Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (39-шығарылым) 1- бөлім. Жалпы ережелер


Параграф 4. Тұсқағаз-баспа машинасының машинисі, 4-разряд



жүктеу 2,77 Mb.
бет11/13
Дата18.12.2017
өлшемі2,77 Mb.
#4640
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Параграф 4. Тұсқағаз-баспа машинасының машинисі, 4-разряд
531. Жұмыс сипаттамасы:

барлық жүйе машиналарында 3-5 түске дейін боялған тұсқағаздарды, бордюр, фриз, гобеленді бояусыз, боялған қағаздың үстінен, сондай-ақ мәрмәр қағазға басу;

суретті біліктерді орнату және салыстыру;

машинаның қозғалысын, машина шұғасы мен бояудың астауға құйылуын, кептіру камерасындағы температуралық режимді баспа технологиясына сәйкес реттеу;

бояу қабатының біркелкі жағылуын бақылау;

дайын өнімнің сапасын бақылау;

жабдықты күту және оны баптау.

532. Білуге тиіс:

машинаның құрылысы;

негіз-қағаз бен қолданылатын бояулардың қасиеттері;

суретті біліктерді орнату және салыстыру тәсілдері;

дайын өнімнің мемлекеттік стандарт бойынша сапалық көрсеткіштері.

Жеті бояудан артық бояулы суретті басу кезінде - 5-разряд.

123. Тұсқағаз суреттерін ауыстырып салушы

Параграф 1. Тұсқағаз суреттерін ауыстырып салушы, 4-разряд
533. Жұмыс сипаттамасы:

суретті түпнұсқадан калькаға оның контурын суреттің түсіне сәйкес келетін әрбір білігі бойынша дәлме-дәл сақтай отырып, болат инемен ауыстыру;

суреттің түпнұсқасының суретіне сәйкес келетін әрбір білікті бояумен боямалау.

534. Білуге тиіс:

суретті ауыстыру техникасы;

раппортты біліктің айналасына біріктіру тәсілдері;

білікті кескішпен теру кезінде суреттің фигурасын үлкейту және кішірейту.

124. Тұсқағазға сурет салушы

Параграф 1. Тұсқағазға сурет салушы, 4-разряд
535. Жұмыс сипаттамасы:

ерекше суреттер мен ұлттық тұтынудағы озық үлгілердің суреттерін қалпына келтіру;

баспа білігінің диаметріне сәйкес суретті кішірейту және үлкейту;

барлық шрифтілеу жұмыстарын орындау.

536. Білуге тиіс:

суретті біліктерді жасау және баспа және тұсқағаз машиналарында қолданылатын жоғары баспа тәсілінің техникасы.



125. Тұсқағазға сурет салушы

Параграф 1. Тұсқағазға сурет салушы, 1-разряд
537. Жұмыс сипаттамасы:

негіз тұсқағазды жазу және баспаға беру;

бояуды жеткізу, қолмен салу станогында монтан басуға қатысу;

тұсқағазды кептіру және дайын өнімді домалату.

538. Білуге тиіс:

тұсқағазды орау тәсілдері;

дайын өнімді кептіру және орау тәсілдері.

Параграф 2. Тұсқағазға сурет салушы, 3-разряд
539. Жұмыс сипаттамасы:

көп бояулы тегіс ағаш формалы сурет салу арқылы тұсқағазды декоративті өңдеу.

540. Білуге тиіс:

торлы тұсқағазды баспаға беру үшін таңдау;

бояу жәшігін, түстері бойынша бояуларды дайындау және оларды жәшікте ысқылау тәсілдері;

бояуларға формаларды дәлме-дәл салу жүйелілігі;

бояуларға формаларды дәлме-дәл салу тәсілдері;

бір суреттің барлық формалы бояуларын түпнұсқа суреттің контурымен дәлме-дәл салу тәсілдері.



126. Түбін желімдеу машинасының машинисі

Параграф 1. Түбін желімдеу машинасының машинисі, 2-разряд
541. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен автоматтандырылған түбін желімдеу машинасында түп жасау процессін жүргізу;

түтіктерді тасымалдауышқа жіберу;

олардың дұрыс жүруін бақылау;

машинаның форматын ауыстыруға қатысу және машинаны баптау.

542. Білуге тиіс:

машинаның қызмет ету қағидаты;

жабық қаптарға қойылатын талаптар.



Параграф 2. Түбін желімдеу машинасының машинисі, 3-разряд
543. Жұмыс сипаттамасы:

түп жасау процессін жүргізу. түптің қалыптасу процессін реттеу, желім жағу және қаптың дайын түбін қалыптастыру;

түтікті машинаға толтыру;

машинаның қалыпты жұмысын бақылау;

машинаның бөліктерін майлау;

форматты ауыстыруға басшылық жасау және қатысу;

пышақ орнату және машинаны баптау.

544. Білуге тиіс:

машинаның құрылысы мен жұмыс қағидаты;

жабық қаптарды өндірудің технологиялық процессі;қаптардың техникалық шарттары.

Түптерді автоматты желіде жасау кезінде - 4-разряд.

127. Түтік жасау машинасының машинисі (түтікші)

Параграф 1. Түтік жасау машинасының машинисі (түтікші), 2-разряд
545. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз орамасын көтеру және оны орау машинасына орнату;

қағазды орау және желімді астауға құю;

қағаз қозғалысын реттеу;

дайын қағаз түтігін бүгу станогына жеткізу;

станокқа орау, клапанды кесу және оны бүгу;

станок жұмысын реттеу.

546. Білуге тиіс:

жабдықтың құрылысы және дайын өнімнің техникалық шарттары.

Параграф 2. Түтік жасау машинасының машинисі (түтікші), 3-разряд
547. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары машинистің басшылығымен түтік жасау процессін жүргізу;

қағазды орауға және желімді астауға құюға қатысу;

қағаздың қозғалуын және тұтастай ағын желісінің жұмысын реттеу.

548. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы және желімделген қағаз қаптардың техникалық шарттары.



Параграф 3. Түтік жасау машинасының машинисі (түтікші), 4-разряд
549. Жұмыс сипаттамасы:

түтік жасау процессін жүргізу. қағаз жаймасын салу және астауға желім құю;

машинаның барлық бөліктерінің қалыпты жұмыс істеуін және өңделетін түтіктің сапасын бақылау;

форматты ауыстыруға қатысу;

қызмет көрсетілетін жабдықты баптау.

550. Білуге тиіс:

түтік жасау машинасының мақсаты, құрылысы мен жұмыс қағидаты және қағаз қап жасау технологиясы;

қаптардың техникалық шарттары;

ақаулықтың себептері мен түрлері және олардың алдын алу және жою шаралары.

Параграф 4. Түтік жасау машинасының машинисі (түтікші), 5-разряд
551. Жұмыс сипаттамасы:

желімделген қағаз қаптарды жасау процессін басқару;

тоғын тізбектің барлық тораптарының қалыпты жұмысын және өндірілетін қаптың сапасын бақылау;

қызмет көрсетілетін жабдықты баптау.

552. Білуге тиіс:

тоғын тізбектің құрылысы;

желімделген қағаз қаптарды жасау технологиясы;

қаптарды жасаудың техникалық шарттары;

ақаулықтардың себептері, түрлері мен олардың алдын алу және жою шаралары.

128. Тігу машинасының машинисі

Параграф 1. Тігу машинасының машинисі, 2-разряд
553. Жұмыс сипаттамасы:

бір қабатты картоннан орау қорабын тігу;

машинаға сым орау және оның керілуін реттеу;

тігу сапасын және машинаның жұмысқа жарамды жай-күйін бақылау.

554. Білуге тиіс:

сымдау-тігу машинасының құрылысы, оларды реттеу тәсілдері;

қорап түржиыны;

дайын өнімді тігу, орау және қатарлап реттеу ережесі;

бұйымды тігу сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Тігу машинасының машинисі, 3-разряд
555. Жұмыс сипаттамасы:

жаппай өндірістегі пішілген бөлшектерден орау қорабын және бүрмеленген картоннан әр түрлі құрылымды жәшік тігу;

машинаға сым орау және оның керілуін реттеу;

тігу аппараттарын шикізаттың тығыздығына және сымның қимасына байланысты баптау;

тігу сапасын және машинаның жұмысқа жарамды жай-күйін бақылау;

бүрмеленген картоннан жәшік жабыстыру;

түсетін дайындамалардың сапасын бақылау;

бүрмеленген картонның қалыңдығына байланысты роликтердің арасындағы қашықтықты реттеу.

556. Білуге тиіс:

сымдау-тігу және желімдеу машинасының құрылысы;

оларды шикізаттың тығыздығына және сымның қимасына байланысты реттеу тәсілдері;

қорап, жәшік және басқа да бұйымдардың шикізаттың түрлері, мөлшері мен мақсатына қарай түржиыны;

дайын өнімді тігу, бүктеу, желімдеу, орау ережесі;

бұйымды тігу және желімдеу сапасына қойылатын талаптар.



129. Ұзын талшықты қағаз машинасының кептірушісі

Параграф 1. Ұзын талшықты қағаз машинасының кептірушісі,

2-разряд
557. Жұмыс сипаттамасы:

ұзын талшықты қағазды кептіру процессін жүргізу;

ылғал қағаз таспаны кептіру цилиндрлеріне, каландрға және орау барабандарына ауыстыру;

қағаздың керілуін және оны кептіру процессін бақылау;

кептіру цилиндрлері мен престерінің жылдамдығын, кептіру цилиндрлерінің температурасы реттеу, қағазды кептіруден кейін дымқылдату;

жасалған қағазды барабаннан алу;

тор мен шұғаны ауыстыруға қатысу.

558. Білуге тиіс:

машинаның құрылысы;

мақтаның, синтетикалық талшықтың техникалық сипаттамасы, олардың қасиеттері;

сіңдіруге арналған желімнің қасиеттері және кептірудің температуралық режимі;

ұзын талшықты қағаздың барлық түрлерінің сапалық көрсеткіштері;

қағазды кейіннен өңдеу кезінде оның ылғалдығының қағаздың сапасына тигізетін әсері.

Ұзын талшықты беріктігі тең қағазды жасау кезінде - 3-разряд.



130. Ұзын талшықты қағаз машинасының машинисі
Параграф 1. Ұзын талшықты қағаз машинасының машинисі,

3-разряд
559. Жұмыс сипаттамасы:

ұзын талшықты қағаз өндірісі бойынша машинаның кардотарау бөлігінде талшықты тарау процессін жүргізу;

жайманың өн бойында бірдей тығыздықты қамтамасыз ету үшін холстты орнату және тегістеу;

талшықты тарауды бақылау;

кардотаспаны қайрау үшін арқан дайындау, машинаны тозаңдандыру;

таспаның мақта тарамын кардотарау машинасынан машинаның ылғал бөлігіне ауыстыру;

машинаның керек-жарақтарын жуу және ауыстыруға қатысу.

560. Білуге тиіс:

машинаның кардотарау бөлігінің құрылысы мен жұмыс қағидаты;

мақтаның техникалық сипаты;

ұзын талшықты қағаздың сапалық көрсеткіштері.

Параграф 2. Ұзын талшықты қағаз машинасының машинисі,

4-разряд
561. Жұмыс сипаттамасы:

ұзын бойлық-берік ұзын талшықты қағаз өндірісі процессін жүргізу;

желім құрамын машинаның астауына құю және желімді ұзын талшықты қағазға сіңдіру;

желімдеу дәрежесін, нығыздау процессі мен машинаның керек-жарақтарының жай-күйін бақылау;

біліктілігі анағұрлым төмен машинистердің жұмысына басшылық жасау. машинаның керек-жарақтарын жууға және ауыстыруға қатысу.

562. Білуге тиіс:

машинаның құрылысы мен жұмыс қағидаты;

мақтаның техникалық сипаты; сіңдіруге арналған желімнің қасиеттері;

ұзын талшықты қағаздың сапалық көрсеткіштері.

Беріктігі тең ұзын талшықты қағаз жасау кезінде 1 разрядқа жоғары тарификацияланады.



131. Ұнтақтаушы

Параграф 1. Ұнтақтаушы, 1-разряд
563. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары ұнтақтаушының басшылығымен ұнтақтау процессін жүргізу;

шикізатты тасымал құралдарына арту;

шикізатты ролға жеткізу;

шикізатты ролға ролшының нұсқауы бойынша біркелкі арту;

шикізатты үздіксіз ұнтақтау кезінде – гидрожіберу тасымалдауышына шүберек толтыру;

ролл барабандарын реттеуге және жапсыруға қатысу.

564. Білуге тиіс:

ролдың құрылысы мен жұмыс қағидаты;

шикізаттың түрлері мен сорттары.



Параграф 2. Ұнтақтаушы, 2-разряд
565. Жұмыс сипаттамасы:

қағаз бен картонның қарапайым түрлерін жасау кезінде талшықты ұнтақтау, пісірілген шүберекті және басқа да талшықты материалдарды жуу және жартылай массаға қайта өңдеу процессін жүргізу, сондай-ақ біліктілігі анағұрлым жоғары ұнтақтаушының басшылығымен өнімділігі тәулігіне 300 т дейінгі үздіксіз қолданыстағы ыстық ұнтақтау рафинерінде ұнтақтау;

жартылай дайын өнімдерді, толықтырғыш пен желімді ұнтақтау аппаратурасына: гидропульперге, конус диірменге, ролға, сырғымалар мен тағы басқа жіберу және тиеу;

конус диірмендерге өздігінен қызмет көрсету;

ұнтақталған массаны одан әрі өңдеу үшін әперуге қатысу және жартылай массаны түсіру;

жабдықты келесі тиеуге дайындау.

566. Білуге тиіс:

ұнтақтаушы аппаратурасының құрылыс;

талшықты материалдарды ұнтақтаудың технологиялық режимі;

жартылай массаның сапалық көрсеткіштері.



Параграф 3. Ұнтақтаушы, 3-разряд
567. Жұмыс сипаттамасы:

ақша жасайтын, бедерлі, құжатқа арналған, құрамында жоғары сортты мақта бар, конденсаторлық, филиграндық, картографиялық, фотоастарлық, литографиялық, шай орайтын, эстамптық, подпергаменттік, жазуға арналған, перфокарталық қағаз өндіруге арналған массаны дайындау процессін жүргізу, сондай-ақ біліктілігі анағұрлым жоғары ұнтақтаушының басшылығымен жалпы өнімділігі тәулігіне 300 т астам үздіксіз қолданыстағы ыстық ұнтақтау рафинерінде ұнтақтау;

жартылай дайын өнімдерді, толықтырғыш пен желімді ұнтақтау аппаратурасына жеткізу және тиеу;

ұнтақталған массаны одан әрі өңдеу үшін жіберу;

жабдықты жұмысқа дайындау;

картон өндірісіне арналған массаны дайындау процессін өздігінен жүргізу;

ролға пышақ салуды және үздіксіз жұмыс істеп тұрған аппаратураны реттеу;

ұнтақтау, толықтыру, желімдеу процессін, массаның түсін, композициясын, концентрациясы мен сапасын реттеу;

целлюлоза мен жартылай целлюлозаны алдын ала ыстық ұнтақтау және жуу құрылғысының алдында сұрыптау процессін жүргізу;

процестің автоматты реттелуін, сигналдық құрылғыларды және рафинер тоқтатқышының автоматты құрылғысын бақылау;

дайын ұнтақталған массаны одан әрі өңдеу үшін жеткізу;

жабдық жұмысының технологиялық режимін және электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасын сақтау;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысы мен жай-күйін бақылау.

568. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;

ыстық ұнтақтау, сұрыптау және жуу жабдығының жұмыс схемасын қоса алғанда массаны ұнтақтаудың технологиялық процессі;

рафинерлердің, массаны сұрыптаудың, целлюлозаны сүзгіде жуудың жұмыс режимі;

массаның сапалық көрсеткіштері.

Параграф 4. Ұнтақтаушы, 4-разряд
569. Жұмыс сипаттамасы:

типографиялық (N 1 басқа), газеттік, форзацдық, мундштуктық, кабельдік, фибраға, калькаға арналған және жарыққа сезімтал қағазды; электр оқшаулауыш, матрицалық, борлау, сүзілген, төсемелік, жабындық, қаптама, су өткізбейтін ашық өңді картон жасауға арналған массаны дайындау жөніндегі талшықты ұнтақтау процессін жүргізу, сондай-ақ жалпы өнімділігі тәулігіне 300 т дейін үздіксіз қолданыстағы ыстық ұнтақтау рафинерінде ұнтақтау;

электронды сигнал беруші аспаптармен және реттеуішпен жабдықталған автоматтандырылған дайындау бөлімін орталықтандырылған басқару пультінен қызмет көрсету;

ролға пышақ салуды және үздіксіз жұмыс істеп тұрған аппаратураны реттеу;

ұнтақтау, толықтыру, желімдеу процессін, массаның түсін, композициясын, концентрациясы мен сапасын реттеу;

процестің автоматты реттелуін, сигналдық құрылғыларды және рафинер тоқтатқышының автоматты құрылғысын бақылау;

жабдық жұмысының технологиялық режимін және электр энергиясын жұмсаудың шекті нормасын сақтау;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының жұмысы мен жай-күйін бақылау;

біліктілігі анағұрлым төмен ұнтақтаушының жұмысына басшылық жасау.

570. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;

ыстық ұнтақтау, сұрыптау және жуу жабдығының жұмыс схемасын қоса алғанда массаны ұнтақтаудың технологиялық процессі;

рафинерлердің, массаны сұрыптаудың, целлюлозаны сүзгіде жуудың жұмыс режимі; массаның сапалық көрсеткіштері.




Параграф 5. Ұнтақтаушы, 5-разряд
571. Жұмыс сипаттамасы:

ақша жасайтын, бедерлі, құжатқа арналған, құрамында мақта бар, конденсаторлық, филиграндық, картографиялық, подпергаменттік, пергаменттік, фотоастарлық, иллюстрациялық (литографиялық), шай орайтын, офсеттік, терең баспаға арналған, типографиялық N 1, жазуға арналған эстамптық және перфокарталық массаны дайындау процессін жүргізу;

жалпы өнімділігі тәулігіне 300 т астам үздіксіз қолданыстағы ыстық ұнтақтау рафинеріне қызмет көрсету;

ұнтақтау аппаратурасына пышақ салуды, ұнтақтау, толықтыру, желімдеу процессін, массаның түсін, композициясын, концентрациясы мен сапасын реттеу;

ұнтақтау процессін аспаптар бойынша бақылау;

дайын ұнтақталған массаны кейін тағы өңдеу үшін жіберу;

шектес өндірістермен байланыс жасау;

біліктілігі анағұрлым төмен ұнтақтаушының жұмысына басшылық жасау.

572. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

реттеу және бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;

ыстық ұнтақтау, сұрыптау және жуу жабдығының жұмыс схемасын қоса алғанда массаны ұнтақтаудың технологиялық процессі;

рафинерлердің, массаны сұрыптаудың, целлюлозаны сүзгіде жуудың жұмыс режимі; массаның сапалық көрсеткіштері.

132. Фибра бұйымдарды лактаушы

Параграф 1. Фибра бұйымдарды лактаушы, 2-разряд
573. Жұмыс сипаттамасы:

фибра бұйымдарға қолмен және станокта лак жағу;

лактауға арналған фибра бұйымдарды дайындау және лак жасау;

бұйымдарды кептіру.

574. Білуге тиіс:

лактың құрамы мен жасау әдістері, лактау технологиясы;

фибра бұйымдардың қасиеттері мен маркалары.

133. Фибра және құятын қағаз бұйымдарды желімдеуші

Параграф 1. Фибра және құятын қағаз бұйымдарды желімдеуші,

3-разряд
575. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті желімдеушінің басшылығымен фибра парақтарын желімдеу процесін жүргізу;

сығымдағыштағы құйылатын қағаз бұйымдарды желімдеу;

желімделген фибраны кесуге және тазаланған қағаз бұйымдарды ұстауға апару;

фибраны пакеттерге жинақтау;

кептіргеннен кейін қағаз бұйымдарды жылжыту, желім жағу;

бөлшектерді жөндеу.

576. Білуге тиіс:

сығымдағыштардың құрылымы; оларды басқару ережесі мен желімдеу процесін реттеу;

желім заттар;

желімдегеннен кейін қағаз бөлшектерді ұстау мерзімдері.

Параграф 2. Фибра және құятын қағаз бұйымдарды желімдеуші,

4-разряд
577. Жұмыс сипаттамасы:

сығымдағыштардағы фибра парақтарын желімдеу және кептіру процесін жүргізу;

желімдеу фибраларының жарамдылығын айқындау, фибраны қалыңдығы, сапасы, бетіне және қасиетіне қарай іріктеу;

желімдеуге арналған бакелит және басқа да шайырларды дайындау;

фибраның қасиетіне, желімнің қалыңдығы және сапалы көрсеткіштеріне қарай желімдеу режимін таңдау.

578. Білуге тиіс:

қыздырып сығымдағыштардың құрылымы;

желімдеудің технологиялық процесі;

фибра және желім шайырының қасиеті;

фибраның маркасына, қалыңдығына және сапалық көрсеткіштеріне қарай желімдеу режимі.



134. Фибра жуушы

Параграф 1. Фибра жуушы, 2-разряд
579. Жұмыс сипаттамасы:

фибра жуу;

фибраның бетіндегі тұздарды жуу машинасында шаю және жуылған фибраны қатарлап реттеу;

машинаны бақылау.

580. Білуге тиіс:

машинаның жұмыс шарттары мен фибраның сапалық көрсеткіштері.



135. Фибра июші

Параграф 1. Фибра июші, 3-разряд
581. Жұмыс сипаттамасы:

фибраны станокта ию;

фибра дайындамаларын қалыңдығы мен сапасына қарай іріктеу;

крандарды айлабұйымдарда ию;

бұлауды жұмысқа дайындау;

бұлауға жіберу және шылапшынның фибра корпусын қыздыру;

корпустың шетін сулау;

фибра корпустың ернеуін станокта ию, мойнына сым қою;

даярланатын өнімнің сапасын бақылау;

станокты баптау және реттеу.

582. Білуге тиіс:

станок пен бақылау-өлшеу аппаратурасының құрылымы мен жұмыс істеу принципі, шылапшын, шабадан және иілген қораптар жасау технологиялық режимі, фибраның сұрыптары, ақау себептері мен оларды жою тәсілдері.



136. Фибралаушы

Параграф 1. Фибралаушы, 2-разряд
583. Жұмыс сипаттамасы:

біліктілігі анағұрлым жоғары фибралаушының басшылығымен үздіксіз әдіспен фибралау процессін жүргізу;

фибра жаймасын пісу торабына салу және шикі фибраны хлорлы цинк ерітіндісі бар астауға салу;

фибраның астаудан астауға қозғалуын бақылау және оны түзету;

астаудағы ерітіндінің қыздырылуын бақылау жетекші біліктердің мойынтіректерін майлау;

мамут-сорғының жұмысын бақылау және оларды реттеу.

584. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

фибра өндірісінің технологиялық процессі;

шикізат пен химикаттарды жұмсаудың шекті нормасы;

дайын өнімнің техникалық шарттары.

Параграф 2. Фибралаушы, 3-разряд
585. Жұмыс сипаттамасы:

тұрақты және үздіксіз қызмет ететін фибралау процессін жүргізу;

ораманы жеткізу және орнату. хлорлы мырыш ерітіндісін дайындау;

қағаз жаймасын толтыру;

фибралаушы цилиндрдің белгіленген температурасын, сіңдіру астауындағы ерітіндінің температурасын және престеуші цилиндрлердің бетін, оралуын, сіңдірілуін және престелуін бақылау;

орама мен ақаулықты өлшеу;

фибраны екіжақты каландрлеу;

қыздыруды, біліктің қысымы мен ылғалдату дәрежесін реттеу;

фибра жаймасының біліктер арқылы өтуін бақылау;

қаптау дәрежесін, біліктердің жай-күйін бақылау;

жарықты жинау және оны престеу;

жайманы техникалық шарттарға сәйкес жұқа қабаттарға кесу;

фибраны орамаларға орау және оларды алу;

фибра түтіктерін станокта алмалы-салмалы өзектен алу;

жиегін жатқызу;

дайын қабат фибраны сұрыптау.

586. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

фибра өндірісінің технологиялық процессі;

шикізат пен химикаттарды жұмсаудың шекті нормасы;

дайын өнімнің техникалық шарттары.

Параграф 3. Фибралаушы, 4-разряд
587. Жұмыс сипаттамасы:

шикі фибраны пісу торабына, хлорлы мырыш ерітіндісі құйылған астауға, алдын ала кептіру камерасына салу;

фибраны кептіру процессін жүргізу;

фибраны сілтілендіру технологиялық режимін, астаудың толтырылуын бақылау;

фибраға қажетті бояулар мен химикаттарды дайындау;

тоңазытқыш цилиндрдің жұмысын реттеу;

каландрлеу процессін және оралуын бақылау;

цилиндрге будың берілуін реттеу;

баяу хлорлы мырыш ерітіндісін мамут-сорғымен айдау;

будың цилиндрге берілуін реттеу;

жайманың ылғалдығын және конденсаттық ыдыстардың жұмысын бақылау;

қағазды, химикаттарды, буды, су мен ылғалдықтың белгіленген ылғалдығын жұмсаудың шекті нормасын сақтау;

жабдықты пайдалану ережесін сақтау.

588. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы;

шикізат пен химикаттарды жұмсаудың шекті нормалары;

бақылау-өлшеу аппаратурасының схемасы;

фибра өндірісінің технологиялық процессі және дайын өнімнің техникалық шарттары.



Параграф 4. Фибралаушы, 5-разряд
589. Жұмыс сипаттамасы:

фибралау процессін жүргізу;

фибра жаймасын сіңдіруші астауға, престеуші цилиндрге және кесу торабына салу;

фибра маркасы мен қағаздың сапасына (ерітіндінің концентрациясы мен температурасы, ерітінді құрамындағы хлорлы кальций және фибра машинасы цилиндрлерінің температурасы) байланысты фибралау шарттарын іріктеу;

сіңдіру, машинада фибралау процессін және шикі фибраның престеуші цилиндрге оралу сапасын бақылау;

қатпарларды, көпіршіктерді және басқа да ақаулықтарды жою;

қағаздың цилиндрге оралу сапасын бақылау;

жабдықтарды пайдалану ережесін, фибраны өндіру кезінде сапалық және сандық көрсеткіштерді, қағаз бен химикатты жұмсаудың шекті нормасын сақтау.

590. Білуге тиіс:

фибралау машинасының құрылысы;

фибра маркасы;

фибралаудың технологиялық процессі;

дайын өнінің техникалық шарттары;

шикізат пен химикатты жұмсаудың шекті нормасы.



жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау