18. Тоңазытқыш шкафтардың жәшіктері – қаңылтыр материалмен қаптау. § 21. ҚАҢЫЛТЫРШЫ 3-разряд Жұмыс сипаттамасы. Құралдар мен пневматикалық құралдарды қолдана отырып, қаңылтыр металдардан күрделілігі орташа бұйымдарды жасау және жөндеу. Күрделілігі орташа бұйымдарды нығыздалған профильдерден жасау. Жиектерін жаншымамен, нығыздауышпен немесе қолмен майыстырып бүгу. Қаңылтыр металдан жасалған күрделі пішінді бұйымдарды шаблондар мен сызбалар бойынша бүгу және жиектеу; фасонды науалардың кесектері мен прокатын зиг – машинада жиектеу. Қаңылтыр болаттан жасалған цилиндр бөлшектерді жетекті біліктерде жаншу. Қаңылтыр болаттан жасалған бөлшектерді жетекті біліктерде дәнекерлеу. әртүрлі металдар мен балқымалардан жасалған бөлшектерді қалайымен, мыспен күміспен және т.б. дәнекерлеу. Күрделілігі орташа ұзындығы 1 м бетінде шекті саңылауы 1 мм дейін бұйымдар мен бөлшектерді ыстық және суық күйінде плитада түзету. Күрделілігі орташа қисық сызықты контурлы бөлшектер мен бұйымдарды барлық маркалы қаңылтыр металл мен балқымалардан кесу. Бөлшектерді сызғыш, бұрыштамаларды, циркуль, шаблон, шәкіл және басқа да қажетті бақылау-өлшеу құралдарын қолдана отырып белгілеу. Қарапайым шаблон жасау. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін ию және жаныштау машиналары мен жетек қайшылардың құрылысы; қаңылтырлау жұмыстарында пайдаланылатын күрделілігі орташа құрылғылар мен бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы; күрделілігі орташа бөлшектерді, бұйымдар мен тораптарды әртүрлі металдармен дәнекерлеу тәсілдері; қаңылтыр және сортты болат, алюминий, магний және мыс балқымалардың негізгі қасиеттері; күйдірудің механикалық қасиеттеріне тигізетін әсері; күрделілігі орташа бөлшектер мен бұйымдарды белгілеу тәсілдері, қашаудың құрылымының ережесі; күрделілігі орташа бөлшектер біріктіру тәсілдері; геометрия негіздері. Жұмыс үлгілері 1. Жолаушылар вагондарының суға арналған бактары - жасау. 2. Әртүрлі қалыпты баллондар - жасау. 3. Градир – машиналарға арналған брамзельдер - жасау. 4. Конус астаулар - жасау. 5. Шелектер, бидондар, сызғыштар, шәйнектер – түбі мен жоғарғы бөлігін дәнекерлеу арқылы жасау. 6. Иллюминатордың суағары - жасау. 7. Жүк автомобильдерінің капоты, кабинасы – жапырылған жерлерін түзету, бүлінген жерлерді кесу, жасау және құрақтарды пісіруге дайындау. 8. Жабдықтарға арналған қаптамалар, жарықтандыру желісінің арматуралар мен қалқандарына арналған күрделі емес жәшіктері, үштіктер - жасау. 9. Диаметрі 250 мм астам күрделі құбырлардың буындары (бір жазықтықта бестен астам және екі жазықтықта екіден астам буын) – шаблондар бойынша жасау. 10. Легендер - жасау. 11. Әртүрлі көлемді фигуралық май салғыштар - жасау. 12. май құбырлары – құбырларды қиыстыра отырып құрастыру және орнату. 13. машиналарды айналдыра көмкеру және қаптау – жекелеген учаскелерін ауыстыру үшін қаңылтыр материалды ашу. 14. Құбырлардың қисық сызықты учаскелерін қаптау - жасау және орнату. 15. Инжектордың, автотежегіштердің сіңдіргіш су қабылдағыш құбырлары – ию және дәнекерлеу. 16. Мыс тордан жасалған сүзгілер - жасау. 17. Бұрыштамалар мен жолақтардан жасалған дөңгелек пішінді фланецтер - жасау. 18. Сигналдық, паровоздардың, кемелердің шамдары – шаблон бойынша жасау. 19. Күрделілігі орташа шаблондар - жасау. 20. Жарықтандырғыш және түсірімдік аппаратураға арналған пердеше, жарық сүзгіштер мен прожекторларға арналған рамалар, төрт және бес қырлы конус фонарьлардың электр қалқандарына арналған қаптамалар - жасау. § 22. ҚАҢЫЛТЫРШЫ 4-разряд Жұмыс сипаттамасы. Қаңылтыр металл мен құбырлардан жасалатын күрделі бөлшектер мен бұйымдарды, тораптарды жасау, жөндеу және орнату. Қаңылтыр металдан жасалған күрделі және ірі бөлшектерді әртүрлі пішінді жаншымалар мен нығыздауыштарда ыстық және суық күйінде жаншу және нығыздау. Жиектерін жаныштамаларда немесе қолмен дәлме-дәл ию; үлкен қаңылтырларды, әртүрлі құбырлар мен бұйымдарды түзету. Күрделі бөлшектерді қатты созу арқылы жасау. Екі жазықтықта бүгілген күрделі қисық сызықты профильдерді жасау. Күрделі шаблондарды сызбалар мен бөлшектер бойынша жасау. Күрделі бұйымдарды белгілеу, күрделі тораптарды, бөлшектер мен бұйымдарды ашу. Қысыммен жұмыс істейтін күрделі бұйымдарды, бөлшектер мен тораптарды дәнекерлеу. Дәнекер жасау. Жаншымаларды түзету, ию және жаншудың әртүрлі түрлеріне баптау. Барлық жүйелердің нығыздауыштары мен нығыздауыш қайшыларын баптау. Білуге тиіс: әртүрлі үлгілі жабдықтардың құрылысы; қызмет көрсетілетін жабдықты баптау ережесі; бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, мақсаты мен қолданылу ережесі; әмбебап және арнайы құрылғылардың құрылысы; күрделі қашауларды ашу ережесі және құрылымы және оларды есептеу; көміртекті және қоспаланған болаттың, түсті металдар мен балқымалардың механикалық қасиеттері; күрделі бөлшектер мен тораптарды біріктіру және дәнекерлеу тәсілдері; әртүрлі дәнекерлердің мақсаты мен рецептурасы. Жұмыс үлгілері 1. Әртүрлі жүйелердің сфера қалыпты бактары - жасау және қалайылау. 2. Ірі көлемді бөлшектер – қалыптау және термоөңдеуден кейін құм қалыптар мен кеспелтектер бойынша тегістеу және түзету. 3. Ірі көлемді қаңқалар, панельдер, жұқа бүрмелер - түзету және жетілдіру. 4. Құбырлардың фланец сақиналары – дәнекерлеу. 5. Автомобиль кузовы – күрделі пішінді жекелеген бөліктерін жасау және орнына қиыстырып келтіру. 6. Тұрақты және ауыспалы қималы, жетілдіру дәлдігі 3 мм дейінгі жиектер мен сақиналар, жарты сақиналар, белдіктер - жасау. 7. Жеңіл автомобильдер төбесінің еңісі – жапырылған жерлерді түзету.. 8. Сфералық бет - жасау. 9. Ауыспалы қималы профильдер - жасау. 10. Қалың қабатты профильдер – аргонды доғал дәнекерлеу үшін кесектерді бөлшектеу және өңдеу. 11. Рефлекторлар, монтаждау және электр монтаждау үстелдерінің бөлшектері - жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |