5. Құзіреттілігі: Студент курсты оқу барысында келесі сурақтарды шешуге,жауап беруге құзыретті:
- төлем жүйесін іске механизмін;
- банкаралық есеп айырлысу ерекшелігін, экономикалық қарым-қатынасты;
- төлем жүйесінің қызмет ету қағидаттарын қолдануды үйренеді.
6. Күтілетін нәтиже: Әр түрлі төлемдердің тиімділігін анықтағанда болашақ мамандар қаржылық басқаруды, маркетингті, микроэкономикані, тәуекел деңгейін бағалауды жүзеге асыруды біледі
Тәуіпбаева М.С- аға оқытушы, э.ғ.к
|
|
|
в) Банктердегі тәуекел-менеджмент
|
BTM 4210
|
|
|
|
|
|
|
|
1.Пререквизиті: «Ақша,несие, банк», «Банк ісі», «Бағалы қағаздар нарығы», «Қаржылық менеджмент»
2.Постреквизиті: -
3.Пәннің мақсаты: Банк ісі аясындағы жүйелі түрде білімді меңгеру, көбінесе банктік тәуекел менеджментінің теориялық аспектілерін; тәуекелдерді басқарудың әдістерін меңгеру; банктік тәуекелдер түрлерін минимирлеу, жобалау және тани білуді студенттерге үйрету.
4.Қысқаша мазмұны: Банктік тәуекел менеджментінің пайда болу қайнар көздері, банктік тәуекелдердің жіктелуі, банктік тәуекелдерді төмендету әдістері: тәуекелдерді сақтандыру, ссудаларды қамтамасыз ету сапасы, банктерддің несиелік қызметінен провизияларды қалыптастыру, банктік портфелдер тәуекелдерінің тиімділігі.
5.Құзіреттілігі: Банктік тәуекел-менеджменттің пайда болу қайнар көздерін, банктік тәуекелдердің жіктелуін, банктік тәуекелдерді минимизациялау әдістерін: тәуекелдерді сақтандыру, ссуданы қамтамасыз ету сапасы, банктің несиелік қызметінен провизияны қалыптастыру, банктік портфель тәуекелін оңтайландыруды білу.
6. Күтілетін нәтиже: Банктік тәуекел менеджментті бағалауды және талдау жасауды сапалы жүргізуді, сонымен қатар тәуекелдерді минимизациялау бойынша есеп айрысуларды жүргізе білу қабілеттерінің болуы. Теориялық білімін практикада пайдалануға және практикалық жұмыста белгілі бір әдістерді меңгеру мақсатында ғылыми-теориялық білімін қортындылай білу дағдысы. Банктік операцияларда тәуекелдерді жобалау және зерттеу аясындағы базалық білімін көрсету, өз еркімен экономикалық ойлау және талдау жасай алу дағдысының болуы, теориялық білімін практикада қолдана білу қабілеті, тәуекелдердің алдын алудағы сапалы шешімдерді қабылдау бойынша өз еркімен шараларды ұйымдастыра білу қабілетінің болуы.
|
Женсикбаева К.М- аға оқытушы
|
|
2
|
а) Банктік аудит
|
BА 4214
|
БП
|
3
|
5
|
4
|
7
|
емти-хан
|
тест
|
1.Пререквизиті:«Ақша, несие, банктер», «Банк ісі», «Халықаралық валюта – қаржылық несиелік қатынастар»
2.Постреквизиті: -
3. Пәннің мақсаты: Банктік қызметті бақылау мен қадағалау түсінігін қалыптастыру. Банктік жүйенің елдің экономикасында алатын роліне түсінік беру. Банктік индустрия жайлы толық ақпараттар негізінде қызметтерді жүзеге асыру. Банк мамандарына керекті теориялық және практикалық білім негіздерін қолданыстағы нормативті актілерге сай жүргізе білу. Логикалық және аналитикалық ойлауға дағдылану
4. Қысқаша мазмұны: Банктік реттеу және қадағалаудың мақсаты мен қажеттілігі. Банктік қадағалауды ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі. Банктік қадағалау концепциясы және қадағалау процесі. Банктік қадағалау стратегиясы, сатылары. Банк қызметін бағалау жіктелуінің рейтингтік жүйесі және оның негізгі көрсеткіштерін талдау. Активтер сапасын бағалау. Банктік менеджментті бағалау. Өтімділікті бағалау. Банктің табыстылығын бағалау. Ішкі аудит ішкі тексеру жүйесі. Жарғылық капиталдың қалыптасуының заңдылығы және құрылтай құжаттарын аудиторлық тексеру. Несиелік және депозиттік операциялар есебі. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер аудиті. Банктің бағалы қағаздармен операциялар аудиті. Валюталық операциялар аудиті. Банктің кірісі, шығыны және пайдасын дұрыс қалыптастыруды аудиторлық тексеру.Банктік аудиттің мәні. Коммерциялық банктыі жарғылық қордының қалыптасуының дұрыстығын тексеру. Коммерциялық банктердегі бухгалтерлік есептің қойылымының аудиті. Есеп айырысу операцияларының аудиті. Кассаның және кассалық операциялардың аудиторлық тексеруі. Коммерциялық банктердің активті операцияларының аудиторлық тексеру. Коммерциялық банктердегі бағалы қағаздардың операциясының аудиті. Коммерциялық банктердің табысытарын және кіріс пен шығысының аудиті. Банктегі салық салудың аудиті. Коммерциялық банктің балансын аудиторлық тексеру.
5. Құзіреттілігі: Коммерциялық банктің жарғылық қордың қалыптасуын қалай тексеруді, банктегі салық салуды тексеруді және коммерциялық банктің балансының өтімділігін тексеруді біледі.
6. Күтілетін нәтиже: Банктерді тексеру бойынша нақты тапсырмаларды қоя алады және шеше алады, банктік аудитті аудиторлық тексеру әдістерін пайдалана алады. Аудитті жүргізу әдісі бойынша дағдысы болады. Банктік аудит облысындағы базалық білімін,тәжірибе бойынша білімін қолдану қабілеттілігін, аудитті тиімді жүргізу бойынша дағдысын жариялайды.
|
Оралбаева А.К- аға оқытушы, э.ғ.к
|
|
|
б) Исламдық қаржыландыру әдістері
|
IKA 4214
|
|
|
|
|
|
|
|
1.Пререквизиті:«Ақша, несие, банктер», «Банк ісі», «Халықаралық валюта – қаржылық несиелік қатынастар»
2.Постреквизиті: -
3.Пәннің мақсаты: ислам қаржы жүйесінің қызмет етуінің
негізгі қағидаларына, сондай-ақ ислам қаржылық институттарының дәстүрлі қаржылық нарықтарда пайда болу нәтижелеріне сипаттама беру.
4.Қысқаша мазмұны: Исламдық қаржыландыру түсінігі, принциптері; Ислам банктеріне арналған пруденциалдық нормативтер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі; исламдық банк ісінің пайда болуы мен қызмет етуінің негізгі қағидалары; ислам қаржы жүйесінің құрылымы, құралдары, тәуекелдері; негізгі ислам банк өнімдері мен ислам қаржы индустриясының әлем бойынша таралу масштабтарын талдау; исламдық қаржылық инстиуттардың дәстүрлі қаржылық нарықтарға енуде кездесетін негізгі мәселелері; исламдық банктердің дәстүрлі нарыққа шығудан бұрын жүзеге асырылуы тиіс негізгі алғышарттары; исламдық қаржылық сектордың дамуының негізгі деңгейлері; исламдық банктердің қалыпты қызмет етуі үшін қажетті инфрақұрылымды құру мәселелері.
5.Құзіреттілігі: ислам қаржы жүйесінің қызмет етуінің негізгі қағидаларына, сондай-ақ ислам қаржылық институттарының дәстүрлі қаржылық нарықтарда пайда болу нәтижелеріне сипаттама беру. Алдағы уақытта сәйкес қаржылық институттар Қазақстанда да пайда болады деп күтілуде. Сол себепті отандық банктер, қаржылық емес кәсіпорындар, мемлекеттік билік органдары және халық мұндай экономикалық дамуға дайын болулары қажет, сонымен қатар бұл тенденцияның мемлекет экономикасына әсерін түсіне білгендері жөн.
6. Күтілетін нәтиже: Осы курсты оқу барысында исламдық банктер қаржыландыратын әдістер мен түрлерінің саласында теориялық білім және практикалық икемділікті қалыптастырады, исламдық банктердің көрсететін қызметтерін біледі және исламдық қаржылық нарықтың жұмысын талдайды.
|
Женсикбаева К.М- аға оқытушы
|
|
|
в) Дағдарысқа қарсы қаржылық басқару
|
DKKB 4214
|
|
|
|
|
|
|
|
1.Пререквизиті: «Ақша, несие, банктер», «Банк ісі», «Халықаралық валюта – қаржылық несиелік қатынастар»
2.Постреквизиті: -
3. Пәннің мақсаты:несиелік ұйымдарының дағдарысқа қарсы қаржылық басқару саласындағы теориялық және тәжірибелік білімдерін игеру және кәсіби қызметте ұтымды қаржылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін құзыреттілікті қалыптастыру
4. Қысқаша мазмұны:банк жүйесі және оның элементтерін дағдарысқа қарсы қаржылық басқару; қаржылық ұйымдарының қызметттерін қадағалау; қаржылық ұйымдарының банкроттығы жөніндегі ісінің рәсімдемелері; несиелік ұйымдардың қаржылық сауықтырылуы; дағдарыс жағдайындағы несиелік ұйымының өтімділігін басқару; несиелік ұйымдардың дағдарысқа қарсы қаржылық басқарудың және қаржылық сауықтырудың шетелдік тәжірибесі
5. Құзыреттілігі:өз кәсіби қызметіндегі нормативтік құжаттарды пайдалана білу, күші бар заңнамаларды және нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға дайын болуы; бизнес-процестерді болжамдау және олардың тиімділігін бағалау қабілеттілігі; жалпы қабылданған критерийлерді есепке алғандағы әртүрлі қауіп-қатерлерді көре отырып, оларды бағалай білу қабілеттілігі.
6. Күтілетін нәтиже: несиелік ұйымдарды дағдарысқа қарсы басқарудың негізгі ұғымдарын, қағидаларын, категорияларын және ережелерін; дәрменсіздік қатынастарын және несиелік ұйымдарының сауықтырылуын мемлекеттік реттеудің негізгі ережелерін; несиелік ұйымдарының банкроттық рәсімдемелерінің құқықтық мазмұнын; төлемге қабілетсіз несиелік ұйымдардың қаржы-экономикалық жағдайын талдай білетін болады;
- игереді: несиелік ұйымдарды дағдарысқа қарсы басқарудағы кейбір мәселелер бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және талдау әдістерін; банкроттықты алдын алу және несиелік ұйымдарды төлем қабілетсіздігі жай-күйінен шығарып алуды.
|
Айдосова Б.Х- аға оқытушы, э.ғ.к
|
|
3
|
а) Қаржылық есептеулердің әдістері және талдауы
|
КЕТА 4215
|
БП
|
4
|
6
|
4
|
7
|
емти-хан
|
тест
|
1.Пререквизиті: «Ақша,несие, банк», «Банк ісі», «Бағалы қағаздар нарығы»
Постреквизиттері: -
Пәннің мақсаты: қаржылық есептеулерді талдаудағы қазіргі заманғы әдістері жөнінде басты мағлұматтар беру.
Қысқаша мазмұны: Пайыздық төлемдердің мәні. Жай пайыздық және есептік ставкалары негізіндепайыздардың өсімін анықтау. Дисконттау. Пайыздық ставка мөлшерін және несие мерзімін анықтау. Күрделі пайыздық және есептік ставкаларынегізінде проценттердің өсімін анықтау және оларды дисконттау. Пайыздық ставкаларының баламалылығы.Коммерциялық мәміле шарттарының өзгеруі. Рента төлемдері және оны талдау. Қаржылық рента шарттарының өзгертілуі. Ұзақ мерзімді берешектердің өтелуін жоспарлау. Қаржы операцияларының тиімділігін талдау. Облигацияларға жұмсалатын инвестициялардың тиімділігін талдау. Акцияларға жұмсалатын ивестициялардың тиімділігін талдау. Инвестициялық жобалардың тиімділігін есептеу әдістері. Тәуекел және инвестицияларды оңтайлы орналастыру. Валюталық есептеулердің негіздері. Актуарлық есептеулердің негіздері
Құзыреттілігі: математикалық қатынастарды есептей алу, алынған мәліметтерді талдау, қайта жаңалау, қаржылық модель жасай алу.
Күтілетін нәтиже: шығармашылық ойды қалыптастыру; ақпаратты жүйелеуді білу; қаржылық есептілік дағдыларын меңгеру.
|
Ыдырыс Е.Ж - аға оқытушы, э.ғ.к
|
|
|
б) Қаржылық математика
|
КМ 4215
|
|
|
|
|
|
|
|
1. Пререквизиттері: Ақша несие банктер, Бағалы қағаздар нарығы, Банк ісі
2. Постреквизиттері: -
3. Пәннің мақсаты: экономикалық талдауда математикалық әдістерді қолдануды үйрету, микро және макроэкономикалық процестерді болжау, нақты математикалық модельдерді жасауды үйрету.
4. Қысқаша мазмұны: жай және күрделі пайыздық ставканы есептеудегі көбейтілген сома. Номиналды, периодты, тиімді ставкалар. Нақты пайызды анықтауда инфляция есебі. Конверсионды операциялар. Қаржылық ағымдар. Күрделі пайыздар. Баламалы төлем сомасын анықтау. Жылдық рента. Рентаның қазіргі құны.
5. Құзыреттілігі: математикалық қатынастарды есептей алу, алынған мәліметтерді талдау, қайта жаңалау, қаржылық модель жасай алу.
6. Күтілетін нәтиже: шығармашылық ойды қалыптастыру; ақпаратты жүйелеуді білу; қаржылық есептілік дағдыларын меңгеру.
|
Айдосова Б.Х - аға оқытушы, э.ғ.к
|
|
|
в) Қаржылық операцияларды талдау
|
KОТ 4215
|
|
|
|
|
|
|
|
1. Пререквизиттері: Ақша несие банктер, Бағалы қағаздар нарығы, Банк ісі
2. Постреквизиттері: -
3. Пәннің мақсаты: банктік іс-тәжірибеде кеңінен пайдаланылатын қаржылық, депозиттік және несиелік операциялардың әдістерін қарастыру
4. Қысқаша мазмұны: жай және күрделі пайыздар бойынша пайыздық есептеулер, пайыздық есептеулердің туынды түрлерімен жүргізілетін операциялар. Төлемдер ағындары және қаржылық рентала түрлерінің параметрлерін анықтау. Банктің қысқа- және ұзақ мерзімді қарыздарының өтелуін жоспарлауға қатысты операцияларды талдау. Акциялар мен облигацияларға тиімді инвестициялардыжұмсауға қатысты банк операцияларын талдау. Нақты инвестициялық жоба бойынша жүргізілетін банк операциясының тиімділігін анықтау. Лизингтік төлемдер бойынша операцияларды талдау. Банктің валюталық операцияларын талдау. Сақтандару аннуитеттері бойынша операцияларды талдау.
5. Құзыреттілігі: - қаржылық-несиелік операцияларының ақырғы қаржылық нәтижелелерін анықтай білу;
- несиелер бойынша берешектерді өтеу жоспарларын құра білу;
- қаржы операциясының сұлбасын көрсете білу және.
6. Күтілетін нәтиже: қаржылық операцияларды тиімді жүргізуге байланысты шығармашылық ой-пікірді қалыптастыру жәнеалынған қаржылық нәтижелерді талдау негізінде оларды терең түсіне білу.
|
Ыдырыс Е.Ж - аға оқытушы, э.ғ.к
|
|
4
|
а) Ақша - несиелік реттеу
|
DKR 4304
|
КП
|
3
|
5
|
4
|
7
|
емти-хан
|
тест
|
1.Пререквизиті: «Қаржы нарықтары және делдалдары», «Ақша,несие, банк», «Банк ісі»
2.Постреквизиті: -
3.Пәннің мақсаты: Ақша–несиелік үдерісті ұйымдастыру үдерісінің, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің, принциптерінің, объектілерінің негізгі концепцияларын зерттеу.
4. Қысқаша мазмұны: Ақша-несиелік реттеудің теориялық негіздері, ақша айналысы: мазмұны, құрылымы, Қазақстандағы ақша-несиелік реттеуді ұйымдастыру, ақша-несиелік реттеудің әдістері мен құралдары, толықтырулар ретінде несиелік ұйымдардың қызметін қадағалау. Ақша-несиелік реттеудің құралы ретінде міндетті резервтер. Ақша несиелік реттеудің жүйесінде валюталық реттеу. Банктердің қайта қаржыландыру құралы ретінде ақша-несиелік реттеу.
5.Құзіреттілігі: мемлекеттің қаржылық саясатының әдістері мен құралдарын; ақша жүйесі және олардың экономикадағы жаһандануының қазіргі кезеңіндегі сипаттық ерекшеліктерін; қазіргі ақша-несиелік реттеудің механизмдерін; қазіргі орталық банктерінің ақша-несиелік саясатының мақсаты, міндеттері және құралдарын біліп, тәжірибеде қолдану.
6. Күтілетін нәтиже: Пәнді оқу нәтижесінде студенттер орталық банктердің және үкіметтің қаржылық блогінің аналитикалық есебімен жұмыс істеу икемділігін алады, экономиканың түрлі даму кезеңдеріндегі қаржылық және ақша-несиелік саясатты жүзеге асырудағы логикасын меңгереді.
|
Айдосова Б.Х - аға оқытушы, э.ғ.к
|
|
|
б) Банктік операциялар
|
ВО 4304
|
|
|
|
|
|
|
|
1.Пререквизиті: «Қаржы нарықтары және делдалдары», «Ақша,несие, банк», «Банк ісі»
2.Постреквизиті: -
3. Пәннің мақсаты: Банктік операция пәні студенттердің экономикадағы ақша – несие жағдайларымен және оның құрылымы туралы студенттердің білім жүйелілігінің қалыптасуына көмектеседі. Ондағы банк принциптері мен факторларын оқып – үйрену нарық экономикасына төзімді, бәсекеге қабілетті банк механизмін дұрыс құруды оқып үйретеді. Нарықтық экономикада қажет ететін және халықаралық банктік сферада, сонымен қатар Қазақстан банктік жүйесінде қызмет ететін маман иелерін дайындау.
4. Қысқаша мазмұны: Банктік операция пәні банк ресурстарын қалыптастыру операцияларын, оның қаржылық операцияларының жүргізілу тәртібін, банктің табыстары мен шығыстарын анықтауды қарастырады. Банктік операция пәні – ол экономикадағы ақша – несие жағдайларымен, оның құрылымын зерттеу болып табылады. Ондағы банк принциптері мен факторларын оқып үйрену нарық экономикасына төзімді, бәсекеге қабілетті банк механизмін дұрыс құра білуді үйретеді.
5.Құзіреттілігі: нарықтағы банктік қызмет пен несиелік қатынастарының теориясы мен тәжірибесін игере отырып, түрлі банктік операцияларды ұйымдастыру және оны жүргізу ерекшеліктерін бiлу; банктің бәсекелес рыноктегі жағдайын бағалап, банктік қызметтерді қолданыстағы құқықтық негіздерге және оның талаптарына сай жүргізу; ҚР банктік қызметтерді жүргізу технологияларын жаңа жағдайларға икемдей білуге және жетілдіруге дайын болу.
6.Күтілетін нәтиже: коммерциялық банктердің активтік, пассивтік операцияларымен жақсы жұмыс істей білу; банк құрылымы және банк қызметтерімен жақсы таныс болу; банк қызметіне баға беру мүмкіндігі; қаржылық талдау жүргізулер; банк тәуекелділігіне бара білу т.б.
|
Женсикбаева К.М- аға оқытушы
|
|
|
в) Банктік және валюталық операцияларды құқықтық реттеу
|
BVOKR 4304
|
|
|
|
|
|
|
|
1.Пререквизиті: «Қаржы нарықтары және делдалдары», «Ақша,несие, банк», «Банк ісі»
2.Постреквизиті: -
3.Пәннің мақсаты: ҚР банктік қызметінің құқықтық негіздерімен, банктік операцияларды құқықтық реттеумен студенттерді таныстыру.
4. Қысқаша мазмұны: Банктік құқықтың және банктік құқық қатынастарының түсінігі. Банктің құқықтық көздері. ҚР Ұлттық банкінің құқықтық жағдайы және оның функциялары. Несиелік ұйымның түсінігі және құқықтық жағдайы. Банк ісінде банк тұтынушыларының құқығын қорғау. Банктік ақпарат және банктік құпияны құқықтық қорғау. Несиелік ұйымдар және олардың клиенттері арасындағы қатынастарды құқықтық реттеу. Банктік несиелендірудің құқықтық негіздері. Банктің есептік құқықтық қатынастары. Валюталық бақылау және валюталық реттеу. Банктің бағалы қағаздармен жұмыс жасауын құқықтық реттеу.
5. Құзыреттілігі: банктің құқығымен реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберін; банктік құқықтың негізгі көздері; несиелік ұйымдардың құқықтық жағдайы; ҚР Ұлттық Банкінің құқықтық табиғатын, оның негізгі функцияларын; банктік қызмет саласындағы келісімдерді; несиелік ұйымдардың есептік операцияларын; Банктік операцияларды және банктік мәиілелерді; несиелік ұйымның валюталық операциялары; нақты курстың терминдерін біліп, практикада іске асыру.
6. Күтілетін нәтиже: Банктік құқықтың түрлі ақпарат көздерінде еркін бейімделу; қажетті келісімдер мен құжаттарды құру; нормативті актілерді түсіндіріп және алған білімін тәжірибеде қолдану; фактілерді және жағдаяттарды дұрыс квалификациялау; нақты тапсырмалар мен жағдайларды шешу үшін банктік құқық бойынша білім жүйесін қолдану.
|
Айдосова Б.Х - аға оқытушы, э.ғ.к
|
|
5
|
а) Банктік менеджмент және маркетинг
|
ВММ 4307
|
КП
|
3
|
5
|
4
|
7
|
емти-хан
|
тест
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |