72. Орау әдісімен бұйымдарды әзірлеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі сіңдірілген материалдардан құбырлар мен турбоайналдыру машинасында цилиндрларын дайындау процессін жүргізу дайындық жұмыстарын атқару. машинаны дайындау және жұмысқа арналған қосымша бейімдеулер. Айландыру процессін жүргізу: машинаны бумен немесе білікше электр энергиясымен жылыту;, айналдырылатын материалдың тартылуын бақылау; айналып тұрған білікшенің айналыс санын бақылау.
Білуі тиіс: орау әдісінің негізгі кезеңдерін, орау машинасының құрылғылары мен жұмыс принциптерін, бам бен цилиндрлерді даярлауға қойылатын талаптар.
73. Орау әдісімен бұйымдарды әзірлеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі сіңдірілген материалдардан турбоорауыш машинада орауыш әдісімен қышқыл берік және электрлік оқшаланған құбырларын дайындау. Машина мен қосымша бейімдеулерді жөнге келтіру. Орауыш процессін байқау.
Білуі тиіс: турбоорауыш машинасының құрылымы және бақылау-өлшеу құралдарын, технологиялық процесстер негіздерін, негізгі және көмекші материалдардың физикалық - химиялық қасиеттерін, қызмет көрсетілетін механизмдерінің жөнге келтіру ережелері.
74. Орау әдісімен бұйымдарды әзірлеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. турбоорауыш машинасында әр түрлі сіңдірілген материалдардан цилиндрлар дайындау. әр түрлі диаметрлі, әр түрлі артикулды сіңдірілген матадан үлгілі станокта мәтін құюшы төлкеге орау. Орау процессін байқау және температурасын, жылдамдыған, тартылымын, әдібін бақылау. Гидравликалық пресстарда оралған дайындамаларды престеу. Құралдар бойынша престеу процессін жүргізу. Кабестаннан бұйымдарды шешу. Құрал-жабдықтардың пресс-формасы қосылатын жерде төлке тігісі бойынша стаканды тазарту. Технологиялық журналдарын толтыру.
Білуі тиіс: әр түрлі құрылымны машиналарда бұйымдардың барлық түрлерін орау, құрал-жабдықтар құрылысын және жұмыс істеу қағидасын, даярланған бұйымдарға қойылатын талаптары мен белгілулер, бастапқы материалдарға қойылатын талаптар.
Фторпласт таспасын әзірлеуші
75. Фторпласт таспасын әзірлеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жанышқышта дөңгелетіп кеңейту экструзиясы тәсілімен фторпласт таспасын дайындау барысында жеке операцияларын атқару. қоспаны дайындау, ұнтақты елеу. Оны вазелин майымен араластыру. Құрал-жабдықтарды таблеткалау мен экструзияға дайындау . Жанышқыштарға бауын жіберу. Жаю және таспаны алу. Таспаны кеспе машинасына жіберу. Оны бекітілген жолақтарға кесу.
Білуі тиіс: таспаны дайындау барысында операциялардың жүйелігі мен құрал-жабдықтарды жөңдеу тәртібі, қоспаны дайындау барысында фторпласт ұнтағы мен вазелин майы компоненттерін есептеу, құрал-жабдықтардың құралымы – гидропресстердің, жанышқыштардың, кеспе машинасының және олардың жұмыс істеу қағидалары, дайын өнімге қойылған техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.
76. Фторпласт таспасын әзірлеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жанышкышта дөңгелектеп кеңейту экструзия тәсілімен нығыздатылған материалдан фторпласт таспасын дайындау. Құрал-жабдықтарды таблеткалау мен экструзияға дайындау. Таблеткаларды дайындау. Экструзия мен бауын дайындау технологиялық процесін дайындау - құрал-жабдықтардың жұмыс тәртібін бақылау. Жанышқыштарға бауын жеткізу. Жаю және таспаны алу. Таспаны кеспе машинасына жіберу, оны бекітілген жолақтарына кесу. Дайын өнім шығару есебі.
Білуі тиіс: фторпласттан таспа дайындаудың технологиялық процесін, жабдық құрылғылары мен жұмы принциптерін, қоспа дярлаудағы вазелин майы мен фторпласт ұнтақ компоненттерін есептеу әдістемесін,дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.
Көпқабатты панельдерді өндіруші
77. Көпқабатты панельдерді өндіруші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі жоғары өңдеушінің басшылығымен көпқабатты панельдерді дайындау бөлек операциялау процессін жүргізу. Құбырларды, көбіту агрегатының құбарлы арматурасында қызмет көрсету. Агрегаттың желдеткіш құрылғыларында қызмет көрсету. Алғашқы компоненттерді тиеуге дайындау. Агрегаттың жүйесін ацетонмен жуу. Үлгілерді алу үшін тароны дайындау. Блоктарды жасақтау үшін ажыратқыш қабаттарды жағу. Қолдан құю жұмыстарына қатысу.
Білуі тиіс: агрегаттың жұмыс қағидасы, құбырдың сызбасын, негізіг құбыр тораптарының конструкциясын, құбыр жүйесін қоспадан тазарту тәсілін, жасалатын өнімдерге қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.
78. Көпқабатты панельдерді өндіруші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі жоғары өндірушінің басшылығымен құятын машинада көпқабатты панельдерді өндіру технологиялы процессін жүргізу. Құятын машинаны, кептіру станцияларын, жылуалмастыратын аппараттарды және қалыптарды жұмысқа дайындау. Қоспа жіберетін насостың, араластырғыштың, қоспа қалпақшаның жұмысының дұрыстығын тексеру. Реакциялы қоспаны дайындау: жылыту және компоненттерді араластыру. Араластырғыштың және қоспа жібергіш насосты жұмысқа қосу және тоқтату. Реакциялы қоспаларды формаға құю және оны көпірту. Талдау үшін үлгілерді іріктеу. Құятын машинаны бөлшектеу, жуу, құрау және дайындау.
Білуі тиіс: көпқабатты панельдерді дайындау процессінің негізі, құятын машинаның құрылымының технологиялы режимі, бақылау-өлшеу құралдырының белгіленуі, панельдер дайындау үшін қолданылатын шикізаттың құрамы, құятын машинаны белгіленген параметрлерге икемдеу ережесі, қуат беретін насостың өндірістігін есептеу, үлгілерді таңдау мысалы, құятын машинаны құрау және бөлшектеу ережесі, пенопластпен жұмыс істеуде қысыммен ыдыстарды, электржабдықтарды эксплуатациялау ережесі, пенопластың құрамын анықтау тәсілі.
79. Көпқабатты панельдерді өндіруші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көпқабатты панельдерді дайындау технологиялы процессін жүргізу. Әртүрлі қалыңдықтағы пенопластың және полиэфирактиваторлы қоспаның рецептурасын есептеу. Қоспа жіберетін насостың өндірістілігін есептеу. Бақылау-өлшеу құралдырының көмегімен құятын машинаның жұмыс режимін реттеу. Берілген парамерлерге агрегатты дайындау. Негізгі және қосалқы жабдықта қызмет көрсету. Алғашқы материалдарды техникалы талаптарға және онымен конструкцияның көлемін толтыру сапасын, ақаулардың алдын-алу және жоюға сәйкестігін тексеру.
Білуі тиіс: көпқабатты панельді әртүрлі тәсілмен өндіру технологиялы процессі, жабдықтың және бақылау-өлшеу құрылғыларының сызбасын, мөлшерлеп жатқан компоненттердің әдістемесін, шикізат пен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.
Пластмасса аппаратурасын әзірлеуші
80. Пластмасса аппаратурасын әзірлеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және пластмассадан шағын жауапкершілік жеке бөлшектерін және полимерлік композициялық материалдарды қолдан үлгілер бойынша немесе әр түрлі құрал-жабдықтарда дайындау. Дайындамаларды пішe, таңбалау және бөлшектерді пішіндеу. Бекітілген температура бойынша дайындамаларды қыздыру. Дәнекерлеу , желімдеу немесе бөлшектер мен тораптарды тойтару. Бөлшекткрді жинақтау. Жинақталған торапты, аппаратты, бөлшектерді термиялық өңдеу. Бөлшектердің, тораптар мен аппараттардың сыртын әр түрлі құрал-жабдықтармен механикалық өңдеу.
