Жұмыстың және жұмысшы мамандардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы


Жұмыс үлгілері 1. Жылжымалы рентген аппаратурасы – құрастыру және реттеу



жүктеу 6,41 Mb.
бет104/108
Дата24.12.2017
өлшемі6,41 Mb.
#5663
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108

Жұмыс үлгілері

1. Жылжымалы рентген аппаратурасы – құрастыру және реттеу.

2. Диспетчерлік байланыс тарату станцияларының аппараттары мен аспаптары, тіректері, телефон коммутаторларының штативтері – монтаждау.

3. Топтық өшіргіштер – құрастыру, бөлшектеу, жоғары кернеудегі токпен сынау.

4. Қуаты 50-ден асатын 100 кВт-қа дейінгі электр қозғалтқыштар – орнату.

5. Нөмірлері 50-ге дейінгі телефон коммутаторлар, телеграфты және көрсеткіш коммутаторлар, өлшемдік аппараттар, көрсететін реле, реле, топтық қайта қосқыштар – жинақтау және құрастыру.

6. Контакторлар – орнату және реттеу.

7. Тарату қораптары – монтаждау.

8. Контакторлы күрделі панельдер – орнату, іске қосу және сынау.

9. Прожекторлар – монтаждау.

10. Реостаттар мен қосатын контроллерлер – монтаждау.

11. Барлық аспабы бар 20 нөмірге дейінгі корабельді телефон станциялары – толықтай монтаждау.

12. Құбырлар – төсеу.

13. Шиналар – жасау.

14. Тарату шкафтары мен қалқандары – релені, контроллерді, блоктағыштарды, қайта қосқыштарды монтаждау.

15. Бақылау қалқандары – монтаждау.

16. Электр моторлар – мойынтіркетерін ауыстыру.

§ 174. СЛЕСАРЬ – ЭЛЕКТР МОНТАЖШЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өндіріс цехтарында және электр станцияларында қуаттылығы 100 кВТ-тан асатын түрлі станоктар мен машиналардағы электр машиналар мен электр жабдықтардың, тұрақты және ауыспалы токты электр машиналарының күрделі тораптарын монтаждау, құрастыру, реттеу және тапсыру. Жекелеген тізбектердегі және бірікпелердің әр түрлеріндегі ток пен сымның кедергілерін, қуаттылығын, кернеулігін, күшін өлшеу. Электр аппаратурасын, сондай-ақ тұрақты және ауыспалы ток ірі электр моторларын құрастыру, орнату және сынау кезінде пайда болатын ақаулықтарды анықтау және оларды жою. Кернеулігі 35 кВ-қа дейінгі жоғары вольтты жабдықтар мен желілерді (іске қосатын және реттейтін аппаратуралы жоғары вольтты электр жабдықтары мен тарату құрылғылары) монтаждау және монтаждан шығару. Желілік және ұштық муфтыларды бөлшектеп, ұзартып және монтаждап және кабельді сынай отырып траншеяларда, туннельдерде, каналдарда және блоктарда кабель жүргізу.Аппаратураны орнату орнын белгілеу. Ток күші 1000 А-дан асатын қоректендіру станциясын толықтай байланыстыру. Май ажыратқыштардың ұяшықтарын жабдықтау. Қуаты 700 кВт-қа дейінгі жоғары жиіліктегі құрылғыларды, қуаты 500 кВт-тан асатын сынап түзулегіштерді, жүк көтергіштігі 20 т-дан асатын кран электр жабдықтарын және ірі әмбебап металл өңдейтін станоктарды монтаждау.

Білуге тиіс: жинақталатын және орнатылатын күрделі машиналардың, жоғары жиіліктегі құрылғылардың, қайта түрлендіргіштердің, күш трансформаторлары мен жоғары вольтты аппаратураның құрылысы мен қызметі; электр жабдықтарын монтаждаудың, машиналардың, агрегаттардың, аппараттар мен электр аспаптарын монтаждаудың кезектілігі; синхронды және асинхронды қуатты машиналардың, қайта түрлендіргіштердің, күш трансформаторлары мен жоғары вольтты аппаратуралардың жұмыс принциптері, үлкен жүк көтергіш крандардың, күрделі станоктардың кіші станциялары жабдықтары, электр жабдықтары; машиналарды монтаждаудың техникалық шарттары; электр жабдықтарының тәсімдері; машиналарды құрастыру және монтаждау кезінде пайда болатын ақаулықтар, және оларды жою тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Рентгендік стационарлық аппараттар - құрастыру, монтаждау, реттеу.

2. Генераторлар - принципиалды тәсімдер бойынша монтаждау және сымдарды қосу.

3. Көп жолақты кабельдер - ұштарын ажырату.

4. Телефон коммутаторлары, ЦБ және МБ телефон коммутаторларының штативтері, "Морзе" телеграф аппараты, автостоп белгі беру релесі, автоблоктау – сынау және реттеу.

5. Таңбалы және қорғау құрылысы бар біріктірме жәшік үлгісіндегі аспаптар – электр тәсімдерді өру, күрделі панельді корпустардағы толықтай электрмен монтаждау.

6. Арнайы үлгідегі қабылдау-жіберу аппаратурасы – монтаждау.

7. Үш полюсті ажыратқыштар – реттеу.

8. Түрлі жүйедегі реле – реттеу.

9. Абоненттерінің саны 1000-ға дейінгі автоматты телефон станциялары – монтаждау.

10. Қуаты 20000 кВт-қа дейінгі күшті трансформаторлар – монтаждау және сынау.

11. Үлкен габаритті күрделі тарату қалқандары – аппаратураны реттеп және кабельді қалап орната отырып толықтай монтаждау.

12. Ағаш өңдеу станоктарының электр қозғалтқыштары – толықтай монтаждау және монтаждан алу, желіге қосу.

13. Тепловоз, метро пойызы мен троллейбустардың электр қозғалтқыштары – құрастыру және монтаждау.

14. Кран электр жабдығы – монтаждау және монтаждан алу.

§ 175. СЛЕСАРЬ – ЭЛЕКТР МОНТАЖШЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Кіші электр станцияның, электр машиналардың және барлық мүмкін конструкциялар мен жүйелердің, кернеулігі 35 кВт-тан асатын кабельді және ауа желілерінің күрделі жоғары вольтты жабдықтарын толықтай монтаждау, монтаждан алу, сынау және құрастыру. Күрделі аспаптар мен механизмдерді эскиздер және принципиалды тәсімдер бойынша жасау; техникалық шарттарға сәйкес сынау, реттеу және тапсыру. Түрлі сымдардан жасалған күрделі шаблонды тәсімдер жасау және нақты тәсімдерді монтаждау. Қуаттылығы 700 кВт-тан асатын жоғары жиіліктегі құрылғыларды монтаждау. Желілер мен аппараттардағы ақаулықтар мен зиян келген жерлерін анықтау және оларды жою. Электр монтаждау жұмыстарын орындау үшін қажетті айлабұйымдар жасау.

Білуге тиіс: кернеулігі 35 кВт-тан асатын бірегей электр машиналар мен аппараттардың, тұрақты және ауыспалы ток түрлендіргіштері мен жоғары вольтты аппаратураның құрылысы, жұмыс принципі және пайдалану ережесі; механизмдерді, блоктарды, агрегатты станоктарды, топтық бірікпелер мен тәсімдерді күрделі электр монтаждау тәсілдері және оларды сынау әдістері; машиналарды, аспаптар мен автоматиканы сынау және жұмысқа қосу ережесі; кедергі және оқшаулау көлемін өлшеу тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1. Металл өңдеу станоктарының автоматты желілері – электр жабдықтарын толықтай монтаждау.


жүктеу 6,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   108




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау