Білуге тиіс. Отқа берік материалдарды өңдеуге арналған механизмдердің құрылғысы және пайдалану ережесі, өндірістік пештер мен қазандықтарды пайдаланудың шекті температурасы, сылақ пен толтырмалардың құрамы, өндірістік пештер мен қазандық агрегаттардың құрастырушы элементтерін сапалы қалауға қойылатын талаптар.
235. Отқа берікші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жапсарының қалыңдығы 2 мм-ге дейінгі қабырғалардың, оттықтардың, пештің күмбездері мен аркаларын отқа берік етіп қалау. Көмірқышқылды блоктарды құрғақтай және пастада қалау. Кокс пештердің қалпақшаларын толтыру, регистрлер мен шілтерлерді қондыру. Кокс батареяларын қалап біткеннен кейін саптаманың үстіңгі қатарын қалау. Қаптауға қазандықтарды сызбалар бойынша белгілеу. Отқа берік кірпіштер мен үлгілік бұйымдарды қолмен әшекейлеп жону. Реакторларды отқа берік құраммен торкреттеу.
Білуге тиіс. Өндірістік пештер мен қазандықтардың құрастырушы элементтерін берілген біліктері және белгілері бойынша бөлу тәсілдері, көмір қышқылды блоктарды қалау және отқа берік қалауды әр түрлі орындаудың тәсілдері, болат құрылыммен қаптауды біріктіру тәсілдері.
236. Отқа берікші 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Газмазут шілтерлерді отқа берік ерітіндіде үлгілік кірпішпен қаптау. ТГВМ-84-Б үлгідегі қазандық күмбезінің бетін отқа берік бетонмен қаптау. ТГВМ-84-Б және БКЗ-42 үлгідегі бу қазандықтары конвективті шахтасының артқы қабырғаларын қалау. Қазандықтарды арқаулау.
Білуге тиіс. Отқа берік материалдардың физика-механикалық қасиеттері, аса күрделі және жауапты агрегаттарды арқаулау және қаптау тәсілдері, отқа берік жұмыстардың сапасына қойылатын талаптар.
Жылжымалы термиялық қондырғылардағы оператор - термист
237. Жылжымалы термиялық қондырғылардағы
оператор - термист 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құбыржолдардың жиектерін қыздыруға және жік жалғауларын орнында термиялық өңдеуге даярлау. Термоэлектр түрлендіргіштер мен құбыржолдарды жылу өткізбейтін материалдармен оқшаулау. Термиялық өңдеу құбыржолдарының жік жалғауларын қабыршақтардан тазарту. Термоэлектр сымдарды, қоректенгіш кабельдерді, сымдарды және тармақтарды төсеу.
Білуге тиіс. Термиялық өңдеуде қолданылатын жылытқыштардың түрлері мен үлгілері, ток өткізетін кабельдер мен сымдардың, термоэлектр түрлендіргіштер мен термоэлектрод сымдардың маркалары, қарапайым бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті, қолдану шарттары мен құрылғысы, термиялық өңдеуге арналған дәнекерлеу трансформаторларының жұмыс принципі.
238. Жылжымалы термиялық қондырғылардағы
оператор-термист 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құбыржолдардың жік жалғауларын термиялық өңдеуді жүргізуге даярлау; термоэлектр түрлендіргіштерді кесу және термоэлектрод сымдарды қосу. Индукторларды, икемді кедергі және құрама қуатты электр қыздырғыштарды, сақиналы көп жалынды шілтерлерді орнату. Жан-жақты ацетилен-қышқылды шілтерлі газ плазмалық жылу постын жұмысқа даярлау. Монтаждау, далалық және жөндеу жағдайларында электр қыздырғыш құрылғылар мен сақиналы көп жалынды шілтерлерді пайдаланып төмен көміртекті және қоспасыз болаттан жасалған диаметрі 1420 мм-ге дейін құбыржолдардың жиектерін дәнекерлеуге қыздыру.
Білуге тиіс. Металлдар мен олардың белгілерінің негізгі қасиеттері, бір жерді термиялық өңдеуде жылытудың тәсілдері, қыздырғыштардың жұмыс принципі, термоэлектр түрлендіргіштерді кесу және оларды бақылау-өлшеу аспаптарына қосу ережесі, қашықтықтан басқару пультінің жұмыс принципі және пайдалану ережесі, дәнекер жалғамаларға қыздырғыштарды орнату ережесі, орташа күрделіліктегі бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы және қолдану ережесі, физика және электротехника бойынша негізгі мәліметтер.
239. Жылжымалы термиялық қондырғылардағы
оператор-термист 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Монтаждау және жөндеу жағдайларында газплазмалық және индукциялық жылытуды пайдаланып корпустық технологиялық құрылымдар (барабандар, аппараттар, салалық резервуарлар және т.б.) мен құбыржолдардың (бу құбырлары, дәнекерлеуші үштармақтар және т.с.с.) жік жалғауларын термиялық өңдеуге даярлау. Монтажды, далалық және жөндеу жағдайларында 50 Гц өндірістік жиілік тогында жұмыс істейтін көп жалынды шілтерлер мен электротермиялық жабдықты пайдаланып перлит сыныпты төмен көміртекті және төмен қоспаланған болаттан жасалған құбыржолдардың жік жалғауларын орнында термиялық өңдеу. Қашықтықтан және бағдарламалық басқару пульттарымен орнында термиялық өңдеудің технологиялық процесін реттеу. Термиялық өңдеу журналын жүргізу.
Білуге тиіс. Өңделетін металлдардың химиялық құрамы, механикалық және физикалық қасиеттері, металдарды орнында термиялық өңдеудің тәсілдері, орнында термиялық өңдеуде металдың құрылымдық өзгерістері, жік жалғауларын орнында термиялық өңдеудің тәртібі және оларды таңдау ережесі, қыздырғыштардың құрылғысы, термиялық өңдеуге арналған күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын және бағдарламалық құрылғылармен қондырғыларды пайдалану ережесі, орындалатын жұмыс шеңберінде электротехника негіздері.
240. Жылжымалы термиялық қондырғылардағы
оператор-термист 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 2500-8000 Гц жоғары жиіліктегі токта жұмыс істейтін индукциялық құрылғыларда төмен көміртекті және төмен қоспаланған болаттан жасалған құбыржолдардың жік жалғауларын орнында термиялық өңдеу. Жоғары жиіліктегі тоты қыздыру тәртібін айқындау және қашықтықтан және бағдарламалық басқару пультімен қыздыру параметрлерін реттеу. тұрақтандырып күйдіру аустенизациялау тәртібі бойынша кедергі және құрама қуатты электр қыздырғыштарды пайдаланып тотқа төзімді болаттан жасалған құбыржолдардың жік жалғауларын орнында термиялық өңдеу. Монтажды, далалық және жөндеу жағдайларында 50 Гц өндірістік жиіліктегі токтарды пайдаланып жетуі қиын жік жалғауларды (камералар, арматуралар, үштармақтар) жергілікті термиялық өңдеу. Қыздырудың электр тәсілдерін пайдаланып атомдық энергетикалық құрылғылардың 1, 2 және 3 сұлбалы құбыржолдардың жік жалғауларын орнында термиялық өңдеу. Қыздырудың электрлі тәсілдерін пайдаланып ірі ауқымды технологиялық жабдықтар (барабандар, аппараттар) мен ірі ауқымды құбыржолдар тораптарының (дәнекерлеуші үштармақтар) жік жалғауларын орнында термиялық өңдеу. Монтажды және жөндеу жағдайларында корпусты технологиялық құрылымдар (барабандар, аппараттар, салалық резервуарлар) мен құбыржолдарды (Жылу электр стансалары бу құбыржолдары) (бұдан әрі – ЖЭС бу құбыржолдары) көлемді (толық) термиялық өңдеу үшін газплазмалық және индукциялық қыздыруды пайдалануға арналған жабдықтарды даярлау. Аустенизация тәртібі бойынша диаметрі 100 мм-ге дейін құбыржолдарды суық июлерді термиялық өңдеуді жүргізу. Құбыржолдардың жиектерін дәнекерлеуде магнитсіздендіру. Температураны қашықтықтан реттеу құрылғысы мен сызбаларын қосу және қызмет көрсету. Термиялық өңдеу процесін қашықтықтан басқару пульттары мен құрылғысының жұмысын дайындау.
Білуге тиіс. Қоректендіру көздері және қашықтықтан басқару пульттарының құрылғысы және электр сызбалары, бақылау-өлшеу аспаптарын дәлдеу және реттеу, процесті қашықтықтан басқарумен қондырғыларға қызмет көрсету және жөндеудің ережесі, термиялық өңдеу циклін түзету ережесі, термиялық өңдеу тәртібінен шекті ауытқулары және олардың жік жалғаулары қасиеттерінің әсері.
241. Жылжымалы термиялық қондырғылардағы
оператор - термист 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бағдарламалық басқарумен 2500-8000 Гц жоғары жиіліктегі токтардың индукциялық қондырғыларын пайдаланып төмен көміртекті және балқытылған болаттардан жасалған құбыржолдардың жетуі қиын жік жалғауларды орнында термиялық өңдеу. Қыздырудың электр тәсілдерін пайдаланып атомдық энергетикалық құрылғылардың 1, 2 және 3 сұлбалы құбыржолдардың жетуі қиын жік жалғауларын орнында термиялық өңдеу. Ірі ауқымды технологиялық жабдықтың (барабандар, аппараттар және т.б.) жетуі қиын жік жалғауларын, сондай-ақ жабдықтың қысқа құбыржолдарды құбырларға дәнекерлеудің жік жалғауларын орнында термиялық өңдеу, бағдарламалық басқарумен 2500-8000 Гц жоғары жиіліктегі токтардың индукциялық қондырғысын пайдаланып құбыржолдарды (ЖЭС бу құбыржолдарын) толық термиялық өңдеу. Қашықтықтан және бағдарламалық басқару пульттарынан қыздыру процесін реттеумен газ плазмалық қыздыруды пайдаланып корпустық технологиялық құрылымдарды толық (көлемді) термиялық өңдеу. Термиялық өңдеу процесін бағдарламалық басқару құрылғылары мен тәсімдерді қосу және қызмет көрсету.
Білуге тиіс. Бағдарламалық басқарумен қондырғылардың құрылғысы және электр тәсімдері, оларды жөндеу және қызмет көрсету ережесі, жік жалғауларын толық (көлемді) термиялық өңдеу тәртібін таңдау және термиялық өңдеу сапасын бақылау тәсілдері, техникалық құжаттаманы рәсімдеу және тапсыру ережесі.
Паркетші
242. Паркетші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Негізді даярлау. Паркеттің астына төселетін қағаздан, картоннан немесе жағымнан жасалған қабаттың құрылғысы. Даяр жағымдарды қол сорғыларымен тарту немесе оларды қолмен жеткізу. Жұқа тақтайшаларды мөлшері, түсі және сұрпы бойынша сұрыптау. Едендерді щеткамен сүрту.
Білуге тиіс. Паркет жұқа тақтайшалардың мен паркет тақталардың түрлері, төселетін қабатқа арналған материалдар міндетінің түрлері, жағымдардың түрлері, қалауға арналған паркетті даярлау тәсілдері, қол сорғыларының құрылғысы және пайдалану ережесі, алмалы-салмалы рейкаларды әзірлеу тәсілдері.
243. Паркетші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қалқанша паркеттің астындағы торламаның және жаңқа ағаш және ағаш талшықты тақтайшалардан жасалған негіздердің құрылғысы. Паркет едендерді қолмен қадақорғандау және циклдау. Жұқа тақтайшалардың жиектері мен шеттерін қолмен, электр аспаппен және станоктарда фуговкалау. Рейкалардан жақтауларды әзірлеп желдеткіш керегеторларды орнату. Еденкемерлерді орнату. Паркет едендерді машиналармен сүрту. Паркеттерді желімдеу және өңдеу үшін жағымдар әзірлеу.
Білуге тиіс. Ағаштың негізгі жыныстары, қасиеттері, паркет едендердің сұрыптамасы, паркетті өңдеуге арналған электрификацияланған аспаптар мен станоктардың құрылғысы мен пайдалану ережесі, желдеткіш керегеторлар мен еденкемерлерді орнату ережесі, жағымдарды әзірлеу технологиясы, паркет едендердің астына қойылатын негіздерге қойылатын талаптар.
244. Паркетші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Паркеттік жұқа тақтайшалардан, ламинатталған паркеттен, тақтайлардан және жағымдағы паркет қалқандардан едендер төсеу. Еденарқалық бойынша паркет тақтайдан едендерді төсеу. Паркеттік жұқа тақтайшалардың сатыларын қаптау. Паркет едендерді машинамен және электрификацияланған аспаптармен қада қорғандау, циклдау және жылтырату. паркет едендердің жеке жұқа тақтайшаларын, тақтайларын және қалқандарын ауыстыру. Едендерге паркет лак жағу.
Білуге тиіс. Паркет едендердің сапасына қойылатын талаптар, жеке жұқа тақтайшалардан, тақтайлардан және паркет қалқандардан жасалған паркет едендерді төсеу және жөндеу тәсілдері, паркет едендерді өңдеуге арналған машиналардың құрылғысы және пайдалану ережесі, паркет едендерге лак жағу ережесі және тәсілдері.
245. Паркетші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Паркет қалқандарын түсі және суреті бойынша таңдауға даярлап қою. Қарапайым қалқан паркеттен еден төсеу. Қалқан паркетті ауыстыру және тойтару. Қарапайым паркет қалқандар әзірлеу.
Білуге тиіс. Паркет қалқандар әзірлеу тәсілдері, қарапайым қалқан паркеттен жасалған едендерді төсеу және жөндеу тәсілдері, бетті паркет жұқа тақтайшалармен қаптау үшін негізін даярлаудың ережесі, көркем паркетке арналған жай үлгілердің түрлері.
246. Паркетші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көркем (таскестелік және түрлі-түсті) паркеттен жасалған едендерді төсеу және жөндеу. Берілген сурет бойынша паркет қалқандардың негізіне пішіндердің жиынтығын желімдеу. Маяк қатарлардың біліктері және шекараларын көрсетіп үлкен аумақты үй-жайларды (залдарды) жеке тәсілдерге бөлу. Цилиндр және сопақ пішінді үй-жайларға паркет едендер төсеу және жөндеу. Көркем паркеттен жасалған едендерді суреттері және үлгілері бойынша қалпына келтіру. «Өз орнына» лекальді үлгілерді әзірлеу, кесу және желімдеу.
Білуге тиіс. Көркем паркетті белгілеу және төсеу тәсілдері, берілген сурет бойынша лекальді үлгілердің жиынтығын әзірлеу және кесу ережесі мен тәсілдері, көркем паркетті қалпына келтіру ережесі мен тәсілдері, ағаштың қатты және бағалы жыныстарын қолдану ерекшеліктері.
247. Паркетші 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ескі ғимараттар, имараттар мен сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру кезінде суреттер мен үлгілер бойынша көркем паркеттен жасалған едендерді төсеу және өңдеу.
Білуге тиіс. Негізгі сәулет стилдері, олардың интерьерлерінің ерекшеліктері, қалпына келтіру кезінде паркет едендерді төсеу және өңдеу тәсілдері.
Арнайы орта (кәсіптік) білім талап етіледі.
Қорғасынды дәнекерлеуші (қорғасындәнекерлегіш)
248. Қорғасынды дәнекерлеуші (қорғасындәнекерлегіш) 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дәнекерлеуге және қалайылауға беттерді даярлау. Даяр белгілері бойынша қорғасынды турасызықты кесу. Шыбықшаларды құю. Құбыржолдарды құммен толтыру. Ацетилен генераторлар мен баллондарды тасымалдау.
Білуге тиіс. Ацетиленді генераторлар, оттекті және ацетиленді баллондардың құрылғы негіздері мен қолдану ережесі, дайын ілмектер мен қармауыштардың түрлері және оларды пайдалану тәсілдері, бетті тазалау тәсілдері.
249. Қорғасынды дәнекерлеуші (қорғасындәнекерлегіш) 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Даяр белгісі бойынша қорғасынды әшекейлеп кесу. Қарапайым бөлшектерді: шашкаларды, ұяшықтарды және тығындарды құю. Ацетиленді генераторларда қызмет көрсету. Беттерді қышқылмен дәрілеу. Қысымсыз жұмыс істейтін қарапайым бөлшектерді (бортшайбалар, құбыржолдардың шеті және т.б.) дәнекерлеу және қалайылау.
Білуге тиіс. Қорғасынның негізгі қасиеттері, сутекті аппараттар мен электр дәнекерлегіштердің құрылғысы және оларды қолдану ережесі, дәнекерлеу және қалайылаудағы температуралық тәртіп, жай такелажды жабдықтардың құрылғысы және қолдану тәсілдері.
250. Қорғасынды дәнекерлеуші (қорғасындәнекерлегіш) 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жаймалық қорғасынды түзету және жаю. Пішіндері өзгерген қорғасын құбыржолдарды түзету. Бөлінген кесінділерді ию, құбыржолдар мен штуцерлерді жиектеу. Диаметрі 100 мм-ге дейін қорғасын құбыржолдарды төсеу. Екі-үш орамды иіртүтіктерді және қорғасын табаларды әзірлеу. Диаметрі 100 мм-ге дейінгі құбыржолдардың жапсарлары папкасы.
Білуге тиіс. Жаймалық қорғасын мен қорғасын құбыржолдардың сұрыптамасы, қорғасынды белгілеу және кесу, құбыржолдар мен иіртүтіктерді сынау тәсілдері.
251. Қорғасынды дәнекерлеуші (қорғасындәнекерлегіш) 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Рольді қорғасынмен сұлбалық болатты қоршау. Диаметрі 100 мм-ге дейінгі қорғасын құбыржолдарды қалау. Қорғасын құбыржолдар мен үлгілік бөлшектерді әзірлеу. Диаметрі 100 мм-ден жоғары құбыржолдардың жапсарларын жапсыру. Күрделі иіртүтіктерді әзірлеу.
Білуге тиіс. Секциялық бөлімдерді, құбыржолдардың бөлшектерін және құбыржолдар төсемдері трассасын белгілеу тәсілдері, қорғасын аппаратурасы мен құбыржолдарды сынау тәсілдері.
252. Қорғасынды дәнекерлеуші (қорғасындәнекерлегіш) 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үлкен сыйымдылықтағы (стабилизаторлар, мұнараларды тазарту және тағы басқа) аппаратқа қорғасынды ілу. Күрделі пішіндегі аппараттарды (мұнаралар, араластырғыштар, тоңазытқыштар, тұндырғыштар, күкірт қышқылының концентраторлар) қорғасынмен қоршау. Осы аппараттарды әзірлеуде қорғасынды дәнекерлеу. Қорғасын аппараттардың (қақпақтар, тығындауыштар, науашалар және тағы сол сияқты) тораптары мен бөлшектерін әзірлеу. Гомогенді дәнекерлеумен (қалтқылар, желдеткіштердің қалақшалары және тағы сол сияқты) плакирлеу. Электр сүзгілер бойынша қорғасынды дәнекерлеу жұмыстары.
Білуге тиіс. Аппараттарды әзірлеу және аппараттар мен машиналарды қоршауға арналған қорғасынды белгілеу тәсілдері, аппараттарға қорғасынды ілу және гомогенді дәнекерлеумен плакирлеу тәсілдері.
Құм бүріккіш
253. Құм бүріккіш 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құмды зарядтауға даярлау. Құм бүріккіш аппаратты зарядтау. Құм бүріккіш аппаратты жұмыс үстінде бақылау және қызмет көрсету.
Білуге тиіс. Құмды кептіру тәсілдері мен тәртібі, аппаратты құммен зарядтау ережесі, құм бүріккіш аппаратының күтім ережесі, жеке қорғану құралдары мен айлабұйымдардың түрлері мен міндеті.
254. Құм бүріккіш 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құрылыс құрылымдары, жабдық аппараттарының беттерін құм бүріккіш аппараттың көмегімен тазалау. Бетон және металл беттерді «Ортиб-ласт» жүйесі аппараттарымен құрғақ, ылғал және сулы тәсілдерімен тазалау. Шлангілерді бекіту және ұзарту. Ұштарын бекіту. Жұмыс барысында арбалар мен сатылардың орнын ауыстыру және бекіту.
Білуге тиіс. Құм бүріккіш аппараттардың құрылғысы және техникалық пайдалану ережесі, шлангілер мен ұштарын бекіту және ұзарту ережесі, құм бүріккіш аппараттардың көмегімен бетін тазалау ережесі, тік беттерді тазалауда сатылардың орнын ауыстыру және бекіту ережесі, беттерді тазалауда қолданылатын қорғаныс айлабұйымдарының құрылғысы.
Пешші
255. Пешші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құбыржолдарын іліп қоятын уақытша металл пештерді орнату. Пештердің үстіңгі беттерін тазалау және швабралау. Қызыл саздан ерітінді әзірлеу. Қапталмаған пештер мен асханалық ошақтарды бөлшектеу. Ерітіндіні кірпіш, сырлы тақталар мен пештің құралдарынан тазарту.
Білуге тиіс. Пеш жұмыстарының өндірісінде қолданылатын материалдардың негізгі түрлері, металл пештерді орнату тәсілдері, ерітінділерді даярлау және пештің бетін қарапайым өңдеу тәсілдері, қапталмаған пештерді бөлшектеу ережесі.
256. Пешші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пеш негізінің құрылғысы және іргетасын қалау. Уақытша пештерді түтін құбырларына қосып қалау. Пеш аспаптарының құрылғысы және бекіту. Сырлы тақталарды түстері (реңктері) бойынша сұрыптау және таңдау. Сырлы тақталардың жиектерін ысқылап тегістеу. Гжель және отқа берік саздардың ерітінділерін әзірлеу. Пешті қалауда саз ерітінділермен жарықтарды бітеу. Қапталған пештерді бөлшектеу. Қапталмаған пештердегі аспаптарды ауыстыру.
Білуге тиіс. Кірпіш пен ерітіндінің сапасына қойылатын негізгі талаптар, пештер мен уақытша пештердің іргетастарын қалау тәсілдері, жіктерді қайта байлаудың қарапайым жүйесі, қапталған пештер, пешкөмейлер мен түтін құбыржолдарды бөлшектеу тәсілдері, тігінен өңдеу құрылғысының тәсілдері.
257. Пешші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қаптамасыз және металл қаптағы пештер мен асханалық плиталарды қалау. Отындықтарды отқа берік кірпіштермен футерлеу. Пештерді блоктардан қалау. Металл асханалық плиталарды орнату. Пештерді сылау. Пештерді, ошақтарды және құбыржолдарды жаңа кірпіш қосып жөндеу. Сырлы тақталармен қапталған пештер мен плиталардың құралдарын ауыстыру. Тігінен және көлденең бөліп қалау.
Білуге тиіс. Жай пештер мен әртүрлі мақсатқа арналған ошақтардың құрылымы, параллельді және бірізді түтін айналымдардың құрылғысы, әртүрлі түрдегі отындарға арналған отындықтардың құрылымы, пеш қалау сапасына қойылатын талаптар, жіктерді қайта байлау тәсілдері.
258. Пешші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құрылымдағы пештерді қалау. Қалау барысында сырлы тақталармен пештерді қаптау. Пештердің қаптауын түзету және жарамсыз сырлы тақталарды жаңаларымен ауыстыру. Пештерді қайта жабдықтау және жарамсыз сырлы тақталарды жаңаларымен ауыстыру. Пештерді газбен жанатын етіп қайта жабдықтау. Су құбыры және ыстық құбыр қазандықтардағы күмбездер мен оттықтарды қоршап қалау.
Білуге тиіс. Күрделі пештер мен ошақтардың құрылымы, сырлы тақтайлармен қаптауға белгілеу тәсілдері, қаптау тәсілдері.
Балташы
259. Балташы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құрғақтай шегемен тесетін орама жабындардың және жеке материалдардан жасалған жабындардың құрылғысындағы ағаш ұсталық және қалыптық жұмыстарын орындау. Ағаш материалдарын қолмен қарапайым өңдеу: көлденең аралау, қабықтау және сүргілеу. Қабаттарды және қалыптарды майлау. Ағаш құрылымдар мен бөлшектерге зарарсыздандырғыш және оттан қорғайтын құрамды кистімен жағу. Ағаш құрылымдардың элементтерін қара майлау, киіз және қара қағазбен қаптау. Іргетастар, қабырғалар мен қалқалардың, көпіршелер мен төсемдердің қалыптарын бөлшектеу. Едендерді, қабаттарды, дуалдардың қабырғаларын бөлшектеу. Қалыптық бетон мен ерітіндіден, орама жабын материалдарын үгінтөсемеден арылту. Жеке жабын материалдарын сұрыптау. Қабырғалар мен терезе ойықтарын тығындау.
Білуге тиіс. Ағаш материалдарының негізгі түрлері мен ағаштың қасиеті, ағаш материалдарын ірі өңдеу тәсілдері, зарарсыздандырғыш және оттан қорғау құрамын қолдану ережесі және олармен ағаш бөлшектер мен құрылымдарды жабу тәсілдері, жай ағаш құрылымдарды бөлшектеу және оларды тазалау тәсілдері, аз салмақты жүктердің орнын ауыстыру және қоймалау ережесі, орамалы және жеке жабын материалдарының түрлері, орамалы және жеке материалдардан жасалған қарапайым жабындарды бөлшектеу тәсілдері.
260. Балташы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жай ағаш ұсталық және қалыптық жұмыстарды орындау. Орамалы (құрғақтай) және жеке жабын материалдарымен жай үлгідегі шатырларды жабу.
Жалпы құрылыс жұмыстары.
Бөлгіштерге арналған жай қалқандарды сылауға әзірлеу. Торламалардың құрылғысы. Материалдарды ұзына бойы аралау. Уақытша ғимараттарды бөлшектеу. Қабырғалар мен төбелерді сылап және қаптап көмкеру. Екі қабатты едендерде (қара едендер) төменгі тақтай төсемінің құрылғысы. Уақытша дуалдар мен қақпалардың құрылғысы. Ағаш құрылымдарға зарарсыздандырғыш және оттан қорғайтын құрамды сырлау пульттері және бүріккіштермен жағу. Су жинайтын құдықтардың, науалардың және т.б. құрылғысы. Құрылыс керек-жарағын әзірлеу және жөндеу. бөренелерді жиектеп және дөңгелектеп сүргілеу, тақтайлар мен пластиналардың жиектерін жону. Бөренелердің ұштарын жону. Ағаш материалдарын тазалап ұштау, кертпелер, адырлар және ширектерді жинақтау. Ағаш материалдарын электрленген аспаптармен өңдеу. Торламалар мен ағаш жабындарды бөлшектеу. Жайымдар мен тақтай төсемдер төсеу. Жүзетін рештованиелер әзірлеу. Ряждердің қабырғаларын және мұз кескіштерді тақтайлармен қаптау. Жеке қадаларды әзірлеу, қадаларға бугельдер мен табандар отырғызу. Қадаларының ұштары мен шпунтты қатарлардың үстін аралап кесу. Байланыс және электр хабар тораптарының бір тіреулі тіректерін даярлау. Жапсарларды тығыздағыш қоспамен толтыру. Беттерін құрғақ сылақпен өңдеу. Бір сырғымалық және ернеулік шатырларды шегемен құрғақтай тесіп орамалық материалдармен, асбест цементті табақтармен немесе тақтайшалармен (шифермен) жабу және жөндеу және осы материалдардан жасалған жабындарды жөндеу. Қалқалар мен жанасқан жерлерді қаптау. Төсеме тақталарды бөлшектеу.
Қалыптық жұмыстар.
Турасызықты кескіндегі (тікбұрышты және қиғашбұрышты) қалыптардың қалқандарын және барлық түрдегі қалыптардың турасызықты элементтерін әзірлеу және жөндеу. Қалыпты ұстап тұратын ағаштың жай элементтерін өсірмей даярлау. Аражабындарды, арқалықтарды, ұстындарды, мұзкескіштерді, көпірлердің арқалық аралығы және недарочное құрылғысындағы қалыптарды бөлшектеу.
Білуге тиіс. Ағаштың негізгі жыныстары мен ақаулары, электрленген аспаптардың құрылғысы және оларды қолдану ережесі, ағаш материалдарын өңдеу тәсілдері, қалыптардың турасызықты қалқандарын және бөлгіштерді сылауға әзірлеу, цокольдер, тақтай төсемдер, бөлгіштер, шатырлардың қара қаптамалары мен элементтерінің құрылғы тәсілдері, Зарарсыздандырғыш және оттан қорғау құрамды әзірлеу және оларды жағу ережесі, орамалы және жеке қалыптық материалдардың негізгі қасиеттері, қарапайым шатырлар мен оларды қалыптық материалдармен жабу тәсілдері.
261. Балташы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орташа күрделіліктегі ағаш ұсталық және қалыптық жұмыстарды орындау. Орташа күрделіліктегі шатырларды жабындық материалдармен жабу.
Жалпы құрылыс жұмыстары.
Ағаш бөлгіштердің құрылғысы. Орташа күрделіліктегі тұрмыс және өндірістік ғимараттардың ағаш бөлшектерден элементтері мен құрылымдарын құрастыру және монтаждау. Мауэрлаттар мен шатыр тіреуіштерді даярлау, құрастыру, орнату, бөлшектеу және ауыстыру. Бөренелерден жасалатын ішкі қабырғаларды кесу. Уақытша жай имараттардың: террасалар, дәліздер, тамбурлар, есік алдыларды, сондай-ақ бастырмалар, сарайлар, қарауыл күркелер, конторалар, кіріп-шығатын, жуынатын, киінетін бөлмелердің құрылғысы. Ағаш негіздің және орындықтардың құрылғысы және ауыстыру. Қаңқа қабырғалардың құрылғысы. Қабырғалар мен төбелерді таза қаптау. Жеке тақтайлардан жоғарғы ағаш жабындардың (таза едендердің) құрылғысы, қайта төсеу және біріктіру. Білеушелерден, желімделген қалқандардан, ағаш-талшықты тақтайшалардан, бөрене тақталардан, жапсарлары бітеліп ағаш жоңқа тақтайшалардан жасалған едендердің құрылғысы. Монтаждық поршендік пистолеттердің көмегімен ағаш ұсталық бұйымдарды темірбетондық бөлшектерге бекіту. Терезе және есік қораптары, балкон блоктары мен терезе алды тақтайлардың құрылғысы. Телескоптық қорапты ламинатталған есіктерді және поливинилхлоридті және алюминий пішіндегі блоктарды орнату. Мансардалық терезе блоктарын, әйнек пакетті және үшқабатты әйнекпен терезелерді орнату. Жаймалық болаттан есік блоктарын орнату. «Кнауф» үлгідегі гипсокартонды бөлгіштердің құрылғысы. Таза дуалдардың құрылғысы. Құрғақ зарарсыздандыру. Жуынатын бөлмедегі ағаш құрылымдар мен бөлшектерді зарарсыздандырғыш және оттан қорғайтындай етіп сіңдіру. Бағаналар мен орындықтарға бандаждардың құрылғысы. еденарқалықтар, Арқалықтар мен жүгіртпелерді даярлау, қалау, бөлшектеу және ауыстыру. Қабатаралық және шатыр астындағы бөлгіштерді ауыстыру. Тіреуіштерді өсірместен төсемелердің, ағаштардың және эстакадалардың құрылғысы. блоктық төсемелерді монтаждау. Қаңқа қабырғалар, едендер мен тақта жабындарды жөндеу. Шабындылардың, пластиналық сыналар мен қабыршақтық жалғаулардың көмегімен бұрыш қабысуының құрылғысы. Жабдықтардың ауыр салмақты құрылымдарындағы ағаш мұзкескіштер, стапельдер, шпалдық клеткалардың құрылғысы. Көпірлердің аралық құрылғысын жылжытуда тегістелген жолдарды түзету және сыналау. Мұзкескіштердің қадалары және тіреулері, жапсырмалары және тартпалары, сүйемелері, қиғаш сүйемелері және итарқалары бойынша ұстасуларын әзірлеу және орнату. Беларқалар әзірлеу және қадалар бойынша қабыршақ білеулерді орнату. Мұзкескіштің пышағын орнату. Саптамалармен бекітіп төзімді білеулерді қалау. Тіреулерге, көлденеңдіктерге, күзетші және доңғалақ шабатын білеулерге мауэрлат білеулерді әзірлеу және қалау. Ағаш шпунтты қадалар мен пакеттерді әзірлеу. Кеспектерді әзірлеу және орнату. Маяк қадалар мен шпунтты қатар бойынша саптамаларды қалау. Байланыс пен электр хабарлары тораптарының А-үлгідегі, үштіректі және П-үлгідегі ағаш тіректерін әзірлеу, құрастыру. Үш және төрт сырғымалық шатырлық, мансардалық, шатыржалдық, Т және Г-үлгідегілерді шатырда асбест-цемент жаймалармен және тақтайшалармен (шиферлермен) жабу және жөндеу. Қалқаларды, қабысуларды, конькилерді, қабырғаларды, есту терезелерін әшекейлеу. Барлық үлгідегі аспалы төбелерді және қабырғаларды қаптау құрылғысы. «Акмигран» тақтайшаларынан, алюминий тақтайшалардан, «Армстронг» үлгідегі АГП тақтайшалардан жасалған ағаш қаңқалар бойынша аспалы төбелердің құрылғысы. Қабырғалар мен төбелерді (өрнектілерінен басқа) ағаш талшықты және ағаш қабыршақты тақтайшалармен қаптау. Зауыт жағдайында әзірленген кіші үлгілерді орнату.
Қалыптық жұмыстар.
Достарыңызбен бөлісу: |