Білуі тиіс: пласттмасса аппаратурасы мен полимерлі композициялық материалдарды дайындау технологиялық процессін, пластмассадан жасалған аппратураға қойылатын техникалық талаптарды, аппаратура дайындауға қолданатын пластмассадан жасалған материалдардың физикалық - химиялық қасиеттері мен арнауы.
Жұмыс мысалдары
1) Вентильге арналған пластмасса бөлшектері, . қышқыл цилиндрға арналған бөлшектер, бурттар мен құбырлар - дайындау;
2) Люк қақпақтары қақпақтары, шағын габаритті жалпақ қабырғалықтар – қолдан салу;
3) Шасси тіреулерінің цилиндрлер – қолмен орау.
81. Пластмасса аппаратурасын әзірлеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пластмассалардан және полимерлі композициялық материалдан үлгілер, эскиздер, сызулар бойынша орта күрделі аппараттар мен арматураны дайындау. Пластмасса аппаратурасын дайындау үшін материалдың қажетті көлемін есептеу. Дайындалған аппартураны герметикалыққа, ұшқынберік және басқа көрсеткіштерге тексеру.
Білуі тиіс: пластмасса аппаратурасы мен полимерлі композициялық материалын дайындау технологиялық процессін пластмассадан жасалған аппаратураға қойылатын техникалық талаптарды, пластмасса материалдарының физикалық - химиялық қасиеттері мен белгіленуін, материалдың қажетті көлемін есептеу тәсілін, дайындалған аппаратурасының, рецептердің және желім дайындау әдісінің сынау ережелері мен әдістері, пішінді кеспені жасау ережелері.
Жұмыс мысалдары
1) Винипластік банкілер, қаңқасы бар және қаңқасыз сместтительді ванналар, келтек құбырымен коллекторы – дайындау және сынау;
2) Бұрама қалағын - орау;
3) Отводы, гидравликалық тораптың жапқышы, тостағандар - дайындау;
4) Шасси айнала ағу қабырғалығы – қолмен орау;
5) Екі есе қисық шасси жармалары – жинақтау-желімдеу.
82. Пластмасса аппаратурасын әзілеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пластмассалардан және полимерлі композициялық материалдан үлгілер, эскиздер, сызулар бойынша күрделі, ерекше күрделі аппараттар мен арматураны дайындау. Қиын дайындаулары белгілеу, пішу. Қиын бөлшктер мен тораптарлы дәнекерлеу, желімдеп жапсыру. Жиналған торапты, аппаратты термиялық өңдеу. Бөлшектердің, тораптар мен аппараттардың беттерін механикалық өңдеу. Пластмасса аппаратурасын дайындау үшін материалдың қажетті көлемін есептеу. Дайындалған аппартураны герметикалыққа, ұшқынберік және басқа көрсеткіштерге тексеру.
Білуі тиіс: пластмассалық аппаратураны және полимерлі композициялық материалдарды дайындаудың технологиялық процесін, пластмассалардан аппаратураға қойылатын техникалық талаптарды, материалдың қажетті көлемін есептеу тәсілін, дайындалған аппаратураны дайындау ережесі мен тәсілдерін.
Жұмыс мысалдары
1) Винипластан ауаағарлар, фаолиттен барботажды қолшатырлар, фаолитты бейтараптандырғыштар, қақпандар, реакторлар – дайындау және сынау;
2) Фаолиттен адсорбциялық бағаналар, тұғырықтар – дайындау;
3) Радиолокациялық станциялардың айнала аққыштары- есептеу;
4) Қос қисықты, ірі габаритті жүк машиналардың жармасы - құрастыру - жабыстыру.
Сығымдау материалдарын әзірлеуші
83. Сығымдау материалдарын әзірлеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары білікті әзірлеушінің басқаруымен үздіксіз әрекет ететін аппараттарда жекелеген операцияларды немесе кезеңдік әрекеттегі машиналарда сығымдау материалдарын әзірлеудің технологиялық процесін жүргізу. Құрал-жабдықтарды жұмысқа дайындау. Шнек- машинаның механизмдерін бос жүріспен байқау. Компоненттерді тиеу. Алынатын сығымдалатын материалдың маркасына байланысты шнектеу режимдерін байқау. Шнектеу технологиялық режимін бақылау және реттеу. Диірмендерде дайын өнімді ұсату, дайын пресс- материалды себу әдісімен жіктеу және түйіршіктеу. Құрал-жабдықтардың жұмысын және күйін қадағалау. Талдауға сынамалар алу. Шнектеудің сапасын сөзбен анықтау. Құрал-жабдықтарды жұмыс режиміне шығару. Құрал-жабдықтарды. Коммуникациялар жүйесін жұмысқа дайындау. Құрал-жабдықтар мен коммуникацияларды ұсақ жөңдеу. Өндірістік журналда жазу жүргізу.
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын, процестің технологиялық режимі мен реттеу ережесін, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау – өлшеу құралдарының құрылысын. Жұмыс істеу қағидасы мен пайдалану ережесін, арматура мен коммуникациялар сызбасын, процесті фазамен бақылауды жүргізу әдістемесін, талдауға сынамалар алу ережесін, шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.
84. Сығымдау материалдарын әзірлеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Басшылық етумен үздіксіз әрекеттегі аппараттарда сығымдау материалдау дайындау технологиялық процесін жүргізу немесе кезеңдік әрекеттегі машиналарда процесті жүргізу және басқару. Төгілетін компоненттерімен фенолформальдегидті байланыстырушылардың балқымаларын араластыру, гомогендеу және алдын ала қатайту. Фенопласттар өндірісінің газды қалдықтарын каталитикалық зиянсыздандыру. Дайын прес - материалды себу әдісімен жіктеу және тұйіршіктеу. Процес параметрлерін бақылау және реттеу. Қажет болса, құрал – жабдықтарды тоқтату, оны қалыпты технологиялық тәртіпке дейін жеткізумен тоқтатқаннан кейін жұмысқа қосу. Бақылау- өлшеу құралдарына және автоматика құралдарына қызмет көрсету, технологиялық режим нормаларынан себептердің алдын алдын алу және ескерту. Каталитикалық залалсыздандыру қондырғысын жұмысқа дайындау, катализаторды тиеу, катализаторды адсорбциялау және регенерациялау процесін жүргізу. Бақылау - өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының көмегімен және химиялық талдаулардың нәтижелері бойынша компоненттердің арақатынасын, газды берулерді және іріктеулерді, скрубберлерде және реактор - адсорберлерде температураны және деңгейлерді реттеу. Скрубберлерге, реакторларға- араластырғыштарға, реактор - адсорберлерге, электрқыздырғыштарға, сорғыларға, турбогазағарларға және басқа құрал-жабдықтарға қызмет көрсету.
Білуі тиіс: өндірістің технологиялыөқ сызбасын, қызмет көрсетілетін процестің мәнісін, негізгі және көмекші құрал-жабдықтардың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын және жұмыс істеу қағидасын, алынатын сығымдалатын материалдың маркасына байланысты шнектеу режимдерін, технологиялық режимді, процесті фаза бойынша бақылау әдістемесін, шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.
85. Сығымдау материалдарын әзірлеуші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз әрекеттегі аппараттарда сығымдау материалдау дайындау технологиялық процесін жүргізу. Тармақтарды, автоматика жүйелерін, коммуникациялар жүйелерін жұмысқа дайындау. Технологиялық процесті қашықтан басқару пультынан реттеу. Технологиялық режим нормаларынан ауытқушылықтарды анықтау және жою, құрал-жабдықтар мен коммуникациялардың жұмысындағы ақаулықтарды жою. Қажетті шикізаттың мөлшері мен дайын өнімнің шығымын есептеу. Құрал-жабдықтар мен коммуникацияларды ұсақ жөңдеу. Технологиялық журналда жазу жүргізу.
Білуі тиіс: пресс – материалдарды өндірудің технологиялық процесін, негізгі шикізатты қабылдау және мөлшерлеу ережесін, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын және жұмыс істеу қағидасын, арматуралар мен коммуникациялар сызбасын, процесті фаза бойынша бақылау әдістемесін, шикізат пен дайын өнімді есептеу әдістерін, шикізат пен дайын өнімге мемлекеттік стандарттарды.
86. Түтіктер дайындаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Созу тәсілімен органикалы шыныдан түтіктер дайындау. Оргшыныны циркульді плитаға апару, оргшынының қағаздарын таңбалау және оргшыныны әзірлемеге кесу. Әзірлеменің тиейтін жиектерін ленталы арада үгіту және аралаудың іздерін жетілдіру. Әзірлемені жылыту, оны конусқа нығайту, конусты және әзірлемені лебедканың көмегімен қалыптастыратын түтікті созу. Дәнекерлейтін роликті орнату және әзірлемені созуды және тігістерді полимерлеу процесін бақылау. Салқындататын құбырларға судың түсуін реттеу. Құбырды шығару, оны конустан арылту, белгіленген өлшемдер бойынша ленталы плитада аралау және дайын құбырларды жәшіктерге салу.
Білуі тиіс: құбырды және оргшыныны дайындаудың технологиялы процесі, ленталы және циркулды плиталардың және лебедканың құрылымы, тігісті полимерлеу және әзірлемені жылыту процесінің режимін реттеу ережесі, бақылау-өлшеу құрылығыларының жұмыс мақсаты, оргшынының физико-механикалы құрылымы, жоғары жиілікті тоқпен жұмыс істеу ережесі.
Фторпласттан құбырлар әзірлеуші
87. Фторпласттан құбырлар әзірлеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Неғұрлым жоғары білікті әзірлеушінің басқаруымен АТФ-100 моделінің жартылай автоматтандырылған агрегатында қалыптау әдісімен әр түрлі диаметрлі фторпласттан құбырлар дайындау. Сығымдау материалдарын дайындау.
Матрицаларды, оправаларды, дорна және басқа жабдықтарды, диірмендерді, тиейтін шұңқырларды және басқаларын дайындау. Диірменге прес - материалдарды тиеу (гидросорғыны қосу және тарту жылдамдығын реттеу). Престі жұмысқа дайындау. Шахталық пешті тиеуге дайындау - қосу, желдету. Престе құбырларды сығымдау процесін жүргізу - престелген құбырдың тарту жылдамдығы мен температурасын реттеу. Шахталық пешке престелген құбырларды тиеу жәнеқұбырларды термоөңдеу процесін жүргізу – пешті тиелген құбырлармен берілген температураға дейін қыздыру, пештегі жылу алмасуды ретеу, пешті суытуға ауыстыру. Кран- арқалықпен құбырларды пештен суыту камерасына ауыстыру. Суытылған құбырды жөнетуден алу. Құбырдың ұштарын домаладу және арнай жабдықта шөрке төсеу. Құбырларды герметикалыққа гидравликалық сынаулар. Дайын ыдыстарды өлшеу, маркалау және ыдысқа орау. Дайындалған құбыр партияларына техникалық құжаттаманы ресімдеу.
Білуі тиіс: фторпласттан құбырлар дайындаудың технологиялық процесін, негізгі матеиалдар мен дайын өнімдерге техникалық талаптарды, агрегаттың барлық буындарының құрылысын және жұмыс істеу қағидасын, КИП көрсеткіштері бойынша агрегатты басқару ережесін, көтеру- тасу құрал- жабдығымен жұмыс істеу ережесін, бастапқы материалдарға қойылатын талаптарды.
88. Фторпласттан құбырлар әзірлеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. АТФ-100 моделінің агрегатында төмен біліктілікті фторпласттан құбырларды әзірлеу жұмыстарына басшылық ету және үйлестіру. Материалдар мен қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтарды жұмысқа дайындау. Шахталық пешке престелген құбырларды тиеу және құбырларды термоөңдеу процесін жүргізу – пешті тиелген құбырлармен берілген температураға дейін қыздыру, пештегі жылу алмасуды ретеу, пешті суытуға ауыстыру. Кран- арқалықпен құбырларды пештен суыту камерасына ауыстыру. Суытылған құбырды жөнетуден алу. Құбырдың ұштарын домаладу және арнай жабдықта шөрке төсеу. Құбырларды герметикалыққа гидравликалық сынаулар. Дайын ыдыстарды өлшеу, маркалау және ыдысқа орау. Дайындалған құбыр партияларына техникалық құжаттаманы ресімдеу.
Білуі тиіс: фторпласттан құбырлар дайындаудың технологиялық процесін, негізгі матеиалдар мен дайын өнімдерге техникалық талаптарды, агрегаттың барлық буындарының құрылысын және жұмыс істеу қағидасын, КИП көрсеткіштері бойынша агрегатты басқару ережесін, көтеру- тасу құрал- жабдығымен жұмыс істеу ережесін, дайын өнімдердің сапасын анықтау тәсілдерін, бастапқы материалдарға қойылатын талаптарды.
Қалыптарды әзірлеуші
89. Қалыптарды әзірлеуші 2-разряд
Жұмысқа сипаттама. Қағазды силикатты шыныдан қағазынан қалыптарды дайындау. Силикатты шынылардың қағазы және дюральді спиртпен сүрту; жарыққа тексеру. Желімді қағазды кесу және стеаринирлау, силикатты шынының қағазды және дюральдің арасына төсемшелер төсеу. Қалыптарды струбциндармен қысу және шыныны қағазбен желімдеу. Желімденген қалыптады кептіретін камераларда кептіру. Жартылайавтоматты канттаушылардың, кептіру шкафтарын, рольгангтарды кептіру.
Білуі тиіс: силикатты шыныдан және қосалқы материалдардан қалып дайындаудың технологиялы процесінің негізі, қолданылып жатқан қағаздарды және резеңке түтіктердің калибры, қалыптарды белгілеу және оларға техникалы талапта, кептіру режимі және қалыптарды сақтау.
90. Қалыптарды әзіреуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қағазды силикатты шыныдан қалыптар дайындау. Дайындалған қалыптарды санау және оларды құрау. Қалыптардың мөлшерін санау және құйылатын сиропты. Қалыптарды дайындауға бекітілген жабдықта қызмет көрсету.
Білуі тиіс: силикатты шынының физико-химиялы құрамы, қалыптардың мөлшерін санау және құятын сироптың мөлшерін есептеу тәсілі, қалыптарды белгілеу және оларға қойылатын техникалық талаптар, көлік құралдарының белгілену мақсаты.
91. Қалыптарды әзіреуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қағазды силикатты қалыптан қалыптар жасау процесін жүргізу. Жуатын машинадан түсетін силикатты қағазды өңдеу. Станокта төсейтін түтікті шор, әртүрлі жуандықтағы, қаттылығына және басқада сапа көрсеткіші бойынша біруақытта ақаулаққа тексеріп орау. Стеаринды желімдейтін қағазды кесу. Сүйек желімді-глицеринді желімді дайындау. Әртүрлі жуандықтағы, эллипсносылығына, қаттылығына бойынша ақаулап резеңке төсейтін түтікті іріктеу. Резеңке түтікті сүйек желіммен қаптау, резеңке төсемдерді түйістіру. Резеңке төсемдерді целлофан және стеаринирлі желімді қағазбен қапталған резеңке төсемдерді дайындау. Силикатты шынының үстін ілікпеге, сызатқа, кірге және бұзылушылыққа тексеру. Төсемдерді әзірлеу және төсеу. Төсейтін материады қадағалау. Жабдықтарға қызмет көрсету.
Білуі тиіс: қалыптары қағазды силикатты шыныдан дайындау технологиялы процесін дайындау, фермдердің құрылымы және оларға техникалы талаптар, кептіру режимі және қалыптарды сақтау, силикатты шынының физикалық-химиялық қасиеттерін.
92. Қалыптарды әзірлеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қағазды силикатты шыныдан қалыптарды дайындау процесін жүргізумен қоса біліктілігі төмен қалыптарды дайындаушылардың жұмысын басқару. Эквидитанттылықты және шыныматирицаларды бақылау жабдығымен тексеру, ығысқан бұрышты тексеру және профильденген шыныматицалардағы «қиял ойындарын» тексеру. Өлшеуіштерге монометрлерді қабылдау, қоспаларды толтыру. Ілмектерді, инициаторларды монометрдің сапасына және өнімнің түріне байланысты іріктеу. Инициаторларды еріту процесін жүргізу. Полимерлі қоспаны дайындау технологиялы процесін жүргізу. Вакуумдау процесін жүргізу. Өнімнің түріне байланысты қалыптың санының есептеу. Жиынтықты іріктеу. Қалыпты толықтай калбрлеу және жетілдіру. Жинақтау, калбрлеу және құю бойынша жұмыстарды үйлестіру. Жабдықтарға қызмет көрсету.
Білуі тиіс: силикатты шыныдан форма әзірлеу технологиялық процесін, шыныматрицаның эквиваленттілігін есепке ала отырып профильді формаларды калбирлеу тәсілдері, дайын өнімге мемлекеттік стандарттар және техникалық талаптар.
Пластмассалардан көркем бұйымдар әзірлеуші
93. Пластмассалардан көркем бұйымдар әзірлеуші 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Таспалық және дисктік арамен үлгілер бойынша дайындауларды тура сызықты кесу. Қарапайы дайындауларды тегістеу. Шеттерін тазарту, жоңқаларын ауамен үрлеу. Ойманы қолмен шаю, сүрту, кесу,
Білуі тиіс: құрал- жабдықты күту ережесін, шеттерін тазарту ережесін, сызулар мен калибрларда дәлдік пен тазалық кластарын белгілеу.
94. Пластмассалардан көркем бұйымдар әзірлеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлшектердің қарапайым дайындауларын сызулар мен үлгілер бойынша белгілеу. Қарапайым тура сызықты үлгілерді дайындау, қарапайым дайындауларды фрезер станогында фрезерлеу. Орнында жеке бөлшектерлі қиыстырып келтірумен металл бөлшектерді бөлшектеу және қосу. Бөлшектердің сыртқы және ішкі цилиндр беттерін тегістеу.
Білуі тиіс: қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтардың құрылысын, әр түрлі түйірлі абразивті материалдардың қасиеттерін, земпара түрлерін іріктеу ережесін, тегістеу шығыршықтарын, пасталарын, мастикаларды іріктеу ережесін.
95. Пластмассалардан көркем бұйымдар әзірлеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тура сызықты беті дар немесе шығыңқы және терең жерлерімен бір қалыпта өтетін, контурды дербес сызуымен және белгілеуімен сәндік-қолөнердің көркем бұйымдарын, столға қоятын тұрмыстық мүсін мен күрделі еме формалы сувенирлерді суреттер мен эскиздер бойынша дайындау.
Полимерленген шкафтарды және ванналарды жұмысқа дайындау. Сыртқы және ішкі модалы және қисық сызықты беттерді өңдеу. Пасталардың және мастикалардың құрастыру мен дайындау, компоненттерді есептеу. Формаларды компоненттермен толтыру. Формаларды құю кезінде балқу температурасын реттеу. Бұйымдарды алу. Раковиналар мен сынықтарды арнайы массамен дайындау. Арнайы жабдықтарды қолданумен бөлшектердің серіппесін қалыптау, штамптау, ширатып орау. Электр пеште қыздыру арқылы сфералық бетімен бөлшектерді жинау. Кішкене теріні дөңгелету және жапсырманы киіз, ағаш және былғары шеңберлерге жабыстыру.
Білуі тиіс: әр түрлі тегістеу станоктардың құрылысын, тегістеу материалдарының негізгі қасиеттерін, қолданылатын компоненттердің технологиялық қасиеттерін, жабыстыратын материалдарды дайындау технологиясын, күрделі конфигурациялы бұйымдарды қалыптау әдістерін, балқыманы қалыптарға құю ережесін, қалыптарды жинау және құю ережесін, доғалардың, хорда, шеңберлердің мөлшерін анытау үшін күрделі емес есептеулер тәсілдерін.
Жұмыс мысалдары
1) Гүлге арналған кашпо - дайындау;
2) Столға қоятын тұрмыстық мүсін: жануарлардың мүсіндері, құмыралар, күрделі емес қалыптағы күл сауыттар - дайындау.
96. Пластмассалардан көркем бұйымдар әзірлеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өсімдік және геометтриялық оюлардың суреті бойынша сән өнерінің көркем бұйымдарының эскиздері, столға қоятын- тұрмыстық және бақтық мүсін және оюланған мүсіннің эскиздері бойынша конфигурацияс жағынан күрделі бөлшектерді дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |