Жоба орындаушысы



жүктеу 1,89 Mb.
Pdf просмотр
бет45/53
Дата27.12.2019
өлшемі1,89 Mb.
#25018
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53

98 
 
өмірінде толық сенім мен өзара түсіністікке негізделген қарым-
қатынастың  жоқ  болуымен  сипаттталады.  Оның  жуық  арада 
жақын адамынан айрылған болуы да мүмкін.  
 
Сұр + жасыл: тұтқыннан шығуға ұмтылу  
Сыртқы жағдайлар оны басып тастаған. Жағдай өте күрделі. 
Олай бола тұра, адам өзінің көзқарасын қорғауға тырысады.  
 
Сұр + қызыл: ашулану  
Адам  өзінің  жоспарларын  жүзеге  асыруға  талпынып 
тұрады, бірақ қоршаған адамдар мен жағдайлар оған кедергілер 
қояды.  Бұл  оның  зығырданына  тиеді.  Жүйке  шиеленісі  ұлғая 
түседі.  
 
Сұр + сары: адасу  
Адамның үміті ақталмай, ол жағдайды өзгерту үшін не шара 
қолданатынын  білмейді.  Бұл  оны  өте  қатты  стресске  əкеледі. 
Ішкі  ресурстар  шаршаған,  сондықтан  да  психологтың  көмегіне 
жүгінгені дұрыс.  
 
Сұр + күлгін: іштей бөлектену 
Қазіргі  жағдайда  адам  жақын  адамымен  ренжісіп  жүр. 
Өткен  өмірінен  алған  эмоционалды  жарақаттарға  негізделген 
сенбеушілік басқалармен жақындасуға кедергі болады. 
 
Сұр + қоңыр: шаршау  
Өте  қобалжитын  жағдай!  Ішкі  шиеленіс  жағдайы  өзінің 
шегіне  жеткендігі  туралы  ақпарат  береді.  Адам  міндетті  түрде 
демалуы қажет, тіпті емделу керек.  
 
Сұр + қара: шектен тыс талап қою  
Қалыптасқан  жағдайлар  адамның  қазір  қолынан  келмейтін 
жоғары  талаптар  қояды.  Оған  біраз  уақытқа  өз  ойынан  бас 
тартуы  керек,  əйтпесе  оның  ішінде  жиналған  стресс  ауруға 
əкелуі мүмкін.  
 
139 
 
4.4. МЕКТЕПТЕГІ КҮШ КӨРСЕТУ ЖƏНЕ 
ҚАТАЛДЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ƏДІСТЕРІ 
 
Мектеп қоғамның бөлшегі ретінде, қоғамдағы болып жатқан 
жағдайлар,  оның  ішінде  жағымсыз  жəйттер  мектепте  де  кезде-
седі.  
Мектеп дегеніміз – мектеп қауымдастығының барлық мүше-
леріне деген нормативті талаптарымен реттейтін өмір салты бар 
мекеме. 
Баланы  балағаттаған  педагог  осы  жол  арқылы  баланың  ұя-
тын  шақырып  тұрмын  деп  есептейді.  Шындығында  ол  өзінің 
қорғансыздығынан, басқа шешім таба алмағандығынан осы жол-
ға  барады.  Мектеп  директоры  мектепке  «кіру-шығу»  бойынша 
қатаң  бақылауды  енгізе  отырып,  бұл  тəртіпке  көмектеседі 
дегенімен өзінің басқа жол таба алмағанынан хабардар етеді.  
Сондықтан  да  зардап 
шеккен балалар мен жасөспі-
рімдерге  көмекті  ұйымдас-
тырумен  қоса,  алдын  алу 
шараларын  жасау – оқу 
орындарындағы зорлық жүй-
есі  əрекеттерінің  пайда  болу 
ықтималдылығын  азайту  қа-
жеттілігі  туындайды.  Мұн-
дай  жүйені  құру  үшін  қаталдық,  жауыздыққа  əкелетін  фактор-
ларды  анықтап,  агрессивтік  мінез-құлықты  азайтатын  жағдай-
ларды анықтау керек. 
Баланы  жасытатын  оқу  жүйесінің  қаталдығынан  басқа 
мектепте  балалар  өз  құрдастарынан,  жоғарғы  сынып  оқушы-
ларынан көп азап шегеді.  
Оқушылар  қоғамдастығындағы  қаталдықтың  дамуына  əсер 
ететін факторлар: 
-
 
оқушылардың тұлғааралық агрессивтілігі. 
 
Бұл  жағдай  жасөспірімдік  дағдарыс  кезінде  күшейе 
түседі,  ал  мектеп  оқушыларының 60%-ы  осы  жастағы  балалар 
болып келеді. 
-
 
жақын қоршаған ортасынан – отбасынан, оқу ортасынан, 
құрдастарынан  көрген  агрессивтілікке  еліктеу  ретінде  өзіндік 
агрессияның көрініс табуы; 


138 
 
РЕФЛЕКСИВТІ 
ЕМЕС 
ТЫҢДАУ – əңгімелесіп 
отырған  адамның  шерін 
тарқатуға  мүмкіндік  бере-
тін  талдаусыз  (рефлексия) 
тыңдауы.  Бұл  дегеніміз  үн-
демей мұқият тыңдау қабі-
леті 
7-ЕРЕЖЕ.  
Агрессивті мінез-құлыққа талдау жасаңыз 
Агрессия  үстінде  оны  тал-
қыламаңыз.  Сабырға  келгенін 
күтіңіз.  Сонымен  қоса,  жанжал 
жағдайын бірден шешуге тыры-
сыңыз.  Ешкім  жоқ  кезде  бала-
ның  өзімен  сөйлескен  дұрыс. 
Сабырлықты  жоғалтпаған  күйі 
агресссивті 
мінез-құлықтың
 жа-
ғымсыз  нəтижелері  туралы  тал-
қылаңыз. 
 
8-ЕРЕЖЕ.  
Баланың  агрессивтік  мінез-құлықты  көптің  алдында 
талқылаудан қашу 
Əрбір адам, оның ішінде бала жағымды беделге ие болғысы 
келеді.  Жұрт  алдында  табалап,  оның  мінез-құлығына  теріс  баға 
берілсе,  бұл  ары  қарай  агрессияның  артуына  алып  келеді. 
Жағымсыз  бет-бейнесі  баланы  одан  ары  агрессивті  болуға 
итермелейді. 
 
9-ЕРЕЖЕ.  
Конструктивті мінез-құлық моделін көрсетіңіз 
Педагог  өзі  балаларға  агрессивті  емес  мінез-құлықты 
көрсете  білуі  керек.  Баланың  жасы  төмен  болған  сайын  оның 
агрессивті мінез-құлқына түсіністікпен қарау керек. 
Конструктивті мінез-құлық технологиясының тəсілдері: 
-   «рефлексивті емес тыңдау» техникасы. 
Бала толығымен ойын айтып 
болғанша тыңдау керек; 
-   үнсіздік  балаға  тыныш-
талуға көмектеседі; 
-   үнсіздік 
тыныштыққа 
иландырады; 
-   жағдайды  ашатын  сұрақ-
тарды қойыңыз; 
-  қалжыңды 
пайдаланы-
ңыз; 
-   эмпатия көрсетіңіз. 
99 
 
Көк + сұр: тынышталу  
Адам  жақында  бастан  кешірген  толқулардан  кейін 
демалғысы келеді. Психологпен сенімді қарым-қатынас ол үшін 
жақсы ем болады. 
 
Көк + күлгін: түсінуді қажет етеді  
Адам  өте  сезімтал  жəне  ренжігіш.  Оған  оны  түсініп, 
қолдайтын адам керек.  
 
Көк + қоңыр: қорғауды қажет ету  
Қоңыр түс көк түстен кейін келсе, бұл адамның қазіргі кезде 
қолдауды,  тыныш  достық  қарым-қатынасты  қатты  қажет 
ететіндігі туралы айтады. Ол үшін ең маңыздысы – қауіпсіздікті 
жəне достық қолдауды сезіну.  
 
Көк + қара: максимализм 
Адам  сенімді  қарым-қатынасты  талап  етеді  жəне  қоршаған 
адамдардан түсінуді, өзін сыйлауды талап етеді.  
 
Жасыл + сұр: қарсыласу 
Сыртқы жағдайлар қарсы келеді, бірақ адам шешімді түрде 
өзінің талаптарын жүзеге асырады.  
 
Жасыл + көк:  жақындары  тарапынан  түсіністіктің 
маңыздылығы  
Адам өзін байсалды жəне сенімді сезінгісі келеді. Бұл үшін 
оған басқалардың оны сыйлауы, мойындауы жəне түсінуі қажет.  
 
Жасыл + қызыл: ойының беріктігі  
Адам өзіне басқалардың қысым көрсетуін сезінеді. Жəне де 
ол  өзінің  позицияларын  ұстанып,  өз  ойларын  жүзеге  асыруға 
тырысады.  
 
Жасыл + қара: ымыраның жоқтығы  
Қара  түстің  төртінші  позицияда  болуы  бұл  өмірде 
қалыптасқан  жағдайлардың  күрделілігі,  шиеленісуі  адамның  өз 
талаптары мен сенімдерін жүзеге асыруын талап етеді. Адам бас 
тартуға келіспейді жəне ымыраға бармайды.  
 


жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау