Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы



жүктеу 1,89 Mb.
бет3/11
Дата14.11.2017
өлшемі1,89 Mb.
#410
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Форполимерлеу аппаратшысы
45. Форполимерлеу аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі жоғары аппаратшының басшылығымен монометрді вакуумдау және форполимерлеу процессін жүргізу. Желімдейтін лактарды, перкалиларды, негізді дайындау. Қоймадан силикатты экрандарды, органикалы жастықшаларды алу; экрандарды жуу, кесіктерді қағазбен желімдеу, жастықшаларды пастамен жылтырату. Форамаларды құрастыру, оларды желімдеу, тазарту және оларды құятын орынға тасымалдау. Негізгі шикізаттың компоненттерін мөлшерлеу және оларды реакторға тиеу. Фильтрды, құйғышты дайындау; форполимермен қалыптарды құю. Полимерлеу шкафына тиеу; дайын қалыптарды шкафтан түсіру, сүрту, тазарту және кейінгі өңдеу үшін тасымалдау. Пленкалы желімдеуде – силикатты экрандарды негізбен қаптау. Өнімді пластифицирлі пленкамен жапсыру.

Білуі тиіс: вакуумдау, форполимерлеу технологиялы процесінің негізі, жабдықтарды қолдану ережелерін, желімдеуші лактардың жасалу рецептурасын, негізгі шикізатқа, силикатты экрандарға, органикалы жастықшаларға, дайын өнімдерге қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.

46. Форполимерлеу аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Монометрді вакуумдау және форполимерлеу технологиялы процесін жүргізу. Талдаудың нәтижесі және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша технологиялы процессті қадағалау. Қалыптың шамасын және форполимердің саның есептеу. Калибрлардың көмегімен техникалы өнімдердің формасын құрау. Шикізатты және дайын өнімді есептеу.

Білуі тиіс: вакуумдеу мен форполимерлеу процесінің параметрлерін, шикізаттың және қосалқы материалдардың физико-химиялы құрылымы, дайын өнімге мемлекеттік стандарттар мен техникалық талаптарын.

47. Мипор блоктарын ұрғыш 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қатайтылған мипор блоктарын формасынан шығару үшін станокты әзірлеу. Қатайту камераларынан блоктарды қабылдау. Дайын блоктарды станокта сырғытумен формаларын орнату. Қатайтылған сулы блоктарды қырлы форма қабырғаларынан қолмен істеу арқылы бөліп алу. Форманы тазалауға ұсыну. Блоктарды итергіш станоктарда айналдыру. Түптерді блоктан ажырату және кесу. Түпті тазалауға беру. Блоктарды рамкаға орнату, арабаға тиеу және кептіргішке жіберу. Кезекті өндіру есебін жүргізу.

Білуі тиіс: блоктарды ұру жұмыстарын орындау барысында операциялар реттілігін, дайын өнімнің техникалық шарттарын.

48. Винипласты гофрирлаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әзірлемелерді және виниплас және басқада термопластан өнімдерді арнайы прессте гофрирлау, гофрирлаушы прессті дайындау – берілген температураға дейін жылыту, техникалы талаптарға сәйкес гофтың биіктігін икемдеу, материалды пресске салу. Гофрирлау процесін жүргізу, гофрирлаушы пресстің жұмыс режимін бақылау және реттеу - плиталардың температурасы, өнімнің биіктігі және жалпы өлшемі. Өнімді түсіру және белгіленген орынға қою.

Білуі тиіс: гофрирлау режимі, гофрирлауға арналған материалдарға техникалы талаптары, прессті белгіленген өлшемге икемдеу және оларды реттеудің тәсілдері, дайын өнімге қойылатын техникалы талаптар.

Бөлшектерді жетілдіруші
49. Бөлшектерді жетілдіруші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. R_а 0,32 органикалы шынылардың бөлшектерін болат пластиналармен жетілдіру. Техникалы пластиналарға сәйкес. Қолдан және тік-дискті станокта техникалы талаптарға сәйкес. Станокты және үйкелейтін плитаны жұмысқа дайындау және икемдеу. Бөлшектерді өңдеу режимін орнату. Станокқа және құрылғыға қарапайым жөңдеу жұмыстарын жасау.

Білуі тиіс: жылтырататын тік-дискті станокты және үшкірлейтін-үйкелейтін жабдықтың құрылымын, оргшыныдан бөлшектерді жетілдіру және өңдеу режиміне қойылатын техникалы талаптар, оргшынының физико-химиялы құрамы, жетілдірудің ережесі.

50. Бөлшектерді жетілдіруші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. R_а 0,16 оргшыны бөлшектерін қолдан болат пластиналармен техникалы талаптарға сәйкес жетілдіру. Үйкелейтін плитада бөлшектерді үйкелеу және белгіленген оптикалы көрсеткіштерге дейін жылтырату. Оптикалы көрсеткіштерді проекциялы-айналы құрылғыда тексеру және оптикалы бұзылуларды толықтай жоюдан сәуленің түспеуін толықтай тексеру. Оргшыныны арбаларда немесе тельферлермен апару немесе жеткізу.

Білуі тиіс: проекциялы-айналы құрылғының, көтеру-тасымалдау жабдығының құрылымы, жетілдіретін бөлшектердің жинағы, өнімнің номенклатурасы және олар бойынша оптикалы рұқсатнамалар, оптикалы көрсеткіштерді тексеру ережесі.

51. Бөлшектерді жетілдіруші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Оргшынының бөлшектерін және органикалы және R_а 0,08 силикатты шынылардың жинақтағы бөлшектерді қолдан техникалы талаптарға сәйкес болат пластиналармен жетілдіру. Бөлшектердің оптикалы көрсеткіштерін ығысу бұрышы бойынша келтіру және техникалы талаптардың нормасына сәйкес суретті деформациялау. Бейне деформацияларының оптикалы бұзылуларды түзейту және ығысу бұрыштарын нормадан бөлшектермен қолдан металды пластиналардың көмегімен түзейту.

Білуі тиіс: проекциялы-айналы құрылғының құрылымы, геометриясын және үшкірлеу ережесі және бөлшектерді жетілдіру үшін металды пласиналардың кесетін бөліктерін кайрау, бөлшектердегі оптикалы бұзылуларды қолдан жою тәсілдері, органикалы және силикатты шыныдан желімденген бөліктердің композициялы құрылымын, өнімнің номенклатурасын және оларға оптикалы рұқсатнамалар, металды пластиналарды қайрауға арналған оргшының және пастаның физико-механикалы құрамы.

Қалыптарды полимерлі қоспамен құюшы
52. Қалыптарды полимерлі қоспамен құюшы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құюдың технолггиялы прцесінің жеке операцияларын жүзеге асыру; қосымша, дайындық және қортынды жұмыстарды орындау (мөлшерлеуіштерді толтыру, қалыптарды мөлшерлеуішке немесе калибровкаға жылжыту).

Білуі тиіс: полимерлі қоспамен құю ережесі, жабдықтарды белгілеу, шикізатқа қойылатын талаптар.

53. Қалыптарды полимерлі қоспамен құюшы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Полимерлі қоспаларды қалыптарға құю. Оргшынының әртүрлі номиналы үшін дайындалған қалыптың сапасын тексеру. Қалыптарды құю учаскесіне қалыптарды рольганг бойынша жіберу.

Білуі тиіс: қалыпты дайындау және қалыптарды полимерлі қоспамен құю ережесі және технологиясы, шикізатқа қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттын.

54. Қалыптарды полимерлі қоспамен құюшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Полимердің белгіленген номиналын қатаң түрде сақтай отырып қалыптарды полимерлі қоспамен құю. Зертхананың талдауы бойынша дайындалған полимерлі қоспаның сапасын тексеру. Қоспаларды қабылдау және қалтқы мөлшерлеуіштерді толтыру. Өндіріс журналында жазба жаау. Оргшының әртүрлі номиналы үшін полимерлі қоспаның мөлшерін кесте бойынша есептеу. Технологиялық журналға жазу.

Білуі тиіс: полимерлі қоспаны құю ережесі және технологиясы, қалтқы мөлшерлеуіштердің, аналитикалы таразылардың, қалыптардың құрылымы және жұмыс мақсаты, дайын өнімге мемлекетті стандарттар және техникалы талаптар.

55. Қалыптарды полимерлі қоспамен құюшы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Полимерлі қоспаны құю және қалыптарды калибрлеу жұмыстарын бақылау және үйлестіру. Құю технологиялы процесін бақылау-өлшеу құрылғыларының көрсеткіштері бойынша реттеу. Қалыптарды олардағы ауаның түсуін толықтай жойғанша герметизацялау. Полимерлі қоспаны құю және қалыптарды калибрлеу учаскесінің барлық жабдықтарының жұмысын және жағдайын қадағалау. Қалтқы мөлшерлеуіштердің және рольгангты конвейрдың ұсақ жөңдеу жұмыстары. Құйылған және калибрланған формаларды номинал және партия бойынша мөлшерін есептеу.

Білуі тиіс: қалыпты құю технологиялы процесі, полимерлі қоспаны құю процессін реттеу тәсілі және ережесі, негізгі және қосалқы жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы, дайын өнімге мемлекетті стандарттар және техникалы талаптар.

Пенополиуретан блоктарын әзірлеуші
56. Пенополиуретан блоктарын әзірлеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым жоғарғы аппаратшының басқаруымен көпірту тәсілі арқылы пенополиуретанды дайындау. Машинаны дайындау – механизм жұмысының дұрыстығын тексеру (сорғыны, қоспаны беруді, араластырғышты, каретканы, тасымалдаушыны және т.б.), мөлшерленетін қоспаны дайындау (қыздырту, араластыру). Артқы еніне щектарды және біркелкі көпіртуге арналған бағыттағандарды орнату. Каретка мен тасымалдағышты берілген жылдамдық пен ылди бұрышына күйіне келтіру. Тасымалдағышқа қағаз салу. Тасымалдағышқа қағаздың біркелкі жіберілуін бақылау мен байқау. Сынамалар алу. Өнімнің құрылысын талдау деректері бойынша және көбіктің көтерілуінің дұрыстығы бойынша анықтау. Қайық жұмысын байқау, араластыратын бастиектің камерасын, аралстырғышты, сорғыны, байланысты жуу мен жинау. Технологиялық журналда жазу жүргізу.

Білуі тиіс: пенополиуретан блоктарын дайындаудың технологиялық режимін және процестің мәнісін, құрал-жабдықтың және бақылау - өлшеу құралдарының құрылысын, белгіленуін, блоктарды дайындау үшін бастапқы шикізатқа техникалық шарттарды, алаңдар бойынша технологиялық процессті бақылау тәсілдері, тасымалдағыш пен каретканың жұмысын бақылау ережелерін, сынамаларды алу және өнімнің құрылымын анықтау тәсілдерін, шикізат пен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарды.

57. Пенополиуретан блоктарын әзірлеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көпірту тәсілі бойынша пенополиуретанды дайындау. Машинаны жұмысқа дайындау. Бастапқы өнім маркасына арналған рецептура есебі. Берілген жылдамдық пен ылди бұрышына каретка мен тасымалдағышты қалыпына келтіру. Сорғының қоспаны беру өнімділігін есептеу, изводительности насоса подачи смеси, басқару қалқанынан машина механизмдерін жұмысқа бағыттау (гидравликаны, араластырғышты, қоспа беру сорғысы, тасымалдағышты). Технологиялық процессті жүргізу - реакциялық алаңдармен машинаның жұмыс тәртібін бақылау (құю, көбіктендірудің басталуы, қоспаның қатаюы), тасымалдағышқа қағаздың біркелкі жіберілуін байқау мен бақылау, байқауларды таңдау, Өнімнің құрылысын талдау деректері бойынша және көбіктің көтерілуінің дұрыстығы бойынша анықтау, қоспаның қызуын, каретка мен тасымалдағышқа жылдамдық пен еңіс бұрышын бақылау. Технологиялық журналда жазу жүргізу.

Білуі тиіс: пенополиуретан блоктарын дайындаудың технологиялық режимін және процестің мәнісін, құрал-жабдықтың және бақылау - өлшеу құралдарының құрылысын, белгіленуін, қоспа беру сорғысы өнімділігін есептеу тәсілін, блок сынамаларын сұрыптау әдістемесін, машина механизмдерін баптау әдістерін, шикізат пен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттар.

Пластмассалардан құбыр тораптар мен бөлшектер әзірлеушісі
58. Пластмассалардан құбыр тораптар мен бөлшектер әзірлеушісі 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алдын ала қыздырусыз қарапайым бейімделулермен қолдан пластмассадан жасалған қарапайым бұйымдарды майыстыру. Бұйымдарды жұмыс орнына алып келу. Бұйымдарды бейімделулерге салып беру. Бұйымдарды шешіп алу. Ыдысқа салу. Бекітілген орынға апарып салу.

Білуі тиіс: алдын ала қыздырусыз пластмассадан жасалған бұйымдарды майыстыру тәсілі мен негізгі құралдар, бейімделулер мен құқрал-саймандармен жұмыс істеу ережелерін.

Жұмыс мысалдары

Қырқалар мен тарақтар – шеткі ұштарын майыстыру.

59. Пластмассадан құбыр тораптар мен бөлшектер әзірлеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шаблон бойынша пластмассадан жасалған бұйымдар мен құбыр тораптарын дәнекерлеу ге, жабыстыруға, майыстыруға және басқа байланыстыруларға дайындау. Жеткізу партиялары бойынша, сыртқы беттері бүлінуісіз, үлгілі байланыстыру бөлшектері мен құбырларын таңдау. Тегістейтін қабықшамен дәнекерленетін шеттері мен пластмассалық құбырлардың мен үлгілі байланыстыру бөлшектерін өңдеу. Дәнекерлеу құралын тазарту. Пластмассадан жасалған бұйымдарды термошкафтарда, ыстық суымен астауда қыздырту және т.б. бір кеңістікте немесе машинада бір немесе бір неше бүсісі бар бейімделулер көмегімен шаблон бойынша майыстыруда. Қарапайым үлгі бойынша белгілеу. Майыстырудан кейінгі түйістірілінетін бөлшектерді қалыптастыру.

Білуі тиіс: пластмассадан жасалған бұйымдар мен құбыр тораптарын дайындаудың технологиялық процесін, қолданылатын үлгілі байланыстыратын бөлшектер мен арматураның түрлерін, бұйымдар мен пластмассадан жасалған құбырлардың торабын өңдеу мен байланыстыру әдістерін, пластмассалы құбырлардың кемшіліктері мен олардың сапасына жасалатын ықпалы, пластмассадан жасалған құбыр тораптарын дайындағанда қолданылатын нығыздату және қосымша материалдардың қасиеттерін.

60. Пластмассадан құбыр тораптар мен бөлшектер әзірлеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Слесарлық аспап көмегімен бұйымдар мен пластмассдан қолдан жасалған құбыр тораптарын дайындау барысындағы қарапайым жұмыстарын атқару. Резиналы нығыздаушы шығыршықтармен байланыстыру үшін құбырларды кесу және жүздерін шешу. Пластмассалы құбырларда тесік бұрғылау. Құбырладды дәнекерлеу астына қаспақ тік қою. Құбырларды дәнекерлеу астына қонышқа шеттерін ұштау. 50 мм сыртқы диаметріне дейін пластмасса құбырларын майыстыру.

Білуі тиіс: бұйымдар мен пластмассадан жасалған құбыр тораптарын дайындау технологиялық процесін, қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтардың құрылысын және пайдалану ережесін, пластмассаның негізгі қасиеттерін, пластмасса құбырлары мен үлгілі байланыстыру бөлшектерін механикалық және термиялық өңдеу тәсілдері мен ерекшеліктері, құрал-жабдықтар мен бақылау- өлшеу құралдарын пайдалану шарттарын және белгіленуін.


61. Пластмассалардан құбыр тораптар мен бөлшектер әзірлеуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Арнайы құрал-жабдықтар мен станоктардың көмегімен үлгілер мен сызбалар бойынша бұйымдар мен пластмасса құбырлары тораптарын дайындау барысында орташа күрделі жұмыстарын атқару. Пластмасса құбырларының барлық үлгілі өлшемдерін, ернеулеуін, кертпек немесе қоныш жасақтауын кескіндеу. Пластмасса құбырларының ұштарын калибрлау. әр түрлі құбыр майыстыру құрал-жабдықтарында әр түрлі бейімдеулер арқасында алдын ала қыздырылған пластмасса бұйымдарының әр түрлі кеңістіктерінде күрделі үлгілер бойынша дүркін-дүркін күрделі майыстырулар. Майысқақ бастиектердің барлық диаметрлі және дорндарын орнату. Жоғары жиілікті қыздыратын аппаратын қыздыру үшін қолдану. Белгілеу. Майыстыру құрал-жабдықтарын қалпына келтіру. Күрделі үлгілерді дайындау. Желімді, пісірім, бұрандау, қоныштау, муфталық және басқа байланыстарды сыртқы диаметрі 110 мм арын құбырлары мен сыртқы диаметрі 315 мм арынсыз құбырлар үшін пластмасса құбырларын өндіру. Жеке құбырлар мен пластмасса құбырлары бұйымдарының гидравликалық сынау өндірісі.

Білуі тиіс: бұйымдар мен пластмассадан жасалған құбыр тораптарын дайындау технологиялық процессі, пластмасса құбырларын механикалық және термиялық өңдеуге арналған станок және бейімдеулер қондырғысы, техникалық бұйымдарға қойылатын талаптар, құбырлардың сызықтық ұзындатылу мен өзгеру коэффициенті, құбырлардың гидравликалық сынауы мен пластмасса құбырларының бөлшектерін өндіру тәсілдері мен ережелерін, пластмасса маркаларының негізгі қасиеттерін, дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар.

62. Пластмассалардан құбыр тораптар мен бөлшектер әзірлеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы станоктар арқасында пластмасса құбырларынының әзірлеу және жинақтау күрделі жұмыстарын атқару. кертпек немесе қоныш жасақтауы, ұштарын калиблеу. Сыртқы диаметрі 110 мм астам құбырды майыстыру. Желімді, дәнекерлеу , бұранда, муфталық және басқа сыртқы диаметрі 315 мм дейін пластмасс құбырларын байланыстыру және сыртқы диаметрі 630 мм дейін арынсыз құбырларын өндіру. сыртқы диаметрі 315 мм дейін пластмасса құбырларында әр түрлі компенсаторлар түрлерін орнату. Құбырлар торабын гидравлткалық сынағын жүргізу.

Білуі тиіс: құбырлар материалдары қасиеттеріне байланысты құбырлар торабын пластмассадан дайындау және оларды сынау ерекшеліутерін, конструкциясын және кинематиялық жобаларына қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтарын.

63. Пластмассалардан құбыр тораптар мен бөлшектер әзірлеуші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдар мен пластмасса құбырлар торабын дайындау барысында эксперименталдық және тәжірибелік жұмыстарын атқару. сыртқы диаметрі 315мм астам пластмасса арын құбырлары мен сыртқы диаметрі 630 мм астам арынсыз пластмасса құбырларына арналған үлгілер мен сызбалар және макеттер бойынша үлкейтілген тораптар мен блоктарды дайындаудағы құбырларды термиялық өңдеу және дәнекерлеу. Құбырлардың қабырғаларының жуандығы мен диеаметрімен байланысты дәнекерлеу тәртіптерінің тиімді есептеуі. Пластмасса құбырлар торабының байланыстарынының сапасын көзбен анықтау,табылған жинақтау ақауларының жою. Пластмасса құбырлары торабында барлық компенсаторлар мен арматура үлгі өлшемдерін орнату.

Білуі тиіс: бұйымдар мен пластмасса құбырлар торабын дайындау технологиясын, пластмасса құбырлары мен арматураның физика-химиялық және технологиялық қасиеттерін, пластмасса трубаларын термиялық өңдеу әдістерін, труба бөлшектерін жинақтау ерекшеліктерін, ақаулықтарды жою, сапа бақылау әдістерін.

Көбіктенетін материалдан бұйымдар жасаушы
64. Көбіктенетін материалдан бұйымдар жасаушы 2-разряд
Жұмысқа сипаттама. Полистеролдан және басқада көбіктентін материалдан пресс-формада өнімдерді дайындау. Көбіктенетін материалдарды дайындау (түйіршектерді илеу, оларды бояу, алдын-ала көпірту, кептіру, мөлшерлеп бөлу). Пресс-форманы көпіртуге дайындау, пресс-форманы ысыту. Алдын ала бумен көбіктендірілген гранулалар мен пресс-формаларын салу және бұйымдарды дайындау. Үзіндінің температурасы мен уақытын байқау мен бақылау. Пресс-формаларын жіктеу. Дайын бұйымдарды пресс-формадан шешу.

Білуі тиіс: көбіктендіру тәртібін бақылау әдістері, дайын бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар, материалдарды пресс-формаға салу әдістері мен даыйн бұйымдарды шешіп алу, көбіктендірілген материалдардың химиялық құрамы мен физикалық - химиялық қасиеттерін, дайын өнімдерге қойылатын технкалық талаптар.

Жұмыс мысалдары

Дайындау


1) Жылу оқшаулағыш блоктар;

2) Жүзу тақтайлары;

3) Жүзу қабілеті көлемі;

4) Қалқалар;

5) Құтқару белдемелері.

65. Көбіктенетін материалдан бұйымдар жасаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Автоматты формалаушы машинадағы пресс-формаларда ыстық формалау әдісімен көбіктенетін материалдан өнімдерді жасау процесін жүргізу. Ыстық пресстеу әдісі арқылы блокты пеноплостиролдан декоративті дайындама бетін формалау технологиялық процесін жүргізу. Декорды дайындама үстіне декорациялаушы қыздырылған плита көмегімен түсіру. Сапа бақылауы, сұрыптама, дайын өнімді орау. Декорге сәйкес орамаларды маркирлеу.

Білуі тиіс: көбіктенетін материалдан өнім даярлау технологиясын, декорды дайындама үстіне жағу технологиясын, формалаушы машина құрылғылары мен жұмыс принциптерін, дайын өнім сапасына қойылатын техникалық талаптарды, дайын өнімдерді орау мен сұрыптау ережелерін.

Жұмыс мысалдары:

Дайындау


1) Пенополистиролдан жасалатын декоративті бұйымдар;

2) Пенополистиролдан жасалатын декоративті плиталар.

66. Органикалық шыныдан бұйымдар жасаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пресс-формада ауаны қысу әдісі арқылы органикалық шыныдан орта күрделіліктегі және күрделі конфигурациялы бұйымдарды әзірлеу. Электрпеште органикалық шыныдан дайындамаларды қыздыру. Абразивті құрал-сайманды қолдану арқылы кесінділерді тазарту, пресстеу. Бұйым үсті механикалық ақаулықтарды жою. Органикалық шыныдан бұйымдарды станокта немесе қолмен істеу арқылы жылтырату.

Білуі тиіс: пресстің, электрпешінің, станок пенбасқа да жабдықтар мен бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принциптерін, компрессорлы қондырғының тағайындылығын, органикалық шынының физикалық-химиялық қасиеттерін.

Қарапайым конфигурациялы органикалық шыныдан жасалған бұйымдарды пресстеу мен жылтыратуда немесе тек жылтырату жұмысын жасауда - 3-разряд

Фторпласттан бұйымдар әзірлеуші


67. Фторпласттан бұйымдар әзірлеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Термошкафтардағы экстрагирлеу майлауынан кейін фторпласт таспасын кептіру. Термоөңдеуден кейін фторпласт бұйымдарын тазалау; облой мен литниктерді жиектеу. Асбест материалын пішу, фторпласт суспензиясын сіңдіру.

Білуі тиіс: жабдық жұмыс принципін, фторпласт таспасының, фторпласт бұйымдарының негізгі қасиеттерін.

68. Фторпласттан бұйымдар әзірлеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Фторпласт таспасын орау және гидростатикалық пресстеу әдісі арқылы фторпласттан қарапайым конфигурациялы бұйымдарды әзірлеу. Гидравликалық пресстерде пресстеу арқылы бұйымдарды әзірлеу. Экстарзионды машиналарда кескінделген термоқңделмеген бұйымдарды әзірлеу, бұйымдарды майлау. Шауып түсіру пресстерінде фторпласттан бұйымдарды кесу. Өңдеуге фторпласттарды дайындау: бұйымға сай партия бойынша ұнтақ таңдап жинақтау, арнайы бұйым түрлеріне қоспа әзірлеу (күдіргі, труба, түтік т.б). Арнайы агрегатта фторпласт таспасын кептіру. Түрлі өңдеудегі фторпласттарды, оның қалдықтарын, композицияларын пластмассты роторлы ұсақтағыштарды ұсату. Жабдық ақаулықтарын жою. Қалдықтарды қайта өңдеуге дайындау.

Білуі тиіс: пресс, агрегат, экструзионды машиналардың жұмыс принципін, бақылау-өлшеу аспаптарының тағайындылығын, фторпласттарды басу арқылы өңдеудің ерекшеліктерін, органикалық химия негіздерін.


69. Фторпласттан бұйымдар әзірлеуші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Құю машиналарында фторпласттан, плунжерлі экструзия әдісі арқылы гидравликалық пресстердің көпорынды пресс-формалардағы фторпластты композициялардан қарапайым бұйымдарды әзірлеу. Фторпласт таспасын орау және гидростатикалық пресстеу әдісі арқылы фторпласттан күрделі бұйымдарды ыстық және суық қалыптау негізінде әзірлеу. Жаншып үгіткіштерде фторпласт пластиналарын жаншып қақтау. Қалдықтарды роторлы ұсақтағыштарда және жіңішке ұнтақтау диірмендерінде қайта өңдеу. Қоспалауыш қондырғыларында фторпласт пленкасы үшін фторпласт композициялары мен қоспаларын даярлау. Экструзионды машинада қоспалардан күйдіргі дайындау. Қосбілікшелі илемді станокта күйдіргіден фторпласт таспасын дайындау. Фторпласт таспасынан вазелин майының экстрагирленуі, перхлорэтиленнің қалпына келуі. Таспаны қайта орау машинасында қайта орау. Қарапайым бұйымдарды блокка пресс-формаларда және пакеттерде дайындау. Стационарлы пресс-формаларды орнату және қондыру. Диаметрі 400 мм дейінгі түрлі бұйымдар мен бөлшектерді жиектеу.

Білуі тиіс: жабдық құрылғылары мен реттеу ережелерін, бақылау-өлшеу аспаптарының тағайындылығын, фторпласт қасиеттері мен оларды өңдеу ерекшеліктерін, шикізатқа қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын, органикалық химия негіздерін.

70. Фторпласттан бұйымдар әзірлеуші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үрлеуіш агрегатта, микропроцессормен жабдықталған құю машиналарында фторпласт бұйымдарын әзірлеу. Плунжерлі экструзия әдісі арқылы жоғары дәлдікті бұйымдарды әзірлеу. Гидростатикалық пресстеу арқылы металликалық арматурасы бар көпқабатты бұйымдарды әзірлеу. Кесу машиналарында фторпласт таспасын кесу. Істеліп аяқталған перхлорэтиленді айдау. Ыстық қалыптау үшін қалыпты орнату мен жөңдеу. Кеңауқымды бұйымдар (диаметрі 400 мм аса) мен күрделі конфигурациялы бұйымдарды жиектеу. Суыту жүйесімен жабдықталған қоспалауышта фторпласт композицияларын әзірлеу. Активация қондырғысында фторпласт композициясының таспасын разряд арқылы өңдеу. Жіңішке ұсақтау қондырғысында фторпласттан ұнтақ даярлау. Компьютерді қолдана пештерде термоөңдеу режимін жүргізу.

Білуі тиіс: жабдық құрылғысы мен кинематикалық сызбасын, фторпластты қайтаөңдеу әдістерін, пластмасс бөлшектерді өңдеу параметрлері жөнінде негізгі мәліметтерді, сызбаларды оқу ережелерін, бйорганикалық химия негіздерін, шикізатқа қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.

71. Фторпласттан бұйымдар әзірлеуші 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмысқа тиімді жағдай туғызу мақсатында, фторпласттан бұйым дайындау процесін реттеу мен жабдықтарды жөңдеу. Көзбен шолу арқылы өнім даярлығын анықтау. Фторпласт бұйымдарын даярлау технологиялық процесін одан әрі жетілдіру. Бұйымдардың жаңа түрлерін жасау технологиялық процесс ерекшеліктерін технологиялық журналға белгілеп отыру және зерттеу. Шикізат шығыны мен дайын өнім шығарылымын есепке алу. Тәжірибелі өндіріс қондырғысының монтажы мен демонтажына қатысу.

Білуі тиіс: жабдықтардың конструктивті ерекшеліктерін, бақылау-өлшеу аспаптарының және автоматиканың жұмыс принциптерін, массаларды өңдеудің технологиялық ерекшеліктерін, қажетті көлемде органикалық химияны.

Орау әдісімен бұйымдарды әзірлеуші


жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау