Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы



жүктеу 1,89 Mb.
бет6/11
Дата14.11.2017
өлшемі1,89 Mb.
#410
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жұмыс сипаттамасы. Қаңылтыр немесе рулонды материалдардан орташа терең сығынды өнімдерді өндіретін вакуумды-қалыптастыру машинаны басқару. Бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен вакуум-қалыптастыру технологиялы режимін реттеу. Өнімнің сапасан тексеру. Жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулақтарды жою.

Білуі тиіс: вакуум-қалыптастыру технологиялы процесін, вакуум-қалыптастыру машинасының құрылымы және жұмыс қағидасы, вакуум-қалыптастыруда қолданылатын материалдардың құрылымы, бақылау-өлшеу құралдарымен пайдалану ережесі, қалыптастырылған өнімдердегі ақаулардың түрлері және оларды жою тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Радио- және электрконструкторлерге арналған панельдер - вакуум қалыптастыру;

2) Жас химикқа арналған панель - вакуум-қалыптастыру.

123. Вакуумды-қалыптастыратын машинаның машинисі 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қаңылтыр немесе рулонды материалдардан үлкен терең сығынды өнімдерді өндіретін вакуумды-қалыптастыру машинаны басқару. Бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен вакуум-қалыптастыру технологиялы режимін реттеу және бақылау, өнімнің өлшемінің дәлдігін сақтау. Өнімнің сапасан тексеру. Жабдықтың жөңдеу жұмыстарына қатысу.

Білуі тиіс: вакуум-қалыптастыру технологиялы процесін, вакуум-қалыптастыру машинасының құрылымы және жұмыс қағидасы, пресс-форманы орнату және ауыстыру, электржылытқыш және коммуникацияның сызбасы, өнделіп жатқан материалдардың құрылымы және белгіленуі, ақаулардың түрлері және оларды жою тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

1) Поливинилхлоридтты пленкадан қапталаған әзірлеме, қалыптасқан көбікполиуретантан өнімді өңдеуде жапсырма ретінеде пайдаланылатын - вакуум-қалыптастыру;

2) Ванна бөлмесінің жабдықтарына арналған шкафтың корпусы - вакуум-қалыптастыру;

3) Тоназытқыш есіктеріне арналған панель - вакуум-қалыптастыру.

124. Вакуумды-қалыптастыратын машинаның машинисі 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Табақтық, рулонды материалдардан, сонымен қатар қатты поливинилді көпқабатты табақтардан қатты терең сорғыштықты ірігабаритті бұйымдарды әзірлейтін вакуумды-қалыптастыратын машинаны басқару. Арнайы компьютерлік бағдарламалар мен бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қолдана, вакуум қалыптастырудың технологиялық режимдерін бақылау және реттеу. Екі панельді жылыту процесін керамикалық инфрақызыл таратушы көмегімен реттеу. Дайын өнім сапасын бақылау. Жабдық ақаулықтарын жою.

Білуі тиіс: ірі габаритті бұйымдарды вакуум қалыптау процесінің технологиясын, машиналар құрылғылары мен жұмыс принциптерін, электржылыту сызбасы мен коммуникациялардың орналасуын, пресс-формалар ауысымы мен орнату ережелерін, бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану ережелерін, бағдарламалау негіздерін, компьютерде жұмыс жасау ережелерін, материал қасиеттері мен пайдалану ережелерін.

Жұмыс үлгісі

Вакуум қалыптау.

1) Шатыр үшін атша;

2) Шатырды қаптау үшін қаңқаша.

Үрлейтін машинаның машинисі
125. Үрлейтін машинаның машинисі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пластикалы массадан қарапайым өнімдерді дайындау бойынша үрлейтін машиналарды басқару. Қарапайым үрленген қалыптарды орнату, шикізатты апару және бункерге тиеу. Бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен вакуум-қалыптастыру технологиялы режимін реттеу. жабдықтың жұмысын және технологиялы процестің жұмыс барысын қадағалау. Әзірленген өнімдерді алғашқы қолдан өңдеу. Өнімнің сапасын сыртқы түріне қарап бақылау.

Білуі тиіс: үрлейтін машиналардың жұмыс мақсаты, жабдықты жұмысқа дайындау ережесі, ақаулардың түрлері және оны жоюдың тәсілдері.

Жұмыс үлгілері

Әзірлеу:


1) Велосипед май сауытының корпусы;

2) 0,5 л ден сыйымды ыдыс.

126. Үрлейтін машинаның машинисі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пластикалы массалардан орташа күрделі өнімдерді әзірлеу бойынша үрлейтін машиналарды басқару. Орташа күрделі үрлейтін қалыптарды орнату. Қалыптардың тығыздығын тексеру. Бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен вакуум-қалыптастыру технологиялы режимін бақылау және реттеу. Өнімнің сапасын бақылау, жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою.

Білуі тиіс: режимдерді реттеу тәсілдері, үрленген қалыптарды орнату және ауыстыру ережесі, үрлейтін машиналардың құрылымы, бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі, өнімдерге қойылатын техникалы талаптар.

Жұмыс үлгілері

Әзірлеу:


1) Станоктарда механикалық өңдеуді қажет ететін бұйымдар (құты, өағаздар үшін себет, шашыратқыш бөшкесі);

2) Бұрандасы немесе арматурасы бар цилиндрлі не өзге формалы бұйымдар;

3) 0,5 ден 2 л дейін күрделі сурет салынған сыйымды ыдыс .

127. Үрлейтін машинаның машинисі 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пластмасстан әртүрлі күрделі өнімді өндіру бойынша үрлейтін машиналарды басқару. Күрделі көпұялы қалыптарды орнату және ауыстыру. Берілген рецепт бойынша материалдарды дайындау. Берілген технологиялы режимге машиналарды икемдеу.

Білуі тиіс: технологиялы режимдер, коммуникация сызбалары, әртүрлі үрлейтін машиналардың құрылымы және жұмыс мақсаты, қолданылатын материалдардың құрылымы және белгіленуі, ақаулардың себебі және оларды жою.

Жұмыс үлгілері

Әзірлеу:

1) Жан тұтқалары, бұранда немесе арматурасы бар кез келген бұйымдар;

2) Механикалық өңдеуді қажет ететін бұйымдар: канистр, ауасүзгіш корпусы, бөшке;

3) 2 ден 10 л дейін сыйымдылық ыдыс.

128. Үрлейтін машинаның машинисі 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Пластмассадан өте күрделі өнімерді дайындау бойынша үрлейтін машинаны басқару және өнімнің қабырғаларының қалыңдығын электрнды құрылғылармен реттеу. Әртүрлі маркалы шикізаттың қоспасынан өнімдерді дайындау. Үрлеудің технологиялы режимін өзбетімен орнату. Берілген технологиялы режимге машинаның барлық тораптарын икедеу. Берілген рецепт бойынша шикізатты дайындау. Ағымдағы машинаның жөңдеу жұмысында бөлек операцияларды орындау. Техникалы процесстің картасына сәйкес өнімнің сапасын бақылау.

Білуі тиіс: үрлеудің технологиялы процесі, машиналарды үрлеудің кинематикалы сызбасы, шикізатқа және өнімдерге қойылатын техникалы талаптар, бақылау-өлшеу құрылығылары және құралдармен пайдалану ережесі, қалыптарды эксплуатациялау ережесі, қызмет көсетіліп жатқан жабдықтың ақауларының себептері, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмысындағы негізгі бұзылушылықтарды жоюдың тәсілі және түрлері, өнделіп жатқан материалдардың шөгу себептері, шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды.

Жұмыс үлгілері

Әзірлеу:


1) Жан тұтқалары, бұрандасы, жанында тесіктері бар немесе шөркелі бұйымдар мен механикалық өңдеуді қажет ететін бұйымдар;

2) 10 л астам сыйымдылық ыдыс.

Түйіршектелген пластикалы массаның машинисі
129. Түйіршектелген пластикалы массаның машинисі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пластикалы массаларды (термопластарды) экструзионды шнек-машиналарда, түйіршіктеуіштерде, кесетін станоктарда түйіршіктеу технологиялы процесіне жүргізу. Біліктілігі жоғары машинисің басшылығымен шнек-машиналарды, түйіршіктеуіштерді және т.б.механизмдерді иекемдеу және жұмысқа қосуға дайындау. Моторларды, созылатын білікшелерді, кесетін станоктарды, вариаторларды тексеру және қадағалау. Тиейтін бункерге материалдарды дайындау және тиеу. Тиеліп жатқан материалдың саның реттеу. Суыту аймағына жіптердің біркелкі шығуын қадағалау. Жіптердің және түйіршіктердің салқындауын бақылау және реттеу. жіптердің үзілуін ликвидациялау. Жіптерді түйіршіктегішке салу және оларды созу. Технологиялы режимді жүргізу және реттеу: аймақтағы температуралар, шнектің, созатын валдардың айналу саны, пышақтардың айналу жылдамдығы, үрлеу үшін ауа берілу, лентаның температурасы. Түйіршіктелген пластмассты өлшеу және қаптарға өлшеп орау, тиеу. Механизмдерді тазарту және майлау. Жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою. Өндіріс журналында жазба жүргізу.

Білуі тиіс: технологиялық процесс кезеңдерін, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылмы және жұмыс мақсаты, бақылау-өлшеу құрылғыларымен пайдалану ережесі, шикізат пен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттар.

130. Түйіршектелген пластикалы массаның машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі жоғары машинисің бсшылығымен екішнекті экструдерде түйіршіктелген пластикалық массаларды дайындау бойынша бөлек операцияларды орындау. Түйіршіктелген пластикалы массаларды (араластырғыш, диірмен, шнек-машина, түйіршектегіш, жылыту және салқындату жүйесі, алып беретін білікшелер және т.б.) дайындау бойынша технологиялы тізбекке кіретін барлық агрегаттарды икемдеу.

Білуі тиіс: әртүрлі термопласты түйіршіктеу технологиялы процесі, әртүрлі термопласты түйіршіктеу, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы және жұмыс мақсаты, бақылау-өлшеу құралдарымен пайдалану ережесі, шикізаттың технологиялы құрамы, шикізатқа және дайын өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар және техникалық талаптар.

131. Түйіршектелген пластикалы массаның машинисі 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі жоғары аппаратшының басшылығымен сағатына 2 тонна немесе одан да көп пластикалы массаларды түйіршіктейтін екішнекті экструдерде технологиялы процессті жүргізу. Жабдықты жұмысқа дайындау. Ауаүрлегіштердің, желдеткіштердің, торшалардың, толқындатқыштардың дұрыстығын тексеру. Пышақтарды орнату және оларды берілген өлшемдегі түйіршіктерді дайындауға икемдеу. Бункерді шнекке ұнтақ беруге дайындау, мөлшерлеуіштердің дұрыс жұмыс істеуін тексеру. Түйіршіктелген пластикалы массаларды дайындау технологиялы процессін жүргізу. Аймақтардағы температура режимін,экструзия жылдамдығын, толқындатқыш торларының түйіршіктеу және толқындатуын реттеу. Су, ауа, майларды берудің жылдамдығын және вакуумды-насосты реттеу. Шнекқа толассыз және біркелкі ұнтақты беруді қадағалау, пышақтардың жұмысын, майдың температурасын және қысымын және қосалқы механизмдердің (ауаүрлегіштердің, вакуумды және сулы насостардың және т.б.) жұмысын қадағалау. Дайын болған түйіршіктің сапасын көзбен тексеру. Түйіршіктеу кезінде негізгі тораптардың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою. Тораптарды тазарту және тікендерді майлау. Дайын өнімді қоймаға тапсыру. Өндіріс журналында жазба жүргізу.

Білуі тиіс: пластикалы массаларды түйіршіктеу технологиялы процессіне кіріспе, экструдер тораптарының және қосалқы механизмдердің құрылымы және белгіленуі, бөлек тораптарды реттеу режимдері және олардың жұмыс істеу ілеспелілігі, алғашқы алынатын материалдың және дайын өнімнің құрамы, әзірленген түйіршіктердің сапасы, алғашқы материалдардың және дайын өнімнің физико-химиялық құрамы, дайын өнім сапасына қойылатын талаптар.

132. Түйіршектелген пластикалы массаның машинисі 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пролипропиленнің пластикалы массасын сағатына 2 тоннадан астам өндіріс беретін екішнекті экструдерлердің тобына жататын түйіршіктеу технологиялы процессіне кіріспе. Жабдықты, автоматика жүйесін және коммуникация жүйесін жұмысқа дайындау. Кесетін пышақтарды жөнге салу, орнату, түйіршіктің белгіленген өлшеміне сәйкес пышақтың жетегінің айналу ретін жөнге келтіру. Инертті газдың атмосферасында мұнара бункерына ұнтақтың берілу сызбасы, газжіберушінің, қуат беретін шнектін, мөлшерлеушінің, дайындығын тексеру, пневмотранспорт жүйесін азотпен сіңіру жүйесін жөнге келтіру. Аймақ бойынша температура режимін реттеу, экструдерлерді тиеу, түйіршікметрлеушінің құрамын бақылау, ценрифуганың, тербелушінің жұмысын тексеру. Ұнтақ пен стабилизаторлардың тоқтамай, біркелкі беруін, эжұмысты, пышақтарды, майдың температурасы мен қысымын, қосалқы механизмдердің (газжіберуші, ауаүрлегіш, вакуумды және сулы насотарды, қуат беретін шнектарды және басқасын) жұмысын бақылау. Технологиялы режимді нормасынан ауытқуын анықтау және жою. Жабдықтарды, автоматика жүйесін және коммуникацияда қызмет көрсету. Түйіршіктің дайындалған сапасын көзбен тексеру. Түйіршіктеу кезінде негізгі тораптардың жұмысындағы ұсақ ақауларды жою. Технологиялы журналда жазба жүргізу.

Білуі тиіс: техникалы режимнің параметрлары және оларды реттеу ережесі, экструдердің тораптарының және қосалқы механизмнің құрылымы және белгіленуі, арматура және коммуникация сызбасы, ақауларды жоюдың тәсілдері, берілген рецептура және мөлшер бойынша пластикалы түйіршіктелген массаны дайындауға пышақтардың икемделуі және орнату ережесі, машинаны іске қосқанда операцияның ілеспелілігі,электрқызуының сызбасы және машинаның берілген температураға дейін қызуы, бөлек тораптарды режимдерін реттеу, жөнге келтіру тәсілі және олардың ілеспелі жұмыс істеуі, дайындалған түйіршіктердің сапасы, алғашқы материалдың физико-химиялы құрамы, өнімді қосу және дайындау, дайын түйіршіктер сапасын анықтау тәсілдерін.

Дубльдайтын агрегаттың машинисі
133. Дубльдайтын агрегаттың машинисі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі жоғары машинисің басшылығымен негізгі поливинилхлоридті линолеумнің төсенішін көпіртілген поливинилхлоридтан кеуекті негізбен дубльдау және көпіртілген массаны сарылату. Бобинды линопормен құрылғыға тасып жеткізу, бобиндарды орау, төсемнің пішімін жуандық бойынша бірлестіру, бобиндарды кронштейнға тиеу және төсемді тиейтің құрылғының тетігіне тиеу.

Білуі тиіс: қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмыс мақсаты, жұмыс тәсілдері, линопор өндірісі бойынша құрылығыны дайындау ережесі, сарыландыру технологиялық процесін, жабдықтардың жұмыс принципін, қондырғыларды жөңдеу ережелерін.

134. Дубльдайтын агрегаттың машинисі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жартылайфабрикаттарды дубльдау процессін жүргізу - біліктілігі жоғары машинисің басшылығымен толассыз дубльдайтың агрегаттарда көпқабатты поливинилхлоридті линолеумының монолитті төсемін астыңғы, ортаңғы, үстіңгі пленкаларын. Қосалқы жабдықты дайындау және жұмысқа икемдеу: тиейтін, илейтің және орайтын құрылғыларды, көлдеңен және тігінен кесетін механизмді, көлік құралдары және жабдықтары. Илеу, дубляждау, суыту және орау топартарына қызмет көрсету. Металды сетканы ауыстыру, барабанды және тросты торшаны тазартуға және көлік лентасын дубльдауға қатысу.

Білуі тиіс: қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы, дубльдау, жатқан пленкаларды таңбалау технологиялы процессі және олардың құрамы, өнделіп жатқан материалдардың түрі және олардың белгіленуі, дайын өнімнің сапасына қойылатын техникалы талаптар.

135. Дубльдайтын агрегаттың машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жартылайфабрикаттарды дубльдау процессін жүргізу – астыңғы, ортаңғы және үстіңгі қабаттағы пленкаларды толассыз дубльдайтын агрегаттарда. Қысатын лентаның агрегатын икемдеу, дульдайтын барабанның, гидрожүйе, салқындататын құрылғы және бақылау-өлшеу аппаратурасын жұмысқа дайындау. Тетікті калибрлеу, температураны, қысымды және жылдамдықты дайын өнімнің және дульдап жатқан пленканың маркасы мен түріне байланысты таңдау. Жабдықтың ілеспелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Пленканы тиеудің ілеспелілігін және оларды толассыз агрегаттың тетігіне жіберілуін қадағалау. Дубльдайтын барабанның және салқындататын құрылғының дубльдайтын температурасын, қысатын лентаның жұмыс қысымын, дубльдайтын барабанның айналу жылдамдығын, бақылау-өлшеу құрылғыларының көрсеткіші бойынша циклдың жалғасуы процессін бақылау және реттеу. Метал сетканы ауыстыру, барабанды тазарту және көлік лентасын дубльдау.

Білуі тиіс: дубльдайтын агрегаттың және бақылау-өлшеу аппараттарының құрылымы және дайындау ережесі, дубльдаудың технологиялы процессі, өнімнің әртүріне арналған агрегаттың технологиялы жұмыс режимі, дайын өнім сапасына қойылатын талаптар.

136. Дубльдайтын агрегаттың машинисі 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жылы негізсіз және баслым пленкасыз негізсіз линолеумді дубльдау немесе жартылай қатты поливинилхлоридті пленкаларды толассыз дубльдайтын агрегатта дубльдау процессін жүргізу. Рулондардың шеттерін болып жатқан процесстің толассыздандыруын қамтамасыз ету үшін мерзімді қосып тұру. Валдардың жылу температурасын, дубльдайтын барабанның қысымен, линолеумнің төсемлерінің жылдамдығын және тартылуын пультпен басқарылатын бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен бақылау және реттеу. Агрегирлайтын жабдытың ілеспелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Шығарылып жатқан өнімнің сапасын анықтау үшін сынамаларды іріктеп алу. Өніріс журналында жазба жасау.

Білуі тиіс: конструктивті ерекшеліктері, агрегаттың және бақылау-өлшеу аппаратының құрылысы және икемдеу ережесі, дубльдаудың технологиялы режимі, дубльдайтың материалдардың түрлері, маркалары және құрылымы және олардың технологиялы процесстің параметрлеріне тигізер әсері, өнімнің сапасын анықтау тәсілі, механизмдердің жұмысындағы ақаулықтың себептері және олардың алдын-алу.

Иондаушы машинаның машинисі
137. Иондаушы машинаның машинисі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Разрядсі жоғары машинисің басшылығымен иондаушы машинда пленканы өңдеу технологиясын жүргізу. Разрядсі жоғары машиниспен біреге машинаға пленканы салу. Бақылау-реттеу құралдарының көрсеткіштерін бақылау, пленканы жапсыру. Пленканы рулонға біркелкі оралуын тексеру. Разрядсі жоғары машиниспен бірге машинадан роликті шешу.

Білуі тиіс: пленканы өңдеудің технологиялық процесі, иондаушы машинаның құрылымы, бақылау-реттеу құрылғыларын пайдалану ретін, пленканы өңдеуге қойылатын талаптар.

138. Иондаушы машинаның машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Иондау машинасында пленканы өңдеу процессін жүргізу. Бақылау-реттеу құрылғыларын бақылау. Өңдеудің сапасын тексеру және оның белгіленген пленка сапасымен сәйкес болуын тексеру. Талдауға сынама іріктеу. Пленканы жапсыру. Машиндан пленка роликпен бірге ағыту.

Білуі тиіс: пленканы өңдеудің технологиялы процессі және оны реттеу ережесі, иондаушы машинаның құрылымы, бақылау-реттеу құралдарымен пайдалану ережесі.

Микструдердің машинисі
139. Микструдердің машинисі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Микструдерда поливинилхлоридты пленканы өңдеу үшін ертінді дайындау. Біліктілігі жоғары машиниспен бірге жабдықтың техникалы түзулігін және оның жұмысқа дайындығын тексеру. Каландрды ертіндімен уақытылы сіңірілуін, оның біліктің тетіктерінде жайылуын бақылау. Микструдердің сыртқы және ішкі бөлшектерін тазарту және майлау.

Білуі тиіс: ертіндіні дайындаудың технологиялы режимі, устройство микструдердің, бақылау-реттеу құралының құрылымы, дайын өнімнің сапасына қойлатын талаптар.

140. Микструдердің машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Микструдерда поливинилхлоридты пленоканы дайындау үшін ертінді дайындау. Жабдықтың техникалы дұрыстығын тексеру, картердағы майдың барын тексеру. Микструдерді аймақтар бойынша технологиялы режимге сәйкес қажетті температураға жеткізіп жіберу. Ертіндіні дайындау процессі. Жабдықтың жұмыс істеуін, құрылғылардың көрсеткіштерін, температуралы режимді, микструдердің астыңғы шнегіне ертіндінінің біркелкі жетуін, филерден шығу және каландрға білікшені жіберу барысында ертіндінің сапасын тексеру. Технологиялы процестің жүру барысын бақылау. Мөлшерлеуішке ертіндіні беруді, ассортименттің, рецептураның өзгеруінде микструдердің параметрлерін реттеу. Жабдықты майлауда және жөңдеу жұмыстарын жасауға қатысу.

Білуі тиіс: ертіндіні дайындау технологиялы режимі, жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы және жұмыс мақсаты, ерітінді сапасына қойылатын талаптар.

Өзі жабысатын пленка құрылғысының машинисі
141. Өзі жабысатын пленка құрылғысының машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Желім қабатын жұмсақ поливинилхлоридті пленкаға жағу, қағазды силикондау және дубльдау немесе қатты поливинилхлоридті қатты өрнектелеген пленка-төс етегін пленкамен арнайы құрылғыда біліктілігі жоғары аппаратшының басшылығымен технологиялы процеске кіріспе. Желімді жағу, қағазды силикондау және дубльдау режиміне немесе пленка-төс етегін пленкамен электрнды және басқада бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштерін бақылау. Пленканы және қағазды тарту, силикон ертіндісінің желімнің емкосттағы қалыпты мөлшерін, силиконның қағазға және желімнің пленкаға біркелкі жағылуын, кептіру камерасының температурасына, қағазды дәл дубльдау немесе пленка-төс етегін жабысқақ пленкамен, өзі жабысатын пленканы рулонға оралуын тексеру.

Білуі тиіс: әртүрлі маркалы желімнің жағылуын және қағазды силикондау технологиялы процессі, электрнды және басқада бақылау-өлшеу жабдығтарының құрылымы, орнатылуын, кептіретін камерадағы температураны реттеу ережесі, өзі жабысатын пленка сапасына қойылатын талаптар.

142. Өзі жабысатын пленка құрылғысының машинисі 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өзі жабысатын пленканы өндіретін жабдықта қызмет көрсететін жұмыскерлердің жұмысын белгілеу, басшылық жасау, процесті өткізу. Пленканың әртүріне оңтайлы режимді іріктеп алу. Желімді жағу, қағазды силикондау және дубльдау немесе пленка-төс етегін пленкамен бақылау-өлшеу жабдығының көрсеткіштері ьойынша бақылау және реттеу. Журналда жазба жүргізу.

Білуі тиіс: өзі жабысатын пленка дайындау процесінің технологиясын, жабдықтар құрылғысы мен жұмыс принципін, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережелерін, қағаз, пленка, желім және силиконды ерітінді қасиеттерін, дайын өнім сапасына қойылатын талаптар.

Экструдердің машинисі
143. Экструдердің машинисі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Разрядсе жоғары экструдер машинисінің басшылығымен ППО-12, ППО-29, ППО-30, ППО-31 орташа күрделікті профильдерді дайындау. Экструдерді жөнге салу. Құрылымды дайындау. Экструдерлеу технологиялы режимін реттеу. Дайындалған материалдарды опалау үшін сода немесе тальк дайындау. Экструзия процессінде пленканы опалау. Белгіленген орынға дайын материалдарды тасымалдау. Экструдер механизмін тазарту және майлау.

Білуі тиіс: экструдирлеу процессінің негізі және оны реттеудің ережесі, негізгі және қосалқы жабдықтың құрылысы және жұмыс мақсаты, көтеру-тасымалдау механизмдерімен жұмыс істеу ережесі, қарапайым профильдер сапасына қойылатын талаптар.

144. Экструдердің машинисі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Экструдерлерде орташа күрделі профильді ППО-10, ППО-11, ППО-16, ППО-27 немесе пленка құбырын және қабатты материалдарды дайындау, жасанды жіпті және полихлорвинилды, полистирольды, полиэтиленды және басқада қосылыстардан талшықтарды разрядсі жоғары экструдер машинисінің басшылығымен дайындау. Экструдерді жөнге келтіру. Құрылымды дайындау. Экструдерлеу технологиялы режимін реттеу. Дайындалған материалдарды опалау үшін сода немесе тальк дайындау. Экструзия процесінде пленканы опалау. Сода және тальк (диірмен, кептіретін шкаф) дайындайтын жабдықты қызмет көрсету. Орайтын барабанды, шатнгті ауыстыру. Белгіленген орынға дайын материалдарды тасымалдау. Өлшеу. Затбелгілерін безендіру. Экструдер механизмін тазарту және майлау; технологиялық журналға жазу.

Білуі тиіс: экструдирлеу процессінің негізі және оны реттеудің ережесі, негізгі және қосалқы жабдықтың құрылысы және жұмыс мақсаты, қызмет көрсетілетін жабдықты жұмысқа дайындау ережесі, көтеру-тасымалдау механизмдерімен жұмыс істеу ережесі, өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

145. Экструдердің машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Экструдер және экструзиялы автоматты роторлы желіден полихлорвинилді, полистиролды, полиэтиленді және т.б.қосылыстардан күрделі қималы (қуыс, монолитті, жалпақ, гофрирлі ППО-4, ППО-21, ППО-23, ППО-24, ППО-25) профиль, декоративті жапсырма, табандар, пленка және одан парақ, жасанды жіп және талшық, 110 мм диметрге дейін құбыр және т.б. өнімдер жасау. Экструзияға материал дайындау және оны экструдерға мерзімді салып тұру. Экструдерді жұмысқа дайындау: тазарту, қалпақшасын жәнен филерын орнату, тетеіктің қалпақшасын жөнге салу, цилиндрдің аймағын және қалпақшаны қажет температураға дейін қыздыру. Біліктілігі жоғары машинисің басшылығымен экструдер агрегаттын белгіленген параметрлерге келтіру: экструдерді, үрлейтін, кесетін және қабылдап-орайтын құрылғыға, салқындату жүйесіне, бақылау –өлшеу аппараттары. Құрылғы мен құралдарды дайындау. Біліктілігі жоғары машинисің басшылығымен экструдер агрегаты мен экструзионды роторлы жүйені ілеспелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету: шнектің айналымын реттеу, үрленуін, материалдың қалыңдығын, қабылдау-орау және кесетін материалдың жұмысын реттеу. Бақылау –өлшеу құрылғыларының белгіленген технологиялы режимін бақылау. Дайындалып жатқан материалдың сызба және үлгіге сай екендігін мерзімді тексеру. Бобин сызбасы орайтын құрылғы мен дайын бұйым және дайын өніммен. Өлшеу. Таңбалау. Қоймаға немесе ақаулы деп тануға, сорттауға және орауға тапсыру.

Білуі тиіс: экструзияның технологиялы режимі, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы және конструктивті ерекшелігі, қосалқы жабдықтың, әмбебап және арнайы құрылғының белгіленуі, бақылау-өлшеу жабдығы және құралдарының белгіленуі және пайдалану ережесі, етріндіге қойылатын талаптар, өнделіп жатқан ертіндінің физико-химиялы құрамы, шығарылатын материал мен өнімнің сапасына қойылатын талаптар.


жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау