Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (39-шығарылым) 1- бөлім. Жалпы ережелер


Параграф 2. Қағаз (картон) жасайтын машинаның престеушісі



жүктеу 2,77 Mb.
бет6/13
Дата18.12.2017
өлшемі2,77 Mb.
#4640
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Параграф 2. Қағаз (картон) жасайтын машинаның престеушісі,

4-разряд
251. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыс жылдамдығы 700 м/мин. қағаз жасайтын машинаның және торының ені 6 м астам және жұмыс жылдамдығы 350 м/мин. астам картон жасайтын машинаның нығыздау бөлігінде қағаз бен картонды құрғату процессін жүргізу;

қағаз жайманың престер арасында дұрыс керілуін бақылау;

пресс шұғаны керу және түзету;

шұғаны жуу және бүріккішті тазалау;

престің жұмысы мен жайманың өн бойындағы ылғалдықты бақылау.

252. Білуге тиіс:

машинаның пресс бөлігінің құрылысы және әрбір нығыздаудан кейінгі жайманың ылғалдық дәрежесі;

жайманы толтыру және шұғаның маркасы әдістері.

56. Қағаз, картон мен целлюлозаны кесуші

Параграф 1. Қағаз, картон мен целлюлозаны кесуші, 1-разряд
253. Жұмыс сипаттамасы:

қағаздың кесілетін жерін қолмен кесу;

біліктілігі анағұрлым жоғары кесушінің басшылығымен жылдамдығы 700 м/мин. дейінгі станокта қағаз бен картонды көлденең кесу;

тығырық пен телеграф таспасын кесуге арналған қағаз орамасын жеткізу, орнату;

ораманы сыналап жару;

қағаз (картон) жайманы машинаға салу;

дайын өнімді алу және салу;

қалдықтарды тазалау;

телеграф таспасын тесу.

254. Білуге тиіс:

қағаз бен картонды кесу кезінде қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы.

Параграф 2. Қағаз, картон мен целлюлозаны кесуші, 2-разряд
255. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары кесушінің басшылығымен жылдамдығы 700-1800 м/мин. дейінгі станокта ротациялық кесу машинасында қағаз бен картонды көлденең кесу және ақша жасайтын, борлы, конденсаторлық, асбесттік, көшірме жасайтын, балауыз қағаз, ротопленка, филлиграндық, фольга, целлофан және басқа да жоғары сортты техникалық қағаз бен целлюлозаны қабаттарға кесу жылдамдығы 100 м/мин. дейін болған кезде кесу;

пышақтың форматын белгілеу, ауыстыру, қайрау және түзету;

қағаз кесілген кезде желімдеу;

дайын өнімді алу, әкету және салу;

кесу тазалығын бақылау және белгіленген параметрлердің дәлдігін сақтау;

картонды жолақтап кесу;

жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою;

гильза диаметрі бойынша (0,15 - 0,3 мм) қатаң белгіленген өлшемді қағаз гильза дайындауға арналған патрон қағазды жазу және кесу;

кесу жылдамдығы мен тазалығын реттеу;

машинаны баптау;

жайманың керілуін реттеу;

жабдықтың және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау.

256. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

стандарт форматтар және қағаз, картон мен целлюлозаны кесу ережесі;

пышақты қайрау және түзету, форматын ауыстыру ережесі.

Параграф 3. Қағаз, картон мен целлюлозаны кесуші, 3-разряд
257. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары кесушінің басшылығымен жылдамдығы 1800 м/мин. астам станокта әр жерінде су белгілері қағаз бен картонды көлденең кесу:

форматты орнату;

пышақты ауыстыру, қайрау және түзету;

қағаз кесілген жерде желімдеу;

құйма қағаз бұйымдарын кептіргеннен кейін және өндіріс технологиясына сәйкес кесу, бұйымды калибрлеуден кейін қайталап кесу;

дайын өнімді алу, әкету және салу;

кесу тазалығын бақылау және белгіленген өлшемдердің дәлдігін сақтау;

картонды жолаққа кесу;

жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою;

жылдамдығы 700 м/мин. дейінгі станокта қағаз бен картонды кесу және кесу жылдамдығы 100 м/мин. болған кезде целлюлозаны қабаттап кесу процессін жүргізу;

кесу жылдамдығы мен тазалығын реттеу;

машинаны баптау, пышақтарды ауыстыру;

жабдықтың және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау.

258. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы;

стандарт форматтар және қағазды (картонды) кесу ережесі;

пышақты қайрау және түзету және форматты ауыстыру ережесі.



Параграф 4. Қағаз, картон мен целлюлозаны кесуші, 4-разряд
259. Жұмыс сипаттамасы:

жылдамдығы 700-1800 м/мин. дейінгі әр түрлі жүйелі станокта ротациялық кесу машинасында қағаз бен картонды кесу және ақша жасайтын, борлы, конденсаторлық, асбесттік, көшірме жасайтын, филлиграндық, балауыз қағаз, ротопленка, фольга, целлофан, бояу-бейнелеу өнімдеріне қажетті және басқа да жоғары сортты техникалық қағазды белгіленген форматты қабаттарға кесу және арнайы қағазды арнайы форматқа тілу;

кесу жылдамдығы мен тазалығын реттеу;

кесу сапасын бақылау;

машинаны баптау, форматты орнату, пышақты ауыстыру;

жайманың тартылуын реттеу;

жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысын бақылау;

жабдық жұмысындағы аздаған ақаулықтарды түзету;

біліктілігі анағұрлым төмен кесушілердің жұмысына басшылық жасау.

260. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылысы;

өнімнің сапасына, форматтың дәлдігіне, тілік тазалығына қойылатын талаптар;

ақаулықтардың түрлері және оның алдын алу және жою шаралары;

талшық бағыттарын ескере отырып, жазу ережесі.

Жылдамдығы 1800 м/мин. астам станокқа қызмет көрсету кезінде және әр жерінде су белгісі бар қағазды кесу кезінде 1 разрядқа жоғары тарификацияланады.

57. Қағаз, картон және олардан жасалған бұйымдарды желімдеуші

Параграф 1. Қағаз, картон және олардан жасалған бұйымдарды желімдеуші, 1-разряд
261. Жұмыс сипаттамасы:

пакеттерді, қап, футляр, конверт және басқа да жаппай өндіріс бұйымдарын желімдеу;

қағаздан, картоннан, фольгадан және басқа да материалдарда жасалған бұйымдарды, бөлшектерге желім жағу;

картон қабаттарын сұрыптары бойынша бөлшектеу, сұрыптау және оны желімдеу;

бұйымдарды желімдеу сапасын бақылау.

262. Білуге тиіс:

картон, қағаз, ротопленка, балауызды желімдеу ережесі, бұйымдарды желімдеу сапасына қойылатын талаптар.
Параграф 2. Қағаз, картон және олардан жасалған бұйымдарды желімдеуші, 2-разряд
263. Жұмыс сипаттамасы:

желім жағатын машинада және қолмен жайма қағаз, картон, қосалқы және декоративтік материалдарды жапсыру;

потальды картонға жапсыру;

картонды кептіру, ысқылау және пачкаға қалау;

сығымдау машинасындағы теңестіргіш катушканың цилиндріне белдемшелерін жапсыру;

сегменттерді болванкалардағы манжеттерге орау;

машинаның жұмысын реттеу және желімнің дұрыс жағылуын қадағалау;

балауыз бен ротопленканы қиыстыру, балқытылған парафинді, ал ротопленканы - желіммен үтіктеу;

техникалық шарттар бойынша жарамсыз парақтарды алдын ала іріктеу;

парақтарды есептеу және қораптарды қалау.

264. Білуге тиіс:

желімдеу-жағу машинасының құрылысы мен қызмет көрсету ережесі, желімдеудің технологиялық режимі;

желімнің рецептурасы, түрлері мен қызметі.

58. Қағаз, картон, фибра және олардан жасалған бұйымдарды кептіруші

Параграф 1. Қағаз, картон, фибра және олардан жасалған бұйымдарды кептіруші, 2-разряд
265. Жұмыс сипаттамасы:

бұйымдарды әр түрлі жүйелі үздіксіз және тұрақты жұмыс істейтін кептіру камерасында біліктілігі анағұрлым жоғары кептірушінің басшылығымен кептіру процессін жүргізу;

қолмен құйылған қағазды, картонды, фибраны, қағаз жіпті, құйма қағаз және шпульдік-орауыш бұйымдарды кептіру камераларына салу;

кептіру камераларын, тасымалдауыштар мен басқа да жабдықтарды тазалау;

дайын бұйымдарды кептіру камераларынан алу және оларды орналастырып қою.

266. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

бұйымдарды салу және алу, орналастырып қою ережесі.



Параграф 2. Қағаз, картон, фибра және олардан жасалған бұйымдарды кептіруші, 3-разряд
267. Жұмыс сипаттамасы:

бұйымдарды әр түрлі жүйелі үздіксіз және тұрақты жұмыс істейтін кептіру камерасында технологиялық режимге сәйкес кептіру процессін жүргізу. мемлекеттік белгісі бар қағаздарды желімдеуге дейін және одан кейін кептіру шкафтарында, кептіру цилиндрлерінде кептіру;

камераның температурасын және ауа ылғалдығын реттеу;

бақылау-өлшеу аппаратурасының көрсеткіштерін бақылау;

талшық пен бұйымдарды термоөңдеуге арналған Камераны дайындау;

бұйымды белгіленген режимге сәйкес термоөңдеу;

бу шығынының шекті нормасын сақтау;

қағазды қабылдау және тапсыру.

268. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен жұмыс қағидаты;

бақылау-өлшеу аппаратурасын пайдалану ережесі;

кептіру технологиялық процессі және ылғал мен тұнбаның бұйымның сапасына тигізетін әсері;

кептіру камераларына түсетін бұйымның қасиеттері;

коммуникация схемасы;

кептіру сапасына қойылатын талаптар.

59. Қағаз қап жасаушы

Параграф 1. Қағаз қап жасаушы, 2-разряд
269. Жұмыс сипаттамасы:

цементті сынау, толтыру, қаптарды өлшеу, орынжайға апару;

ашық қаптарды станокқа және жабықтарын қолмен сынайтын жерге апару;

сыналатын қаптарды және жарылған қаптарды цементтерін қайта салып бункерге көтеру;

қаптар ұстайтын соққылар санының кестесін жасау.

270. Білуге тиіс:

қаптарды сынау ережесі;

қаптардың сапасына қойылатын талаптар;

сынау кестесін жасау ережесі.

60. Қағаз пакет дайындаушы
Параграф 1. Қағаз пакет дайындаушы, 1-разряд
271. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті дайындаушының басшылығымен пакеттерді дайындау;

қағазды шаблон бойынша белгілеу және кесу;

ағаш қалыпта қағаздың шетін ию;

оны желімдеу;

пакетті ыстық үтікпен сығымдау.

272. Білуге тиіс:

қағаз пакеттер жасау тәсілдері мен осы бұйымдарға техникалық талаптар.



Параграф 2. Қағаз пакет дайындаушы, 2-разряд
273. Жұмыс сипаттамасы:

пакеттерді, альбом, дәптер және блокноттарды қолмен дайындау;

қағазды сұрыптау, есептеу, ию, дәптерлерді мұқабасына желімдеу, бюварды қалау және орамдарға өлшеу;

қағаздан жасалған бұйымдарды оларды қалай отырып алу.

274. Білуге тиіс:

жасалатын бұйымдарға техникалық талаптар;

станокты пайдалану ережесі.

61. Қағаз өндірісінде жабдықты баптаушы

Параграф 1. Қағаз өндірісінде жабдықты баптаушы, 2-разряд
275. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары баптаушының басшылығымен жабдықты баптау;

жабдықты реттеу;

оны алдын ала тексеру;

оны бөлшектеу, тазалау, майлау және жекелеген айлабұйымдары мен құралдарын ауыстыру;

станоктың жұмысын жүйелі тексеру.

276. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты, анағұрлым көбірек тозған бөлшектер мен тораптардың номенклатурасы;

айлабұйымдар мен құралдарды пайдалану ережесі;

жылдамдықты реттеу кестесі;

майлау жүйесі және майдың сорттары.

Параграф 2. Қағаз өндірісінде жабдықты баптаушы, 4-разряд
277. Жұмыс сипаттамасы:

кесу, тегістеу және картонаж жабдықтарды баптау және реттеу;

жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою;

престі, орау, бұру, байлау, таңбалау және өлшеу автоматтарын қоса алғанда автоматты орау тізбегін баптау;

шығарылатын өнімнің сапасын және жабдық жұмысының белгіленген технологиялық режимін бақылау;

қағаз орамасын тиімді ашу есептерін жүргізу;

біліктілігі анағұрлым жоғары баптаушының басшылығымен шпул орау, конус орау машиналары мен жартылай автоматтарды орау және реттеу.

278. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, баптау және слесарлық-жөндеу жұмыстары;

қолданылатын материалдардың сапасы мен түрлері;

мемлекеттік стандарттар бойынша дайын өнімнің сапалық көрсеткіштері.

Параграф 3. Қағаз өндірісінде жабдықты баптаушы, 5-разряд
279. Жұмыс сипаттамасы:

шпул орау, конус орау машиналары мен жартылай автоматтарды орау және реттеу;

машинаны белгіленген түржиынға өздігінен баптау, тексеру және қайта салу;

технологиялық процестің барысын, өндірілетін бұйымдардың сапасын бақылау және белгіленген жылдамдық режимін қамтамасыз ету;

тоғын тізбектің барлық тораптарының жұмысын бақылау және оларды реттеу;

жабдықты ағымдағы жөндеу;

жабдықты күрделі жөндеу үшін ақаулық ведомосін жасауға, жөндеуден кейін жабдықты қабылдауға қатысу;

жартылай дайын өнімдер мен материалдардың сапасын бақылау;

бұйымдарды жасаудың технологиялық процессі мен сапалық көрсеткіштерін және олардың мемлекеттік стандартқа сәйкестігін бақылау. жабдықтың тиімді жұмыс істеуі бойынша және шикізат қалдығын қысқарту есебін жүргізу.

280. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы, жұмыс қағидаттары;

анағұрлым көбірек тозған бөлшектер мен тораптардың номенклатурасы;

айлабұйымдар мен құралдарды пайдалану ережесі;

жылдамдықты реттеу кестесі;

дайын өнімнің технологиясы және сапалық көрсеткіштері.

62. Қағаз өндірісіндегі сұрыптаушы

Параграф 1. Қағаз өндірісіндегі сұрыптаушы, 1-разряд
281. Жұмыс сипаттамасы:

макулатураны, қағаз ақаулықтарын, ескі-құсқы кесінділерін сұрыптау;

қағазы бақылау-сынау станоктарында сұрыптауға қатысу;

талшықты шикізат (ескі шүберек, макулатура, мақта-мата және тағы басқа) бумасын ашу;

шикізаттан бөтен заттарды (түйме, ілмектер, былғары, резина, скрепка және тағы басқа) алып тастау;

шикізатты сапасы, түсі мен басқа да техникалық шарттары бойынша сұрыптау;

сұрыпталған шикізатты соңғы тексеруге жіберу.

282. Білуге тиіс:

талшықты материалдардың сапалық көрсеткіштері, сұрыптау ережесі.

Параграф 2. Қағаз өндірісіндегі сұрыптаушы, 2-разряд
283. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз қабаттарын сорты мен форматы бойынша сұрыптау;

картонды, фибраны және олардан жасалған бұйымдарды (көшірме жасайтын қағаз, балауыз, ротопленка, қағаз, картон, фибрадан жасалған бұйымдар, қағаз қалталар және тағы басқа) орай отырып рол қағазды сорттары бойынша сұрыптау;

сұрыпталған өнімді бақылау және сұрыптау;

картонның, фибраның және олардан жасалған бұйымдардың енін микрометрмен тексеру;

дайын өнімді стеллажға салу;

өнеркәсіптік қағаздарды сорты, партиясы мен форматы бойынша сұрыптау;

жартылай дайын өнімдерді (жартылай массаны) және қатаң есептегі ақаулы қағаздарды әр түрлі қоқымнан сұрыптау;

қағазды бумаға есептеп салу, стеллаждарға салу, сортын және қағаздың шаршы метрінің массасын анықтау;

алғашқы ілеспе құжаттаманы ресімдеу;

қабықтау сапасын және транспортер арқылы өтетін теңгерімді бақылау;

ақаулы теңгерімді қабықшасы бойынша жою;

транспортердің жұмысын бақылау және жоңқаны сұрыптау;

тығындауды жою, тор тазалау;

цилиндрдің патрондарын, конус, фибра шараларын және металл арматурасын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандартқа сәйкес сұрыптау;

ақаулы бұйымдарды іріктеу;

сұрыпталған бұйымдарды құндақтарға немесе қораптарға сорты, түсі мен топтары бойынша бекітілген нұсқаулыққа сәйкес және техникалық шарттарды сақтай отырып салу, есептеу (немесе өлшеу);

өнімді құндақтан алу және бұйымдарды «люлькаға» сорты, түсі, тобы мен түрлері бойынша іріктей отырып, агрегаттың сіңдіру «люлькасына» салу.

284. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы;

бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс қағидаты; өнімнің техникалық шарттары, қағаздың ақаулықтары;

сұрыптау әдістері;

техникалық шарттар мен мемлекеттік стандартқа сәйкес шектеулер;

өндірілетін бұйымның түржиыны және оларға қойылатын талаптар;

жартылай дайын өнімдердің (жартылай массаның), қатаң есептегі қағаздардың, теңгерімдер мен жоңқаның сапалық көрсеткіштері;

бұйымдарды сұрыптау және салу жөніндегі нұсқаулық.



Параграф 3. Қағаз өндірісіндегі сұрыптаушы, 3-разряд
285. Жұмыс сипаттамасы:

қтаң есептегі қағаздарды және бедерлі қағаздардың барлық түрлерін сорты, партиясы мен сіңдіру тобы бойынша сұрыптау;

сұрыпталған қағазды бақылау және бумаға бөлу және оларды стеллажға салу;

қағаздың шаршы метрінің сорттылығы мен салмағын анықтау;

алғашқы ілеспе құжаттаманы ресімдеу;

қағаз қалтаны автоматты тоғын тізбегінде сұрыптау.

286. Білуге тиіс:

қағаздың ақаулықтары;

сұрыптау әдістері;

қағаз қалтаны автоматты тізбекте сұрыптау ережесі.



Параграф 4. Қағаз өндірісіндегі сұрыптаушы, 4-разряд
287. Жұмыс сипаттамасы:

әр жерінде қағаз белгілері бар қағазды аппаратта сұрыптау және тілу;

жалпы су белгілері бар қағазды сорты, партиясы және сіңдіру тобы бойынша сұрыптау;

сұрыпталған қағазды бақылау және бумаға бөлу және оларды стеллажға салу;

қағаздың шаршы метрінің сорттылығы мен салмағын анықтау;

алғашқы ілеспе құжаттаманы ресімдеу;

өнімнің сақталуына жауапкершілік.

288. Білуге тиіс:

қағаздың ақаулықтары;

жарыққа қарай отырып, сұрыптау әдістері.



Параграф 5. Қағаз өндірісіндегі сұрыптаушы, 5-разряд
289. Жұмыс сипаттамасы:

арнайы қағазды сұрыптау;

әрбір сорттың ілеспе құжаттамамен дұрыс ресімделуін бақылау;

арнайы қағаздарды сұрыптау жөніндегі нұсқаулық;

қолмен құйылған бедерлі қағаздарды кептірушілерден қабылдау;

арнайы қағазды сақтау, есепке алу және технологиялық операцияларға жіберу;

қағаз партияларын жинақтау және ресімдеу;

сұрыптаушылардың өнімін қабылдау және есепке алу, өңделетін және тапсырылатын өнімнің саны мен сапасы туралы ақпаратты беру;

өнімнің сақталуы үшін жауапкершілік.

290. Білуге тиіс:

дайын өнімге қойылатын талаптар;

қатаң есептегі қағазды есепке алу және сақтау ережесі.



63. Қағаз цилиндрлерді ораушы

Параграф 1. Қағаз цилиндрлерді ораушы, 2-разряд
291. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз пішімдерден жасалған үлгі өлшемдері әр түрлі цилиндрлерді арнайы айлабұйымдар мен құрсауларды пайдалана отырып орау;

пішімдерін алдын ала желімдей отырып, орау машинасында патронға конус белдіктерін орау;

бұйымдарды стеллажда кептіру үшін арнайы тұғырларға орнату;

орау режимінің жылдамдығын және пішімнің құрсауға берілуін реттеу;

құрсау мен айлабұйымның дәлме дәл орнатылуын тексеру;

пішімдерді сұрыптау;

қағазды желімдеуіштің, тегістегіштің сапасын және пішім мен цилиндрдің көлемін белгіленген техникалық шарттарға сәйкес бақылау;

машинаның жекелеген ақаулықтарын жою, тазалау және майлау.

292. Білуге тиіс:

орау машинасының құрылысы, жұмыс қағидаты;

бұйымдардың техникалық шарттары;

қағаздың түржиыны, мөлшері мен тығыздығы;

өнімнің сыртқы түрі бойынша сапасы;

дайын өнімнің ақаулықтарының пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері;

желім рецептурасы және оларды пішімге жағу ережесі;

шикізат пен жартылай дайын өнімнің қасиеттері мен жұмысқа жарамдылығы.

Үлгі өлшемдері әр түрлі цилиндрлерді орау кезінде - 3-разряд.



64. Қағаздан бұйым жасау машинасының машинисі

Параграф 1. Қағаздан бұйым жасау машинасының машинисі,

1-разряд
293. Жұмыс сипаттамасы:

дайын бұйымдарды алу, бумаларға жинау, өлшеу және қоймаға апару;

ақаулы бұйымдарды сұрыптау. қағазды алу және бумаларға түю және орауға жіберу;

машинаны тазалау.

294. Білуге тиіс:

дайын өнімге қойылатын талаптар;

машинаны күту ережесі.

Параграф 2. Қағаздан бұйым жасау машинасының машинисі,

2-разряд
295. Жұмыс сипаттамасы:

майлық, жөргек, гигиеналық пакеттер мен осыған ұқсас қағаздан жасалатын басқа да бұйымдарды біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен жасау;

қағаз орамасын машинаға жеткізу және оларды өңдеу;

қағаз ораманы машинаға салуға қатысу, қағаз жаймасының керілуін және қозғалысын реттеу, қағазды салу және мөлшері бойынша кесу, өрнек немесе перфорация салу;

қағаздан жасалған дайын бұйымдарды сұрыптау және орау машинасында орау;

желім дайындау және онымен орау машинасының астаушаларын толтыру;

орау парағының мөлшерін сақтау;

дайын өнімнің сапасын бақылау;

орау машинасын баптау.

296. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты;

қағаз бен дайын бұйымға қойылатын талаптар;

бақылау-өлшеу аспаптарының қолданылу ережесі;

орау машинасын баптау ережесі;

ақаулықтардың түрлері және олардың алдын алу, жою тәсілдері.

Параграф 3. Қағаздан бұйым жасау машинасының машинисі,

3-разряд
297. Жұмыс сипаттамасы:

майлық, жөргек, гигиеналық пакеттер мен осыған ұқсас қағаздан жасалатын басқа да бұйымдарды жасау;

қағазды машинаға салу;

машинаның жылдамдығын реттеу, қағаздың керілуі мен оның оралу тығыздығын реттеу;

бұйымдардың мөлшері мен бүктелуін бақылау;

машинаның таспа пышағын қайрау бұрышы мен оның өн бойындағы біркелкілігін сақтай отырып, қайрау.

298. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

қағаздан жасалған бұйымдарды жасау технологиясы;

бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс қағидаты;

шикізат пен материалдарды жұмсаудың шекті нормасы;

машинаның жылдамдығын, қағаздың керілуін және оның оралу тығыздығын реттеу тәсілдері;

дайын өнімнің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарты.

Параграф 4. Қағаздан бұйым жасау машинасының машинисі,

4-разряд
299. Жұмыс сипаттамасы:

сүлгі, дәретхана қағазы және осы сияқты бұйымдарды жасау;

қағазды ұзыннан және көлденеңнен кесу, бүгу, перфорация салу және бұйымның, полиэтилен пленканың, тоқылмаған материалдардың санын есептеу, сондай-ақ екі және одан да көп бояумен сурет салу;

машина тораптарының жұмысын бақылау және олардың арасындағы циклдерді реттеу;

қызмет көрсетілетін жабдықты баптау;

қағаз майлықтарды өнімділігі жоғары автомат желілерде біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен жасау;

қағаз майлықтарды полиэтилен пленкаға орау және гофротараға салу;

автомат желінің барлық тораптарын майлау;

қағаз, полиэтилен пленка және басқа да материалдарды салу.

300. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

дайын өнімдерге қойылатын талаптар;

бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы және баптау ережесі;

машинаның жылдамдығы мен қағаздың орналасу жағдайын реттеу тәсілдері;

қызмет көрсетілетін жабдықтың баптау ережесі, май құбырларының, су құбырларының, пневмо құбырлардың схемасы;

майлау режимі; қолданылатын материалдың, бояу мен желімнің сипаты.



Параграф 5. Қағаздан бұйым жасау машинасының машинисі,

5-разряд
301. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз майлық және басқа да осы сияқты бұйымдарды өнімділігі жоғары автомат желілерде жасау;

полиэтилен пленканы, қағазды кесу;

екі және одан да көп бояумен сурет салу, суретті бедерлеу, бүктеу, полиэтилен пленкаға орау және гофротараға салу;

желінің жұмысын бақылау;

автомат желінің барлық тораптарының жұмысын реттеу;

бақылау-өлшеу аспаптарының жұмысын, май мен ауаның қысымын, судың салқындатылуын бақылау;

автомат желінің жұмысын өнімділігі жоғары режимде қамтамасыз ету.

302. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс қағидаты;

электронды, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс қағидаты мен мақсаты;

үйлесімді жұмысқа қол жеткізу үшін желінің тораптарын реттеу және баптау тәсілдері;

май құбырларының, су құбырларының, пневмо құбырлардың схемасы;

майлау режимі; қолданылатын материалдың, бояу мен желімнің сипаты.



жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау