Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Жұмыс үлгілері 1. Болттар, қанаттар – шыны пластик жабыстыру



жүктеу 6,41 Mb.
бет60/108
Дата24.12.2017
өлшемі6,41 Mb.
#5663
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   108

Жұмыс үлгілері

1. Болттар, қанаттар – шыны пластик жабыстыру.

2. Винипласт астаулар – жөндеу.

3. Винипласт бөлшектер - электр пештерде қыздыра отырып қалыптау.

4. Металл бұйымдар – тұрған орнында ию, қиыстырып келтіру және пісіру арқылы винипласт қаңылтырмен қаптау.

5. Тұнбалар, сүзгілер мен винипласттан жасалған себеттер - жасау және пісіру.

6. Винипласт құбырлар – ию.

§ 69. ВИНИПЛАСТ БОЙЫНША ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Винипласт, фторопласт, полиэтиленнен жасалған күрделі бұйымдарды жасау және жөндеу. Күрделілігі орташа аппаратураны, механизмдер мен агрессивті ортада жұмыс істейтін құрылғыларды винипласт, фторопласт, полиэтиленмен қаптау. Антикоррозиялық қаптамасы бар аппараттар мен механизмдерді бөлшектеу, жөндеу және монтаждау. күрделі шаблондарды жасау.

Білуге тиіс: винипласт пен пластикатты пісіру режимі; иектерді бөлшектеу формасы; жиектердің пісірілген жиектерге тигізетін әсері; күрделі қисықтарға арналған шаблондарды жасау тәсілдері; антикоррозиялық материалдардың мақсаты және физикалық механикалық қасиеттері; аппаратура мен механизмдерді винипласт, фторопласт және т.б. қаптау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Аппараттар, желдеткіштер, сорғылар мен центрифугалар –бетін винипласт, фторопласт, полиэтиленмен қаптау.

2. Дөңгелек және тік бұрышты қималы ауа үрлегіштер - винипласттан жасау.

3. Құбырлар мен олардың фасонды бөліктері (бұрмалары мен үштіктер) - винипласттан, хлорвинилден жасау.

§ 70. ВИНИПЛАСТ БОЙЫНША ДӘНЕКЕРЛЕУШІ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жанасқан бұрмаларының, әртүрлі қималы және профильді винипласт, фторопласт, полиэтилен мен басқа да пластмассалардан жасалған өткелдері бар күрделі бөлшектер мен бұйымдарды жасау және жөндеу. Фасонды пирамида және конус тәрізді бұйымдарды ашу. Аппараттар мен механизмдердің бетіндегі полимерлерді қысылған ауамен тозаңдандыру. Тозаңдандырылған полимерлерді жоғары кернеулі электр пештерінде балқыту.

Білуге тиіс: күрделі бұйымдарды жасаудың технологиялық процессі; винипласттың қыздыру кезінде деформациялануы туралы; құбырлардағы шекті температура мен қысым; пісіру кезіндегі күю мен піспей қалудың себептері, винипласттан жасалған бұйымдарды сынау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Аппараттар мен бұйымдар – полимерді тозаңдандыру және балқыту арқылы антикоррозиялық қаптау.

2. Ауа үрлегіштер, циклондар - монтаждау.

3. Жанасқан бұрмаларының саны көп және конус ауа үрлегіштер-винипласттан жасау.

4. Диффузорлар, дефлегматорлар, шиберлер - винипласттан жасау.

§ 71. БЕЛГІ ҚОЮШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Плитада, төсемелерде, сынада, домкраттарда салыстырып және орнатып, 12 - 14 квалитеттер бойынша өңдеу үшін дайындамаларды, бөлшектерді, металл үлгілерді, құймаларды, шыңдауыштар мен металл құрылымдарды таңбалау. Борлы ерітінді дайындау. Бөлшектерді таңбалау үшін сырлау. Жанасуы қарапайым, күрделі емес геометриялық құрылымдарды сызу.

Білуге тиіс: қарапайым таңбалау құралының атауы, құрылысы және қолданылу ережесі; доға, хорда, дөңгелегінің ұзындығын анықтау тәсілдері; таңбалау құралын қайрау және толтыру ережесі; материалды ашу және бөлшектердің таңбалау кезіндегі орналасу ережесі; таңбаланатын бетті сырлауға арналған ерітіндінің құрамы және оны дайындау тәсілдері; базалық бет және кейіннен өңделуге тиіс беттер; жиектерді пісіруге дайындау ережесі; шектеулер мен қондырма негіздері және олардың сызбада белгіленуі; техникалық сызу негіздері.

Жұмыс үлгілері

1. Балғалар тығыздамасының букстері – белгілеу.

2. Білікшелер - шпондау пазалары мен шплинттау саңылауларын белгілеу.

3. Салмағы 1000 кг дейінгі илемдеу біліктері – кесу және орталықтау үшін белгілеу.

4. Бір буынды біліктер – шыңдауыштарын белгілеу.

5. Электр машиналарының біліктері - бұрғылау үшін белгілеу.

6. Қарапайым бөлшектер: толқындар, ашалар, рамалар, құлақтар және т.б. шаблон бойынша белгілеу.

7. Фасонды бөлшектер – механикалық өңдеу үшін белгілеу.

8. Тепловоздың бөлшектері (өкшеліктердің дискілері, дизельдің сору клапандарының рычагтары, жанармай құбырларына арналған қысқыштар) - белгілеу.

9. Сорттық, жолақты және қаңылтыр болаттан жасалған дайындамалар – шаблон бойынша кесу үшін белгілеу.

10. Гайка кілттер - зевті белгілеу.

11. "Жұлдызша" кілттер – қашау үшін белгілеу.

12. Диаметрі 300 мм дейінгі мойынтіректердің корпустары мен қақпақтары – белгілеу.

13. Клапанды колонкалардың корпусы – сынақ планкаларын кесуге арналған орындарды белгілеу.

14. Рессорлық кронштейндер, тұтас металдан жасалған вагондар арбаларының теңгерімдері, тежеуіш ілмектері, рессорлық сырғалар - белгілеу.

15. Әртүрлі станоктардың жылдамдық қораптарының қақпақтары – сүргілеу және жоңғылау үшін белгілеу.

16. Автобус кузовы – қаптамасын белгілеу.

17. Жұдырықшалар – шаблон бойынша белгілеу.

18. Үлгілер мен өзекті қораптар (күрделі емес), контурының қисығы үлкен емес кокильдер мен шаблондар – айтарлықтай көп емес геометриялық құрылымды және өзекті қораптары бар үлгілердің өлшемдерін байланыстыру арқылы өңдеу үшін белгілеу

19. Сыртын қаптау –қаңылтырларды бұрғылаудан кейін жиектеу.

20. Пішіні күрделі емес ұсақ фасонды құймалар – шаблон бойынша жоңғылау үшін таңбалау.

21. Бөлшектердегі паздар мен терезелер – белгілеу.

22. Түзу сызықты конфигурациялы планкалар – контурларды шаблон бойынша белгілеу.

23. Электромагниттік тақтайшалар – сүргілеуге белгілеу.

24. Электросекция сыртқы вагондардың арбалық ілмелер – белгілеу.

25. (Сыртқы және ішкі жартылай) мойынтіректер – шпонды жырашықты қашауға белгілеу.

26. Суппорттар – пазды сүргілеуге белгілеу.

27. Фланецтер – саңылауды бұрғылауға белгілеу.


жүктеу 6,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   108




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау