Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі жоғары оператордың басшылығымен пішінді пенополиуретанды конвейерде және полиуретанды лит машиналарында алу технологиялы процесіне кіріспе. Мөлшерлейтін агрегаттың және құятын қалпақшаның негізгі тораптарын дайындау және жөңдеу. Мөлшерлейтін агрегатты жұмысқа қосу және оның дұрыс мөлшерлеуін бақылау. Ұнтақтау құрылғысының көмегімен майды формаға жағу. Үлгілерді жинау және бақылау талдауын жүргізу.
Білуі тиіс: формалы пенополиуретанды және полиуретанды алу технологялы процесі, ақаулардың алдын-алу және оларды жою, жабдықтардың және бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымы және жұмыс қағидасы, шикізаттың және дайын өнімнің құрамы, үлгілерді талдауға алу ережесі.
167. Пішінді полиуретан және пенополиуретан өндірісінің операторы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пішінді пенополиуретанды конвейрде және полиуретанды лит машиналарында алу технологиялы процесін жүргізу. Пішіндерді бөлшектеу және жинау. Пішінді жартылай қатты пенополиуретанды алу конвейрінің пішінің құятын қалпақша арқылы сыйымдылық насостарының көмегімен әртүрлі компоненттерді мөлшерлеу. Мөлшерлейтін компонентерді технолгпен бірге есептеу. Бақылау үлгілерін алу және бақылау талдауларының нәтижесі бойынша технолгиялы процесті дайындау. Технологиялы режимнің бегітілген нормасынан ауытқудың алдын-алу және олардың себептерін жою. Өндіріс жураналында тіркеу.
Білуі тиіс: формалы пенополиуретанды және полиуретанды алу технологялы сызбасын, үлгілерді іріктеу ережесі және талдау бойынша жұмыс жасау, негізгі және қосалқы жабдықтың құрылымы және жұмыс мақсаты, мөлшерлейтін компоненттреді есептеу тәсілі, технологиялы процесті реттеу ережесі, алғашқы шикізатқа және дайын өнімге қойылатын талаптар, сынамаларды іріктеу мен бақылау анализдерін өткізу ережелерін.
168. Пішінді полиуретан және пенополиуретан өндірісінің операторы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пенополиуретаннан автоматты құрылғылардан және полиуретаннан литті машналардан пішінді өнімдерді алу технолгиялы процесін жүргізу. Линтті машинаның бөлек тораптарындағы температура режимін бақылау және реттеу, үстел мен пешті вулканизвциялау. Бағдарлама құрылғыларының көмегімен режимді оңтайлы жүргізу процесіне кіріспе. Бақылау талдауларының нәтижесі бойынша технологиялы процесті дайындау. Мөлшерлеу, тиеу және активаторлы ертіндіні дайындау станцияларында компоненттерді араластыру. Мөлшерлейтін автоматтарды реттеу. Пішіндейтін автоматтарда әзірлемені өндіру температуралы режимін бақылау және реттеу. Шикізаттың және дайын өнімнің шығының есептеу.
Білуі тиіс: технологялы режим және пенополиуретанды және полиуретанан формалы өнімдерді алу процесінің негізі, жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуі және құрылымы, арматура және коммуникация сызбасы, бағдарлама құрылғыларына бағдарлама жасау тәсілі, дайын өнімге және қолданылатын материалдарға қойылатын техникалы талаптар.
Пластикалы массадан өнім өндіру бойынша роторлы желінің операторы
169. Пластикалы массадан өнім өндіру бойынша роторлы желінің операторы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автоматты роторлы желіде пластикалы массадан өнім өндіру технологиялы поцессін жүргізу. Роторлы желіні жұмысқа дайындау. Шнекті қуат беретін бункерге престелген материлдарды тиеу. Дайын өнімді салу үшін таро дайындау. Роторлы желіні жұмысқа қосу. Өнімді дайындау технологиялы процессін жүргізу: бақылау-өлшеу құралдары бойынша бақылау және таблетирование технологиялы режимін реттеу, пресстеу және механикалы өңдеу.
Білуі тиіс: пластикалы массадан алынған өнімді роторлы желіде таблеткалау, престеу және механикалы өңдеу технологиялы процесі, престелетін материалдардың физико-механикалы құрылымы, дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттар.
170. Пластикалы массадан өнім өндіру бойынша роторлы желінің операторы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Автоматты роторлы желіде пластикалы массадан өнім өндіру технологиялы поцесін. Роторлы желіні жұмысқа дайындау. Дайын өнімді салу үшін таро дайындау. Роторлы желіні жұмысқа қосу. Өнімді дайындау технологиялы процесіне кіріспе. бақылау-өлшеу құралдары бойынша бақылау және таблетирование технологиялы режимін реттеу, престеу және механикалы өңдеу. Таблеткаларды жоғары желідегі тоқпен ысыту температурасын жүйелі бақылау. Пресстелген материалдардың шығының есептеу және дайын өнімді шығару.
Білуі тиіс: пластикалы массадан алынған өнімді роторлы желіде таблеткалау, престеу және механикалы өңдеу технологиялы процессі, таблеткалау және престеу агрегатының жұмыс режимі, престелетін материалдардың физико-механичкалы құрамы, дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттар.
171. Өнімдерді балқытушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Газжалынды пистолеттің көмегімен полиэтиленді пленкадан жасалған өнімдердің түйіндерін балқыту, балқытылған полиэтиленді арнайы электрдәнекерлегішпен пішіндеу. Өнімнің кесілгенжерлерін қаптау. Түйіндерді балқыту алдында арнайы құрылғыға салу. Өнімнің астыңғы жағын әкпен және дымқыл матамен оқшаулау.
Білуі тиіс: балқытудың технологиялы процесі, электртехника негіздері, балқытудың технологиялы режимі, балқыту құрылғысының құрылысы, жұмыс мақсаты және эксплуатациялау ережесі, пленкаға қойылатын техникалы шарттар.
Пластикалы массадан пленканы перфораторлаушы
172. Пластикалы массадан пленканы перфораторлаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Перфоратор пленкасын дайындау бойынша бөлек операцияларды орындау. Пленка рулондарын дайындау, перфорациялы машина мен құралдардың дұрыстығын тексеру. Пленка рулонының машинаға орнату. Оларды білікшелерге салу. Машиналарды іске қосу. Пленканың қозғалу жылдамдығын және кернеу деңгейін реттеу. Рулондарды шешу және оларды орамдауға тапсыру. Дайын өнімнің және шикізаттың шығының есептеу. Технологиялы журналда тіркеу жүргізу.
Білуі тиіс: перфорациялы машиналардың құрылысын және оларды эксплутациялау ережесі, перфорацияға арналған алғашқы материалдың физико-химиялы құрамы, рулондардың машинаға бекіту тәсілдері, пленканы салу ережесі, машинаның жұмысын реттеу тәсілдері, дайын өнімге техникалы талаптар.
173. Пластикалы массадан пленканы перфораторлаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Перфорациялы машинада пластикалы массадан перфорациялы пленканы дайындау технологиялы процессін жүргізу. Пленкалы рулондарды дайындау, перфорациялы машина мен құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру. Пленкалы рулондарды машиналарға орнату. Оларды білекшелерге салу. Перфорацияның белгіленген өлшеміне машиналарды реттеу. Пленканың қозғалу жылдамдығын және кернеу деңгейін реттеу. Рулондарды шешу және оларды орамдауға тапсыру. Дайын өнімнің және шикізаттың шығының есептеу. Технологиялы журналда тіркеу жүргізу.
Білуі тиіс: перфорациялы машиналардың құрылысын және оларды эксплутациялау ережесі, перфорацияға арналған алғашқы материалдың физико-химиялы құрамы, рулондардың машинаға бекіту тәсілдері, пленканы салу ережесі, машинаның жұмысын реттеу тәсілдері, дайын өнімге техникалық талаптар.
Линолеумда таңба басушы
174. Линолеумда таңба басушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ағаш клишенің көмегімен қолдан таңба салатын станоктарда линолеум төсеніштерін немесе жазықбасатын машиналарда терең және ротациялы теру машиналарында линолеум төсенішіне суретті басу бойынша операцияны орындау. Құралды және құрылғыны жұмысқа дайындау. Басатын пастаны және бояуды жеткізу және оларды басатын машинаның астауына құю. Терең және ротациялы баспалы баспа машинасының қабылдағыш құрылғысына линолеумнің шеттерін салу. Басу процессін бақылау және оның режимінің бұзылуы жайлы дабыл қағу. Басатын валдарды, басатын цилиндрларды, астауларды, жабдықты және құралды тазарту және жуу. Басылған кілемшелерді кептіретін камераларға апаруға, оларды қозғалатын вагонеткалардың сөрелеріне төсеу және кептіретін камераның белгіленген режиміне сәйкес кептіретін камерада вагонеткаларды қозғалтуға қатысу. Машиналы тәсілмен басу кезінде – линолеумді орталықтандыру, беткі жағын жүйелі түрде қоқыстанудан тазарту, жағатын білекшеден артық жағылған бояуды алу, кілемшенің ақаулы орның белгілеу және бақылау. Басылған линолеумді машинадан түсіруге қатысу.
Білуі тиіс: ағаш клишенің көмегімен қолдан таңба салатын станоктарда линолеум төсеніштерін немесе жазықбасатын машиналарда терең және ротациялы теру машиналарында линолеум төсенішіне суретті басу технологиясының негізі, басатын бояудың құрамы, линолеумді төсемдер мен кілемдерге қойылатын талаптарды.
175. Линолеумда таңба басушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жібектеу тәсілімен линолеум төсенішіне суретті басу. Басатын станокты жұмысқа дайындау және икемдеу, оюлы және раклялы раманы дайындау. Басатын бояуды фильтрлау. Орайтын құрылғыға линолеуммен бобинды орнату, төсенішті басатын үстелге тиеу және тарту. Рамаға басатын бояуды құю, оны біркелкі етіп жаю және линолеумға суреті бар жібек кілемше арқылы қолдан басу. Басылған линолеумді бағыттайтын білікшемен кептіретін камераға, залдарға кіргізу және ригельдерге жаю. Басылмның сапасын, тазалығын және тордың дұрыстығын және басу кезінде боядың басылым құрамының қайтадан қалпына келуін қадағалау. Кептіргішке тиегеннен кейін оны герметизациялау, буды жіберу және кептірудің режимін бақылау. Илегіштерді тазарту және жуу. Біліктілігі жоғары басушының басшылығымен пленканы және линолеумді терең басумен басу операциясын жүргізу. Барлық блоктайтын құрылғылардың, дабылқақыштардың, өрт сөндіру жүйеснің дұрыс жұмыс істеуін тексеру. Басатын валдарды жуу, басатын бояуларды басатын секцияларға жіберу және ПВХ пленкасымен бобиндарды машинаның орайтын құрылғысына жіберу және оларды орнату. Баспаның, бояуды жағудың, температуралы режимдерді, қысымды, кілемшені созудың сапасын, бөлменің ылғалдылығын бақылау. Жабдыққа күтім жасау. Терең және ротациялы баспаның машиналарын нұсқаулыққа сәйкес қызмет көрсету және жұмыса қосу, тоқтату, оның жұмысындағы ақаулықтарды табу және жою, жабдықты жөңдеу жұмыстарына дайындау және оны жөңдеу жұмыстарынан қабылдау.
Білуі тиіс: пленканы басу технологиясы- басу технологиясының негіздері-терең басу тәсілімен, жабдықтардың құрылғылары мен жұмыс принциптерін, бақылау өлшеу аспаптарын қолдану ережелерін, жылытутехникасының негіздері, линолеумға басудың сапасы мен қолданылатын маетиалдарға қойылатын талаптарды.
176. Линолеумда таңба басушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Басатын машинаны жұмысқа дайындау: клишені орталықтандыру, линолеумнің төсемін ілеспелі қозғалу механизмдерін реттеу, клишені тиісті бояумен жағу және оларды төсемшеге белгілеу. Линолеумнің төсемін басатын машинаға толассыз тиелуін, астаулардың бояумен жүйелі толтыруларын бақылау. Машинаның жұмысындағы ақауларды жою. Олардың линолеумға жағылуының ілеспелілігіне сәйкес дөңгелететін үстелде бояулардың дұрыс жағылуын қадағалау. Ою-өрнек салу. Жүк көтеретін машинаның, жерлендірген машинаның дұрыс жұмыс істеуін тексеру. Бастын машинаны икемдеу және реттеу, регламентке сәйкес технологиялы процессті жүргізу. Дайын өнімге құжаттарды дайындау, технологиялы журналды толтыру. Бригаданың мүшелерінің қауіпсіздік техникасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру және басылым өндірісінде қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету; басылған сурет сапасын бақылау. Технологиялық журналға жазу.
Білуі тиіс: сурет басу процесінің ережесі мен технологиясын, құрылғыларды, жұмыс принциптерін, олардағы ақаулықтарды жою тәсілдерін, бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану ережелерін, материалдардың физикалық-химиялық қасиеттерін, басылым сапасына қойылатын талаптарды.
177. Линолеумда таңба басушы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Линолеумді төсемде басқару пульті көмегі арқылы сурет басу технологиялық процесін жүргізу. Басу машинасының тораптарын координациялау. Насостар мен қысу білікшелерінің жұмысын реттеу. Басу білікшелерін орнату мен орталықтандыру. Линолеум еніне сай қысу білікшелерін ауыстыру. Көпсекциялы басу машинасының жұмыс параметрлерін компьютерге енгізу: кептіру температурасы, бояу тұтқырлығы, білікше шеңбер ұзындығы, ракелді пышақ пен қысу білікшелерінің қысымы. Компьютер көмегімен басу машинасының өзгерген параметрлерін түзеу. Компьютерге кептіру камераларындағы температура көрсеткіштерін шығару. Сурет регистрін компьютердің көмегі арқылы баптау. Сурет колерлерінің түсі мен реңкін насос, ракельді пышақ пен қысу білікшелерін реттеу арқылы бектілген эталонға жеткізу. Технологиялық журналға жазу. Басу машинасының ақаулықтары пайда болған кезде жедел шешімдерді қабылдау.
Білуі тиіс: сурет басу технологиялық процесін, басу машинасының автоматты жабдығының жұмыс принципін, компьютерлік құрылғыларды және бағдарламалау негіздерін, технологиялық параметрлерді реттеу ережелерін, бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану ережелерін, басу бояуларының қасиеттері мен оларға қойылатын талаптарды, жабдық ақаулықтарын жою мен оларды ескерту тәсілдерін.
178. Пресс-материалдарды сұрыптаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пресстеуші және құйылатын материалдарды, материалдардың сынақ партиасының химиялы құрамы жайлы талдау мәліметтері бойынша және партия материалдарын тиісті өнімге бегіту үшін сынамасының нәтижесі бойынша іріктеу. Сынамалы таблеткалау, пресстеу немесе сынақ партиясының материалдарынан өнімді құю. Дайын болған үлгіні өнім эталондарымен салыстыру. Сынамалы престеу, құю және таблеткалау нәтижесі бойынша өнделіп жатқан өнімге қойылатын талаптар партия бойынша престеу және құю материалдарының құрамының сәйкес келетінің анықтау. Алынған өнімдер үлгілерін техникалы бақылау бөліміне тексеріске жіберу. Материал партияларын тиісті өнімдерге бегіту. Құйылған матеиалдарды учаскелерге тапсыру. Өндіріс журналында жазба жүргізу.
Білуі тиіс: іріктелген материал партияларынан өнімді дайындау кезінде пресстеу немесе құю режимі, материалдардың физико-химиялы құрамы және сапалы көрсеткіштері, материалдарды сынау ережесін.
179. Сутекті жалынмен жылтыратушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Органикалы шыныдан жасалған өнімді сутекті жалынмен күйдіру (отты жылтырату). Сутекті аппаратты күкіртті қышқылмен және темір жоңқамен толтыру. Оттекті баллонды, редукторды, жалынды жалтыратқыш станокты, редукциялы клапанды, газды коммуникацияны, жылытқыштарды, мундштуктарды және сақтану құралдарын жұмысқа дайындау. Жабдықтың түзу жұмыс істеуін тексеру. Күйдірудің режимін орнату. Ұсақ және профилактикалы жөңдеу жұмыстарын жасау.
Білуі тиіс: аппараттың құрылымын және метанды-сутекті қоспаны алуда компоненттердің өзара әрекеттесуінің негізі, күйдірудің режимі (отты жылтырату), оргшынының физико-химиялы құрамы, жылтыратылған органикалық шыны өнімдеріне қойылатын талаптарды.
Целлулоид блогының пресстеушісі
180. Целлулоид блогының пресстеушісі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Прессті целлулоидты массамен арту. Целлулоид блогын пресстеу бегітілген режимін бақылау. Белгіленген температура және қысым режимінің сақталуын бақылау. Пресстелген блоктарды шығару. Блоктарды бегітілген орынға тасымалдау.
Білуі тиіс: целлулоид блоктарын пресстеу технологиялық процесін, жабдықтардың құрылғылары мен жұмыс принциптерін, шикізат пен престелген целлулоид блоктарына қойылатын талаптарды. .
181. Целлулоид блогының пресстеушісі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Блок-пресстерде целлулоид блогын престеу. Матрицаның қысымын, жылытуын және суытылуын реттеу. Престелудің технологиялы рнжимін сақтау. Матрицаны тазарту және майлау. Кезектегі пресстеуге блок-прессті дайындау.
Білуі тиіс: целлулоидты өңдеу технологиясы, блокты целлулоидқа қойылатын негізгі техникалы талаптар, пресс-форманы орнату ережесі, көтеру-тасымалдау жабдығымен пайдалану ережесі, блокты целлулоидқа қойылатын талаптарды.
182. Целлулоид блогының пресстеушісі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Целлулоид блогын және әртүрлі сортты целлулоид массасын блок-престе престеу процессін жүргізу. Пресстеу технологиялы режимін пресстеліп жатқан целлулоид массасының сапасына сапасын байланысты реттеу. Матрицаны дайындау және орнату. Өнделген целлулоид блогының сапасын сыртқы пішініне қарап анықтау. Өндіріс журналында жазба жүргізу. Жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою. Технологиялық журналға жазу.
Білуі тиіс: целлулоидтың блогын престеу технологиялы процесін, целлулоид блогына техникалы талаптар, сорт бойынша целлулоидтың физико-химиялы құрамы, целлулоидты блоктың сапасына блок-пресстерде престеу процесінің бөлек параметрлерінің әсері, қызмет көрсетеліп жатқан жабдықтың құрылымы, жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою тәсілдері, целлулоидты массаны рационалды шығындау ережесі, престелген целлулоид блоктарына қойылатын талаптар.
183. Целлулоидты өнімдерді пресстеуші-үрлеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Целлулоид әзірлемесін жұмыс орнына әкелу. Пресс-форманы ысыту. Пресс-формаға сабынды ертіндіні жағу. Жылыту және жиектерге ацетонды жағу. Әзірлемені пресс-формаға салу. Әзірлемелердің арасына емзік мен айырды қою. Прессті индикатор бойынша белгіленген тетікке дейін қабыстыру. Үрлеу процессін жүргізу және реттеу. Булыауалы ертіндіні әкелу, пресс форманы толық қабыстыру, ұстап тұру, суыту, булыауалы ертіндіні шығару. Өнімді алу. Пресс-формаларды және әзірлемелерді келесі престеуге дайындау. Өнделген өнімнің сапасын көзбен анықтау. Булы өнімдердің жапсырма орындарын кесу. Өнімдерді тароға жинау.
Білуі тиіс: үрлеу режимі және оларды реттеу ережесі, целлулоидтты параққа қойылатын техникалы талаптар, әзірлемелді дайындау тәртібі және ережесі, дайын өнімдердің техникалы талаптары, дайын өнімнің сапасын анықтау тәсілі, шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптар.
Пластмассадан жасалған өнімдерді престеуші
184. Пластмассадан жасалған өнімдерді престеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пресстерде каболитті және бакелитті ұнтақтардан, оргшыныдан және т.б.материалдардан әртүрлі қарапайым бөлшектерді (ұсақ шайбалар, төсемшелер, шәйнек тұтқалары, кофе қайнататын ыдыс, планка, рамка, жазба үстелдерінің кронштейндері және т.б.) қарапайым көпұялы пресс-форманы пайдаланып престеу. Қол престерінде нитропленкалы қақпақтар және тіс протездеу үшін өнімдерді престеу. Престеу режимін бақылау. Престе қызмет көрсету.
Білуі тиіс: престе престеу тәсілдері, престің құрылымы және олардың жұмыс істеу мақсаты жайлы жаңа мәліметтерді, жабдықта қызмет көрсету ережесі, пресс-материалдарды ілу ережесі, манометр, термометр және т.б. пайдалану ережесі, престелген өнімдерге қойылатын талаптар, престеудің технологиялы режимі, престелген өнімдерге қойылатын технологиялы талаптар.
Жұмыс үлгілері
1) Ұсақ шайбалар, төсемшелер, шәйнек тұтқалары, кофе қайнататын ыдыс, планка, рамка, жазу үстелінің кронштейны - пресстеу.
185. Пластмассадан жасалған өнімдерді престеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі пластмассадан 5-тен аса 10-ға дейін металды бөлшектермен престелген орташа күрделі пресс-форманы, ажыратқаш құралды пайдаланып орташа күрделі өнімдерді престеу. Соратын, үрлейтін, пішіндейтін және аралас мөрлерді пайдаланып гидравликалы және эксцентрикалы пресстерде целлулоидтан әртүрлі қалыңдықтағы ойыншықтарды мөрлеу. Престеу барысында пресс-форманы ысыту. Престеу режимін реттеу. Пресс-материалдарды түсі және басқада белгілері бойынша анықтау. Жабдықты бос жүрісте байқап көру.
Білуі тиіс: бақылау-өлшеу құралдарымен престеу режимін реттеу ережесі, пресстердің құрылымын, ысытатын пресс-формалармен жұмыс істеу ережесі, шикізатқа қойылатын талаптар, пресс-материалдарды мөлшерлеу ережесі, пресс-материалдың сипатына және өнімнің түріне байланысты қолданылатын қысымға тәуелділігі, престелген өнімдерге қойылатын талаптар, әмбебап картелді құралмен пайдалану ережесі.
Жұмыс үлгілері
1) Дөңгелек қалпақшалар, декелді пластиналар, оргшыныдан пластиналар, жарық түсіру үшін патрондар, шаруашылық падностар, түйіспелер, күл салғыштар, каюталы және әжетханалы үстелдердің ілетін жәшіктері - пресстеу;
2) Бұрандалы ажырайтын матрица бөлшектері, пластмассалы автоқалам бөлшектері, кабельұстайтын тұтқалар –пресстеу;
3) Көркем кәде сыйлар опа сауыт, туалет құралдары, иіссуға арналған флакондар - пресстеу;
4) Шеңберді қаптауға арналған таблеткалар және автомашинаның штурвалдарының шабақтары - пресстеу.
186. Пластмасса өнімдерін пресстеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сыртқы түріне, өлшеміне, физико-механикалы көрсеткіштеріне ерекше талап қойып күрделі өнімдерді гидравликалы престе немесе күрделі пресс-формаларды, ажырайтын құрылғыларды пайдаланып 10 металды бөлшектерді астам престпен престеу. Аминопластан биік жұқа қабырғалы престеу. Әртүрлі пластикалы материалдардан жасалған өнімдерді көпұялы пресс-формаларда престеу. Жоғары жиілікті тоқ жабдақтарында әзірлемені алдын-ала дайындау. Жабдықты, құрылығыларды және құралдарды жұмысқа дайындау. Оны жұмыста сынау. Арматура мен түсіретін белгілерді дайындау. Престеу режимін анықтау. Бұранданы безендіретін белгілерді қолдан немесе механикалы жабдықтардың көмегімен бұрау.
Білуі тиіс: престеу технологиялы режимі, әртүрлі пресс-материадың құрамы, құрылысы, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықта жұмыс істеу ережесі, әртүрлі пресстердің құрылымы, оларды бақылау жүйесін, пресс-формалардың түрлері, өнімдерді жылыту және салқындатуы плитасымен жабдықталған гидравликалы прессттерде престеу тәсілі, дайын өнімге техникалы шарттар.
Жұмыс үлгілері
1) Аккумулятор бактары, фторпласт-4-тен жасалған өнімдер, медицина және тісті протездеуге арналған өнімдер - пресстеу;
2) Түрлі-түсті құрамдары және толықтырғыштар бар монолитті көркем өнімдер - пресстеу;
3) Машина жасауға корпустар және маховиктер, оргшыныдан пластиналар, пенопласт плиталар, кереует, кресла, үстелдердің арқалықтары, диванды және каюталы үстелдер - пресстеу;
4) Целлулоидты трубкалар, радиоқұрылығыға арналған тораптар мен бөлшектер - пресстеу;
5) Декоративті күрделі фигуралар, электресептегіш цоколдар, корпустар, автомобильді штурвалдар - пресстеу.
187. Пластмасса өнімдерін пресстеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ерекше пресс-формаларды пайдаланып көп мөлшердегі алдын-ала өнделген жіңішке және күрделі арматураларды (арнайы желімденген және лактанған т.с.с.) пресстеумен өте күрделі конфигурациялы өнімдерді гидравликалы пресстерде пресстеу. Пресстеу режимін басқару бағдарламасымен жабдықталған гидравликалы прессте түрлі-түрлі пресс-материалдар өнімдерін пресстеу. Пресс-материалды алдын-ала ысыту үшін жоғары жиілікті тоқтар құрылғысын басқару және жөнге салу. Пресстеу процессіне дайындау. Пресстеу режимін басқару бағдарламасы үшін түзетулерді есептеу. Пресстеу режимін түзету. Пресстелген өнімдердің сапасын баылау. Жабдықты жөңдеу жұмыстарына қатысу. Технологиялық журналда жазба жасау.
Білуі тиіс: престеудің технологиялы режимі, әртүрлі пресстерді жөнге келтіру ережесі және пресс-формаларды дайындау, бақылау-өлшеу жабдығын жылытуға арналған жабдықта қызмет көрсету және жөнге салу ережесі, технологиялы процесстің әртүрлі параметрлерінің және әртүрлі пресс-материалдардың сапалы көрсеткіштерінің пресстеу сапасына тигізер әсері, жабдықтың жұмысындағы олқылықтардың себептері және оларды жою тәсілдері, дайын өнімге қойылатын талаптар.
Жұмыс үлгілері
1) Арматураның күрделі орналасқан және қисық қабырғалы түрлі-түсті өнімдер - пресстеу;
2) Номенклатуралы каркас, 16 өрнекті белгілермен және 16 секциялы моноблоктар, 3,0 кг салмақты арматурамен шкифтар - пресстеу.
Қаңылтыр материалдарын пресстеуші
188. Қаңылтыр материалдарын пресстеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жинау коэффициенті бойынша белгіленген қалыңдықтағы қаңылтырларды престеу үшін пакеттер жинау. Жиналған пакеттерді әкелу. Жиналған пакеттерді төсейтін тақта арасына төсеу. Бекітілген қаңылтыр материалдарын пресстеу режимін бақылау. Престелген қаңылтырларды тиеу.
Білуітиіс: қызмет көрсетеліп жатқан жабдықтың жұмыс мақсаты, көтеру-тасымал механизмдерін пайдалану ережесі, дайын өнімге қойылатын талаптарды.
189. Қаңылтыр материалдарын пресстеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Төменгі қысымды қабатты престерде гетинакс, лигнофолядан жасалған қаңылтырларды престеу. Прессті, материалдарды дайындау. Пресстеу барысында пресстің плиталарының жылыту және салқындатуын реттеу. Пресс механизмдеріне күтім жасау.
Білуі тиіс: престеліп жатқан қаңылтырлардың номенклатурасына байланысты престеудің технологиялы режимі, пресстеліп жатқан материалдардың құрамы, пакеттерді жинау ережесі, қызмет көрсетіліп жатқан пресстің құрылымы, плиталарды жылыту және суыту ережесі, коммуникацияның орналасуы, вентиль мен клапандардың белгіленуі.
Достарыңызбен бөлісу: |