|
Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығыМөлшері координаттары арқылы берілген өзекшелі жәшігі бар модельдер, желілердің геометриялық нүктелер және күрделі қисық сызықтары – белгілеу
|
бет | 63/108 | Дата | 24.12.2017 | өлшемі | 6,41 Mb. | | #5663 |
| 15. Мөлшері координаттары арқылы берілген өзекшелі жәшігі бар модельдер, желілердің геометриялық нүктелер және күрделі қисық сызықтары – белгілеу. 16. Баллер тіректері – қиғаш, еңіс сызықтарды механикалық өңдеу үшін белгілеу. 17. Ескекті бұрамалардың қалақтарын және ступицалардың құймалары – тексеру және белгілеу. 18. Күрделі конфигурациялы панельдер – белгілеу. 19. Поршеньді сырғымалар – сына саңылауларды өңдеу үшін параллель бойынша белгілеу. 20. Ерекше күрделі сығымдағыш қалыптар – белгілеу. 21. Конустан радиусқа ауысатын күрделі кешенді беті бар пуансондар, матрицалар – механикалық өңдеу үшін белгілеу. 22. Гидрогенераторлар мен турбогенераторлардың роторлары мен статорлары – толықтай белгілеу. 23. Ірі токарлық, сүргілеу, фрезерлік станоктардың статиналары – құймалардың мөлшерлерін тексере отырып толықтай белгілеу. 24. Траверстер – белгілеу. 25. Диаметрі 1000 мм-ден асатын құбырлар – белгілеу. 26. Дизель цилиндрінің шатундары мен қақпақтары - белгілеу. 27. Күрделі конфигурациялы шаблондар – белгілеу. 28. Шатыр тіреуіш, фонарлық, көпір крандары фермалары – белгілеу. 6-разряд Жұмыс сипаттамасы. Рейкаларды, шаблондарды, каркастар мен ұңғылау сызбаларын әзірлей отырып күрделі конфигурациялы бөлшектерді белгілеу. Ірі және күрделі бұйымдарды плазда бөлу. Теориялық сызбаның барлық желілерін барлық проекцияда келісу және координаттау жүйесінің кестелері мен номограммаларын құрастыру. Модель блогына паздар мен жіктерін жағу. Зергерлік жұмыстарды орындау. Білуге тиіс: бұйым плаздарында бөлінетін теориялық сызба; плазды бөлу кезінде геометриялық құрылым тәсілдері, плазалық кітапты тексеру номограммалары мен кестелерін құрастыру ережесі мен тәсілдері, бұйымдар мен агрегаттарды құру және монтаждау процесінде анағұрлым күрделі тексеру жұмыстарын орындау тәсілдері, кәсіпорындарда құрылып жатқан бұйымдардың конструкциясы, құрылыс технологиясы; белгілеу үшін техникалық шарттар мен шектеулер; пісіру үшін күрделі конструкцияларды өңдеу және құрастыруды; бұйым тораптары мен секцияларын құрастыру және пісіруге арналған айлабұйымдардың құрылымы; пісіру кезінде металл конструкцияларының бұзылуының алдын алу тәсілдері. Жұмыс үлгілері 1. Кеме және корабльдердің ахтерштевнялары – плаздарды, мөлшерін шаблон бойынша тексеру. 2. Толтыру машиналарының бункерлері – сызба сызу. 3. Тепловоз дизельдерінің иінді біліктері мен фундаментальды рамалары – белгілеу әдісімен тексеру. 4. Диаметрі 5000 мм-ден асатын ескекті бұрамалар - өңдеу үшін белгілеу. 5. Жеке жобамен жасалатын станоктардың жылдамдық қораптары – жону үшін белгілеу. 6. Копирлеу-фрезерлік станоктарда ескекті бұрамаларды өңдеуге арналған қайталама копирлер - өңдеу үшін белгілеу, өңдегеннен кейін тексеру. § 76. БҰРҒЫЛАУШЫ - ПНЕВМАТИК 1-разряд Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерде және күрделі емес конструкцияларда диаметрі 16 мм-ге дейінгі саңылауларды бұрғылау, ұңғылау. Шлангі ұштарын реттеп салу, ауыспалы ниппельді шлангілерді іріктеу. Білуге тиіс: пневматикалық және электр бұрғылау машинкаға қызмет көрсету; өңделетін материалдардың атауы және таңбалануы; анағұрлым кең тараған айлабұйымдар мен қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі, қолданылу ережесі; қолданылатын салқындатқыш сұйықтықтар мен майлардың атауы. Жұмыс үлгілері 1. Су бактары, алаңшалар, цистерналар және басқа да қарапайым конструкциялар – саңылауларды бұрғылау және ұңғылау. 2. Жаймалар және кескінді илем – талап етілетін тереңдікке саңылау ұңғылау. § 77. БҰРҒЫЛАУШЫ - ПНЕВМАТИК 2-разряд Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерде және түрлі материалдардан жасалған бұйымдарға диаметрі 16 мм-ден 25 мм-ге дейінгі саңылауларды бұрғылау, ұңғылау.Жылжымалы станокты пайдалана отырып жоғарыдан төменге қарай саңылау бұрғылау. Диаметрі 12 мм-ге дейінгі саңылауларға ойық жасау. Ішкі жағынан ұңғылау. Білуге тиіс: пневматикалық және электр бұрғылау машиналары мен жылжымалы станоктардың қолданылу принципі; өңделетін материалдардың негізгі қасиеті; бұрғылардың бұрышы және қайрау ережесі; бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі және пайдалану ережесі; шектеулер мен отырғызу жүйесі; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері. Жұмыс үлгілері 1. Тойтарма шегелер – ыңғайлы жерлерінен саңылау бұрғылау. 2. Палубалардың жапсырмалы жаймалары, төсемдері және т.б. – саңылау бұрғылау. 3. Тесіп өтетін саңылаулар – ойық тесу. 4. Пакеттер мен жинақталған тораптар – саңылауларды бұрғылау. 5. Қосалқы механизмдердің іргетасы – саңылау бұрғылау. § 78. БҰРҒЫЛАУШЫ - ПНЕВМАТИК 3-разряд Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектерде және түрлі материалдардан жасалған бұйымдарға диаметрі 25 мм-ден 35 мм-ге дейінгі саңылауларды бұрғылау, ұңғылау. 12 ден 22 мм. дейін жоғары диаметрде ішкі ойықты (саңылауда) тесу. Жанынан бұрғылау. Барлық пневматикалық машиналарда ыңғайсыз жерлерде жұмыс істеу. Терең саңылауларды бұрғылау. Білуге тиіс: пневматикалық және электр бұрғылау машиналарының құрылысы, бұрғылау дәлдігін тексеру ережесі; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың құрылымы мен пайдалану шарттары; әмбебап және арнайы кесетін аспаптың геометриясы, қайрау ережесі; ойық элементтері мен түрлері; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылысы; шектеулер мен отырғызу жүйесін; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері. Жұмыс үлгілері 1. Гужондар, тығындар, шпилькалар мен бұрандалы шегелер – саңылау тесу және кейіннен орнату. 2. Тойтарма шегелер – ыңғайсыз жерлерден саңылау бұрғылау. 3. Кеменің сыртын қаптау – саңылау бұрғылау және ұңғылау. 4. Жылу алмастыратын аппараттарды қаптау – саңылау бұрғылау. 5. Бақылау және ірілендірілген құрамалардағы саңылаулар – төсеніштерді бұрғылау.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|