Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Электр және кен термиялық пештер – көтергіш бұрамалардың, конвейерлердің біліктестігін және пеш корпусының төрт бағанаға да отырғызылуын тексеру



жүктеу 6,41 Mb.
бет99/108
Дата24.12.2017
өлшемі6,41 Mb.
#5663
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   108

31. Электр және кен термиялық пештер – көтергіш бұрамалардың, конвейерлердің біліктестігін және пеш корпусының төрт бағанаға да отырғызылуын тексеру.

§ 157. СЛЕСАРЬ - ЖӨНДЕУШІ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Күрделі ірі габаритті, бірегей, эксперименталды және тәжірибелік жабдықтарды, агрегаттарды және машиналарды жөндеу, монтаждау, монтаждан шығару, сынау және реттеу. жабдықты пайдалану және жөндеу процесінде тексеру кезіндегі ақаулықтарды анықтау және жою. Жөнделген жабдықтардың жүктемесінің дәлдігін сынау және тексеру.

Білуге тиіс: жөнделетін жабдықтардың, агрегаттар мен машиналардың конструкциялық ерекшеліктері, кинематикалық және гидравликалық тәсімдері, жөнделетін жабдықтардың дәлдігін жөндеу, құрастыру, монтаждау, тексеру және сынау әдістері, жұмыс істейтін бөлшектердің, тораптардың, механизмдердің шекті жүктемелері мен сынықтарды, тоттану механизмдер мен апаттардың алдын алу шаралары.

Жұмыс үлгілері

1. Токарлық көп шпиндельді автоматтар, токарлық көп тісті тікелей жартылай автоматтар – күрделі жөндеу.

2. Гидравликалық аппаратура – жөндеу және баптау.

3. Кинопроекциялық күрделі аппараттар мен көрсететін машиналар – күрделі жөндеу.

4. Илемдеу стан көтермелері – жөндеуден кейін тексеру, реттеу, сынау және тапсыру.

5. Өңдеудің барлық кескініндегі күрделі агрегаттары бар автоматты желілер – күрделі және орташа жөндеу.

6. Қалыптаушы автоматты желілер – күрделі жөндеу, құрастыру, реттеу және тапсыру.

7. Ұн, кондитерлік, макарон және нан өнімдерінің кешенді механизацияланған және парфюмерлік-косметикалық өндірістегі автоматты желілері – жөндеу және баптау.

8. Агломерациялық машиналар – машина мен жылу саңылауының қозғалысын реттеу, басты радиустың осі бойынша жетекті тексеру.

9. Скипті және көтермелі шахталық көтерме машиналары – жөндеу, сынау, тапсыру.

10. Прецизионды жабдықтар – жөндеу, тапсыру.

11. Кен термиялық пештер – контактілі жүйені күрделі жөндеу және бұзылған бөлшектерді іріктеп шығару.

12. Пеш құбырлары – ирекшені сынау.

13. Гидравликалық сығымдар – күрделі және орташа жөндеу.

14. Бу гидравликалық сығымдар – күрделі жөндеу.

15. 20 бірліктен жоғары күрделі жөндеу санатындағы бағдарламалы басқару роботтары мен манипуляторлары – күрделі жөндеу, реттеу.

16. Жұдырықшалы және коникалық біліктерді үшкірлеуге және тегістеуге арналған арнайы тегістеу фрезерлік және арнайы, автоматтар мен жартылай автоматтар – жөндеу.

17. Координатты қайрайтын станоктар – координаттарын қалпына келтіру.

18. Бағдарламалық басқарылатын станоктар – дәлдігін тексеру, координаттарын қалпына келтіру, жөндеу, сынау.

19. Электр импульсті станоктар – жөндеу.

20. Суперцентрифугалар, сырды сүртетін импорт машиналар, планетарлық редукторлар, ротациялық вакуумды сорғылар – жөндеу.

21. Құбыр компрессорлар – күрделі жөндеу және тапсыру.

22. Ауа бөлетін құрылғылар – күрделі жөндеу.

23. Кеме түсіруге арналған түсіретін құрылғы – күрделі жөндеу, ортасын дәлдеу және реттеу.

24. Жоғары қысымды тоңазытқыштар, агрегаттар (синтез бағаналары), сепараторлар, буландырғыштар, су конденсаторлары – күрделі жөндеу.

25. Экстрактор, кіші сығым, (мөлшерлейтін, кесетін, орайтын және т.б.) автоматтар мен жартылай автоматтар, компрессорлар – құрастыру, баптау және реттеу.

26. Электр пештері, ватержакеттер, конвертерлер – гидроаппаратураны реттеу және жөндеудің толықтығын тексеру.

§ 158. СЛЕСАРЬ - ЖӨНДЕУШІ

7-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Икемді өндіріс жүйелеріндегі күрделі жабдықтарды диагностикалау, алдын алу және жөндеу. Механикалық, гидравликалық және пневматикалық жүйелерді жөндеу және баптау жөніндегі жұмыс кешенін орындаумен пайдалану кезінде жабдықтардың бұзылуын болдырмау.

Білуге тиіс: жөнделетін күрделі жабдықтардың конструкциялық ерекшеліктері, гидравликалық және кинематикалық тәсімдері; жөнделген жабдықтарды диагностикалау, жөндеу, құрастыру және монтаждау, дәлдігін тексеру және сынау әдістері, жабдықтардың жұмыс істеп тұрған бөлшектеріне, тораптарына, механизмдеріне шекті жүктемелер, жабдық механизмдері мен ақаулықтардың алдын алу бойынша алдын алу шаралары; күрделі жабдықтарды жөндеу, сынаудың технологиялық процесстері және пайдалануға тапсыру.

Орта кәсіптік білімді талап етеді.

§ 159. СЛЕСАРЬ - ЖӨНДЕУШІ

8-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Икемді өндіріс жүйелеріндегі бірегей және эксперименталды жабдықтарды диагностикалау, алдын алу және жөндеу және оны жұмыстың берілген параметрлеріне шығаруды қамтамасыз ету жұмыстарында қатысу.

Білуге тиіс: жөнделетін эксперименталды және бірегей жабдықтардың конструкциясы, кинематикалық және гидравликалық тәсімдері; жабдықтарды диагностикалау, жөндеу және қызмет көрсетуге арналған бақылау-өлшеу аспаптары мен стенділері; бірегей және эксперименталды жабдықтарды жөндеудің технологиялық процестері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

Ескертпе. Аталған кәсіптің 7-8 разрядтары өндірісті дайындау жөніндегі цехтардағы жұмыс кезінде, эксперименталды және тәжірибелік цехтарда беріледі.

§ 160. СЛЕСАРЬ - САНТЕХНИК

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жоғарырақ білікті сантехниктің басшылығымен орталық жылу беру, сумен жабдықтау, кәріз және су ағымдары санитарлық-техникалық жүйелердің бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Құбырларды, фитингілерді, үлгілік бөліктерді, арматура және бекіту құралдарын сұрыптау. Тұлымдарды, ерітінділерді және басқа да қосымша материалдарды дайындау. Құбыржолдардың, санитарлық-техникалық аспаптар мен басқа да жүктердің бөлшектерін тасымалдау. Жібермелерді муфтылар және контргайкалармен, гайка болттарымен құрастыру.

Білуге тиіс: санитарлық-техникалық материалдар мен жабдықтардың түрлері мен қызметі; құбырларды, фитингілер мен арматураның сұрыптамасы мен өлшеу тәсілдері; қол аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі.


жүктеу 6,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   108




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау