4. Сандық кіру және шығуы бар микропроцессорлық аспаптар – бағдарламаларды құрастыру. 5. Микропроцессорлық регуляторлар, виброметрлер – баптау, бағдарламалау, жөндеу, тексеруге тапсыру. 6. Микропроцессорлар базасындағы деңгей өлшегіштер, рекодерлер, қағазсыз өзі жазғыштар (микро – ЭЕМ базасында), микропроцессорлық газоанализаторлар, pH-метрлер, ылғалдық және температура өлшегіштер - ПЭЕМ-ге қосу, теңшеу, бағдарламалау, баптау, тестілеу, тексеруге тапсыру. § 99. АВТОМОБИЛЬ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ 1-разряд Жұмыс сипаттамасы. Автомобильдің жай тораптарын жөндеу. Кескішпен кесу, қол арамен кесу, қылтанақтарды аралау, тазалау, шаю, бұрандаларды қиыстыру, автомобильде кондуктордың саңылауын бұрғылау, кірден тазарту, бөлшектерді бөлшектегеннен кейін жуу және майлау. Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен жөндеуге қатысу. Білуге тиіс: жекелеген жай тораптарды бөлшектеу жөнінде жұмыстарды орындаудың негізгі жолдары; слесарлық және бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі, металдың, майлардың, жылу, тежегіш сұйықтық, жуатын құрамның атауы мен таңбалануы. Жұмыс үлгілері 1. Автомобильдер - салқындату жүйесінен суды, бактан отынды, гидравликалық тежегіш жүйесінен тежегіш сұйықтықты құйып алу. 2. Жұқа және ірі тазалайтын ауа және май сүзгілері – бөлшектеу. § 100. АВТОМОБИЛЬ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ 2-разряд Жұмыс сипаттамасы. Арнайы және дизельдерді, жеңіл автомобильдерді, ұзындығы 9,5 м-ге дейінгі автобустардың және мотоциклдерден басқа жүк автомобильдерін жөндеу. Жай құрамалар мен автомобиль тораптарын жөндеу, құрастыру. Күрделі емес жарық беретін арматураны шешу және орнату. Сымдарды бөлу, ұзарту, оқшаулау және дәнекерлеу. Бірінші және екінші техникалық қызмет көрсетуде бекіту жұмыстарын орындау, анықталған ұсақ ақаулықтарды жою. 12-14 квалитеттер бойынша бөлшектерді айлабұйымдарды, слесарлық және бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана отырып, слесарлық өңдеу. Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен автомобильдерді жөндеу және құрастыру жөніндегі орташа күрделіктегі жұмыстарды орындау. Білуге тиіс: автомобильдер мен мотоциклдердің құрылысы туралы негізгі мәліметтер, жай тораптарды құрастыру тәртібі; электр сымдарды бөлшектеу, ұзарту, оқшаулау және дәнекерлеу жолдары мен тәсілдері, электротехникалық және оқшаулау материалдарының негізгі түрлері, олардың қасиеттері мен қызметі, бекіту жұмыстарын орындаудың тәсілдері мен бірінші және қайталама техникалық қызмет көрсетудің көлемі; кеңінен таратылған әмбебап және бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі; өңделетін материалдардың негізгі механикалық қасиеті; салқындату және тежегіш сұйықтықтардың, майлар мен отынның қызметі мен пайдаланылуы; пневмо және электроаспапты пайдалану ережесі; шектеулер мен отырғызу жүйесін; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері; электр техникасы және орындалатын жұмыстың көлемінде металл технологиясы негіздері. Жұмыс үлгілері 1. Автомобилдер - дөңгелектерді, тосқауылдарды, басқыштарды, буферлер, қапшықтар, борт кронштейндері, жүк автомобильдерінің қанаттарын, буксерлік крюктерді, нөмір белгілерін шешу және орнату. 2. Картерлер, дөңгелектер - тексеру, бекіту. 3. Клапандар - бағыттағыштарды бөлшектеу. 4. Кронштейндер, қапшықтар - жасау. 5. Самосвал механизмдері - шешу. 6. Су сорғылары, желдеткіштер, компрессорлар – шешу және орнату. 7. Плафондар, артқы фонарлар, жандыру катушкалары, балауыздар, дыбыс белгілері – шешу және орнату. 8. Электр жабдықтарының аспаптары мен агрегаттары – техникалық қызмет көрсетуде тексеру, бекіту. 9. Сымдар – ауыстыру, дәнекерлеу, оқшаулау. 10. Төсемдер – жасау. 11. Рессорлар – рессор жаймаларын оларды жеңілдете отырып майлау. 12. Балауыздар, үзгіштер – бөлгіштер – контактілерді тазалау. 13. Жұқа және ірі тазалайтын ауа, май сүзгілері - бөлшектеу, жөндеу, құрастыру. § 101. АВТОМОБИЛЬ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ 3-разряд Жұмыс сипаттамасы. Дизельді және арнайы жүк автомобильдерін және ұзындығы 9,5 м-ден асатын автобустарды бөлшектеу. Арнайы және дизельді, жеңіл автомобильдерді, ұзындығы 9,5 м-ге дейінгі автобустардың басқа жүк автомобильдерін жөндеу, құрастыру. Мотоциклдерді, мотороллерлер мен басқа да мотокөлік құралдарын жөндеу және құрастыру. Тозған бөлшектерді ауыстыра отырып, техникалық қызмет көрсету кезінде бұрандалы құрамаларды бекіту жұмыстарын орындау. Техникалық қызмет көрсету: агрегаттарды, тораптар мен орташа күрделіктегі аспаптарды кесу, жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау. Автомобильдің электр жабдықтары мен агрегаттарын бөлшектеу. Автомобиль мен автобус тораптарының, механизмдерінің, аспаптарының жұмысындағы ақаулықтарды айқындау және жою. Электр жабдықтың аспаптары мен агрегаттарын біріктіру және дәнекерлеу. Әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып 11-12 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу. Анағұрлым жоғары білікті слесардың басшылығымен күрделі агрегаттар мен тораптарды жөндеу және орнату. Білуге тиіс: орташа күрделіктегі тораптарды, агрегаттар мен аспаптардың құрылысы мен қызметі; автомобиль мен мотоциклдерді құрастыру ережесі; бөлшектерді, тораптарды, агрегаттар мен аспаптарды жөндеу; электр жабдықтардың аспаптары мен агрегаттарын бөлшектеу, құрастыру, шешу және орнатудың негізгі жолдары; электр жабдықтары жүйесіндегі үлгілік ақаулықтар, оларды табу және жою тәсілдері, электр жабдықтарды жөндеуде қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері; металлдардың негізгі қасиеттері, бөлшектерді термоөңдеу қызметі; әмбебап арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы; шектеулер мен отырғызу жүйесі; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері. Жұмыс үлгілері 1. Жеңіл, жүк автомобильдері, барлық маркадағы және үлгідегі автобустар – бензобактарды, картерлерді, радиаторларды, тежегіш педальдарын, өшіргіштерді шешу және орнату, рессорларды ауыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |