Жоба орындаушысы


-жаттығу. «Сиқырлы дүкен»



жүктеу 1,89 Mb.
Pdf просмотр
бет37/53
Дата27.12.2019
өлшемі1,89 Mb.
#25018
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53

162 
 
2-жаттығу. «Сиқырлы дүкен» 
Жүргізуші:  «Өзіңіздің  қалағаныңызды  сатып  алатын 
сиқырлы  дүкенге  кезіктім  деп  елестетіңіз.  Кез  келген  мінез 
қасиеті,  кез  келген  рухани  құндылықтар:  жалпы  алғанда  «не 
алғың  келеді  бəрін  ал  бірақ  ақысын  төле.  Дүкен  ерекше 
болғандықтан , одан  алған  затыңның  ақысын  өз  қасиеттерің 
арқылы төлеу қажет»  
Кеңістік  ұйымдастырылады:  сатушы  сөресі,  қойма,  есік; 
қатысушылардың  арасынан  «тапсырыс  беруші»  таңдалады — 
жүргізушінің  көмекшісі,  дүкенге  келіңіздер  деп  шақыратын 
«жарнама  агенті»  жəне  қатысушылар  «кезекке»  тұрады. 
Дүкеннің  жұмыс  уақыты  шектеулі  екені  ескертіледі,  ол  кез 
келген  уақытта  жабылып  қалуы  мүмкін.  Жетекші  дүкенге 
келушілердің  бастамасын  мадақтайды,  өйткені  ол  сатып  алуды 
жүргізеді. Тапсырыс беруші қоймадан қасиеттерді əкеледі, олар 
зат секілді сатылады. Дүкенге кіргісі келгендердің барлығы кіріп 
болған  соң,  талдау  жүргізіледі:  өздеріңіздің  қасиеттеріңізден 
айырылу  қаншалықты  қиынға  соқты?  Неліктен  осы  қасиеттер 
қажет?  Ойын  барысында  өздеріңді  қалай  сезіндіңдер?  Неліктен 
кейбіреулеріңізге сатып алуда қиындықтар кездесті? 
 
3-жаттығу. «Сөйлемді аяқта» 
Жүргізуші барлық қатысушыларға сөйлемді аяқтауды қажет 
ететін бланкілерді таратып береді: 
1. «Мен осындай сəттерде ... бақыттымын» 
2. «Маған ең жаманы ...» 
3. «Түсіне алмаймын, неліктен мен...» 
— «Менің өмірім жақсырақ болар еді, егер де мен...» 
— «Өзімнен өзгерткім келетін ең басты нəрсе, – бұл...» 
Жетекші  бланкілерді 5-10 минуттан  кейін  жинап  алады. 
Нəтижелері  топта  талқыланбайды  (бұл  бланкілерді  жетекші 
талдайды жəне кейінірек жеке кеңес беруде қолданады). 
 
 
4-САБАҚ 
Тақырыбы: «Мен адамдар арасында» 
Мақсаты: Эго позициясын күшейту. 
75 
 

 
 
 
II 
 
 


76 
 
III 
 
 
 
 
IV 
 
 
161 
 
8-кезең. «Соқпақ жəне жар». 
Жүргізуші  екі  орындықты  қосады (7 адамнан  тұратын  топ) 
жəне оларды жіппен байлайды (тұрақты болуы үшін). Тағы да 4 
орындықты байланған орындықтан 30 сантиметрдей алшақтықта 
қарама-қарсы қояды, «соқпақ» жəне «арал» болуы үшін. 
Жүргізуші.  «Қазір  менің  бұйрығыммен  сіздер  мына 
соқпақпен  жүгіріп  өтулеріңіз  керек  (орындықтарды  көрсетеді) 
жəне  мына  аралға  барып  тұрасыздар  (байланып  тұрған  орын-
дықтарды  көрсетеді).  Аралда  барлықтарыңыздың  тұруларыңыз 
қажет.  Барлықтарыңыз  аралда  тұрған  кезде  бірігіп  бір  ұран 
шығарасыздар.  Барлықтарыңыздың  аралға  жиналып  айғай-
лағандарыңызды  естігеннен  кейін  мен  секундомерді  өшіремін. 
Егер  де  біреуіңіз  соқпақтан  құлап  қалсаңыздар,  барлық  топ 
ойыннан шығады жəне айып ұпайы салынады. Басталды!» 
 
Ойынды  талдау. «Идеалды  уақытпен»  салыстыру.  Қай 
кезеңдер  көп  есте  қалды,  не  үшін?  Не  оңай  болды,  не  қиын 
болды? Достарыңыз жайлы жаңадан не білдіңіздер? 
 
 
3-САБАҚ  
Тақырыбы: «Дос болып жүрейікші» 
Мақсаты:  тренингке  қатысушылардың  рефлексиясын 
көтеру. 
Сабақтың басталу рəсімі.  
«Басқалардың  өзіңе  қалай  қатынас  жасағанын  қалайсың, 
оларға  да  солай  қатынас  жаса»  тақырыбында  жетекшіге  сөз 
беріледі.  
 
1-жаттығу. «Сөйлейтін алақандар» 
Жүргізуші.  «Қазір  жұпқа  бөлініп,  қолдарыңыздан  ұстап, 
көздеріңізді  жұмыңыздар.  Қолдарыңыздың  сөйлеп  тұрғанын 
елестетіңіз. Тек қолдарыңыздың көмегімен сізге мынаны жасау 
керек: бір-бірлеріңізбен танысу, пікір таластыру, ұрысу, айты-
су, достасу, бір-бірлеріңізден кешірім сұрау». 
Талқылау:  Осы  жағдайларда  сіз  қандай  сезімде  болдыңыз, 
олардың қайсысы жағымды, қайсысы жағымсыз, не үшін? 
Үй тапсырмасын талқылау: қандай жағдайлар сізде жағым-
сыз бағалауды тудырды, не үшін? Қайсысы жағымды, не үшін? 


160 
 
Жүргізуші.  «Қазір  менің  бұйрығыммен  сіздер  барлық-
тарыңыз жіптің басқа жағына шығуларыңыз керек. 
Жіптен  тек  аттап  өтуге  болады.  Ешқандай  заттарды  –
орындықтар,  үстелдер  т.б.  қолдануға  болмайды.  Егерде,  бір 
ойыншы жіпке тиіп кетсе, онда алдын өтіп қойған ойыншылар 
ойынды  қайтадан  бастайды.  Егер де  біреу  құлап  қалса  барлық 
топ ойыннан шығып, 300 айып секундын алады. Басталды!» 
Жүргізуші  ойыншыларға  олардың  бір-біріне  көмектесуі 
керек  екенін  ескертпейді.  Ойыншылар  бір-бірін  демеп  ойнаса, 
жүргізуші  олардың  жіберген  ұсақ  қателіктерін  байқамағандай 
болып, кейбір жағдайларда тіптен жіпті сəл түсіруі мүмкін. 
 
6-кезең. «Қорап» 
Жүргізуші  топқа  бір  сызыққа  тұруын  өтінеді  жəне  сіріңке 
қорабының сыртын көрсетеді.  
Жүргізуші:  «Қазір  сіздерге  қорапша  бірінші  ойыншыдан 
бастап  соңына  дейін  беріледі.  Шарты:  қорапшаны  біз  қолмен 
емес  мұрынмен  мұрынға  береміз.  Бірінші  ойыншыға  мен  өзім 
мұрнына  қолыммен  қорапшаны  кигіземін.  Егер  де  қорапшаны 
беріп  жатқанда  құлатып  алса,  онда  сол  қорапшаны  берген 
адам қолымен қорапшаны қайтадан мұрнына кигізіп ойынды əрі 
қарай жалғастырады. Басталды!» 
 
7-кезең. «Хайуанаттар бағы» 
Жүргізуші:  «Қазір  мен  сіздерге  əр  түрлі  жануарлар 
жазылған  карточкалар  таратамын.  Сіздер  бір  мезгілде  екі 
нəрсені жасауларыңыз керек:  
біріншіден,  осы  жануардың  шығаратын  дыбысын  жасай-
сыз, екіншіден, тағы кімдердің осындай дыбыс шығарып жат-
қанын естіп соларға барып қосыласыз да, «үйір» жасайсыздар. 
Мысалы, егер де сізде «қой» деп жазылса, онда сіз «бе-е-е» деп 
айғайлайсыз.  Барлықтарыңыз  тұрып  болғаннан  кейін  мен 
секундомерді  тоқтатып  карточкаларыңызда  не  жазылғанын 
тексеремін.  Егер  де  кімде  кім  өз  үйірінде  болмаса  немесе 
қателессе топқа 10 айып секунд беріледі»  
Жетекші  барлығын  дөңгелектене  тұрғызып  карточкалар 
таратып  береді.  Ойынның  басталуы  «басталды!»  бұйрығынан 
соң  басталады. 7 адамнан  тұратын  топқа  карточкалар: «ит» –  
2 дана, «мысық» – 3 дана, «қаз» – 2 дана. 
77 
 

 
 
 
VI 
 
 
 


жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау