ЖОБА
Азаматтық қызметшілер болып
табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін мәдениет
саласындағы мамандар
лауазымдарының тізбесін
айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасы және 139-бабының 9-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын, ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін арнайы білімі бар мәдениет және өнер, архив ісі және құжаттама саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының
әкімі Қ. Көшербаев
Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы «__» _________ № ____
қаулысына қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын, ауылдық жерде тұратын және
жұмыс істейтін арнайы білімі бар мәдениет және өнер, архив ісі және құжаттама саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімші-шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
2. Көркемдік жетекші, үйірме жетекшісі, бас: қор сақтаушы, редактор, режиссер, балетмейстер, дирижер, хормейстер, суретші.
3. Бөлім меңгерушілері: әдеби-драмалық, режиссерлық, музыкалық, көркемдік қойылым, педагогикалық; өндірістік шеберхана; әдістемелік кабинет; қалпына келтіру шеберханасы, кітапхана; зертхана меңгерушісі (басшысы); сектор меңгерушісі; кітапхана, музей филиалдарының меңгерушісі; архив қоймасының меңгерушісі; автоклуб меңгерушісі.
4. Бас ғылыми қызметкер (жетекші, аға, кіші), ғылыми қызметкерлер.
5. Мамандар (аға, жоғары, бірінші, екінші санатты, санаты жоқ): мәдениет ұйымдарындағы аккомпаниатор, аккомпаниатор-концертмейстр; барлық атаудағы әртіс; музейлер қорларын есепке алу архивисті; археограф (негізгі қызметтер); балетмейстер; библиограф; кітапханашы; дирижер; дыбыс режиссері; барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер); кинорежиссер; мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер); барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер); музыкалық жетекші; палеограф; режиссер; қоюшы-режиссер; хормейстер; қор сақтаушы; барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер); экскурсовод; археолог; сәулетші (негізгі қызметтер); режиссер ассистенті; артменеджер; тарихшылар (негізгі қызметтер); өнертанушы; продюсер; редактор (негізгі қызметтер); хореограф; архивист; суретші-реставратор.
Достарыңызбен бөлісу: |