4. Қысқаша мазмұны: Бағалы қағаздар нарығын ұйымдастырудың ғылыми негізі. Қазақстандағы қор нарығын құрудың заңдылығы. Мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздар нарығының қазмет етуінің ерекшеліктері. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мен олардың қызметтерін лицензиялау тәсілдері. Бағалы қағаздар. Бағалы қағаздар нарығының конъюнктурасы. Брокерлік фирмалық қызметін ұйымдастыру. Биржалық сауданың қатысушылары. Биржалық сауда механизмі.
5. Құзіреттілігі: Бағалы қағаздар нарығының қызмет етуінің теориялық аспектілерін, сондай-ақ қазіргі қор нарығын ұйымдастыру принціптері мен формаларын, бағалы қағаздар эмисииясы мен айналысын біледі.
6. Күтілетін нәтиже: Алынған теориялық білімді практикада қолдана алады, қор нарығының ары қарай дамуына әсер ететін шаралар өңдеуге епті. Өз еркімен қаржы-несие жүйесіндегі практикалық тапсырмаларға экономикалық талдау жасауға дағдылы. Өздігінен экономикалық талдау жасайды, талдау нәтижесін қорытындылап, сапалы шешімдер қабылдауға шаралар өңдейді.
Айдосова Б.Х- аға оқытушы, э.ғ.к
|
|
5
|
а) Банктік тәуекелдер
|
BТ 3302
|
КП
|
3
|
5
|
3
|
5
|
емти-хан
|
тест
|
1.Пререквизиті: «Ақша несие банктер», «Қаржы нарықтары және делдалдары»
2. Постреквизиті: «Комерциялық банктердің қаржылық талдауы», «Банктердің валюталық операциялары», «Банктік маркетинг және менеджмент»
3.Пәннің мақсаты: Банк ісі аясындағы жүйелі түрде білімді меңгеру, көбінесе банктік тәуекелдердің теориялық аспектілерін; тәуекелдерді басқарудың әдістерін меңгеру; банктік тәуекелдер түрлерін минимирлеу, жобалау және тани білу.
4.Қысқаша мазмұны: Банктік тәуекелдердің пайда болу қайнар көздері, банктік тәуекелдердің жіктелуі, банктік тәуекелдерді төмендету әдістері: тәуекелдерді сақтандыру, ссудаларды қамтамасыз ету сапасы, банктерддің несиелік қызметінен провизияларды қалыптастыру, банктік портфелдер тәуекелдерінің тиімділігі.
5.Құзіреттілігі: Банктік тәуекелдердің пайда болу қайнаркөздерін, банктік тәуекелдердің жіктелуін, банктік тәуекелдерді минимизациялау әдістерін: тәуекелдерді сақтандыру, ссуданы қамтамасыз ету сапасы, банктің несиелік қызметінен провизияны қалыптастыру, банктік портфель тәуекелін оңтайландыруды білу.
6. Күтілетін нәтиже: Банктік тәуекелдерді бағалауды және талдау жасауды сапалы жүргізуді, сонымен қатар тәуекелдерді минимизациялау бойынша есеп айрысуларды жүргізе білу қабілеттерінің болуы. Теориялық білімін практикада пайдалануға және практикалық жұмыста белгілі бір әдістерді меңгеру мақсатында ғылыми-теориялық білімін қортындылай білу дағдысы. Банктік операцияларда тәуекелдерді жобалау және зерттеу аясындағы базалық білімін көрсету, өз еркімен экономикалық ойлау және талдау жасай алу дағдысының болуы, теориялық білімін практикада қолдана білу қабілеті, тәуекелдердің алдын алудағы сапалы шешімдерді қабылдау бойынша өз еркімен шараларды ұйымдастыра білу қабілетінің болуы.
|
Женсикбаева К.М- аға оқытушы
|
|
б) Банк ісі
|
BI 3302
|
|
|
|
|
|
|
|
1.Пререквизиті: «Ақша несие банктер», «Қаржы нарықтары және делдалдары»
2. Постреквизиті: «Комерциялық банктердің қаржылық талдауы», «Банктердің валюталық операциялары», «Банктік маркетинг және менеджмент»
3.Пәннің мақсаты: Пәннің мақсаты банк ісі дамуының теориялық аспектілерін кешенді зерттеуге бағытталған. Ақшалай, несиелік-есептік және валюталық қатынастардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында несиелік-банктік жүйенің қызмет етуінің заңдылық және нормативтік актілерін практикада қолдануды реттейтін сұрақтарды қарастырады.
4. Қысқаша мазмұны: Қазақстан Республикасы банк жүйесін құру және дамыту. Маманданған несие-қаржылық институттар, олардың типтері, қызмет ету ерекшеліктері. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясаты. Банктердің қызметін пруденциалды реттеу. ҚР коммерциялық банктерінің пассивті және активті операциялары. Банктердің қаржылық қызметтері. Қысқамерзімді және ұзақмерзімді несиелендіруді ұйымдастыру. Нарықтық қатынастар жағдайында қарыз алушылардың несие қабілеттілігі – несиелерді басқару ретінде. Банктік маркетинг және менеджмент.
5. Құзіреттілігі: Коммерциялық банктердің несиелік, депозиттік, есептік-кассалық және басқа да операцияларын жүргізудің теориялық негіздерін, сондай-ақ ҚР территориясында банктік операцияларды өткізу механизмі мен нормативті заңды актілерді білуге негізделген.
6. Күтілетін нәтиже: Банк ісі облысында кәсіби қызығушылықты қалыптастыру, түрлі қаржы-экономикалық есептерді шешуде аналитикалық ойды дамыту. Тиімді қаржы-несие жүйесін құруда түрлі қаржы-экономикалық есептерді шешуде аналитикалық ойды дамытуға қабілетті. Банк жүйесінің дамуына талдау және баға беру. Банк ісі облысында студенттерде кәсіби қызығушылықты танытуға, жеке экономикалық ойды қалыптастыру, теориялық білімді практикада қолдану, сапалы шешімдер қабылдау бойынша шаралар өңдей білуге қабілетті.
|
Женсикбаева К.М- аға оқытушы
|
|
в) Банктік қадағалау және аудит
|
BКА 3302
|
|
|
|
|
|
|
|
1.Пререквизиті: «Ақша несие банктер», «Қаржы нарықтары және делдалдары»
2. Постреквизиті: «Комерциялық банктердің қаржылық талдауы», «Банктердің валюталық операциялары», «Банктік маркетинг және менеджмент»
3. Пәннің мақсаты: Банктік қызметті бақылау мен қадағалау түсінігін қалыптастыру. Банктік жүйенің елдің экономикасында алатын роліне түсінік беру. Банктік индустрия жайлы толық ақпараттар негізінде қызметтерді жүзеге асыру. Банк мамандарына керекті теориялық және практикалық білім негіздерін қолданыстағы нормативті актілерге сай жүргізе білу. Логикалық және аналитикалық ойлауға дағдылану
4. Қысқаша мазмұны: Банктік реттеу және қадағалаудың мақсаты мен қажеттілігі. Банктік қадағалауды ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі. Банктік қадағалау концепциясы және қадағалау процесі. Банктік қадағалау стратегиясы, сатылары. Банк қызметін бағалау жіктелуінің рейтингтік жүйесі және оның негізгі көрсеткіштерін талдау. Активтер сапасын бағалау. Банктік менеджментті бағалау. Өтімділікті бағалау. Банктің табыстылығын бағалау. Ішкі аудит ішкі тексеру жүйесі. Жарғылық капиталдың қалыптасуының заңдылығы және құрылтай құжаттарын аудиторлық тексеру. Несиелік және депозиттік операциялар есебі. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер аудиті. Банктің бағалы қағаздармен операциялар аудиті. Валюталық операциялар аудиті. Банктің кірісі, шығыны және пайдасын дұрыс қалыптастыруды аудиторлық тексеру.Банктік аудиттің мәні. Коммерциялық банктыі жарғылық қордының қалыптасуының дұрыстығын тексеру. Коммерциялық банктердегі бухгалтерлік есептің қойылымының аудиті. Есеп айырысу операцияларының аудиті. Кассаның және кассалық операциялардың аудиторлық тексеруі. Коммерциялық банктердің активті операцияларының аудиторлық тексеру. Коммерциялық банктердегі бағалы қағаздардың операциясының аудиті. Коммерциялық банктердің табысытарын және кіріс пен шығысының аудиті. Банктегі салық салудың аудиті. Коммерциялық банктің балансын аудиторлық тексеру.
5. Құзіреттілігі: Коммерциялық банктің жарғылық қордың қалыптасуын қалай тексеруді, банктегі салық салуды тексеруді және коммерциялық банктің балансының өтімділігін тексеруді біледі.
6. Күтілетін нәтиже: Банктерді тексеру бойынша нақты тапсырмаларды қоя алады және шеше алады, банктік аудитті аудиторлық тексеру әдістерін пайдалана алады. Аудитті жүргізу әдісі бойынша дағдысы болады. Банктік аудит облысындағы базалық білімін,тәжірибе бойынша білімін қолдану қабілеттілігін, аудитті тиімді жүргізу бойынша дағдысын жариялайды.
|
Женсикбаева К.М- аға оқытушы
|
|
6
|
а) Салық және салық салу
|
SS 3303
|
КП
|
3
|
5
|
3
|
6
|
емти-хан
|
жазбаша
|
Пререквизиті: «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Қаржы»
Постреквизиті: «Мемлекеттік қаржылар», «Салықтық есеп»
3. Пәннің мақсаты: Салық салудың теориялық негіздерін, Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының негізгі этаптарын, экономиканы реттеудің салықтық құралдарын және оларды қолдану мүмкіндігін, елдегі салық реформасы мен Қазақстанның салық заңдылығының негізгі концепцияларын кешенді оқыту.
4. Қысқаша мазмұны: Салық және салық салу пәнін оқытудың пәні мен әдістері. Салық жүйесінің экономикалық мазмұны, құрамы мен құрылымы, Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының негізгі этаптары, алымдар және оның салықтар, баждар, төлемақылардан айырмашылығы. Қазақстанның салық жүйесіндегі алымдар және оның аймақ бюджетін қалыптастырудағы ролі. Қазақстан Республикасының салық жүйесінде тура және жанама салықтардың қызмет ету ерекшеліктері. Меншікке салықтар сипаттамасы, салық салу принціптері, салық жүйесін құрудағы олардың ролі. Қазақстанның салық қызметінің құрылуы және дамуы, құқықтық аспектілері. Салық саясатының негізгі бағыттары және салық қызметі формалары. Салықтық өндірістің экономиканың даму ерекшеліктерімен өзара байланысы. Салықтық бақылаудың экономикалық мазмұны, мақсаттары мен міндеттері.
5. Құзыреттілігі: салық салу теориясының тарихи кезеңдерін, салық және салық салудың құрылу негіздерін, салық жүйесі мен салық жіктемесінің құрылу принциптерін, ҚР салық жүйесінің негізін, оның құрылу және өзгеру кезеңдерін, салық қызметінің қалыптасуы мен дамуын, салық саясатының мазмұнын, оның мақсаты және міндеттерін, жүзеге асыру құралдарын, жекелеген салықтар және алымдар топтарының мәнін, міндеттері мен қызметтерін, есептелу және төлеу тәртібін білу;
6. Күтілетін нәтиже: салықтық жүргізілген тексерулердін нәтижесін, бағалауын, талдауын білу; салықтық төлемдердін уақтысында төленуін камтамасыз ету тәсілдерін білу және қолдану; салық салу және алу жөніндегі мәселелердің заңға сәйкес келуін білу.
|
Джрауова К.С- аға оқытушы, э.ғ.к
|
|
б) Салықтық жоспарлау
|
SZh 3303
|
|
|
|
|
|
|
|
1.Пререквизиті: «Экономикалық теория», «Микроэкономика», «Қаржы»
2.Постреквизиті: «Мемлекеттік қаржылар», «Салықтық есеп»
3. Пәннің мақсаты: салықтық жоспарлау саласында студенттер білімін қалыптастыру, салықтық жоспарлау қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік беретін қазіргі экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыру
4. Қысқаша мазмұны: Салықтық түсімдерді болжамдау процесінің мәні мен мазмұны, оның міндеттері мен әдістері қарастырылады. Сонымен қатар салықтардың негізгі түрлері бойынша (жеке табыс салығы, корпоративтік табыс салығы, қосылған құнға салық, әлеуметтік салық, көлік құралдарына салық, әлеуметтік салық, мүлікке салық) болжамдауды есептеу тәртібі қарастырылады.
5. Құзыреттілігі: Салықтық жоспарлау мақсатын, әдістерін, міндеттері мен принциптерін білу және жүзеге асыру
6. Күтілетін нәтиже: салықтық болжам жасаудың кезеңдерін, студенттерді салықтық жоспарлауды жүзеге асырудың теориялық аспектілерін іс жүзінде жүргізуге үйрету.
|
Джрауова К.С- аға оқытушы, э.ғ.к
|
|
в) Сақтандыру менеджменті
|
SM 3303
|
|
|
|
|
|
|
|
1.Пререквизиті: «Қаржы», «Экономикалық теория», «Микроэкономика»
2.Постреквизиті: «Мемлекеттік қаржылар», «Салықтық есеп»
3. Пәннің мақсаты - Әлемдік қаржылық нарықтың интеграциясының теориялық және практикалық негіздерін оқыту, сақтандыру менеджменттің даму перспективаларына шолу, компанияның қаржылық басшысы кездесетін негізгі факторларын және халықаралық жағдайда оларды шешу.
4. Қысқаша мазмұны: Сақтандыру менеджменттің мазмұны, базалық концепциялары. Капитал құрылымы және дивидендтік саясат. Кәсіпорынның ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдерінің стратегиясы. Қаржылық жоспарлау және болжамдау. Сақтандыру менеджменттің тактикасы. Халықаралық қаржылық менеджменттің арнайы тақырыптары.
5. Құзіреттілігі: экономикалық проблемаларды шешуде негізгі теориялық білімді меңгеру; сақтандыру нарығының бәсеке және жаһандану жағдайындағы қызмет ету механизмін білу; сақтандыру менеджменті нарығындағы қатысушылардың экономикалық қатынастардағы білім негіздерін білу; сақтандыру операцияларын іске асырудағы приниптерді меңгеру; сақтандыру тәуекелін басқару тәсілдерін білу.
6.Күтілетін нәтиже: нарықтағы әртүрлі ұйымдардың қаржылық қатынастарының теориясы мен тәжірибесін игере отырып, кәсіпорындар, обьектілерді, компанияларды дұрыс сақтандыра білу; компанияның сақтандыру қызметін дұрыс ұйымдастыра білу; сақтандыру мәселелерінің зандылық регламентациясы; мүлікті, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру; сақтандырудағы маркетинг.
|
Ыдырыс Е.Ж- аға оқытушы, э.ғ.к
|
|
7
|
а) Коммерциялық банктердің қаржылық талдауы
|
KBKT 3304
|
КП
|
3
|
5
|
3
|
6
|
емти-хан
|
жазбаша
|
1.Пререквизиті: «Ақша несие банктер», «Қаржы нарықтары және делдалдары»
2.Постреквизиті: «Қаржылық операцияларды талдау», «Компаниялар қызметін қаржылық талдау»
3.Пәннің мақсаты: Коммерциялық банк қызметіндегі қаржылық талдаудың теориялық негіздерін мейлінше кешенді және құрылымдық түрде оқыту.
|
Достарыңызбен бөлісу: |