Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Тегістеп өңдейтін станоктарға арналған эксгаустерлер - жасау



жүктеу 6,41 Mb.
бет47/108
Дата24.12.2017
өлшемі6,41 Mb.
#5663
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   108

12. Тегістеп өңдейтін станоктарға арналған эксгаустерлер - жасау.

§ 23. ҚАҢЫЛТЫРШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қаңылтыр металл мен құбырлардан жасалған, әртүрлі қималы және профильді бұрмалардың түйіскен жері көп күрделі бөлшектерді, бұйымдар мен тораптарды жасау, жөндеу, монтаждау және орнату. Кез келген қалыңдықты қаңылтыр металдан жасалған цилиндрлер мен конустарды ию. Үлкен көлемді сфералық және фигуралық бұйымдарды жасау. Жоғары қысым жағдайында жұмыс істейтін бұйымдарды дәнекерлеу. Жасалған бұйымдар мен бөлшектердің герметикалығы мен беріктігін сынау. Қаңылтыр металдан жасалған бұйымдарды жасау кезінде қолданылатын әртүрлі станоктарды, аппараттар мен бақылау аспаптарын баптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін станоктардың құрылысы мен дәлдігін тексеру ережесі; қаңылтырлау жұмыстарында қолданылатын құрылғылар мен шаблондардың құрылысы; әртүрлі металдарды барлық дәнекерлермен дәнекерлеу әдістері; әртүрлі қатты және жұмсақ дәнекерлерді, флюстер мен дәрілердің құрамы мен оларды дайындау және қолдану ережесі; геометриялық фигуралардың күрделі жазылуын есептеу және орналастыру ережесі; әртүрлі сынауларды (оның ішінде жоғары қысыммен, аса күрделі тораптар мен механизмдердің герметикалығы мен беріктігін) жүргізу ережесі; құрастыруға қойылатын техникалық шарттар.

Жұмыс үлгілері

1. Жеңіл автомобильдер кузовтарының түбі – алдына ала аша отырып, шаблон бойынша қолмен жасау.

2. Ұшақ қозғалтқыштарының капоттары – қағып шығару және қайта орнату арқылы жөндеу.

3. Прожекторлардың қаптамалары, жарықтандыру және проекциялық аппаратураны қаптау - жасау.

4. Жеңіл автомобильдердің қанаттары - жасау.

5. Ұшақ тораптарына арналған жөндеу жұмыстары - алюминий балқымалары мен болаттарын жасау.

6. Жеңіл автомобильдердің кузовтары мен қанаттарын қаптау - түзету.

7. Титан балқымалардан жасалған профильдер, қалқалар мен панельдер – түзету және жетілдіру.

8. Газ ағындары – күрделі жөндеу.

9. Ректификациялық аппараттарға арналған цилиндрлер (спирт тоңазытқыштар, спирт қыздырғыштар және т.б.) - жасау.

10. Қалқандар, сауыттар, дулыға және басқа да тарихи қорғаныш құралдары - тесу және жасау.

§ 24. ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДЫ СЫНАУШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қуаты 73,6 кВт (100 л.с.) іштен жану қозғалтқыштарын сыртқы сипаттамаларын ала отырып сынау. Қозғалтқышты сынау стендіне орналастыру, монтаждау және бөлшектеу. Қозғалтқышты іске қосу және белгіленген жұмыс режимі бойынша қуаты мен жанармайдың жұмсалуын өлшей отырып сынау. Қозғалтқышты сынау кезінде пайда болатын ақаулықтарды біліктілігі анағұрлым жоғары қозғалтқыштарды сынаушының басшылығымен анықтау және жою. Сынау журналын жүргізу. Гидромеханикалық берілістерді жүктемесіз жүргізіп сынау.

Білуге тиіс: сыналатын іштен жану қозғалтқыштарының құрылысы; қозғалтқышты сынауға қойылатын техникалық шарттар; сынау стенділерінде орнатылған аспаптардың мақсаты мен қолданылуы; слесарлық өңдеу тәсілдері; майлар мен жанармайдың қолданылатын сорттары, олардың негізгі қасиеттері; қолданылатын металдар мен балқымалардың және металл емес материалдардың негізгі қасиеттері; қозғалтқыштарды сынау кезінде қолданылатын бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы және жұмыс қағидаты; сынау журналын жүргізу ережесі.

§ 25. ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДЫ СЫНАУШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қуаты 73,6 кВт бастап 736 кВт дейін (100-1000 л.с.) іштен жану қозғалтқыштарын сыртқы сипаттамаларын ала отырып сынау. Әртүрлі маркалы және типті қозғалтқыштарды монтаждау және сынау стендіне орнату. Газ таратып бөлгішті, жанармайдың жіберілу бұрышы мен ауаны таратып бөлгішті орнату және реттеу. Күрделі сызбалар мен схемаларды оқу. Қозғалтқыштардың ақаулықтарын анықтау және жою. Гидромеханикалық берілістерді қысыммен жүргізіп сынау.

Білуге тиіс: стендте сыналатын қозғалтқыштардың құрылысы мен тораптары мен бөлшектерінің өзара іс-әрекеті; қозғалтқыштарды сынауға қойылатын техникалық шарттар; сынау стендінің барлық бөліктері мен аспаптарының мақсаты мен өзара іс-әрекеті; қолданылатын бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылысы.

§ 26. ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДЫ СЫНАУШЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қуаты 736 кВт астам (1000 л.с.) іштен жану қозғалтқыштарын өнеркәсіптік өндіріс жағдайында және лабораториялық және эксперименталдық өндіріс жағдайында қуатын шектемей сынау. Қажетті өлшемдерді жасау. Өлшемдерін есептеу. Қозғалтқыштарды сынау кезінде анықталған ақаулықтарды жою. Гидромеханикалық берілістерді кешенді және эксперименталды сынау.

Білуге тиіс: қозғалтқыштарды сынаудың техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттары; қызмет көрсетілетін қозғалтқыштардың құрылымдық ерекшеліктері; қозғалтқыштарды бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша реттеу әдістері; өндірістік өлшемдердің негізінде қуат пен тартпа күшін, жанармай мен майдың жұмсалуын есептеу әдістері; су мен майдың жылу шығарудың әдістері.

Орта кәсіптік білім талап етіледі.

§ 27. ГЕРМЕТИКАЛЫҒЫН СЫНАУШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдардың герметикалығын сынауға дайындау; ішкі бетін кептіру, қабыршақтар мен жоңқалардан т.б. тазалау және сыйымдылығын өлшеу. Бұйымдарды сынау стенділеріне орнату және олардан алу. Бұйымдардың ақаулықтары мен герметикалығын анықтау үшін суы бар астауға салу. Ыдыстар мен арматураларды 5 МПа (50 кгс/кв.см) қысыммен гидравликалық сынау. Пневможүйелерді 0,4 МПа (4 кгс/кв.см) дейінгі қысыммен сынау. Ақаулы орындарды белгілеу.

Білуге тиіс: су өлшеуіш колонкалар мен қол сорғылардың пневматикалық құрылғыларының құрылысы мен жұмыс қағидаты; гидросынау және ауамен сынау кезінде шлангалар мен қол сорғыларды жалғау және ажырату ережесі; пісірілген жіктердің беріктігіне қойылатын техникалық шарттар.

Жұмыс үлгілері

1. Бактар мен цистерналар - сынау.


жүктеу 6,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   108




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау