Жұмыс үлгілері 1. Алынатын құрамалы төмен қысымдағы аппараттар - құрастыру. 2. Мұнай бактары – жасау және құрастыру. 3. 5-ке дейін 15 МПа (50-ге дейін 150 кгс/кв. см)-ден жоғары қысымда істейтін цилиндр бактар мен басқа да ыдыстар - құрастыру және гидравликалық сынау. 4. Монорельстерге арналған екі таврлы арқалықтар – құрастыру. 5. Илемдеу жабдықтары мен май редуктор бұлаулары, түрлі сыйымдылықтағы құю шөміштері – пісіру үшін құрастыру. 6. Коллекторды оқшаулау – бөлшектерді жасау және құрастыру. 7. Пластиналы және ілмелі конвейерлер – металл конструкцияларды құрастыру. 8. Есік және терезе қораптары, қатты каркасты металл есіктер – құрастыру. 9. Қарсы салмақ корпустары – пісіру үшін құрастыру. 10. Баспалдақтар, алаңшалар, жолдар, бункер жақтаулары, құбыр және үштіктерден тұратын металл қанаттар, тежегіш жаймалар, қоршаулар, сырғыма тіректер, торлар – құрастыру. 11. Жайма металдан жасалған цилиндрлік және коникалық ернеушелер – ию. 12. Тұнықтырғыштар, өлшегіштер, құрастырғыштар – құрастыру. 13. Іргетас тақтайшалар - құрастыру. 14. Жалюзді торлар, тесіктерге арналған төсемдер, кондукторларды бекітуге арналған шыбықты тіректер, анкерлік болттарға арналған кондукторлар – құрастыру. 15. Екі таврлы кесіктердің өзекшелері – металл конструкцияларын құрастыру. 16. Фермалар – копирлер бойынша құрастыру. § 141. МЕТАЛЛ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ 4-разряд Жұмыс сипаттамасы. Металл конструкцияларының күрделі тораптарын сызбалар және құрама тәсімдер бойынша әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып дәнекерлеу және тойтару үшін құрастыру, сондай-ақ металл конструкцияларының күрделі тораптарын әмбебап – құрама және арнайы айлабұйымдар мен шаблондарды пайдалана отырып құрастыру. Металл конструкцияларының күрделі базалық бөлшектері мен тораптарын орнату үшін орнын белгілеу. Металл конструкцияларының күрделі бөлшектері мен тораптарын түзету. Дәнекер жіктерін гуммирлеу үшін пневматикалық тегістеу машинасымен тазарту. Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен металл конструкцияларының эксперименталды және бірегей тораптарын құрастыруға қатысу. Қысыммен істейтін металл конструкцияларының күрделі тораптарын гидравликалық және пневматикалық сынау. Металл конструкцияларының күрделі тораптарын сынау кезінде табылған ақауларды жою. Эскиздер мен құрама тәсімдер жасау. Металл конструкцияларының элементтерін уақытша тарата отырып, түрлі қалыпта әртүрлі биіктікте құрастыру, көтеру және орнату. Білуге тиіс: күрделі металл конструкцияларын құрастырудың техникалық шарттары, шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері, металлды қыздырғанда (пісіргенде) оның бұзылуына әсері; пісіру жіктерінің шартты белгіленуі; күрделі болат конструкцияларды тексеру тәсілдері, көтергіш механизмдер мен айлабұйымдарды орнату ережесі және құрылысы; күрделі металл конструкцияларын айлабұйымдарда шаблонды қолданып және сызбалар бойынша түзету тәсілдері, қол пневматикалық машиналарының құрылғысы және баптау ережесі. Жұмыс үлгілері 1. А-тәріздес экскаватор фермалары - жекелеген тораптарды құрастыру. 2. Алдыңғы металл конструкцияларға арналған таврлық, қораптық және тор қиықты бактар – құрастыру. 3. 15–ден 30 МПа-ға дейін (150-ден 300 кгс/кв. см-ке дейін) қысымда істейтін цилиндр бактар мен басқа да ыдыстар – құрастыру және гидросынау. 4. Миксер бандаждары - құрастыру. 5. Ішкі спиральды араластырғыш барабандар – құрастыру. 6. Жоғары қоспаланған болаттан жасалған дискілік вакуум сүзгілердің ұяшықты біліктері – құрастыру. 7. Шнек бұрамалары – құрастыру. 8. Бұрғылау мұнарасы –металл конструкцияларының жекелеген бөлшектерін құрастыру. 9. Газгольдерлер, ауа жинағыштар мен су бөлгіштер – құрастыру. 10. Газ құбырлар – құрастыру. 11. Өндірістік пештер мен кептіргіштердің каркастары мен қаптары – құрастыру. 12. Турбиналардың қаптама каркастары – құрастыру. 13. Қорғау қаптары – құрастыру, монтаждау. 14. Фермаларға арналған кондукторлары, копирлері – құрастыру. 15. Құбыржол алдыңғы мостыларының конструкциялары – құрастыру. 16. Буландырғыш және конденсаторлар корпустары – сферикалық түппен және пісіру үшін арматурамен құрастыру. 17. 100 т-ға дейін жүк көтеретін крандар – конструкциялар мен жекелеген тораптарды құрастыру. 18. Монорельстер – құрастыру. 19. Тор тіректер – құрастыру. 20. Пісірілген габаритті резервуарлар – құрастыру. 21. Байланыстар мен таяныштар – құрастыру. 22. Кептіру барабандарын отырғызу секциялары – құрастыру. 23. Траверстер – пісіру үшін құрастыру. 24. Фахверктер – прогондар мен элементтерді құрастыру. 25. Тоңазытқыштар мен домна пештерінің ию машиналары – жасау және құрастыру. 26. Шкафтар мен (су өткізбейтін) жәшіктер – құрастыру. 27. Элеваторлар, түтін сорғыштар, эксгаустерлер – құрастыру. 28. Электр – ауа үрлегіштер мен құбыр – ауа үрлегіштер – құрастыру. 29. Радиобашня элементтері, электр жіберу желілерінің тіректері – құрастыру. § 142. МЕТАЛЛ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ 5-разряд Жұмыс сипаттамасы. Күрделі металл конструкцияларын сызбалар және құрама тәсімдер бойынша әмбебап айлабұйымдарды және арнайы айлабұйымдар мен шаблондарды пайдалана отырып, дәнекерлеу және тойтару үшін құрастыру. Металл конструкцияларының күрделі базалық бөлшектері мен тораптарын орнату үшін орнын белгілеу. Жинақталған металл конструкцияларын нивелирлеу және тексеру. Эксперименталды және бірегей металл конструкциялары тораптарын құрастыру. Қысыммен істейтін металл конструкцияларының күрделі тораптарын гидравликалық және пневматикалық сынау. Металл конструкцияларының күрделі тораптарын сынау кезінде табылған ақауларды жою. Білуге тиіс: түрлі күрделі металл конструкцияларының қызметі; көтергіш-көлік айлабұйымдарды пайдалану шарттары, олардың сенімділігін айқындау әдістері, негізгі металдардың механикалық қасиеті, созылу, майысу, қысылудың шекті күштері, қолданылатын көтергіш механизмдердің механикалық сипаттамасы, такелажды және пісіру жұмыстарының орындалу тәсілдері, күрделі металл конструкцияларын құрастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі; күрделі ұңғыларды белгілеу тәсілдері.
Достарыңызбен бөлісу: |