Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы



жүктеу 6,41 Mb.
бет92/108
Дата24.12.2017
өлшемі6,41 Mb.
#5663
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   108

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін ауыл шаруашылығы жабдықтарының, комбайндар мен тракторлардың, технологиялық және диагностикалық жабдықтардың конструкциялық ерекшеліктері, кинематикалық және электрлік тәсімдері; жөндеу және құрастыру әдістері; жөндеуден кейін дәлдігін бақылау және сынау ережесі; жұмыс істеп тұрған бөлшектерге, тораптар мен механизмдерге шектелген жүктемелер; ауыл шаруашылығы комбайндарын, тракторлары мен жабдықтарды диагностикалау әдістері мен жолдары; тозған бөлшектерді толықтай қалпына келтіру және төзімдету тәсілдері, машиналардың механизмдері мен тораптарын жалпылама және элементті тексеру әдістемесі, стенділер мен аспаптардың ықтимал ақаулықтары; оларды табу және жою тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Комбайн гидрожүйелерінің қорғау клапандары – реттеу.

2. Комбайндар – барабан және деко, саусақты механизмдердің және егін ору машинасы корпусының қаптамасының арасындағы саңылауларды тексеру және реттеу.

3. Тракторлардың автоматты жіберу қораптары – құрастыру, реттеу және сынау.

4. Комбайн шөмелерін түсіру механизмдері – жөндеу және реттеу.

5. Комбайн астығын тазалау механизмдері – жөндеу және реттеу.

6. Комбайн шөмелелерін ору машиналарының корпустарын теңестіру механизмдері – тексеру және реттеу.

7. Комбикорм цехтарының жабдықтары – дистанциялық басқару, автоблоктау және дабылқағу желілерін жөндеу, реттеу.

8. Амидокарбамидті қоспалардың цех жабдықтары – жөндеу және реттеу.

9. Жылу (беру) шашуды сорғымен оздыру бұрыштары – реттеу.

10. Форсункалар – реттеу.

§ 139. МЕТАЛЛ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жаймалық және сұрыптық металлдан жасалған сымды, дайындаманы қолмен кесу және аралау. Қылтанақтарды егеулеу және тазалау. Металл конструкцияларын құрастыру жөніндегі жай және орташа күрделіктегі жұмыстар мен операцияларын орындауға және оларды сынауға анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен қатысу. Сұрыптық және жаймалық металдан жасалған жай бөлшектерді жасау. Жай шаблондар бойынша бөлшектерді белгілеу. Бұрандаларды өлшегіштер және плашкалармен қолмен қиыстыру және кесу. Стеллаждарды құрастырып тегістеу. Металл конструкциялары тораптарының сыйысатын саңылауларына болттар мен шпилькаларды орнату. Әмбебап құрастыру және арнайы айлабұйымдарды пайдалана отырып сызбалар мен эскиздер бойынша дәнекерлеп және тойтарып металл конструкцияларының күрделі емес тораптарын құрастыру. Бөлшектерді электр пісіру процесінде қапсырып ұстату. Ұсақ бөлшектерді станокта белгілеу бойынша және алып жүруге болатын механикаландырылған аспаппен саңылауларды бұрғылау, кеңіту. Металл конструкцияларының бөлшектері мен тораптарын түзету.

Білуге тиіс: слесарлық және өлшеу аспаптары мен айлабұйымдарының атауы және қызметі және оларды қолдану; слесарлық аспапты толтыру тәсілдері; жай және орташа күрделіктегі слесарлық операцияларды орындау тәсілдері мен металл конструкцияларының жай және орташа күрделіктегі тораптарын құрастыру процесі, көтергіш-көлік айлабұйымдарын, жұмыс және бақылау-өлшеу аспаптары мен айлабұйымдарын пайдалану ережесі мен құрылғысы; металл конструкцияларын құрастыру, қиыстыру, тексеру және түзетудің технологиялық процесі, тәсілдері мен жолдары; шектеулер мен отырғызу жүйесі, қолданылатын материалдар мен құбырлардың қасиеті, маркасы және сұрыптамасы; бөлшектерді пісіріп біріктіру тәсілдері, жинақталған тораптарды таңбалау ережесі мен түрлері.

Жұмыс үлгілері

1. 5 МПа (60 кгс/кв. см) қысымда жұмыс істейтін цилиндрлік бактар мен ыдыстар – құрастыру және гидравликалық сынау.

2. Жайма және жолақ болаттан жасалған бөлшектер – шаблон бойынша белгілеу, түзету.

3. Жайма болаттан жасалған бөлшектер – ию.

4. Қалыңдығы 6 мм-ге дейінгі және жоғары сұрыптық болаттан жасалған бөлшектер – кесу, аралау.

5. Түрлі бөлшектер – еркін өлшемде аралау, бұрышпен кесу, белгі бойынша бұрғылау.

6. Шағын габаритті қапшықтар – құрастыру.

7. Барлық өлшемдегі қалпақтар, қақпақтар, щеткалар, май құйғыштар, жәшіктер, шкафтар – пісіруге дайындау, түзету және құрастыру.

8. Жаймалық және кескінді металл – бұрғылау, гильотинді және сығымдағыш қайшылармен кесу, пісіруге қиыстыру.

9. Жолақты және ширатылған металл – газбен кесуден кейін ию және тазалау.

10. Жікті жапсырмалар, қаттылық элементтері, уақытша болттар – орнату.

11. Аппараттардың тіректері мен рамалары – құрастыру.

12. Жаймалық болаттан, картоннан, асбесттен, клиногериттен, резинадан жасалған жай және күрделі конфигурациялы төсемдер – белгі бойынша қолмен кесу және аралау.

13. Түрлі кесілген материалдан жасалған қапсырмалар – айлабұйымдарда ию.

14. Пісірілетін стеллаждар – пісіруге құрастыру.

15. Таспалы транспортерлер – металл конструкцияларын құрастыру.

16. Фланецті құбырлардан жасалған штуцерлер - құрастыру.

17. Металл шкафтар мен этажеркалар – құрастыру.

§ 140. МЕТАЛЛ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Сызбалар және эскиздер бойынша пісіру және тойтаруға арналған орташа күделіктегі металл конструкциядағы тораптарды әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып құрастыру, сондай-ақ әмбебап-құрастыру және арнайы айлабұйымдар мен шаблондарды пайдалана отырып металл конструкцияларының күрделі тораптарын құрастыру. Тығыздағыш бетін қиыстыру. Анағұрлым жоғары білікті электр пісіргішпен бірлесіп күрделі металл конструкцияларын құрастыру. Орташа күрделіктегі металл конструкция бөлшектері мен тораптарын түзету. Қысыммен жұмыс істейтін орташа күрделіктегі металл конструкцияларын тораптарын гидравликалық және пневматикалық сынау.

Білуге тиіс: металл конструкциясының базалық бөлшектері мен тораптарын орнату жерін белгілеу тәсілдері, құрастыруда қолданылатын айлабұйымдардың құрылымдық ерекешеліктері; слесарлық аспапты қайрау тәсілдері, қолданылатын материалдың мемлекеттік стандарттары; шектеулер мен отырғызу жүйесі және оларды сызбаға белгілеу; орындалатын жұмысқа қойылатын талаптар; газ кескіш және электрмен пісіру аппаратымен жұмыс істеу ережесі; құрастыру стеллаждарында және кондукторлар көшірмелер бойынша құрастырудың кезектілігі және құрастыру тәсілдері; болаттың сұрыптылығы мен маркалары.


жүктеу 6,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   108




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау