10. Телевизиялық өлшегіштер – жөндеу, тексеру. 11. Кино және фотоаппараттар – бекіткіштерді реттеу, баяулату механизмін жөндеу, ұзақтық өлшегіш призмасын ауыстыру, ұзақтық камераларындағы люфтілерді жою және автоспуск жөндеу, айна түсіруді жою, пленка жібіндегі біркелкілікті түзету, фокус объективтерін орнату, бейне іздегішті тазалау, айнаны ауыстыру, объективті взводты пружинаны реттеу. 12. Магнитті оттек өлшегіштер – монтаждау және баптау. 13. Компараторлар – жөндеу, түзету. 14. Телемеханизация жүйесі телеұяшықтарының тербелмелі контурлар – жөндеу, теңшеу. 15. Редукционды және кедергілер магазиндері – жөндеу және реттеу.
16. Өлшегіш, лазерлі микроскоптар, лазерлі эллипсометрлер, сағат проекторлары – тексеру.
17. Осциллографтар – жөндеу. 18. Бақылау-тарту платформалары – тексеру. 19. Күрделі конфигурациялы сығымдағыш формалары – жасау.
20. ЭМ2-11, ЭМ2-12 типтік магниттік шаманы және ядролық резонанс және басқа да әдістерді пайдаланатын т.б. өлшеуге арналған аспаптар – тексеру.
21. СВЧ аспаптары және бақылауға, өлшеуге және сигналдар мен С6, С7, С8, С9 типтік спекторды формаларды зерттеуге арналған аспаптар – тексеру.
22. 0,1º-ден 1º С дейін дәлдікті ұстап тұратын жоғары жиілікті изодромды және пропорционалды температураларды реттегіштер – тексеру.
23. Құрамында тұзы бар дабылқаққыштар – монтаждау, жөндеу, баптау.
24. Қызу беттерін үрлеу және қазандықты үздіксіз үрлеу автоматтандыру тәсімдері – жөндеу және баптау.
25. Монтажды-коммутациялық тәсімдер – принципиалды электрлік тәсімдер бойынша құрастыру. 26. Кедергі термометрлері – белсенді бөлікті орау және кесетін жерін пісіру. 27. Бақылау тестері (аспаптары) – жөндеу.
28. Электронды теңдік өлшегіштер – монтаждаудан кейін жөндеу және баптау.
29. Магнитті күшейткіштер – жөндеу. 30. Іріктелген құрылғылар – жылуды бақылау және автореттеудің принципиалды тәсімдері бойынша орнын таңдау, белгілеу және орнату.
7-разряд Жұмыс сипаттамасы. Телеөңдеу жүйесінің микропроцессорлар, мини және микро ЭЕМ және терминалды құрылғыларының базасында электронды құрылғыларды жөндеу, техникалық қызмет көрсету, тексеру, сынау, монтаждау, баптау және пайдалануға беру. Микропроцессорлық техника базасында бағдарлайтын контроллерлерді, микро және мини ЭЕМ және басқа да жабдықтарды барлық жүйедегі элементтерді қалпына келтіру жөндеу жұмыстарын орындай отырып және электронды-есептеу техника құралдарын оларды жұмыстың берілген параметрлеріне шығуын қамтамасыз ете отырып, аспаптардың күрделі жүйелерін және жабдықтарды басқару жүйелерін баптау, реттеу және пайдалануға тапсыру. Арнайы тестік бағдарламалар арқылы жабдықтардың басқару жүйелерін диагностикалау. Білуге тиіс: микропроцессорлық техника базасында басқару жүйелерін құрудың негізгі принциптері; бағдарлаушы контроллерлердің, микро және мини ЭВМ-ның функционалды және құрылымдық тәсімдері; микропроцессорлық құрылғылардың конструкциясы; автоматталған электр жетектерді бағдарламалау негіздері мен теориясы; технологиялық және тестілік бағдарламалауды енгізу тәсілдері; қайта түрлендіруші техника құрылғылары мен аспаптарының берілген статикалық және динамикалық сипаттамаларды алу мақсатында жүйелерді теңшеу әдістемесі; микропроцессорлық техника базасында құрылған негізгі бақылау-өлшеу аспаптары мен диагностикалық аппаратура құрылғысы; басқару жүйелеріндегі «есте сақтаудың» құрылу әдістері мен ұйымдастыру. Орта кәсіптік білім талап етіледі. Жұмыс үлгілері 1. Микропроцессорлық газ анализаторлары, ылғалдық, тұз құрамын, сапасын өлшегіштер – бағдарламаларды тексеру, тестілеу, енгізу, диапазондарды өлшеу, тесті бойынша ақаулықтарды айқындау. 2. Микропроцессорлық "Интеллектуалды" дифманометрлер, қысым және деңгейлі датчиктер – коммуникаторлар арқылы тексеру, тестілеу, қайта теңшеу. § 98. БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ АСПАПТАРЫ МЕН АВТОМАТИКА ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ 8-разряд Жұмыс сипаттамасы. Микропроцессорлық техника базасында бағдарлайтын контроллерлерді, микро және мини ЭЕМ және басқа да жабдықтарды барлық жүйедегі элементтерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын орындай отырып және электронды-есептеу техника құралдарын, сондай-ақ периферий жабдықтарын оларды жұмыстың берілген параметрлеріне шығуын қамтамасыз ете отырып, аспаптардың күрделі және бірегей жүйелерін және жабдықтарды басқару жүйелерін кешенді техникалық қызмет көрсету және баптау, жөндеу, тексеру, сынау, монтаждау және пайдалануға тапсыру. Есептеу техника құралдарын пайдалана отырып тестілік бағдарламалар мен стенділердің көмегімен оларды диагностикалау. Есептеу техникасы құралдарын пайдалана отырып технологиялық бағдарламалар мен стенділердің тестілері мен түзетулерін құрастыру. Білуге тиіс: микропроцессорлық техника базасында басқару жүйелерін құру тәсілдері, бағдарламалық контроллерлердің, микро және мини ЭЕМ-нің принципиалды тәсілдері; технологиялық және тестілік бағдарламаларды түзету тәсілдері; есептеу техникасы құрылғылары мен жүйелеріндегі ақаулықтарды баптау және іздеу жұмыстары кешенін ұйымдастыру, бірегей өлшеу және басқару жүйелері мен кешендерінің құрылысы мен диагностикасы; автоматты реттеу теориясы, нақты технологиялық жабдықта пайдаланылатын бағдарламалаудың негізгі «тілдері». Орта кәсіптік білім талап етіледі. Жұмыс үлгілері 1. Қысым, температура датчиктерінің интеллектуалды микропроцессорлы датчиктері, деңгей датчиктері - хаттаманың HART немесе SMART бойынша коммуникатор арқылы теңшеу, бағдарламалау, тестілеу, тексеруге тапсыру. 2. Микропроцессорлық контроллерлер, регуляторлар - бағдарламаларды тексеру, құрастыру, бағдарламаларды енгізу, реттеудің әрбір нақты торабы үшін реттеу сипаттамасын өзгертуді таңдау. 3. Микропроцессорлық логикалық тәсімдер - тесті бойынша ақаулықтарды баптау, тексеру, айқындау.
Достарыңызбен бөлісу: |