Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (39-шығарылым) 1- бөлім. Жалпы ережелер



жүктеу 2,77 Mb.
бет8/13
Дата18.12.2017
өлшемі2,77 Mb.
#4640
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

81. Мақта қайнатушы

Параграф 1. Мақта қайнатушы, 2-разряд
362. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті қайнатушының басшылығымен мақта қайнату;

қазандықтарды қайнатуға дайындау жұмысына қатысу;

мақта және ерітінділерді салу;

қазандықтарды босату. өнімнің сапасын бақылау, жабдықтардың жай-күйін қадағалау.

363. Білуге тиіс:

ерітінді жасау технологиялық процесі және химикаттарды қазандыққа салу нормасы;

жартылай масса сапалық көрсеткіштері.



Параграф 2. Мақта қайнатушы, 2-разряд
364. Жұмыс сипаттамасы:

сілтілерді ажыратуды есептеу;

қазандыққа сілті, қара сілті және су құю;

өлшегіштердің, құбыржолдардың, элеваторлардың, конденсаторлардың, транспортерлер мен шнекті тығыздағыштың жай-күйін қадағалау;

қазандық қақпақтарын жабу;

талшықты материалдарды дайындау құрылғыларында брикет жасау.

365. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы мен коммуникациялардың тәсімі;

қайнату, ағарту және шаю режимі, қайнату және ағартуда талшықтың химикаттарға әсері;

мөлшерлегіш құрылғылармен пайдалану ережесі;

қайнату ерітінділерінің концентрациясын айқындау тәртібі.

Параграф 3. Мақта қайнатушы, 3-разряд
366. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті қайнатушының басшылығымен мақта материалдарын қайнату және ағарту технологиялық процесін жүргізу және реттеу;

қазандықтарды немесе қайнату-ағарту аппараттарын қайнатуға дайындау;

жұмысшы ерітінділерді дайындау;

мақта материалдарын салу, ерітінділерді құю, берілген температуралық режимге шығу;

жартылай массаның даярлық деңгейін және оның сапасын бақылау;

материалдардың, химикаттардың, бу, су, электр энергияның берілген шығу нормасын сақтау;

жабдықтардың және коммуникациялардың, автоматты және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін қадағалау;

жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою.

367. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

мақта материалдарының, химикаттардың негізгі қасиеті және олардың қайнату және ағарту процесіне әсері.



Параграф 4. Мақта қайнатушы, 5-разряд
368. Жұмыс сипаттамасы:

шар тәрізді қайнату қазандықтарында қысыммен мақта материалдарын қайнату немесе ақша немесе қағаздың арнайы түрлерін жасауға арналған қайнату ағарту аппараттарында қайнату, ағарту және шаю;

сапасы бойынша біркелкі талшық материалдар алу;

қайнату, ағарту, шаю технологиялық режимін, материалдардың, химикаттардың, бу, су және электр энергиясының шығу нормаларын сақтау;

түсетін шикізаттың, химикаттардың және даяр жартылай фабрикаттардың сапасын бақылау;

өңдеуді есептеу;

жабдықтың жай-күйін қадағалау және күту.

369. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың, реттейтін және бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы;

қайнату және ағартуда туындайтын химиялық процестері, сілті және басқа да ерітінділердің концентрациясын айқындау әдістемесі;

жартылай фабрикаттың сапасын төмендету себептері мен оларды жою тәсілдері, қайнату және ағарту процесін бақылау әдісі.

82. Массаның композициясы мен концентрациясын реттеуші

Параграф 1. Массаның композициясы мен концентрациясын

реттеуші, 2-разряд
370. Жұмыс сипаттамасы:

жұмыс жылдамдығы 500 м/мин. дейін қағаз жасайтын және картон жасайтын машинада қағаз бен картонды жасауға арналған массаның композициясын жасау процессін жүргізу;

массаның композициясы мен концентрациясын автоматты реттеу аппаратының жұмысын реттеу және бақылау.

371. Білуге тиіс:

аппаратураның мақсаты мен жұмыс қағидаты;

өнімнің әр түрлі түрлерінің композициялар мен концентрациясына қойылатын талаптар.

Жұмыс жылдамдығы 500 м/мин. астам қағаз жасайтын машиналарға қызмет көрсету - 3-разряд.

83. Микстеуші
Параграф 1. Микстеуші, 2-разряд
372. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары микстеушінің басшылығымен жалпы өнімділігі тәулігіне 250 т дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіретін зауытта көк сілтіні шылау, каустиктеу, салқындату және ақ сілтіні сүзу процессін жүргізу;

лабораторлық деректердің, әктің техникалық көрсеткіштері мен бақылау өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері негізінде әк пен көк сілтіні мөлшерлеу;

сілтінің температурасы мен қақты жууға арналған судың сапасын реттеу;

сүзілген ақ сілтінің мөлдірлігін бақылау;

сілтіні бөшкеде сақтау және одан соруды бақылау;

сода регенерациялық және пісіру цехтарымен байланыс жасау;

жабдықтың жай-күйін бақылау.

373. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

коммуникация схемасы;

сілтіні каустиктеу тәсімі;

әк пен көк сілтіні жұмсаудың шекті нормасы;

каустизация дәрежесі және ақ сілтіні ағарту жылдамдығына әсер ететін факторлар.



Параграф 2. Микстеуші, 3-разряд
374. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары микстеушінің басшылығымен жалпы өнімділігі тәулігіне 250 т астам целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіретін зауытта көк сілтіні шылау, каустиктеу, салқындату және ақ сілтіні сүзу процессін жүргізу;

лабораторлық деректердің, әктің техникалық көрсеткіштері мен бақылау өлшеу аппаратурасының көрсеткіштері негізінде әк пен көк сілтіні мөлшерлеу;

сілтінің температурасы мен қақты жууға арналған судың сапасын реттеу;

сүзілген ақ сілтінің мөлдірлігін бақылау;

сілтіні бөшкеде сақтау және одан соруды бақылау;

сода регенерациялық және пісіру цехтарымен байланыс жасау;

жабдықтың жай-күйін бақылау;

көк сілтіні миксте немесе үздіксіз тәсілмен реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен тәулігіне 100 т дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіретін зауытта каустиктеу технологиялық процессін өздігінен жүргізу;

аспаптардың көрсеткіштері бойынша және лабораториялық талдаулардың негізінде сілтілер мен химикаттарды мөлшерлеу;

көк сілтіні әктен тұндыру;

технологиялық процесті бақылау;

көк сілтіні еріту үшін айдау;

жабдықтың жай-күйін тексеру.

375. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және жұмыс қағидаты;

коммуникация және сілтіні каустиктеу схемасы;

әк пен көк сілтіні жұмсаудың шекті нормасы;

каустизация дәрежесі және ақ сілтіні ағарту жылдамдығына әсер ететін факторлар.

Параграф 3. Микстеуші, 4-разряд
376. Жұмыс сипаттамасы:

жалпы өнімділігі тәулігіне 100-250 т дейін целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіретін зауытта көк сілтіні каустиктеу технологиялық процессін жүргізу;

оны әктен және басқа да кірден тұндыру;

көк сілтіні еріту үшін сору;

ақ сілті алу, ақ сілтіні сүзу өндірістік процессін бақылау;

сүзгі-престің, сорғы мен вакуум-сүзгінің жұмысын бақылау;

көк сілтіні миксте немесе үздіксіз тәсілмен реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен каустиктеу процессін өздігінен жүргізу;

біліктілігі анағұрлым төмен микстеушінің жұмысына басшылық жасау;

377. Білуге тиіс:

коммуникация, реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;

сульфат целлюлоза өндірісінің және сілтіні каустиктеу процессінің жалпы схемасы;

ақ және көк сілтінің құрамы;

химикаттар, су мен будың қажетті мөлшері және каустиктеу үшін жуу уақыты;

жасалатын сілтінің сапалық көрсеткіштері.

Жалпы өнімділігі тәулігіне 250 т астам целлюлоза және жартылай целлюлоза өндіретін зауытта көк сілтіні каустиктеу технологиялық процессін жүргізу кезінде 1 разрядқа жоғары тарификацияланады.

84. Миллиметрлегішті басушы

Параграф 1. Миллиметрлегішті басушы, 4-разряд
378. Жұмыс сипаттамасы:

миллиметрлегішті басу процессін жүргізу;

басу үшін орама орнату;

басылған ораманы алу;

баспа білігін баптау;

астаудағы бояуды сүзгіден өткізгеннен кейін оның деңгейін сақтау;

қағазға жағылатын тордың сапасын бақылау;

раклиді қайрау және машинаға орнату, миллиметрлегіш торды жағу кезінде оны реттеу.

379. Білуге тиіс:

машинаның құрылысы;

негіз қағаз бен қолданылатын бояудың қасиеттері.

85. Ою-қалыптау машинасының машинисі

Параграф 1. Ою-қалыптау машинасының машинисі, 1-разряд
380. Жұмыс сипаттамасы:

картон мен қағаздың бұрыштарын және басылған (қағаз) дайындаманың қалыбын кейіннен бүктей отырып, нығыздауышпен ою;

дәптер, блокнот, жолдың, карталардың, сызбалардың және тағы басқа бұйымдардың бұрыштарын станокта шабу;

кейіннен бүктей отырып, басындағы суретті қалыптау;

саңылау тесу (бұрғылау), қағаз шашақ, картон жолақтарын кесу;

картон дайындаманы қалыптау станогының матрицасына салу;

станоктың жұмысын реттеу;

дайындалатын бұйымның сапасын бақылау.

381. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

дайындамалар мен бұйымдардың түржиыны.

Параграф 2. Ою-қалыптау машинасының машинисі, 2-разряд
382. Жұмыс сипаттамасы:

көркем қорапша, сауыт, конверт, папка және басқа бұйымдарды жасау үшін қағаздан, картоннан және басқа материалдардан жасалған әр түрлі пішінді этикеткаларды, белгілерді, картонаж бөлшектерді қалыптардың көмегімен ою және ою-бомбылау престерында және оларды бомбыламай-ақ ою. қағаздан, картоннан және фибрадан бұйымдарды механикалық шабу престерінде қалыптау-шабу;

қораптың, жәшіктің, бумалардың жиегінде әмбебап-салу станоктарында тілік, шлица тілу;

картонды айналдыра кесу және картон қабатын формат бойынша кесу;

шараның металл сақиналарының жігін нығыздау және шараның мойнына арналған металл пластиналарын қалыптау;

фибра дайындамаларында саңылау тесу;

чемоданға арналған фибра дайындамасын ию;

пуансонды қыздыру температурасын, ою бомбировкасы мен қадамын реттеу;

фаска бөлшектерін фрезерлеу станогында алу және саңылауларды бұрғылау станогында үңгілеу;

тіреудің орнын ауыстыру, пуансон мен матрицаларды ауыстыру, баптау;

бөлшектерді тазалау;

пышақтар мен қалыптарды орнату және оларды реттеу;

бұйымдарды ою сапасын бақылау;

жиналмалы қораптың жиектерін ою жұмыстарын біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен ою автоматында орындау;

картонды дайындау және өзі салынатын жапсырманы зарядтау;

штанцевалдау қалыбын орнатуға және реттеуге қатысу;

қорап пішімінің сапасын тексере отырып қабылдау;

механизмнің жұмысқа жарамды жай-күйін бақылау;

автоматты тазалау және майлау.

383. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

престің прессін реттеу тәсілдері;

пуансонды қыздыру температурасы;

әр түрлі бөлшектерге арналған материалдар мен дайындамалардың қасиеттері мен олардың мақсаты;

ойылған бөлшектер мен қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын талаптар;

автоматты тазалау және майлау ережесі;

ақаулықтың түрлері және оның алдын алу шаралары.

Параграф 3. Ою-қалыптау машинасының машинисі, 3-разряд
384. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз, картон, жібек және барқыт матадан және оларды алмастырғыштардан сегмент, түбі мен басқа да күрделі қалыптарды ою таллерлік (конверттік) престе және механикалық түрде берілетін эксцентрикті престерде пышақ қалыбының (оймасының) немесе қалыптардың көмегімен ою;

көркем этикеткаларды сурет контуры бойымен дәлме-дәл ою;

престің таллерлік плитасына кесек тақтайды орнату;

престің қысу бөлігін реттеу;

ою сапасын, тазалығы мен тереңдігін бақылау;

жиналмалы қораптардың пішімін ою автоматында ою;

штанцевалдау қалыбын, өздігінен жапсыру мен қабат өткізгіш жүйені орнату, реттеу;

жабдық жұмысындағы ақаулықтарды түзету.

385. Білуге тиіс:

престің құрылысы, реттеу тәсілдері;

материалдардың қасиеттері және ою кезінде олармен жұмыс жүргізу ережесі;

әр түрлі бөлшектерге қолданылатын шикізат пен пышақ қалыптарының түржиыны;

ойылған бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;

ақаулықтардың себептері және олардың алдын алу шаралары;

қалыптардың сапасына қойылатын техникалық талаптар;

автоматты реттеу ережесі.

Параграф 4. Ою-қалыптау машинасының машинисі, 4-разряд
386. Жұмыс сипаттамасы:

мемлекеттік стандартқа сәйкес бағдарламамен басқарылатын ою прессінде конверт дайындамасын ою;

ою қалыбын көтеру биіктігі бойынша престің тораптарын, механизмді тегістейтін дайындаманы итергішті, қалыпталатын бетті орнату және реттеу;

престі конверттің жаңа түріне ауыстырып салу;

бағдарламалық картаны таңдау және оны программаторға салу;

қағаздың таза беттерін итеру, оларды автомат дөңгелекті үстелдің рамасына орналастыру, конверт дайындамаларын шабу және бума етіп жинақтау;

гидравликалық жүйедегі қысымды реттеу, пресс жұмысындағы ақаулықтарды жою.

387. Білуге тиіс:

басқару жүйесі;

престі автоматты түрде майлау тәсімі;

гидравликалық және шоғырландыру жүйесінің жұмыс қағидаты;

пішіні әр түрлі дайындамаларды ою үшін престі қайта баптау ережесі, машина тораптары жұмысының ақаулығының себептері және оларды жою тәсілдері;

жартылай дайын өнімдердің, оларды кейінгі өңдеуді ескергендегі техникалық шарттары (басылған қағаз беттері, конверт дайындамалары);

конверттерге қатысты қолданыстағы мемлекеттік стандарттар.



86. Папка жасайтын машинаның машинисі

Параграф 1. Папка жасайтын машинаның машинисі, 2-разряд
388. Жұмыс сипаттамасы:

ағаш массадан, шүберек жартылай массадан және картоннан папка жасайтын машинада біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен папка құю процессін жүргізу;

папка жасайтын машина тобының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету;

араластыру бассейніндегі масса мен судың арақатынасын, жайма қалыңдығының біркелкілігі мен папканың ылғалдығын реттеу;

машинаның қаптамасын ауыстыру, майлау;

жабдықтың және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау.

389. Білуге тиіс:

машинаның құрылысы, жұмыс қағидаты;

папка құюдың технологиялық процессі;

дайын өнімнің техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері



Параграф 2. Папка жасайтын машинаның машинисі, 3-разряд
390. Жұмыс сипаттамасы:

картонның массалық түрлерін құю процессін жүргізу;

папка жасайтын машина тобының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету;

араластыру бассейніндегі масса мен судың арақатынасын, жайма қалыңдығының біркелкілігі мен папканың ылғалдығын реттеу;

машинаның қаптамасын ауыстыру, майлау;

жабдықтың және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау.

391. Білуге тиіс:

машинаның құрылысы, жұмыс қағидаты;

папка құюдың технологиялық процессі;

дайын өнімнің техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.


Параграф 3. Папка жасайтын машинаның машинисі, 4-разряд


392. Жұмыс сипаттамасы:

электр оқшаулау, автомобильдік, матрицалық, құрылыс, контейнерлік, түптеу картонын құю процессін үргізу;

папка жасайтын машина тобының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету;

араластыру бассейніндегі масса мен судың арақатынасын, жайма қалыңдығының біркелкілігі мен папканың ылғалдығын реттеу;

машинаның қаптамасын ауыстыру, майлау;

жабдықтың және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау.

393. Білуге тиіс:

машинаның құрылысы, жұмыс қағидаты;

папка құюдың технологиялық процессі;

дайын өнімнің техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.



87. Паста жасаушы

Параграф 1. Паста жасаушы, 2-разряд
394. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары паста жасаушының басшылығымен паста дайындау процессін жүргізу;

пастаның құрамына кіретін химикаттарды жеткізу және тексеру;

оларды белгіленген пропорцияда өлшеу.

395. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

қабатты жаққаннан кейін икемді масса алу үшін пастаға және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Паста жасаушы, 3-разряд
396. Жұмыс сипаттамасы:

паста дайындау процессін жүргізу;

химикатты салуға дайындау;

жабдыққа химикаттарды толтырып салу;

пастаның әр түрлі компоненттерінен қажетті консистенцияны ұнтақтау және араластыру арқылы дайындау;

материалдар шығынының салыстырмалы нормасын сақтау;

жабдықтың және бақылау-өлшеу аппаратурасының жай-күйін бақылау.

397. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс қағидаты;

қолданылатын компоненттер мен пастаның жекелеген түрлерінің қасиеттері;

қабатты жаққаннан кейінгі дайын өнімнің сапалық көрсеткіштері.

88. Пергаменттік машинаның кептірушісі

Параграф 1. Пергаменттік машинаның кептірушісі, 2-разряд
398. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары кептірушінің басшылығымен пергаментті кептіру және жайманы машинаның кептіру бөлігіне және каландрға салу процессін жүргізу;

кептіру шұғасын түзету;

машинаны майлау және тазалау.

399. Білуге тиіс:

пергамент машинаның құрылысы;

бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмыс схемасы;

кептіру шұғаларын пайдалану ережесі.



Параграф 2. Пергаменттік машинаның кептірушісі, 3-разряд
400. Жұмыс сипаттамасы:

пергаментті және арнайы пергаменттік қағазды машинада кептіру процессін жүргізу;

қағаз жаймасын салуға қатысу;

кептіру шұғасын керу;

будың цилиндрге берілуін реттеу;

жайманың ылғалдығын және конденсаттың сорылуын бақылау;

машинаның қаптамасын ауыстыруға және жөндеуге қатысу;

буды жұмсаудың белгіленген нормасын және ылғалдық пайызын сақтау;

кептіру бөлігінде жайманың кесілген жерін жою.

401. Білуге тиіс:

машинаның құрылысы;

бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;

пергамент өндірісінің технологиялық процессі;

негіз қағаздың сапасы;

пергаменттің мемлекеттік стандарты.

89. Пергаменттік машинаның машинисі

Параграф 1. Пергаменттік машинаның машинисі, 3-разряд
402. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен қағазды пергаменттеу процессін жүргізу;

күкірт қышқылын технологиялық режимге сәйкес дайындау;

қағаз жаймасын жазғаннан бастап кептіру камерасына дейін толтыруға қатысу;

нашар қышқылды айдау;

бүріккіш пен коммуникацияның қалыпты жұмысын бақылау;

сода ерітіндісін дайындау және оны астауға жіберу;

жабдықты тазалау.

403. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен жұмыс қағидаты;

қышқыл мен соданы дайындау тәсілдері;

химикаттарды жұмсаудың шекті нормасы;

айдалатын нашар қышқылдың технологиялық режимі;

ағынды сулардың құрамындағы күкірт қышқылы;

тығын арматурасының су құбырларында, қышқыл құбырларында орналасуы;

қышқылдың, сода ерітіндісінің, пергаменттің сапасын анықтау әдістері.



Параграф 2. Пергаменттік машинаның машинисі, 4-разряд
404. Жұмыс сипаттамасы:

жылдамдығы 80 м/мин. дейінгі машинада және арнайы пергаменттеу қағазында пергаменттеу процессін жүргізу;

жайманы преске салу;

технологиялық режимге сәйкес престің қысымын реттеу;

жабдықтың жұмысын бақылау;

қағаз жайманың кесілуін тоқтату;

машинаның қаптамасын ауыстыруға қатысу;

бригаданың жұмысына басшылықты жүзеге асыру;

жабдықты іске қосу және тоқтату.

405. Білуге тиіс:

жабдықтың, бақылау-өлшеу және реттеу аппаратурасының құрылысы және жұмыс қағидаты;

қағазды пергаменттеу тәсілдері;

шикізатты, жартылай дайын өнімдер мен химикатты жұмсаудың шекті нормасы; шығарылатын пергаменттің мемлекеттік стандарты.

Жылдамдығы 80 м/мин. астам пергаменттеу машинасына қызмет көрсеткен кезде бір разрядқа жоғары тарификацияланады.

406. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (орта кәсіптік) білім талап етіледі.

90. Пергамент машинасының ораушысы

Параграф 1. Пергамент машинасының ораушысы, 2-разряд
407. Жұмыс сипаттамасы:

пергаментті орау;

пергаментті орауышқа салу;

тамбурды алу және орнату, тамбурды белгіленген орнына жеткізу;

пергаменттің сапасын бақылау;

машинаның қаптамасын алу, пресс біліктерін алуға қатысу;

орауыштағы жайманың үзілуін жою.

408. Білуге тиіс:

орауыштың құрылысы мен пергаментті орау ережесі;

пергаменттің мемлекеттік стандарты.



91. Пергаменттік машинаның престеушісі

Параграф 1. Пергаменттік машинаның престеушісі, 2-разряд
409. Жұмыс сипаттамасы:

пергаменттік машина пресінде пергаменттеу процессін жүргізу;

негіз қағазды қышқыл астаулар арқылы барлық престерге жүйелі түрде құю;

пергаменттеу процессін дұрыс жүргізуді бақылау;

әрбір проесте бүріккіш жұмысын бақылау.

410. Білуге тиіс:

пергаменттік машинаның пресс бөлігі мен бүріккішінің құрылысы;

пергаменттеудің технологиялық процессі.



92. Перфораторшы

Параграф 1. Перфораторшы, 2-разряд
411. Жұмыс сипаттамасы:

перфорациялау станогында перфорациялау процессін жүргізу;

тығырықты станокқа орнату және перфорациялау үшін қағаз салу;

перфорацияның дәлдігін және оның орауыштағы метражын бақылау;

станокты баптау және реттеу, қағаз лентаны жоғары дәлдікпен перфорациялауды қамтамасыз ету.

412. Білуге тиіс:

станоктың құрылысы;

арнайы қағаздың техникалық шарттары.



93. Пневмогидрожеткізу операторы
Параграф 1. Пневмогидрожеткізу операторы, 2-разряд
413. Жұмыс сипаттамасы:

ескі-құсқы шүберектерді ролға біркелкі салуды қамтамасыз ету;

технологиялық жоңқаның пневмогидрожеткізу жүйесі мен пневмокөлік жүйелерін іске қосу және тоқтату;

судың пневмогидрожеткізгіште түсуін реттеу;

сигнализацияны бақылау.

414. Білуге тиіс:

пневмогидрожеткізу жүйесі сигнализацияның құрылысы;

ескі-құсқы шүберектердің әр түрлі сорттарының картонның сапасына тигізетін әсері;

майлы және сұйық ұнтақтың қасиеттері.

94. Пресспат машинисі (торшы)

Параграф 1. Пресспат машинисі (торшы), 3-разряд
415. Жұмыс сипаттамасы:

целлюлоза мен басқа да жартылай дайын өнімдердің әр түрлі түрлерін жалпы өнімділігі тәулігіне 60 т дейінгі пресспатта құю және кептіру процессін жүргізу;

пресс бөлігінде құю және престеу кезінде қабатты қалыптастыру процессін бақылау;

алдын ала кептіру және ыстық престеудің температуралық режимін, салқындатушы құрылғыдан кейін целлюлоза жаймасының температурасын сақтау;

пресспатты баптау;

машинаның қаптамасын ауыстыру және жөндеуге қатысу;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен пресспат жұмысын реттеу;

талшық, бу мен электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасын сақтау.

416. Білуге тиіс:

пресспаттың құрылысы мен жұмыс қағидаты;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;

целлюлоза жаймасын құю, престеу және кептіру технологиялық режимі;

талшық, бу мен электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасы;

мемлекеттік стандарт бойынша целлюлозаның сапалық көрсеткіштері.



Параграф 2. Пресспат машинисі (торшы), 4-разряд
417. Жұмыс сипаттамасы:

целлюлоза мен басқа да жартылай дайын өнімдердің әр түрлі түрлерін жалпы өнімділігі тәулігіне 60-100 т дейінгі пресспатта және ақша және арнайы қағазға арналған мақта жартылай массаны өндіру кезінде құю және кептіру процессін жүргізу;

пресс бөлігінде құю және престеу кезінде қабатты қалыптастыру процессін бақылау;

алдын ала кептіру және ыстық престеудің температуралық режимін, салқындатушы құрылғыдан кейін целлюлоза жаймасының температурасын сақтау;

пресспатты баптау;

машинаның қаптамасын ауыстыру және жөндеуге қатысу;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының көмегімен пресспат жұмысын реттеу;

талшық, бу мен электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасын сақтау.

418. Білуге тиіс:

пресспаттың құрылысы мен жұмыс қағидаты;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;

целлюлоза жаймасын құю, престеу және кептіру технологиялық режимі;

талшық, бу мен электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасы;

мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.



жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау