4.3.3.1 Үшінші бағытты пилоттық режимде іске асырудың
қосымша шарттары
2013 жылдан бастап Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Павлодар облыстарында, сондай-ақ ВАК шешімімен айқындалған өңірлерде қызметтік тұрғын үйлер салу, сатып алу, салып бітіру және қоныстандыру жұмыс берушілердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландырылған жағдайда құрылыс орнын, салу, сатып алу және салып бітіру үшін тұрғын үйдің ықтимал нұсқаларын таңдау оның қатысуымен жүзеге асырылады.
Бұл ретте жұмыс беруші тарапынан қоса қаржыландыру салынатын, сатып алынатын және салынып бітірілетін тұрғын үйдің кемінде 10 %-ын құрауы және кемінде бір пәтер не жеке тұрғын үй салуды пайдалануға беруді не сатып алуды қамтамасыз етуге тиіс.
Салынған және пайдалануға тапсырылған тұрғын үй мемлекет пен жұмыс беруші арасында осы тұрғын үйді салуға көзделген қаражатқа сәйкес бөлінеді.
Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосу қызметтік тұрғын үйлер салуға, сатып алуға, салып бітіруге және қоныстандыруға қатысатын жұмыс берушілердің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
Егер жұмыс беруші қызметкерлер үшін тұрғын үй салуды өз бетінше қамтамасыз еткен жағдайда, жергілікті атқарушы органдар заңнамаға сәйкес тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін бөлуге, аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына немесе құрылыс салу жоспарына сәйкес инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылуға, сондай-ақ жүргізуге және қосылуға техникалық жағдай жасалуына жәрдем көрсетеді.
Бағдарлама шеңберінде 2011 – 2012 жылдары енгізілген тұрғын үй әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетіне қарамастан, елді мекендерден көшетін Бағдарламаға қатысушыларға жұмыс берушілер тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруға қатысуы шартымен беріледі.
4.3.4. Төртiншi бағыт:
ауылдық елдi мекендердi дамыту
Бұл бағыт әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi орташа немесе жоғары ауылдық елдi мекендерде және шағын қалаларда инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру арқылы халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Өз бетiнше жұмыспен айналысатын, жұмыссыз, халықтың нысаналы топтары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар осы бағыттың қатысушылары болып табылады.
Қажеттi кәсiптiк бiлiктiлiгi бар Бағдарламаға қатысушыларға инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру кезiнде құрылатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетiледi.
Iске асыру тетiгi:
1) Облыстардың әкiмдерi бөлiнген жалпы қаржыландыру лимиттерiн негізге алып Бағдарлама шеңберiнде iске асыру үшiн инфрақұрылымдық жобаларды:
облыстар бойынша бөлiнген жалпы қаржыландыру лимиттерiн;
жергілікті бюджеттердің және әлеуметтік жауапты кәсіпкерлердің қоса қаржыландыруын;
ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетiн (жоғары немесе орташа);
мемлекеттiк сараптамадан өткен объектiлердi салуға, реконструкциялауға, күрделi жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың болуын;
инфрақұрылымдық жобалар шеңберiнде орташа және (немесе) ағымдағы жөндеудi жүзеге асыру жоспарланып отырған орындалатын жұмыс көлемiнiң ақаулар ведомосының, сметалық құжаттамасының, шығыстар сметасының болуын;
құрылатын жұмыс орындарының санын, оларға Бағдарламаға қатысушылардың басым тәртiппен жұмысқа орналасуын және орташа айлық жалақысының мөлшерiн;
мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу мерзiмiн және тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi отандық өндiрушiлерден сатып алу мүмкiндiгiн; оларды iске асыруды бастау және аяқтау мерзiмiн;
ауылдық елдi мекеннiң әлеуметтiк және коммуналдық-тұрмыстық инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлу дәрежесiн (тапшылық және/немесе әбден тозуы);
өңiрдiң табиғи-климаттық жағдайын және оларды iске асыруға әсер ететiн басқа да ерекшелiктерiн ескере отырып, iрiктеудi жүзеге асырады.
әлеуметтік жауапты кәсіпкер – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және Бағдарламаның іс-шараларын қоса қаржыландыруға өз еркімен ниет білдірген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға.
Инфрақұрылымдық жобалар:
коммуналдық-инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiн (су құбыры, кәрiз, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелерi) реконструкциялауды, күрделi және ағымдағы жөндеудi;
инженерлiк-көлiк инфрақұрылымын (кентiшiлiк және ауылiшiлiк жолдар, кiреберiс жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, платиналар, бөгеттер мен көпiрлер) реконструкциялауды, күрделi, орташа және ағымдағы жөндеудi;
әлеуметтiк инфрақұрылымды (бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, демалыс және ойын-сауық объектiлерi) реконструкциялауды, күрделi және ағымдағы жөндеудi;
ауылдық елдi мекендерде орналасқан дәрiгерлiк амбулаториялар мен фельдшерлiк-акушерлiк пункттердi салуды;
абаттандыруды (көшелердi жарықтандыру және көгалдандыру, иесi жоқ объектiлердi бұзу, қатты тұрмыс қалдықтары полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын алаңшаларын көрiктендiру) қамтиды.
Облыс әкiмдерi iске асыру ұсынылатын инфрақұрылымдық жобаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес талап етілетін техникалық құжаттаманы және инфрақұрылымдық жобаларды таңдау негiздемесiн қоса отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне қарау үшiн ұсынады;
2014 жылдан бастап инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жергілікті атқарушы органдар (кемінде 10 %) және әлеуметтік жауапты кәсіпкерлер (кемінде 10 %) тарапынан қоса қаржыландыру шартымен жүзеге асырылады.
Әлеуметтік жауапты кәсіпкерлер қоса қаржыландырған жағдайда Инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі олардың қатысуымен айқындалады.
Әлеуметтік жауапты кәсіпкерлердің қатысуы ақшалай қоса қаржыландыру нысанында да және бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес тауарлық-материалдық құндылық ұсыну нысанында да болуы мүмкін.
Жобаларды қарау барысында республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi жобалардың техникалық құжаттамада ұсынылған жұмыс түрлерiне сәйкестiгiн тексередi және жобаларды қарау нәтижесi бойынша тиiстi қорытындылар дайындайды.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң iске асырылуы көзделген инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруы бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру шеңберiнде инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатқан елді мекенде тұратын (халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша) Бағдарламаға қатысушыларға құрылатын жұмыс орындарының елу пайызына дейiн ұсынуды қамтамасыз етеді. Еңбек нарығындағы ұсыныстарды пайдалана отырып, еңбек ресурстарын қосымша тартуға халықты жұмыспен қамту орталықтарымен жазбаша келiсім болған жағдайда жол беріледі.
Инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға қатысуды қалайтын және оған мүмкiндiгi бар Бағдарламаның әлеуеттi қатысушылары халықты жұмыспен қамту орталықтарына Бағдарламаға қатысуға өтiнiшпен жүгінеді және қажеттi құжаттарды ұсынады.
8) Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларының кәсiптiк бiлiктiлiгiн және инфрақұрылым жобаларын iске асыратын жұмыс берушiлердiң кадрларға қажеттiлiгiн ескере отырып, өтiнiш берушiлердi Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу не одан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
9) Бағдарламаға қатысушы мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтiк келiсiмшарт жасалады.
10) Халықты жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушыларды iске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларда құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшiн жiбередi.
11) Әлеуметтiк келiсiмшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту орталығы бақылайды.
Бағдарламаға қатысушылар мен Бағдарлама шеңберiнде инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға қатысатын жұмыс берушiлер туралы мәлiметтер әлеуметтiк-еңбек саласының бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң «Жұмыспен қамту» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде орналастырылады.
12) Республикалық бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберiнде iске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларға мониторинг жүргiзедi.
Осы бағыт шеңберiнде нысаналы даму трансферттерiн аудару тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекiтiлген Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
5. Бағдарламаның іске асырылуын мониторингілеу
Бағдарлама операторы облыстар, Астана және Алматы қалалары деңгейінде Бағдарламаның көрсеткіштері мен іс-шараларына мониторингті жүзеге асырады.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдары аудандар (қалалар) деңгейінде Бағдарламаның көрсеткіштері мен іс-шараларына мониторингті жүзеге асырады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары мен аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдары ауылдар мен селолар деңгейінде Бағдарламаның көрсеткіштері мен іс-шараларына мониторингті жүзеге асырады.
Бағдарламаға қатысушылардың әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерінің орындалу мониторингі аудандардың (қалалардың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдары мен халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.
2013 жылдан бері Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, және Павлодар облыстарында, сондай-ақ ВАК шешімімен айқындалған өңірлерде:
- жұмыс берушінің әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерінің орындалу мониторингін халықты жұмыспен қамту орталығы мен білім беру ұйымы жүзеге асырады;
- білім беру ұйымдарының әлеуметтік келісімшартта айқындалған міндеттерінің орындалу мониторингін халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыс беруші жүзеге асырады.
Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібін Бағдарлама операторы бекітеді.
6. Әлеуметтiк көмек көрсету жүйесiн жетiлдiру
Әлеуметтiк көмек көрсету жүйесiн жетiлдiру 2012 жылдан бастап жұмыспен қамту мен атаулы әлеуметтiк көмек (бұдан әрi - АӘК) көрсету арасында оңтайлы байланыс орнатуға бағытталған.
Осы мақсатта әлеуметтiк көмек көрсетудiң мынадай тәртiбi мен шарттары ұсынылады.
АӘК күнкөрісі төмен отбасылар арасындағы еңбекке жарамды жастағы адамдарға олар осы Бағдарламада көзделген iс-шараларға қатысқан жағдайда ғана тағайындалатын болады. Олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысудан бас тартқан немесе келiсiмшарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар оларға АӘК төлеудi тоқтата тұрады, бұл ретте отбасы АӘК алу құқығын сақтайды.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары азаматтардың әлеуметтiк келiсiмшарттың талаптарын орындауына бақылау жүргiзедi және ұсынылған көмектiң тиiмдiлiгiн бағалайтын болады.
Құрамында еңбекке қабiлеттi мүшелерi жоқ (жалғызбасты, қарт адамдар) не отбасында мүмкiндiгi шектеулi мүшелерi (мүгедектер, әлеуметтiк мәнi бар аурулармен ауыратын адамдар) бар күнкөрісі төмен отбасыларға АӘК Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес берiлетiн болады.
7. Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру
Бағдарламаның iске асырылуы жоғарыдан төмен басқару құрылымымен басқарылады, оның құрамына ВАК, Бағдарламаның операторы, Бағдарламаны жергiлiктi деңгейде iске асыру жөнiндегi өңiрлiк және аудандық (қалалық) комиссиялар, орталық және облыстық, аудандық және ауылдық маңызы бар жергiлiктi атқарушы органдар кiредi.
ВАК мынадай негiзгi функцияларды жүзеге асырады:
Бағдарламаны бағыттары бойынша өңiрлер бөлiнiсiнде қаржыландыру лимиттерiне келiсiм бередi;
Бағдарламаның орындалуының негiзгi өлшемдерiн қарауды жүзеге асырады және орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың Бағдарламаны iске асыру бойынша есептерiн тыңдайды;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына Бағдарламаны iске асыруға байланысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзедi.
Бағдарламаның операторы:
Бағдарламаны нормативтiк құқықтық, әдiстемелiк және ақпараттық қолдауды;
Бағдарлама бағыттары бойынша қаржыландыру лимиттерiн белгiлеу жөнiнде ұсыныстар дайындауды;
жергiлiктi атқарушы органдар қол қойған Келiсiмдердiң негiзiнде Бағдарламаның iске асырылуына мониторингті;
ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжанатын жұмыс орындарының дерекқорын қалыптастыру тәртібін және жергілікті мемлекеттік органдар мен ұйымдар беретін кадрларға қажеттілік туралы ақпарат беру нысандарын әзірлеу және бекітуді;
орталық мемлекеттік органдардың кадрларға қажеттілік туралы ақпарат беру тәртібі мен нысандарын әзірлеу және бекітуді;
өңірлік, аудандық (қалалық) комиссиялардың үлгілік ережелерін, әлеуметтік келісімшарттың, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік келісімшартқа қосылуы туралы өтініштерінің (хабарламаларының нысандарын) әзірлеу және бекітуді;
Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібін әзірлеуді және бекітуді;
жергілікті атқарушы органдар ұсыныстарының негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын кәсіптік білім беретін оқу орындарының тізбесін қалыптастыруды қамтамасыз етедi.
Өңiрлiк комиссиялар:
Бағдарламаға қатысушылардың тiзiмiне келiсiм бередi;
жеке кәсiпкерлiктi дамытудың басым бағыттарына келiсiм бередi;
Бағдарламаны бағыттары бойынша өңiрлер мен қалалар бөлiнiсiнде қаржыландыру лимиттерiне келiсiм бередi;
уәкiлеттi өңiрлiк ұйым микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарға және кредиттік серіктестіктерге беретін кредиттер бойынша жылдық сыйақы ставкасының мөлшерiне келiсiм бередi;
соңғы қарыз алушы үшін микрокредиттер бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi пайыздық ставканың мөлшерiне келiсiм бередi;
жұмыс берушілердің өтінімдері мен басқа өңірлердегі өңірлік комиссиялардың ұсыныстарының негізінде Бағдарлама операторына Бағдарлама қатысушыларының басқа облысқа көшуі бойынша ұсыныс енгізеді;
облыстық, қалалық және аудандық маңызы бар жергiлiктi атқарушы органдардың Бағдарламаның орындалуы туралы есептерiн тыңдайды.
Аудандық (қалалық) комиссиялар:
халықты жұмыспен қамту орталықтары ұсынатын ақпараттар мен құжаттар негiзiнде Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларына iрiктеу жүргiзедi және тиiстi ұсыныстарды қарау үшiн өңiрлiк комиссияларға жiбередi;
жеке кәсiпкерлiктi дамытудың басым бағыттарына келiсiм бередi; Бағдарламаның үшінші бағытының шеңберінде көшетін азаматтар мен көшіп келушілерге қатысты Бағдарлама қатысушыларының құрамына енгізу туралы (одан бас тарту туралы) ұсынымдарды әзірлейді.
Облыстық маңызы бар жергiлiктi атқарушы органдар:
аудандар мен қалалардың әкiмдерi ұсынған жобаларға және
Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын iс-шаралар жоспарларына келiсiм бередi;
Бағдарламаның өңiрлiк құрамдас бөлiктерiн қаржыландыру лимиттерi жөнiндегi ұсыныстарды өңiрлiк комиссияның және Бағдарлама операторының қарауына енгiзедi;
экономикалық даму және сауда мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орталық органмен келiсiм бойынша әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен және жоғары елдi мекендердiң тiзбесiн айқындайды, Бағдарламаға қатысушылардың көшу жоспарын әзiрлейдi.
Өнiмдi еңбекке ынталылықты және экономикалық белсендiлiктi күшейту жөнiнде халықпен жұмыс жүргiзу тиiмдiлiгiн арттыру үшiн аудандық (қалалық) маңызы бар жергiлiктi атқарушы органдардың жұмыспен қамту қызметi жаңғыртылатын болады.
Барлық аудандарда (қалаларда) мемлекеттiк мекеме нысанында Халықты жұмыспен қамту орталықтары құрылды, олардың қызметкерлерi (азаматтық қызметшiлер) Бағдарламаны iске асыруды қамтамасыз етеді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарының негiзгi мiндеттерi:
1) жалпы рәсiмдердi жүргiзу: Бағдарламаға қатысу мәселесi бойынша азаматтарды хабардар ету және консультация беру қызметiн ұсыну, құжаттарды дайындауда көмек көрсету, үмiткерлердiң қажеттiлiктерiн зерттеу мақсатында олармен консультация жүргiзу және үмiткерлердiң әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына бағалау жүргiзу, Бағдарламаға қатысуға үмiткерлердiң құжаттарын қабылдау;
2) Бағдарламаның әлеуеттi қатысушыларын, олардың мәртебесiне, еңбек нарығындағы әлеуеттi мүмкiндiгiне және әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығын бағалауға байланысты санаттар бойынша iрiктеу және бөлу;
3) Бағдарламаға қатысушылармен әлеуметтiк келiсiмшартқа жасасу, олардың орындауына мониторинг жүргiзу және оның талаптарын орындамаған жағдайда заңнамаға сәйкес санкция қолдану.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарының ауылдық округтерде Бағдарламаны iске асыру мәселелерiмен, жұмыс берушiлермен, бiлiм беру ұйымдарымен және жеке меншiк жұмыспен қамту агенттiктерiмен өзара iс-қимылды үйлестiрумен айналысатын өкiлдiктерi, бөлiмшелерi (немесе мамандары) болуы мүмкiн.
Халықты жұмыспен қамту орталығының үлгi жарғысын Бағдарлама операторы әзiрлейдi және бекiтедi.
8. Бағдарламаны ақпараттық қамтамасыз ету
Жұмыспен қамту бағдарламасын iске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету енгiзiлетiн Әлеуметтiк-еңбек саласының бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң (бұдан әрi – ӘЕСБАЖ) базасында жүзеге асырылады.
«Еңбек нарығы (Дерекқор), «Шетелдiк жұмыс күшi», «Еңбектi қорғау мен еңбек қауiпсiздiгi», «Әлеуметтiк көмек (АӘК, МБЖ)», «Е-собес», «Байланыс орталығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйелерiн қамтитын ӘЕСБАЖ: нақты уақыт режимiнде Дерекқорды пайдалануға;
Бағдарлама шеңберiнде орындалатын бизнес-процестердi автоматтандыруға;
жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтiк қолдау үшiн өтiнiш берген адамдарды, оның iшiнде Бағдарламаға қатысушыларды автоматты түрде есепке алуды жүргiзуге;
АӘК тағайындау кезiнде Бағдарламаға қатысушылардың табысын анықтау үшiн «ЗТМО» РМҚК тиiстi дерекқорларын пайдалану, бұл бюджет қаражатының мақсатсыз пайдаланылуын болғызбайды.
Бұған қоса, кәсіптік білім беретін оқу орындарының базасы қалыптастырылады және «Жастардың еңбек биржасы» бірыңғай веб-порталы құрылады.
Бағдарлама шеңберінде сервистік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарда көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, қызметтер және оқу орындарының тізбесі туралы ақпарат Бағдарлама операторының, білім беру саласындағы уәкілетті органның, Бағдарлама операторының жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың және халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурстарында орналастырылады.
9. Бағдарламаны iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi
Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларымен бiр жарым миллион адамға дейiн, оның iшiнде шамамен 800 мың ауыл тұрғынын қамту жоспарланып отыр.
Жұмыспен тиiмсiз қамтудың үлес салмағы төмендейдi, жұмыссыздық азаяды, еңбек өнiмдiлiгi, сондай-ақ халықтың табысы артады.
2020 жылға дейiнгi сандық индикаторлар Бағдарламаның екiншi кезеңiнің аяқталуына қарай тиiстi өзгерiстер енгiзу мүмкiндiгiмен айқындалатын болады.
10. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi
Бағдарламаны iске асыру екi кезеңде жүзеге асырылады: бiрiншi кезең – 2011 жыл пилоттық жыл болады, екiншi кезең – 2012 – 2015 жылдар –Бағдарламаны енгiзу кезеңi, 2016 – 2020 жылдар Бағдарламаны толық ауқымда iске асыру кезеңi.
Бiрiншi кезеңде (2011 жылдың 2-жартыжылдығы) Бағдарламаның бiрiншi және екiншi бағыттары барлық өңiрлерде пилоттық режимде енгiзiлетiн болады. Үшiншi бағыт (экономикалық өсу орталықтарына және әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге көшу) жергiлiктi атқарушы органдардан келген ұсыныстарға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Тиiстi нормативтiк құқықтық база жасалады, Бағдарламаға қатысушыларды экономикалық өсу орталықтарына және әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге көшiру тетiгi пысықталады, Бағдарламаға қатысушыларды ҮИИДМБ жобаларын iске асыруға тарту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Сонымен қатар Бағдарламаны iске асырудың екiншi кезеңiне дайындалу үшiн облыстық және аудандық маңызы бар жергiлiктi атқарушы органдар:
Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын жобалардың тiзбесiн, қатысушылардың санаттарын, олардың белсендiлiгiн арттыру шаралары мен тәсiлдерiн (Бағдарлама операторымен келiсiм бойынша) айқындайды;
қызметтiк тұрғын үй құрылысына және (немесе) оны сатып алуға жергiлiктi бюджет қаражатынан қоса қаржыландыру үлесiн ескере отырып, Бағдарламаны iске асыруға бюджеттiк өтiнiм ұсынады.
Жергiлiктi атқарушы органдардың бюджеттiк өтiнiмдерi Республикалық бюджет комиссиясында қаралатын болады, онда мемлекеттiң қаржы мүмкiндiктерi ескерiле отырып, Бағдарламаны қаржыландырудың 2012 – 2015 жылдарға арналған лимитi айқындалатын болады.
Екiншi кезеңде: 2012 – 2015 жылдары – Бағдарламаның өңiрлiк құрамдас бөлiктерi әзiрленiп, келiсiлетiн болады және орындала бастайды, әлеуметтiк қолдау көрсету шарттары мен тәртiбiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлетiн болады.
Үшiншi кезеңде (2016 – 2020 жылдары) еңбек нарығында туындайтын қатерлердi басқару және жұмыспен нәтижелi қамтуға жәрдемдесу Бағдарламада ұсынылған тетіктер мен құралдар негiзiнде жүзеге асырылатын болады.
11. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асыруға республикалық бюджетте:
2011 жылға – 37,4 млрд. теңге, оның iшiнде:
бiрiншi бағыт бойынша: оқытуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге – 14,3 млрд. теңге;
екiншi бағыт бойынша: кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесуге – 4,8 млрд. теңге;
үшiншi бағыт бойынша: еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға – 16,2 млрд. теңге;
халықты жұмыспен қамту орталықтарын қамтамасыз етуге және ақпараттық сүйемелдеуге – 2,1 млрд. теңге;
2012 жылға – 57,6 млрд. теңге, оның iшiнде:
бiрiншi бағыт бойынша: өз бетiнше жұмыспен айналысатын, жұмыссыз және табысы аз халықты оқытуға және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге –22,1 млрд. теңге;
екiншi бағыт бойынша: ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесуге – 13,4 млрд. теңге;
үшiншi бағыт бойынша: еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға – 9,4 млрд. теңге;
төртiншi бағыт бойынша: ауылдық елдi мекендердi дамытуға – 9,9 млрд. теңге;
халықты жұмыспен қамту орталықтарын қамтамасыз етуге – 2,9 млрд. теңге;
2013 жылға – 94,7 млрд. теңге (оның ішінде 20 млрд. теңге – шартты қаржыландыру шығыстары);
2014 жылға – 100,6 млрд. теңге;
2015 жылға – 98,7 млрд, теңге көзделген.
Келесi жылдары республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемi жоспарланатын кезеңге арналған тиiстi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады.
_____________________
12. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с
№
|
Iс-шараның атауы
|
Шығыстар
|
Жауапты орындаушылар
|
Аяқталу нысаны
|
Орындау мерзiмi
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1. Ұйымдастыру iс-шаралары
|
1.1
|
«2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
|
-
|
Қаржыминi, ЭДСМ, Еңбекминi
|
Заң жобасының тұжырымдамасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ВАК-қа енгiзу
|
2011 жылғы наурыз
|
1.2
|
«2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджеттi iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлеу
|
-
|
Қаржыминi, ЭДСМ, Еңбекминi
|
ҚР Үкiметiнiң қаулысы
|
2011 жылғы наурыз
|
1.3
|
«Қазақстан Респубикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасын әзiрлеу
|
-
|
Еңбекминi, Қаржыминi, ҚТКШIА, Әдiлетминi
|
Заң жобасының тұжырымдамасын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ВАК-қа енгiзу
|
2011 жылғы сәуiр
|
1.4
|
«Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң бағдарламалық тұғырнамасында ағымдағы және перспективалық жұмыс орындары дерекқорын ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету
|
2011 ж. РБ - 22 млн. теңге
|
Еңбекминi, ИЖТМ, МГМ, ККМ, АШМ, ДСМ, БҒМ, БАМ, ММ, жұмыс берушiлердiң бiрлестiктерi (келiсiм бойынша), облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi
|
Дерекқор
|
2011 жылғы
2-тоқсан
|
1.5
|
Ағымдағы және болжамды жұмыс орындары дерекқорына енгiзу үшiн қажеттi мамандықтар мен бос жұмыс орындары туралы мәлiметтi ұсыну нысандарын әзiрлеу және бекiту
|
-
|
Еңбекминi, ИЖТМ, МГМ, ККМ, АШМ, ДСМ, БҒМ, БАМ, ММ, жұмыс берушiлердiң бiрлестiктерi (келiсiм бойынша)
|
Еңбекминiнiң бұйрығы
|
2011 жылғы 1 мамыр
|
1.6
|
Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлеу
|
-
|
Еңбекминi, Қаржыминi, Әдiлетминi
|
ҚР Үкiметi қаулысының жобасын ПМК-ға енгiзу
|
2011 жылғы сәуiр
|
1.7
|
Бағдарламаны iске асыру мәселелерi жөнiндегi өңiрлiк, аудандық (қалалық) комиссиялардың үлгi ережелерiнiң жобаларын әзiрлеу
|
-
|
Еңбекминi, Қаржыминi, Әдiлетминi
|
Еңбекминiнiң
бұйрығы
|
2011 жылғы сәуiр
|
1.8
|
Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi өңiрлiк, аудандық (қалалық) комиссияларды құру
|
-
|
Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының, аудандардың (қалалардың) әкiмдерi
|
Облыстар, Астана мен Алматы қалалары, аудандар (қалалар) әкiмдiктерiнiң қаулылары
|
2011 жылғы мамыр
|
1.9
|
Бағдарламаны (бағыттары бойынша) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының бөлiнiсiнде республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы лимиттерiн және республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiн белгiлеу
|
-
|
Еңбекминi, Қаржыминi, БҒМ, ҚТКШIА, Әдiлетминi, ЭДСМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi
|
ВАК шешiмi
|
Жыл сайын
|
1.10
|
Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi мен республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi арасында нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдер жасасу
|
-
|
Еңбекминi, БҒМ, ҚТКШIА, АШМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi
|
Келiсiм
|
2011 жылғы мамыр
|
1.11
|
Аудандардың (қалалардың) Жұмыспен қамту орталықтарының үлгi жарғысын әзiрлеу
|
-
|
Еңбекминi, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi
|
Еңбекминiнiң бұйрығы
|
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейiн
|
1.12
|
Аудандардың (қалалардың) Жұмыспен қамту орталықтарын құру
|
2011 ж. РБ - 2115 млн. теңге
|
аудандардың, қалалардың әкiмдерi
|
аудандардың, қалалардың әкiмдiктернiң қаулылары
|
2011 жылғы маусым
|
1.13
|
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларын iске асыру кезiнде Қазақстан Республикасының азаматтарын өз бетiнше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу өлшемдерiн айқындау жөнiндегi қағидаларды әзiрлеу
|
-
|
Еңбекминi, СА
|
Еңбекминiнiң бұйрығы
|
2011 жылғы шiлде
|
1.14
|
«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтi көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2009 жылғы 28 шiлдедегi № 237-ө бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
|
-
|
Еңбекминi
|
Еңбекминiнiң бұйрығы
|
2011 жылғы тамыз
|
2. Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
|
2.1
|
Бағдарламаға қатысушыларды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді
және оларға мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларын көрсетуді ұйымдастыру
қағидаларын әзірлеу
|
-
|
Еңбекминi, БҒМ, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi
|
ҚР Үкiметi қаулысының жобасын ПМК-ға енгiзу
|
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейiн
|
3. Кәсiпкерлiктi дамытуға жәрдемдесу
|
3.1
|
Ауылда кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдау көрсетудi ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын әзiрлеу
|
-
|
Еңбекминi, Қаржыминi, ЭДСМ, АШМ, «Даму» КДҚ» АҚ
|
ҚР Үкiметi қаулысының жобасын ПМК-ға енгiзу
|
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңы қабылданғаннан кейiн
|
3.2
|
Микроқаржы ұйымдарын конкурстық негiзде кредит беру қағидаларын әзiрлеу
|
-
|
Еңбекминi, Қаржыминi, ЭДСМ, АШМ, «Даму» КҚД» АҚ
|
ҚР Үкiметi қаулысының жобасын ПМК-ға енгiзу
|
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңы қабылданғаннан кейiн
|
4. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
|
4.1
|
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және Бағдарламаның үшiншi бағытына қатысушыларға мемлекеттiк қолдаудың өзге де шараларын көрсетудiң қағидаларын әзiрлеу
|
-
|
Еңбекминi, ҚТКШIА, Қаржыминi, ЭДСМ, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi
|
ҚР Үкiметi қаулысының жобасын ПМК-ға енгiзу
|
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңы қабылданғаннан кейiн
|
4.2
|
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберiнде облыстардың бюджеттерiне, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне 2011 жылға тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру қағидасын әзiрлеу
|
РБ- 11538,2 млн. теңге
|
Еңбекминi, ҚТКШIА, Қаржыминi, Әдiлетминi
|
ҚР Үкiметi қаулысының жобасын ПМК-ға енгiзу
|
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңы қабылданғаннан кейiн
|
4.3
|
Бағдарлама шеңберiнде қызметтiк тұрғын үй салуға үлгi жобаларды әзiрлеу және бекiту
|
РБ-245,0 млн. теңге
|
ҚТКШIА, Еңбекминi, Қаржыминi, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi
|
ҚТКШIА
бұйрығы
|
2011 жылғы желтоқсан
|
4.4
|
Әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен және жоғары ауылдық елдi мекендердi айқындау үшін өлшемдерді қабылдау
|
-
|
ЭДСМ, АШМ
|
Бiрлескен бұйрық
|
2011 жылғы тамыз
|
4.5
|
Өңiрлер бөлiнiсiнде әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен және жоғары ауылдық елдi мекендердiң тiзбесiн айқындау
|
-
|
Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi, ЭДСМ, АШМ
|
Тiзбе, ВАК шешiмi
|
Жыл
сайын
|
5. Ақпараттық жұмыс
|
5.1
|
Халықтың мемлекеттiк жұмыспен қамту саясаты мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру:
- ғылыми-практикалық семинарлар, дөңгелек үстел отырыстарын, халықпен, жұмыс берушілермен, жеке меншік агенттіктермен кездесулер өткiзу;
- БАҚ-та сөз сөйлеу;
- ақпараттық материалдарды Еңбекминiнiң веб-сайтына орналастыру
|
-
|
Еңбекминi, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкiмдерi
|
Семинарлар, кездесулер, сөз сөйлеулер, жарияланымдар
|
Үнемi
|
6
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу
|
-
|
Еңбекминi, БҒМ, ҚТҮКШIА, АШМ, БАМ, Қаржыминi
|
ҚР Үкiметiнiң қаулысы
|
2013 жылғы қаңтар
|
7
|
«2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджеттi iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлеу
|
-
|
Қаржыминi, Еңбекминi, ҚТКШIА, БҒМ, ЭДСМ
|
ҚР Үкiметiнiң қаулысы
|
2013 жылғы сәуір
|
8
|
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде 2013 жылға ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге облыстық бюджеттерге кредит беру шарттарын әзірлеу
|
-
|
Еңбекминi, Қаржыминi
|
ҚР Үкiметiнiң қаулысы
|
2013 жылғы ақпан
|
9
|
Ағымдағы бос жұмыс орындары мен болжанатын жұмыс орындарының дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және жергілікті мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын кадрларға қажеттілік туралы ақпарат беру нысандарын әзірлеу
|
-
|
Еңбекминi, облыстардың, Алматы және Алматы қалаларының әкімдері
|
Еңбекминінің бұйрығы
|
2013 жылғы наурыз
|
10
|
Орталық мемлекеттік органдардың кадрларға қажеттілік туралы ақпарат беру қағидалары мен нысандарын әзірлеу
|
-
|
Еңбекминi, ИЖТМ, АШМ, МГМ, БҒМ, ДСМ, ККМ, МАМ,
|
Еңбекминінің бұйрығы
|
2013 жылғы мамыр
|
11
|
Жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік келісімшартқа қосылуы туралы өтініштерінің (хабарламаларының) үлгілік нысандарын әзірлеу
|
-
|
Еңбекминi, БҒМ
|
Еңбекминінің бұйрығы
|
2013 жылғы ақпан
|
12
|
Бағдарламаның іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу
|
-
|
Еңбекминi
|
Еңбекминінің бұйрығы
|
2013 жылғы шілде
|
13
|
Аудандардың (қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының Кәсіпкерлікті дамыту карталарын әзірлеуі және бекітуі
|
-
|
аудандардың (қалалардың) әкімдіктері
|
Аудандардың (қалалардың) әкімдіктерінің қаулылары
|
2013 жылғы қараша
|
14
|
«Жастардың еңбек биржасы» веб-порталын құру
|
-
|
Еңбекминi, Қаржыминi, БҒМ, «Нұр Отан» ХДП Жас отан Жастар қанаты (келісім бойынша), «Атамекен» ҰЭП (келісім бойынша)
|
Интернет-сайт
|
2013 жылғы қараша
|
15
|
«Экономикалық әлеуеті төмен және жоғары ауылдық елді мекендерді анықтауға арналған өлшемдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 28 шілдедегі № 28-2/430 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 28 шілдедегі № 225 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен бұйрық әзірлеу
|
-
|
ЭДСМ, АШМ
|
ЭДСМ мен АШМ бірлескен бұйрығы
|
2013 жылғы мамыр
|
16
|
Өңірлер бөлінісінде әлеуметтік-экономикалық әлеуеті төмен және жоғары ауылдық елді мекендердің тізбесіне өзгерістер енгізу
|
-
|
Еңбекминi, ЭДСМ, АШМ, облыстардың әкімдері
|
Тізбе
|
2013 жылғы қыркүйек
|
17
|
Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқуды жүзеге асыратын кәсіптік білім беретін оқу орындарының тізбесін қалыптастыру
|
-
|
Еңбекминi, БҒМ, облыстардың, Алматы және Алматы қалаларының әкімдері
|
Тізбе
|
2013 жылғы наурыз
|
18
|
Бағдарлама шеңберінде кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын кәсіптік білім беретін оқу орындарының тізбесін интернет-ресурстарға орналастыру
|
-
|
Еңбекминi, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, БАМ, «Атамекен» ҰЭП (келісім бойынша)
|
Интернет-сайттарда ақпарат
|
2013 жылғы сәуір
|
19
|
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдер жасасу
|
-
|
Еңбекминi, БҒМ, ҚТКШIА, ЭДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
|
Келісімдер
|
2013 жылғы қаңтар
|
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚТКШІА – Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Достарыңызбен бөлісу: |