Жұмыс беруші әріптес мекеме, басшысының қолы, мөрі



жүктеу 477 Kb.
бет3/9
Дата21.01.2020
өлшемі477 Kb.
#27137
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3.Пәннің мақсаты: Сақтандыру ісі облысында білімдерді жүйелеу, атап айтқанда сақтандырудың теориялық аспектілері, сақтандыру ісін ұйымдастыру, сақтандыру қатынастарын мемлекеттік реттеу, сақтандыру салалары бойынша оның ерекшеліктерін анықтау, сақтанушының қаржылық ерекшелігін оқу.


4. Қысқаша мазмұны: Сақтандырудың экономикалық мәні. Экономикалық категория ретінде сақтандырудың спецификасы. Сақиандыруды ұйымдастыру, өткізу формасы мен салалық мәні бойыншаклассификациялау. Сақтандыруісінің құқықтық негізі. Сақтандыру келісімі. Сақтандыру ісі бойынша бақылау қызметінің функциялары. Сақтандыру тарифі, оның түрлері, мәні және құрылуы. Тарифтін саясаттың принциптері. Сақтандырудың сыйақы түрлері. Тәуекел және сақтандыру келісімдері мен түрлері. Рестроцессия. Әлеуметтік сақтандыру. Мүліктік және жеке сақтандыру. Өмірді сақтандыру. Медициналық сақтандыру.

5. Құзіреттілігі: Сақтандыруды үйымдастырудың негізгі принціптерін және ерекшеліктерін, сақтандырудың негізгі экономикалық категорияларын, сақтанушылардың негізгі қызметін, қайта сақтандыру, өзін-өзі сақтандыру қызметінің негізін, шетелде сақтандыру нарығының қызмет ету негіздерін біледі.

6. Күтілетін нәтиже: Алынған теориялық білімді практикада қолданады, жеке және мүліктік сақтандыру келісім-шарттарын жасағанда сақтандыру операцияларын талдап, бағалауға епті. Сақтандыру облысында кәсіби қызығушылықты танытуға, түрлі қаржы-экономикалық есептерді шешуге дағдылы. Кәсіби қызметте сақтандыру бойынша базалық білімді және оны тиімді іске асыруды көрсетеді.

Еділбаев Н.Б- аға оқытушы




в) Хеджерлеу

Hed 3203






















1.Пререквизиті: «Қаржы», «Ақша, несие, банктер», «Қаржы нарықтары және делдалдары», «Экономикалық теория»

2.Постреквизиті: «Сақтандыру менеджменті», «Банк ісі», «Банктердің валюталық операциялары»

3.Пәннің мақсаты: Студенттерде хеджерлеу түсінігін қалыптастыру. Портфельдік инвестициялаудағы хеджирлеу Хеджердің мәні мен мазмұны, хеджерлеу түсінігі. Несиелік тәуекелдерді хеджерлеуді жетілдіру.

4.Қысқаша мазмұны: Хеджирлеу. Жіктелімі және оның түрлері туралы түсінік. Биржалық алыпсатарлық. Хеджирлеудің техникасы мен стратегиясы. Қор нарығының даму шарттары және факторлары. Туынды бағалы қағаздар түрлерінің даму тенденциясы және сыныптамасы. Хеджерлеу операциясын өткізу әдістері.

5. Құзіреттілігі: Қор нарығының негізгі құралдарымен және туынды бағалы қағаздардың өтеуі, жылжыуы, шығарылуы, негізгі операцияларының есебі, талдануы, аудит әдістерімен танысу.

6. Күтілетін нәтиже: Туынды бағалы қағаздар түрлерінің даму тенденциясы және сыныптамасын білу және талдау; Хеджерлеу операциясын өткізу әдістерін меңгеру.

Ыдырыс Е. Ж- аға оқытушы, э.ғ.к




3

а) Кәсіпорын экономикасы

KE 3210

БП

3

5

3

5

емти-хан

тест

1.Пререквизиті: «Экономикалық теория», «Микроэкономика»

2. Постреквизиті: «Корпоративтік қаржы», «Кәсіпорынды қаржылық жоспарлау және бюджеттендіру», «Компаниялар қызметін қаржылық талдау»

3. Пәннің мақсаты: басқарудың әлеуметтік жүйесінің тиімді жұмыс істеуін, сонымен бірге кәсіпорын қызметінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін негіздеу бойынша практикалық әдістемелерді үйренуді қамтамасыз ететін кәсіпорын экономикасы мен басқару облыстарындағы көзқарастар жүйесінің қалыптасуы.

4. Қысқаша мазмұны: Кәсіпорын экономикасы пәні және әдістері. Экономиканы мемлекеттік реттеу. Экономикалық тиімділік көрсеткіштері. Бағалар жүйесі. Табыстарды қалыптастыру және бөлу. Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық қызметі: түсінігі, мәні, түрлері. Кәсіпорын классификациясының түсінігі және белгілері. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық формалары, олардың нарық жағдайындағы негізгі функциялары және мақсаттары. Кәсіпорынның негізгі қорлары: құрамы, құрылымы, тиімділігін және пайдалануын жақсарту бағыттарын бағалау. Оларды пайдалану тиімділігін анықтау әдістері. Айналым қаржысының экономикалық мәні. Еңбек ресурстарының түсінігі, құрамы және құрылымы. Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігі. Кәсіпорындағы еңбек өнімділігі: ұғымы, арттыру көрсеткіштері және резервтері. Кәсіпорын шығындары, олардың түрлері және экономикалық мәні. Кәсіпорындағы шығындарды азайту. Жалпы және тауарлық өнім. Сапа және өнімнің бәсекелестік қабілеті.

5. Құзіреттілігі: ресурстық потенциалдарды пайдалану көрсеткіштерінің есебін, айналым қорларының айналу жылдамдығын арттыру көрсеткіштерін, өндіріс тиімділігі көрсеткіштерін, еңбек өнімділігінің өсуін, өнімнің еңбек сіңіргіштігі мен материал сіңіргіштігін азайту есебін және т.б.

6. Күтілетін нәтиже: кәсіпорын ресурстарын тиімді пайдалану көрсеткіштерін, өндіріс шығындарын, кәсіпорын табысын өз бетінше есептей алады және т.б. Басқару персоналдарын таңдай және орналастыра алады, басқару процесін ақпаратпен қамтамасыз ете алады және инвестициялық саясатты жүргізе алады. Нарық заңдылықтары, нақты сектор кәсіпорындары жұмысының тиімділік резервтері және факторлары, табыстылықты жоғарлату, өндірісті басқару және ұйымдастыру жөнінде өз білімін көрсетеді.

Талапбаева Г.Е- аға оқытушы, э.ғ.к




б) Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау

KКEТ 3210






















1.Пререквизиті: «Экономикалық теория», «Микроэкономика»

2. Постреквизиті: «Корпоративтік қаржы», «Кәсіпорынды қаржылық жоспарлау және бюджеттендіру», «Компаниялар қызметін қаржылық талдау»

3.Пәннің мақсаты: Бүгінде нарықтық экономикалық қатынастар орнаған жағдайда шаруашылық субъектінің өндірістік шаруашылық жағдайын талдаудың мазмұнынын, пәні мен міндеттерін ашып, олардың шаруашылық қызметте алатын орнын анықтау.

4.Қысқаша мазмұны: Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау, мәні және міндеті, экономикалық талдау ғылымына анықтама беру, оның негізгі мазмұнын ашу. Кәсіпорынның өндірістік қызметін экономикалық талдау. Кәсіпорын табыстылығын талдау. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жоспарды талдау. Капитал көздерін талдау. Негізгі қорларды талдау. Материалдық шығынды талдау. Өнімнің өзіндік құнын талдау. Еңбекті талдау. Пайдалылық пен табыстылықты талдау. Төлем қабілеттілікті талдау.

5.Құзіреттілігі: Кәсіпорын экономикасы курсын оқыту мақсаты студенттердің ірі және шағын кәсіпорындарда болашақ басшылары ретінде жетілдірілген мамандар таңдау ресурстарды тиімді пайдалануға, жоғары дәрежелі техника мен технологияны пайдаланып, өндіріс шығындарын ең төменгі шегіне дейін төмендетуге қол жеткізуге, маркетинг арқылы тиімді басқару менеджментін қалыптастыруға үйрету.

6. Күтілетін нәтиже: Қаржылық талдау міндеттері және әдістерін меңгеру. Қаржылық талдаудың басқаруды талдаудан айырмашылығын білу. Қаржылық талдаудың түрлерін меңгеру.

Утегенова К - аға оқытушы, э.ғ.к




в) Шаруашылық қызметті кешенді экономикалық талдау

ShKKET 3210






















1.Пререквизиті: «Экономикалық теория», «Микроэкономика»

2.Постреквизиті: «Қорпоративтік қаржы», «Компаниялар қызметін қаржылық талдау», «Кәсіпорынды қаржылық жоспарлау және бюджеттендіру»

3. Пәннің мақсаты: Шаруашылық қызметті кешенді экономикалық талдау пәнінің негізгі мақсаты – кәсіпорын қызметінің экономикалық талдау саласында теоретикалық білім беру және оны алдағы жұмыс барысында практикада қолдану білу.

4.Қысқаша мазмұны: Шаруашылық қызметті кешенді экономикалық талдау – межелі көрсеткіштердің орындалуын бағалау‚ ішкі шаруашылық сақтық қорларды анықтау және өндірістің тиімділігін арттыру үшін кәсіпорынның (фирманыңкомпанияның‚ тағы басқа) шаруашылық қызметінің жай-күйі мен дамуын оның техникалық деңгейімен және ұжымның әлеуметтік дамуымен өзара байланыста кешенді түрде зерделеу. Капитал көздерін талдау. Негізгі қорларды талдау. Материалдық шығынды талдау. Өнімнің өзіндік құнын талдау. Еңбекті талдау. Пайдалылық пен табыстылықты талдау. Төлем қабілеттілікті талдау.

5. Құзіреттілігі: Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың пәні мен объектілерін анықтау, экономикалық талдау мақсатын және түрлерін қарастыру.

6.Күтілетін нәтиже: Тақырып материалдарын игеру үшін барлық көңілді негізгі ұғымдарды игеруге аудару қажет: талдау объектілері, талдау мазмұны мен міндеттері, функциялары, негізгі принциптерін ұғыну қажет. Сонымен қатар шаруашылық қызметті талдауды жалпы зерттеу әдістемелігінің дамуын қарастыру және экономикалық талдау түрлерін жетік білу қажет.

Утегенова К - аға оқытушы, э.ғ.к




4

а) Шетелдік қор нарықтары

ShKN 3301

КП

3

5

3

5

емти-хан

тест

1.Пререквизиті: «Қаржы нарықтары және делдалдары», «Ақша Несие Банктер», «Қаржы»

2.Постреквизиті: «Биржа ісі», «Банктердің валюталық операциялары», «Банктік маркетинг»

3. Пәннің мақсаты: Ақша, несие және банктердің теориялық аспектілері, ақша және несие жүйесінің қызмет етуінің, халықаралық несие-есеп айырысу және валюталық қатынастарын білу. Түрлі қаржы институттары мен олар көрсететін қызметтерді зерделеу, ішкі және халықаралық қаржы нарықтарындағы баға белгілеу әдістерін, басқару стильдерін зерделеу.

4. Қысқаша мазмұны: Кұнды қағаздардың әлем нарықтарының эволюциясы және қазіргі құрылымы. АҚШ құнды қағаздар нарығы. Құнды қағаздар нарығының даму тарихы. АҚШ қор нарығы моделінің жалпы сипаттамасы. Ұлыбритания, Жапония, Германия, Францияның құнды қағаздар рыногы және қалыптасу тарихы.

5.Құзіреттілігі: Дамыған елдердің бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін біледі.

6.Күтілетін нәтиже: Ақша, несие және банктердің теориялық аспектілері, ақша және несие жүйесінің қызмет етуінің, халықаралық несие-есеп айырысу және валюталық қатынастарын білу. Түрлі қаржы институттары мен олар көрсететін қызметтерді зерделеу, ішкі және халықаралық қаржы нарықтарындағы баға белгілеу әдістерін, басқару стильдерін зерделеу.

Айдосова Б.Х- аға оқытушы, э.ғ.к




б) Мемлекеттік және муниципалдық займдар

MMZ 3301






















1.Пререквизиті: «Қаржы нарықтары және делдалдары», «Ақша Несие Банктер», «Қаржы»

2.Постреквизиті: «Биржа ісі», «Банктердің валюталық операциялары», «Банктік маркетинг»

3.Пәннің мақсаты: Мемлекеттік және муниципалдық заимдар түсінігін қалыптастыру. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуын зерттеу.

4. Қысқаша мазмұны: Мемлекеттік және муниципалдық заимдар курсы ҚР уәкілетті органдардың мемлекеттік қарыз алу процессін, мемлекеттік кепілдеме берілетін қарыздарды және мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік кепілдеме берілген қарыздарды басқаруға арналған өзекті мәселелерді қамтиды.

5.Құзіреттілігі: Мемлекеттік қарызға қызмет ету, қарызды басқару, мемлекеттік борыштардың құрамы мен құрылымына талдау жасау.

6. Күтілетін нәтиже: Мемлекеттік қарыздың сипаты мен түрлерін, Қазақстан Республикасының бюджеті мен қарызының ерекшеліктерін білу, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін, Қазақстан Республикасы қарыздарының ішкі және сыртқы жағдайына талдау жасай білу, Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістері мен шығыстары және мемлекеттік қарызды басқаруды меңгеру

Айдосова Б.Х- аға оқытушы, э.ғ.к







в) Бағалы қағаздар нарығы

BKN 3301






















1. Пререквизиті: «Қаржы нарықтары және делдалдары», «Ақша Несие Банктер», «Қаржы»

2. Постреквизиті: «Банктердің валюталық операциялары», «Биржа ісі», «Банктік маркетинг»

3. Пәннің мақсаты: Бағалы қағаздар нарығының қызмет етуінің теориялық және әдістемелік аспектілерін біліп қана қоймай, бағалы қағаздар нарығындағы тенденциялар мен процестерді талдай білу.

жүктеу 477 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау