ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚР БжҒМ Республикалық оқу әдістемелік кеңесінің сәулет-құрылыс және дизайндық бейін мамандықтары бойынша оқу әдістемелік бірлестігі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОРПОРАЦИЯСЫ
ЕРЕЖЕ
сәулеттік-құрылыс және дизайнерлік бағыттағы мамандықтар бойынша бітірушінің біліктілік жұмысын Республикалық байқау-конкурсы бойынша
Алматы 2014
Жалпы ереже
Бітірушінің біліктілік жұмысын байқау-конкурсы (әрі қарай конкурс) оқуды ағымдағы жылы бітірген ЖОО түлектерінің арасында жүргізіледі. Конкурстың мақсаты мамандарды дайындау сапасын арттыру, студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту, сондай-ақ жалпы тәрбиелеу және ғылыми-әдістемелік шаралар кешенінің шеңберінде оқу және өздігінен дайындалу жұмыстарын жетілдіру болып табылады.
Конкурстың мәртебесі Республикалық дәрежеде және ол Қазақ бас сәулеттік-құрылыс академиясының (ҚазБСҚА) негізінде жыл сайын күзгі семестрде өткізіледі. Конкурстың ресми тілдері – қазақ, орыс және ағылшын.
Конкурстың жұмысшы органдары
Ұйымдастыру комитеті
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып ҚазБСҚА президенті, орынбасары – бірінші проректор, жауапты хатшысы – Ғылыми орталықтың директоры, мүшелері – Сыртқы байланыс және студенттік сұрақтар, пайдалану бойынша проректорлар, Сәулет, Дизайн, Жалпы құрылыс, Құрылыс технологиясы, инфрақұрылым және менеджмент факультеттерінің декандары мен ассоциирленген профессорлары табылады.
Сонымен қатар ұйымдастыру комитетінің құрамына қоғамдық ұйымдар мен студент жастар Комитетінің өкілдері де кіруі мүмкін. Ұйымдастыру комитеті бітірушілердің біліктілік жұмысының конкурсын өткізу бойынша шараларды өңдейді, өткізу мерзімін анықтайды, бағдарлама жасақтайды және конкурстың қалған жұмысшы органдарын қалыптастырады.
Конкурсты өткізудің тікелей алдында және оның өткізу кезіндегі жұмыстарда ұйымдастыру комитеті конкурсқа қатысушыларды орналастыру және азықтандыруды, диспозициялық залдарды дайындауды қамтамасыз ету, техникалық құралдар мен шығын материалдарымен қамту, оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, конкурсты өткізу ретін сақтау, экпозициялардың бүтіндігін қамтамасыз ете отырып, конкурс шараларын қаржыландыру үшін бюджеттен тыс құралдарды тарту бойынша қажетті шараларды жүргізеді.
Тіркеуші комиссия
Тіркеуші комиссия ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен құралады. Бұл комиссияның функциясына кіретіндер:
2.2.1 Конкурсқа қатысушыларды тіркеу, құжаттарды берілген өтініштің мәліметтерімен салыстыру, қатысушыларды орналастыру мен азықтандыру бойынша құжаттар беру, сондай-ақ конкурс бағдарламасымен таныстыру, іс сапарлық куәліктерге белгі соғу, қажеттілігіне қарай визалық тәртіп бойынша көмек көрсету.
2.2.2 Конкурсты өткізу шартының осы Ережемен сәйкестігін тексеру.
2.2.3 Әрбір жұмыспен алынған бағаны қою және оларды хаттамаға енгізу.
Тіркеу комиссиясының шешімі хатталады және конкурсты өткізу бойынша есепке енгізіледі.
Жюри
Шығармашылық мамандықтар бойынша бітіру жұмысын бағалау үшін қоғамдық референтура құрылады. Оның құрамына шығармашылық одақтар мен сәулеттік-дизайндық компаниялардың беделді мамандары мен тәжірибелі жетекші мамандар енгізіледі.
Инженерлік мамандықтарды бітірушілердің біліктілік жұмысын конкурстық комиссия бағалайды, оның құрамына құрылыс мекемелері мен фирмаларының жетекшілері мен беделді мамандары және бітірушілерге жұмыс орнын ұсынушы негізгі жұмыс берушілер енгізіледі. Сонымен қатар қоғамдық референтура және конкурстық комиссия құрамына қатысушы ЖОО және ҚазБСҚА өкілдері кіреді.
Жюри функциясына кіреді:
- байқау-конкурсты өткізу бойынша жұмыстарды координациялау;
- қатысушылардың жұмыстарын тексеру және бағалау;
- байқау-конкурсты өткізу нәтижелері бойынша қорытынды құжаттарды дайындау;
- байқау-конкурсты өткізу бойынша басқа да мәселелердің шешімдері және оларды қорытындылау.
Жюри шешімі хатталады және жюри төрағасы мен мүшелерінің қолдары қойылады.
Апелляциялық комиссия
Апелляциялық комиссияны ҚазБСҚА-ның мейлінше білікті және беделді мамандарының біреуі басқарады. Апелляциялық комиссия құрамына сондай-ақ қоғамдық референтура мен конкурстық комиссияның өкілдері және қатысушы ЖОО өкілдерінен біреуі (ұйымдастыру комитетінің шешімімен) енгізіледі.
Апелляциялық комиссия функциясына кіреді:
- Конкурсанттармен берілген апеллияцияны қарау.
- Қайта қаралған жұмыстардың бағасын сақтау немесе өзгеріс енгізу.
Комиссия апелляцияға берілген жұмыстың бағасын көтеруге, сол күйінде қалдыруға немесе төмендетуге құқылы.
Комиссия жұмысы хатталады және апелляциялық комиссияның төрағасы мен мүшелерінің қолдары қойылады.
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу реті
Өтініштерді қабылдау және тіркеу
Дипломдық жобалардың байқау-конкурсына қатысу үшін өтініш берудің соңғы мерзімі (deadline) - байқау-конкурсын өткізуге екі апта қалғандағы уақыт болып табылады.
Конкурсқа қатысушылардың әрбір номинация бойынша жеткіліктілігін қамтамасыз ету үшін мынадай шарт қолданылады: конкурсқа кемінде екі ЖОО қатысу керек және конкурсқа өткізілген жұмыс саны 5-тен кем болмаған жағдайда ғана ұсынылған номинация бойынша конкурс өткізілді деп есептеледі.
Қатысушы ЖОО ҚазБСҚА-ға конкурсқа қатысу жөнінде өтініш жолдайды, онда студенттің аты-жөні және бітіру жұмысының тақырыбы көрсетіледі. Өтініште сондай-ақ бітірушінің біліктілік жұмысының жетекшісінің аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы және қызметі көрсетіледі; жұмысты конкурсқа жеткізуші оқытушының да аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен атағы, қызметі көрсетіледі (1 және 2 қосымша).
Конкурсқа жіберілетін жобалардың сандық нормасын (15 бітірушіге 1 жұмыстан келетіндей) сақтау үшін қатысушы ЖОО білім алушылардың контингенті мен әрбір мамандық (мамандану) бойынша соңғы жылы бітірген түлектер саны бойынша сенімделген анықтама және оқыту ұзақтығы бойынша ақпарат (бекітілген жұмыстық оқу жоспарының көшірмесін) тапсырады.
«Сәулет» және «Дизайн» мамандықтары бойынша дипломдық жобалардың экспозициялық бөлімдері өлшемдері 80х60см планшетпен көрсетіледі (орыс және ағылшын тілінде жазылған аңдатпасымен бірге), инженерлік мамандықтар бойынша түсіндірме жазбалар болуы керек. Инженерлік мамандықтар бойынша дипломдық жобалардың графикалық бөлімдері А3 және А4 форматында көрсетіледі, сонымен қатар конкурсқа жіберілетін жобалардың графикалық материалдары CD-ДИСК-ге (JPG немесе TIF форматында) жазылып және осы жұмыстардың бірыңғай тізімі DOC форматындағы «Microsoft Word» мәтіндік редакторымен тапсырылуы керек.
Конкурсқа қатысуға беркітілген талаптарға сай жасақталған, орыс/қазақ және ағылшын тілінде жазылған жұмыстар жіберіледі. Аударма жұмыстар беркітілген арнайы терминологиялық сөздіктер негізінде орындалуға тиісті.
Тіркеу комиссиясы берілген өтініштің конкурсқа қатысушының құжаттарымен сәйкессіздігін анықтаған жағдайда, бұндай жұмыстар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушылар ҚазБСҚА-ға келген бойында тіркеуші комиссияға белгіленеді, белгі соқтыру үшін іссапарлық куәліктерін тапсырады, қажеттілігіне қарай визалық тәртіптің мәселелерін шешеді, орналасу мен азықтануға қажетті құжаттар мен конкурсты өткізу бағдарламаларын алады. Осыдан кейін ҚазБСҚА қызметкерлерінің көмегімен өздерінің экспозицияларын арнайы белгіленген жерге орналастырады.
Критериялық бағаларды талқылау
Тіркеу және орналасу мәселелерінен кейін қоғамдық референтура мен конкурстық комиссияның мәжілістерінде бітірушінің біліктілік жұмысының критериялық бағалануы талқыланады.
Конкурсты өткізу
Жұмыстарды бағалау қоғамдық референтура мен конкурстық комиссияның шешімімен конкурстың екінші күні өткізіледі, онда конкурсқа өткізілген жұмыстар баллмен бағаланады.
Конкурсқа жіберілген дипломдық жобалар, конкурстың түпкілікті қорытындысы шығып, оның нәтижелері жария болғанға дейін, өзінің орналасқан экспозициясында қалады.
Шешім хатталады және жюри мәжілісінің хаттамасына енгізіледі.
Қажет болған жағдайда, қоғамдық референтура мен конкурстық комиссияның төрағалары апелляциялық комиссияға өтініш қабылдайды.
*ОӘБ мүшелік жарнасын төлеу бойынша қарыздар ЖОО дипломдық жобалары, байқау-конкурсқа қатысуға тек қабырғалық баяндама ретінде танысу үшін ғана жіберіледі.
Конкурс қорытындысын шығару реті
Жүлделі орындар номинациялар бойынша бөлінеді (3 қосымша), жүлделі орындар саны әрбір номинация бойынша қатысушылар санына байланысты анықталады: I орын – 7%; II орын – 14%; III орын – 21%.
Қорытынды мәжілісте конкурс нәтижелері қарастырылады, конкурсты ұйымдастыру бойынша пікірлер мен хабарламалар тыңдалады, конкурсты ұйымдастыруды жетілдіру бойынша кеңестер қабылданады.
Конкурсты қорытындылау жұмысын ұйымдастыру комитетінің төрағасы атқарады. Сәйкесті номинациялар бойынша жүлделі орын алған студенттерге конкурс лауреаты деген атақты салтанатты түрде табыстайды және дипломдармен марапаттайды.
Конкурсты материалдық тұрғыдан қамту
Бітірушілердің біліктілік жұмысының байқау-конкурсын дайындау және өткізуді қаржыландыру ҚазБСҚА есебінен, білім беру мекемелерінің қамқоршылары, ОӘБ мүше ЖОО мүшелік жарналары, демеушілер жарнасы және жеке тұлғалардың көмегі есебінен жүзеге асырылады.
Конкурстық жұмыстар авторлары мен жұмыстарды жеткізуші оқытушылардың іссапарлық шығындарын төлеу қатысушы ЖОО жүргізіледі.
Конкурсты өткізуге кететін шығындар сметасы ұйымдастыру комитетімен жасақталады және ұйымдастыру комитетінің төрағасымен беркітіледі.
Қосымша 1
Конкурсқа қатысуға өтініш
№
|
Мамандық
|
Номинация
|
ДЖ тақырыбы (орыс/қаз,
ағылш)
|
Дипломшының аты-жөні (орыс/қаз,
ағылш)
|
Жетекшінің аты-жөні
(орыс/қаз,
ағылш)
|
Елі
|
Қаласы
|
ЖОО (толықтай және аббревиатура)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша 2
Дипломдық жобаның авторы, жобасы және ғылыми жетекшісі жөніндегі мәліметтер
Автор (лар) (Аты-жөні толықтай) ___________________________________________________
Ғылыми жетекші (Аты-жөні толықтай, жұмыс орны, қызметі, ғылыми дәрежесі мен атағы) _________________________________________________________________________
Жобаның аталуы ________________________________________________________________
Жұмыстың мақсаты, мәні, орындалу әдістемесі және шығу нәтижелері _____________________
________________________________________________________________________________
Саны:
қосымшалар________________________________________________________________
кестелер_____________________________________________________________________
суреттер___________________________________________________________________
әдебиеттер ____________________________________________________
Қорғаған жылы ____________________________________________________________________
Жоба сипаты ________________________________________________________________
Аңдатпа (1 мәтіндік бетке дейін, орыс/қазақ және ағылшын тілдерінде) ________________________________________________________________________________
Жұмысты конкурсқа жеткізуші оқытушы (Аты-жөні толықтай, жұмыс орны, қызметі, ғылыми дәрежесі мен атағы) ________________________________________________
|
Қосымша 3
«СӘУЛЕТ» мамандығы
Номинациялар:
- «Қала құрылысы» - 1-ші орын, 2-ші орын, 3-ші орындар үшін дипломдар;
- «Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар сәулеті» - 1-ші орын, 2-ші орын, 3-ші орындар үшін дипломдар;
- «Қайта құру, қайта әрлеу» - 1-ші орын, 2-ші орын, 3-ші орындар үшін дипломдар;
- «Ландшафттық сәулет» - 1-ші орын, 2-ші орын, 3-ші орындар үшін дипломдар.
|
« ДИЗАЙН» мамандығы
Номинациялар:
- «Сәулет дизайны» - 1-ші орын, 2-ші орын, 3-ші орындар үшін дипломдар;
- «Графикалық дизайн» - 1-ші орын, 2-ші орын, 3-ші орындар үшін дипломдар;
- «Өнеркәсіптік дизайн» - 1-ші орын, 2-ші орын, 3-ші орындар үшін дипломдар;
- «Сән дизайны» - 1-ші орын, 2-ші орын, 3-ші орындар үшін дипломдар.
|
«ҚҰРЫЛЫС» мамандығы
Номинациялар:
- «Ғимараттар мен имараттарды жобалау және есептеу» - 1-ші орын, 2-ші орын, 3-ші орындар үшін дипломдар;
- «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» - 1-ші орын, 2-ші орын, 3-ші орындар үшін дипломдар;
- «Инженерлік жүйелер мен желілер» - 1-ші орын, 2-ші орын, 3-ші орындар үшін дипломдар.
|
«ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ, БҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫН ӨНДІРУ» мамандығы- 1-ші орын, 2-ші орын, 3-ші орындар үшін дипломдар.
|
«АҒАШ ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ АҒАШТАН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАР» мамандығы - 1-ші орын, 2-ші орын, 3-ші орындар үшін дипломдар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |