13. Қалқандар мен панельдер (таратқыштар, күш және топтық) – шешу және орнату. 14. Электр шамдар, плафондар – шешу және орнату. § 166. ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ-ЭЛЕКТРИК 3-разряд Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіктегі тораптар мен аппараттарды, электр жарықтандыру арматурасын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Орташа күрделіктегі тәсімдер бойынша электр машиналары, электр аппараттары мен электр аспаптары бөлшектері мен тораптарын біріктіру. Электр сымдары мен кабельдерін қалайылау, дәнекерлеу, оқшаулау, төсеу және ұзарту. Жерден көтергіш-көлік механизмдерін басқару, жүктерді ілмектеу. Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін айнымалы және тұрақты ток электр машиналарының құрылысы және жұмыс істеу принципі; орташа күрделіктегі электр монтаждау тәсімдері мен іске қосуды реттейтін аппаратураны; электр қозғалтқыштардың щеткалы механизмдерін баптау тәсілдері; өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері; әмбебап және арнайы айлабұйымдардың, монтаждау аспабы мен пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспабының құрылысы. Жұмыс үлгілері 1. Амперметрлер, вольтметрлер - шешу, тексеріп орнату. 2. Селеналық түзулегіштер – шешу және орнату. 3. Төмен вольтты қорғағыш қысқыштары, ток қабылдағыштардың жеңдері – жасау. 4. Блоктау контакторлары – бөлшектеу және құрастыру. 5. Бу тарату қораптары, жұмыс дөңгелектерінің қалақтары, конденсаторлық және бу өткізу құбырлары, паровоз турбогенератор желдеткіштері – шешу, орнату. 6. Электр машиналарының мойынтіркетері – сығымдау. 7. Электровоз ток қабылдағыштарының табаны – майламамен толтыру. 8. Қорғағыштар (Фарфорды қоспағанда) – қайта зарядтау. 9. Төбелік ажыратқыштар мен оқшаулағыштар, ток қабылдағыш жеңдері, редукциялық, электр пневматикалық клапандар, ток қабылдағыштардың ауа цилиндрлері, электровоздың барлық үлгідегі разрядтағыштары – шешу, орнату. 10. Электрмен жарықтандыру бөлгіштері, патрондары, розеткалары мен ажыратқыштары, прожекторлар, фаралар, педальдар – жөндеу және құрастыру. 11. Вагонның іске қосатын және реттейтін реостаттары – шешу және орнату. 12. Қырағылық саптары – бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. 13. Жетекті электр қозғалтқыштар мен электр машиналарының зәкір секциясы – жасау. 14. Полюс және катушкалардың өзекшелері – сығымдау және босату. 15. Ауаны желдететін рефрижераторлы пойыздар (секциялар) мен вагондардың кедергі термометрлері – бөлшектеу, құрастыру. 16. Ток қабылдағыштар – табандарын ауыстыру. 17. Вагондардың, рефрижератор пойыздарының (секцияларының) вагон асты тарату құрылғылары – шешу және орнату. 18. Электр аппараттары мен электр машиналарының шунттары, пышақтары, ұштамалары мен маңдайшалары – жасау, орнату. 19. Электр пештер, желілік және мостылық контакторлардың жәшіктері, резистор блоктар – шешу. 20. Өрістердегі электр сымдар – төсемдер мен бекіту. § 167. ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ-ЭЛЕКТРИК 4-разряд Жұмыс сипаттамасы. Серіппелі және сырғымалы отырғызу жағдайында электр машиналарының, электр аспаптары мен электр аппараттарының күрделі бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. Электр машиналарының, электр аппараттары мен электр аспаптарының бөлшектері мен тораптары біріктіру. Электр күші құрылғыларын жерлендіру және нөлдендіру. Жөнделген электр машиналарын, электр аппараттары мен электр аспаптарын сынау. Ақаулық ведомості жасау. Білуге тиіс: электр машиналарының, электр аппараттары мен электр аспаптарының құрылысы мен қызметі, бөлшектер мен торап бірікпелерінің электр монтажды тәсімдері; жөнделген электр машиналарын, электр аппараттары мен электр аспаптарын сынаудың техникалық шарттары. Жұмыс үлгілері 1. Доға сөндіргіш камералар – бөлшектеу, жөндеу және құрастыру. 2. Тепловоз, жетекті электр қозғалтқыш және қосалқы машиналардың жетекті генератор коллекторлары – жол салу. 3. Бу тарататын қораптар, паровоз турбогенераторлары жұмыс дөңгелектерінің қалақтары – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру. 4. Аппаратуралы панельдер, қалқандар – шешу, орнату. 5. Электр машиналарының коллекторлық зәкір пластиналары – «айдар» жасау. 6. Ток қабылдағыш табандары – жаңаларын құрастыру және қондыруды түзете отырып жөндеу. 8. Ток қабылдағыштардың жоғарғы және төменгі рамалары – жасау. 9. Тартпалы электр қозғалтқыштар мен қосалқы электр машиналарының, электр машиналары зәкірлерінің, контроллерлерінің реакторлары, топтық қайта қосқыштардың тартпалары, барлық түрдегі реле – шешу, орнату. 10. Монтаждау схемалары – құрастыру, жасау. 11. Электровоз ток қабылдағыштары, фаза ажыратқыштары – шешу, орнату. 12. Паровоз турбогенераторлары, орталықтан тебетін реттегіштер – шешу, орнату. 13. Вагондардың мотор-желдеткіш құрылғылары – шешу, орнату. 14. Өртке қарсы құрылғылар – байқау, бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, тексеру. 15. Тартпалы қозғалтқыш біліктерінің тісті дөңгелектері, барлық жүйедегі электр машиналарының біліктері мен коллекторлары – сығымнан босату. 16. Электр машиналардың щеткалары – ысқылау және реттеу. 17. Желілік және мостылық контакторлардың жәшіктері, резистор блоктары – орнату. § 168. ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ-ЭЛЕКТРИК 5-разряд Жұмыс сипаттамасы. Отырғызудың барлық үлгісіндегі электр машиналарының, электр аппараттары ме электр аспаптарының күрделі бөлшектері мен тораптарын бөлшектеу, жөндеу, құрастыру. Күрделі монтаждау тәсімдерін жасау. Электр машиналарының, электр аппараттары мен электр аспаптарының жиналған тораптарын реттеу және сынау. Білуге тиіс: күрделі электр машиналарының, электр аппараттары мен электр аспаптарының тораптары мен топтарының қызметі, құрылымы мен өзара іс-әрекеті, электр машиналарының, электр аппараттары мен электр аспаптарының күрделі тораптарын құрастыру тәсілдері, бөлшектер мен тораптарды біріктірудің күрделі электр монтажды тәсімдері; жөнделген тораптарды құрастырудың техникалық шарттары мен сынау.
Достарыңызбен бөлісу: |