Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



жүктеу 6,41 Mb.
бет96/108
Дата24.12.2017
өлшемі6,41 Mb.
#5663
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   108

Жұмыс сипаттамасы. Карбюратор және дизел қозғалтқыштардың жылу аппаратурасының жай тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Карбюраторлы және дизель қозғалтқыштарға арналған аппаратураны монтаждан алу және монтаждау. Карбюратордың қалтқы камерасындағы отынның деңгейін реттеу.

Білуге тиіс: іштен жанатын қозғалтқыш құрылғысы; қоректендіру және жылу аппаратурасы жүйесіндегі ықтимал ақаулықтар және оларды жою әдістері, карбюраторлы және дизель қозғалтқыштарға арналған аппаратурасын шешу және орнату ережесі; жылу аппаратурасының жекелеген тораптарын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және ауыстыру ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Дизель қозғалтқыштар – отынның жұмсақ және қатты тазалау сүзгілерін ауыстыру.

2. Жиклерлер – бөлшектеу, шаю, үрлеу.

3. Карбюраторлар – қалтқыны, бекіткіш клапанды, ауа сүйеніші және дроссель торабын жөндеу.

4. Карбюраторлар, бактар, тұндырғыштар, форсункалар – ауыстыру.

5. Жылу жүйесінің түтіктері, форсункалардың сорғылары, сүзгілер, жылу сорғылары, шайқайтын сорғылар - ауыстыру.

§ 150. ЖЫЛУ АППАРАТУРАСЫ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі модельдегі карбюраторлар және жылу сорғыларын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру, реттеу. Орташа күрделіктегі жылу аппаратурасын тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Жылу аппаратурасы жүйесіндегі ақаулықтарды айқындау және жою.

Білуге тиіс: жай және орташа күрделіктегі карбюраторлы және дизель қозғалтқыштарға арналған аппаратурасының құрылысы; негізгі модельдегі карбюраторлар мен жылу сорғыларының тораптары мен бөлшектерінің конструкциясы мен қызметі; карбюратордың, жылу сорғысының және дизельдің жылу аппаратурасы тораптарын жөндеуде қолданылатын материалдар; қозғалтқыштың жылу аппаратурасының негізгі тораптарын жөндеу және реттеудің техникалық шарттары; сынау стендінің құрылысы және сынау технологиясы.

Жұмыс үлгілері

1. Газ баллон аппаратурасы – бөлшектеу.

2. Шайқалатын сорғылар, форсункалар, қатты және жұмсақ тазалау сүзгілері – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

3. Форсункалардың сорғылары – бөлшектерді ауыстыра отырып бөлшектеу және құрастыру; отынның тозаңдатылуын тексеру, герметикалығы мен өнімділігі.

4. Бұрамаларды реттегіштер – ауыстыру.

5. Форсункалар – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру.

§ 151. ЖЫЛУ АППАРАТУРАСЫ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштардың жылу аппаратурасының күрделі агрегаттары мен тораптарын жөндеу, стендіде сынау және реттеу. Жылу аппаратурасының күрделі ақауларын айқындау және жою.

Білуге тиіс: түрлі қызметтегі машиналардың бензин және дизель қозғалтқыштары жылу аппаратурасының тораптары мен бөлшектерінің құрылысы, қоректену тәсімі және жұмыс істеуін; жану процесінің негіздері; жиклерді орау технологиясы мен нақыштау тәсілдері, дизель карбюраторлар мен жылу аппаратурасын үнемді жұмысқа реттеу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Дизель жылу аппаратурасының агрегаттары мен тораптары – жөндеу.

2. Газ баллон аппаратурасы – жөндеу және реттеу.

3. Дизель қозғалтқыштар – жылу жүйесінен ауаны шығару.

4. Карбюратор қозғалтқыштар – бөгде ауаны соруды болдырмау.

5. Жиклерлер – аспапта орау.

6. Карбюраторлар – стендіде сынау.

7. Жылу және шайқалатын сорғылар, форсункалар, айналым санын реттегіштер – сынау және реттеу.

§ 152. ЖЫЛУ АППАРАТУРАСЫ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

5разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі қызметтегі, үлгідегі және маркадағы карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштардың жылу аппаратурасының күрделі агрегаттары мен тораптарын жөндеу, стендіде сынау және реттеу. Аппаратураны бақылау және реттеу.

Білуге тиіс: карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштардың конструкциясы мен жұмысы, карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштардың жылу аппаратурасының агрегаттары мен тораптары; карбюраторлы және дизельді қозғалтқыштардың жылу аппаратурасының барлық агрегаттары мен тораптарын жөндеу, сынау және реттеудің технологиялық процесі; аппаратураны бақылау және реттеу үшін күрделі жабдықтарды, айлабұйымдарды, дәлме-дәл аспаптар мен құралдарды пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Жылу дизель аппаратурасының агрегаттары мен тораптары – герметикалығын сынау және реттеу, өнімділігін тексеру және отынды тозаңдату.

2. Жылу аппаратурасы – жұмыстағы ақауларды жою.

3. Жылуды автоматы реттегіштер – сынау және баптау.

§ 153. СЛЕСАРЬ - ЖӨНДЕУШІ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жабдықтардың, агрегаттар мен машиналардың жай тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және сынау. Жоғарырақ білікті слесарьдың басшылығымен жай, сондай-ақ орташа күрделіктегі жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу. 12-14 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу. Бөлшектерді шаю, тазалау, майлау және құйма ақауын алу. Пневматикалық, электр аспаптарды пайдалана отырып және бұрғылау станоктарында жұмыс орындау. Механизацияланған аспап арқылы бөлшектерді қырып тегістеу. Жөндеу және құрастыруға арналған жай айлабұйымдар жасау.

Білуге тиіс: жай тораптар мен механизмдерді, жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру жөніндегі жұмысты орындаудың негізгі жолдары, слесарлық және бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі; өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері; шектеулер мен отырғызу жүйесі; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері; майларды, жуатын құрамының, металлдар мен майламалардың қызметі, таңбалануы және пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері

1. Мартен пештердің арматурасы, дроссельдер, кесілген клапандар – шешу, жөндеу, орнату.

2. Болттар, гайкалар, шпилькалар – бұранданы кесу, қиыстыру, оларды ауыстыру және бекіту.

3. Ауа, май және суға арналған бекіткіш бұрамалар – орнына қиыстырып орнату.


жүктеу 6,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   108




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау