Жұмыс сипаттамасы. Түрлі маркадағы жол құрылыс машиналары мен тракторлардың күрделі агрегаттары мен тораптарының техникалық шарттарына сәйкес жөндеу, құрастыру, реттеу, кешенді сынау және тапсыру. Пайдалану сипаттамасын ала отырып құрастырудың дұрыстығын тексеру. Білуге тиіс: түрлі маркадағы жол құрылыс машиналары мен тракторларының конструкциялық ерекшеліктері; күрделі агрегаттар мен тораптарды жөндеудің, сынау және тапсырудың техникалық шарттары; тозған бөлшектерді толықтай қалпына келтіру және төзімдету тәсілдері. Жұмыс үлгілері 1. Автоматты жіберу қораптары – құрастыру, реттеу, сынау. 2. Тәжірибелік, эксперименталды жол құрылыс машиналарының үлгілері (автогрейдерлер, асфальт қалағыштар, темір бетон жұмыстарына арналған күрделі уатып ұнтақтайтын және формалайтын машиналар)- жөндеу, баптау, сынау. 1-разряд Жұмыс сипаттамасы. Қайта тиеу машинасының жай тораптары мен механизмдерін бөлшектеу. Сыртқы және ішкі бетін аралау, жапсар жіктері мен қылтанақтарын тазалау. Бөлшектерді шаю, тазалау және майлау. Жоғарырақ білікті слесардың басшылығымен жай жабдықты жөндеу. Білуге тиіс: слесарлық өңдеуде қолданылатын жай жұмыс және бақылау-өлшеу аспаптарының атаулары мен қызметі; өңделетін материалдардың атаулары мен таңбалануы; слесарлық қысқыштардың, қол қайшыларының, қол аралардың құрылысы. Жұмыс үлгілері 1. Болттар мен гайкалар – кілттің қырларын егеулер және бұранданы калибрлеу. 2. Қарапайым бөлшектер – тазарту, аралау. 3. Түрлі бөлшектер – тазалау, шаю, нығыздалған ауамен үрлеу. 4. Бекітпелер мен фланецтер – орнату. 5. Тойтармалар – жасау. 6. Газ құбырлар – қол арамен кесу. 7. Тісті дөңгелектер, біліктер және басқа да бөлшектер – механикалық өңдегеннен кейін қылтанақтарын тазалау. § 112. ЖҮК ТИЕУ МАШИНАЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ 2-разряд Жұмыс сипаттамасы. Қайта тиеу машиналарының жай тораптары мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Жөндеуде және құрастыруда қолданылатын 12-14 квалитеттер бойынша орташа күрделіктегі бөлшектерді және жай айлабұйымдарды жөндеу және жасау. Қамту және пісіруге бөлшектерді құрастыру. Жоғарырақ білікті слесарлық басшылығымен орташа күрделіктегі тораптар мен механизмдерді жөндеу және жасау. Білуге тиіс: қайта тиеу машиналарының жай тораптары мен механизмдерінің құрылысы; кеңінен таралған әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі мен пайдалану ережесі, майлайтын сұйықтықтардың қызметі және оларды пайдалану тәсілдері; шектеулер мен отырғызу жүйелерін; кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері; орындалатын жұмыс көлемінде металл технологиясының негіздері. Жұмыс үлгілері 1. Тербелту және сырғыту і мойынтіректердегі блоктар – құрастыру. 2. Төлкелер – сығымдау. 3. Ілгектер, ілмектер, тізбектер – жасау. 4. Мойынтірек корпустары – қырнауға құрастыру. 5. Кронштейндер мен қапшықтары – жасау. 7. Төсемдер – жасау. 8. Шпонкалар мен сыналар – аралау. § 113. ЖҮК ТИЕУ МАШИНАЛАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ 3-разряд Жұмыс сипаттамасы. Жекелеген бөлшектерін ауыстыра отырып, орташа күрделіктегі тораптар мен агрегаттарды бөлшектеу, жөндеу, құрастыру және реттеу. Әмбебап айлабұйымдарды пайдалана отырып 11-12 квалитеттер бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу және қиыстыру. Түрлі дәнекерлеу бөлшектерін дәнекерлеу. Қайта тиеу машиналарына қызмет көрсетуде ақаулықтарды айқындау және жою. Электр пісіруші және газбен пісірушімен бірлесіп металл конструкцияларын (қоршаулар, траптар және т.б.) жөндеу және жасау. Жоғарырақ білікті слесардың басшылығымен күрделі тораптар мен агрегаттарды жөндеу және пісіру. Білуге тиіс: жөнделетін тораптар мен агрегаттардың құрылысы мен жұмыс істеу принципі, әмбебап және арнайы айлабұйымдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы; өңделетін металдардың механикалық қасиеттері; термиялық өңдеудің қызметі және оның металдың қасиетінің өзгеруіне әсері; тойтармалы және пісірмелі құрамалардың түрлері мен олардың төзімділігінің шарттары, баяу балқитын және тез балқитын дәнекерлердің құрамы; шектеулер мен отырғызу жүйесі, кедір-бұдырлықтың квалитеттері мен параметрлері; орындалатын жұмыстың шеңберінде электр техника негіздері. Жұмыс үлгілері 1. Авто және электр тиегіштер - артқы және алдыңғы мостыларды, жүк көтергіштерді, жіберу қораптарын, рульдік құрылғыларды, ілінісу муфталарын, редукторларды, гидроцилиндрлерді бөлшектеу және құрастыру. 2. Грейферлер - жекелеген блоктарды ауыстыру. 3. Іштен жанатын қозғалтқыштар - желдеткіштерді бөлшектеу, жөндеу және құрастыру; сальниктерді ауыстыру, иінді біліктерді және су сорғыларын ауыстыру; сүзгілерді ауыстыру, қалпақтарын және цилиндрлерді жөндеу, орнату. 4. Порталды, мосткабельді, шынжыр табанды, теміржолды, жүзетін, автомобиль, пневмодөңгелекті крандар; мостылық қайта тиегіштер – редукторларды бөлшектеу және құрастыру; блоктарды ауыстыру; компрессорлардың поршенді сақиналарын ауыстыру; пневмо және гидрожетектер бөлшектеу және құрастыру; тозған шарнирдегі саусақтарды ішінара ауыстыра отырып тежегіштерді бөлшектеу. 5. Бу машиналары – гидростатикалық май сауыттарды бөлшектеу және құрастыру; сальниктерді, болтты және бұрандалы бекітпелерді созғылау. 6. Арнайы трюмді, вагондық және қоймалық машиналар – жылжу және қосалқы құрылғылардың механизмдерін құрастыру, жөндеу, бөлшектеу. 7. Крандарға, авто және электр тиегіштерге арналған жүк қамтитын түсірме органдары – жүк қамтитын органдардың төсемдерін бөлшектеу, құрастыру, ауыстыру, сальниктер мен манжеттерді ауыстыру. 8. Пневматикалық қайта тиегіштер – техникалық қызмет көрсету, ауа құбырларының, соплолардың, циклондардың құрамаларын жөндеу, сүзгілерді ауыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |