы: «Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын»,- деген еді. Биыл 2018 жылы 21 қараша айында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялады. Бұл мақала «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы және де халқымыздың рухани баюына арналған құнды қадам еді. Елбасының Ұлы даланың ғажайып өркениеттері туралы жазылған мақаласы барлығымызға ой салар деп ойлаймын. Шын мәнінде біз ұлы дала мұрагерлеріміз. Осы даладан әлемнің түкпір –түкпіріне біздің өркениет тараған ұлы халықпыз. Ендеше, ортаға құрметті қонағымыз тарих пәнінің мұғалімі Үржанов Абат Үржанұлын шақырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |