Жұмыс бағдарламасы Студенттерге арналған пән бағдарламасы


Тоқсанның негізгі тақырыбы: Ән, би, күй, марш бізді қайда



жүктеу 1,36 Mb.
бет5/6
Дата05.01.2018
өлшемі1,36 Mb.
#6983
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Тоқсанның негізгі тақырыбы: Ән, би, күй, марш бізді қайда

жетелейді? Нені суреттейді? Қалай бейнелейді? Негізгі жанрлар мен күрделі жанрлардың байланысына арналады.


Негізгі мақсат: Балалардың білімін кеңейту, «үлкен» жанрлармен таныстыру, қызықтыру, мазмұны туралы ақпарат жасау.

Бірінші сабақ - 2 сағат

Өткен материялдарды еске түсіру, қайталау.



Сабақтың мақсаты: Екі тоқсанның музыкалық материалдарын, музыкалық сауат элеметтерін қайталап, қадағалап, қалай меңгергенін, білімін тексеру.

Хор – сынып қалай орындайды, жетістіктерін байқау, хор дағдыларын дамыту. Есту сезімінің дамуын байқау.



Негізгі мақсат: Алған білімін және икемділік пен дағдыларын тексеру.
Екінші сабақ - 2 сағат

Тақырып: Негізгі жанрлар бізді қайда жетелейді? Нені суреттейді? Қалай бейнелейді?


Мақсаты: Негізгі жанрлар арқылы күрделі жанрлармен танысу.

Тәрбиелік мақсаты: Негізгі және күрделі жанрларды айыра білу, танысу. Әнді халық шығарады (жазады), композиторлар оны әсемдеп, әшекейлеп, өз шығармаларында пайдаланады.

Дамыту мақсаты: Күрделі жанрлар, мазмұны туралы, композиторлар, олардың шығармалары туралы түсінік беру.

- Композиторлардың шығармаларында халық әндері қандай роль атқарады? Қарапайым талдау жасау.



Оқытудың мақсаты: Музыкалық терминдермен танысу. Халық әндері мен халық күйлерін орындап үйрену.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

  1. М.Есмағамбетов «Сабағыңды ұмытпа» - үйрену.

  2. П.И.Чайковский «Кішкентай аққулар биі» - тыңдау.

  3. «Елім – ай» - тыңдау, үйрену.

  4. С.Мұхамеджановтың «Ғасырлар үні» ораториясынан, 3 – бөлімді тыңдау.

  5. Ыбырай «Гәкку» - тыңдау, үйрену.

  6. Е.Брусиловский «Қыз Жібек» операсынан «Гәккуді» - тыңдау.

  7. Д.Кабалевский «Қиқар бала» - тыңдау.

8. Ә.Бейсеуов «Қошақаным қайда екен» - үйрену.
Үшінші сабақ - 2 сағат

Тақырып: Ән бізді қайда жетелейді? Нені

бейнелейді? Қалай суреттейді?


Тәрбиелік мақсат: Тыңдайтын әндердің (шығармалардың) образдарына талдау жасау және музыкалық сипаттама беру.

Дамыту мақсаты: Ән туралы түсінікті кеңейту және әннің күрделі жанрларында қандай роль атқаратыны. Қазақ, орыс музыкасында ән қандай роль атқарады.

Оқулық мақсаты: Унисонды әндету, күрделі жанрлардан үзінділерді үйрету.

Алғашқы музыкалық сауат: нота, кілт, нота жолы, жазылуы т.б.


Қолданылған музыкалық шығармалар:

  1. «Сабағыңды ұмытпа» әнін орындау.

  2. «Қошақаным қайда екен?» әнін үйрену.

  3. «Ғасырлар үні» ораториясынан «Октябрь әнін» - тыңдау, үйрену.

  4. «Во поле береза стояла» әнін орындау.

  5. П.Чайковский № 4 симфонияны тыңдау.



Төртінші сабақ - 2 сағат

Тақырып: Ән бізді қайда жетелейді?

Тәрбиелік мақсат: Отанды сүю, табиғатты қызықтау, анаға деген сүйіспеншілікті білдіру.

Дамыту мақсаты: Әннің әртүрлі болатынын айыру және күрделі жанрлармен танысу.

Оқытудың мақсаты: Нота туралы түсінік беру, ноталардың орналасуы, әндер үйретіледі. Нотамен орындау, хорлы – вокалды шеберлікпен таныстыру.

Қолданылған музыкалық шығармалары:

  1. Д.Кабалевский «Наш край» (Біздің өлке) - тыңдау, орындау.

2. Д.Кабалевский «Фортепиано мен оркестрге арналған № 3 концерттің» 3 – бөлімінен үзіндіні тыңдау.

  1. К.Дүйсекеев «Ана» әнін үйрену.

  2. «Қошақаным» әнін қайталау.

  3. «Сабағыңды ұмытпа» әнін қайталау.

Бесінші сабақ - 2 сағат

Тақырып: Би бізді қайда жетелейді? Нені суреттейді? Қалай бейнелейді?

Тәрбиелік мақсат: Мейірімділік тақырыбы, ана махаббаты туралы 2 – 3 сабақ мерзіміне созылады.

Дамыту мақсаты: Опера, балет туралы балалардың ой - өрісін кеңейту. Симфониялық, опералық музыкасында би жанрының мазмұнын кең ашады деп сендіру.

Оқытудың мақсаты: «Біздің өлке», «Түлкі» әндерінде нота арқылы және хорлы – вокалды жұмыс барысындағы әртүрлі істер жоспарда. Жай екпін «Ана», тез екпін «Түлкі». Әндердің дикциясына көңіл аудару. Би ырғақты қадағалау.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

  1. Д.Кабалевский «Біздің өлке» - тыңдау, орындау.

  2. К.Дүйсекеев «Ана» - үйрену.

  3. С.Прокофьев «Золушка» балетінен «Вальсті» тыңдау.

  4. Н.Тілендиев «Туған күніңмен» - үйрену.

  5. Халық күйі «Кеңес» - үйрену.

  6. Б.Ғизатов «Біздің ән» - тыңдау, үйрену.

  7. «Уж как по мосту, мосточку» әнін үйрену.

  8. «Евгений Онегин» операсынан үзінді тыңдау.

Алтыншы сабақ - 2 сағат

Тақырып: Би бізді қайда жетелейді?

Негізгі мақсат: Өткен сабақта қойылған мақсаттарды бекіту. Музыканың мәнерлеу тәсілдеріне көңіл аудару. Олар: пульс, интонация, дыбыс, суреттеу арқылы әдістер, екпін, дыбыс бояуы және басқадай тәсілдер.

Тәрбиелік мақсаты: Күрделі жанр – балетті тыңдау мәдениетіне тәрбиелеу. Композиторлардың өмірбаянын білу.

Дамыту мақсаты: Ән айту шеберлігін дамыту. Оның ішінде екпінділікті сезу (жай, жылдам т.б.)

Оқулық мақсаты: Музыкалық сауатын әрі қарай жалғастыру, оны үлгілер арқылы бекіту.

Қолданылған шығармалар:

1. «Золушка» балетінен «Вальс және Түн ортасы» бөлімін тыңдау.

2. «Туған күніңмен» әнін орындау.

3. Н.Дүкенбай «Наурыз келді» - үйрену.

4. «Неаполитан әні» - фортепиано, тыңдау.

5. «Аққу көлі» балетінен «Неаполитан биі».

6. «Кеңес», «Ана», «Біздің ән» - қайталау.

Жетінші сабақ - 2 сағат

Тақырып: Күй бізді қайда жетелейді?

Негізгі мақсат: а) негізгі жанрлар мен күрделі жанрлардың тығыз байланысын көрсету. Күрделі жанрлар арқылы халық әндері мен күйлерінің әуен байлығын, музыкалық сипатын байытатынын анықтаймыз.

ә) ән айтқанда музыканың сипатын бейнелеу: «Елім – ай» – мұңды, қайғылы, дыбыс күші баяу айтылады, «Октябрь әні» - дыбыстың күшін бірте – бірте күшейту, «Во поле береза стояла» - кең тынысты және екпінін жылдамдатып, өзгерту. «Уж как по мосту, мосточку» - би екпінін бейнелеу, «Біздің өлке» - би ырғағын суреттеу.

б) әндерді, шығармаларды, композиторларды еске түсіру.

Қолданылған шығармалар:

1.«Кеңес» (би мен хор) – орындау, биді бейнелеу, оркестрмен сүйемелдеу.

2. Құрманғазы «Балбырауын» - тыңдау.

3. «Уж как по мосту, мосточку» әнін орындау.

4. Е.Брусиловский №7 симфония - тыңдау.

5. Қ.Сатиев «Бала тілегі» - үйрену.

6. «Туған күніңмен» әнін қайталау.

7. Н.Дүкенбай «Наурыз келді» - орындау, қайталау.

Қосымша материал: халық күйі «Мерген» М.Сағатовтың «Әлия» -балетінен үзінді.

Портреттер: Құрманғазы, Е.Брусиловский, П.Чайковский, С.Мұхамеджанов, С.Прокофьев, Д.Кабалевский.



Сегізінші сабақ - 2 сағат

Тақырып: Марш бізді қайда жетелейді?

Негізгі мақсат: Марш арқылы күрделі жанрлармен танысу, марш және өмір, оның байланысы. Күрделі жанрлардан «қорықпай», балалардың қатысуы және орындауы.

- Марштың әр түрлілігі неде?

Қалай бейнелейді, соны сезу. Осы сабақта балаларды соңғы – концерт сабаққа дайындау. Күрделі музыкаға алаңсыз кіруге болады.

Қолданылған шығармалар:


  1. «Тореадор маршы», «Кармен» операсынан тыңдау.

  2. Б.Ғизатов «Жас ұландар маршы» - орындау.

  3. «Кармен» операсынан «Балдырғандар маршын»тыңдау.

  4. П.Чайковский «Щелкунчик» балетінен «Ойыншықтар маршын» тыңдау.

  5. Әндер.

Тоғызыншы сабақ - 2 сағат

Тақырып. Қайталау: Негізгі жанрлар бізді қайда жетелейді? Нені суреттейді? Қалай бейнелейді? Сабақта өткен тақырыптарды жинақтау, тоқсанның қорытынды сабағы.

Негізгі мақсат: 3-ші тоқсанда қойылған мақсатты қайталау және балалардың білімін, өнерін, шеберлігін, орындаушылығын тексеріп бекіту.

Тәрбиелік мақсаты: Балалардың түрлі жанрларға: операға, симфония, балет, ораторияға көзқарастарын қалыптастыру.

Дамыту мақсаты: Күрделі жанрларды балалар қалай түсінді, жалпы музыкаға деген қызығушылығын арттыру, күрделі жанрлар ән, би, күй, маршсыз өмір сүрмейді. Негізгі жанрларды білсек – үлкен (күрделі) музыка еліне алаңсыз «кіруге» болады.

Оқытудың мақсаты: Музыкалық сауаты – нота жолы, скрипка кілті, ноталардың аттары. Әндерді мәнерлеп орындауға дағдыландыру және орындаушылық шеберлікті дамыту.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

  1. Құрманғазы «Сарыарқа», Е.Брусиловский №7 симфониясын тыңдау.

  2. «Уж как по мосту, мосточку» әнін орындау.

  3. «Хор мен би» әнін орындау.

  4. «Балдырғандар маршы», «Кармен» операсынан тыңдау.

  5. «Елім – ай», «Октябрь әні» әндерін орындау.

  6. «Во поле береза стояла» әнін орындау, № 4 симфонияны тыңдау.

  7. «Щелкунчик» балетінен «Маршты» тыңдау.

  8. С.Пркофьев «Золушка» балетінен «Валь және Түн ортасы» – тыңдау.

  9. Әндерді қайталау.

ТӨРТІНШІ ТОҚСАН

Негізгі тақырып: «Музыка тілі дегеніміз не?»

Бірінші сабақ - 2 сағат

Тақырып: 3 тоқсандағы тақырыпты қайталау, еске түсіру. Үйренген әндерді, тыңдаған шығармалады қайталау, музыка сауатын ашу.

Негізгі мақсат: Негізгі жанрлар арқылы күрделі жанрларды қайталау. Музыкалық сауатын дамыту. Ән орындау шеберлігін дамыту.

Екінші сабақ – 2 сағат

Тақырып: Музыка әртүрлі образдан құрылады және музыкалық образ әрі қарай дамиды.

Оқытудың мақсаты: Музыкалық

сауаттылықты дамыту.



Тәрбиелік мақсат: Композиторлардың еңбегі. Үлгі арқылы музыканы бейнелеу, суреттеу сәттерін көрсету, достық – бірлестікке тәрбиелеу.

Дамыту мақсаты: Салыстыру, қарама - қарсылық арқылы музыканың сипатын, образдарын білу және оның дамуын байқау.

Қолданған музыкалық шығармалар:

  1. Ж.Бизе «Кармен» операсынан «Балдырғандар маршын» тыңдау.

  2. «Қазақстан», «Бала тілегі» әндерін орындау.

  3. Л.Бетховен «Суыр» әнін тыңдау.

  4. Б.Ғизатов «Біздің ән» - үйрену.

  5. Н.Тілендиев «Аққу» - тыңдау (Отырар сазы)

  6. «Туған күніңмен» әнін орындау.

  7. Д.Кабалевский «Қоян мен аю» туындысын тыңдау.

Үшінші сабақ – 2 сағат

Тақырып: 2 - 3 бөлімінен құрылған музыкалық шығармалар.

Негізгі мақсаты: Музыкалық шығармалардың құрылысы (формасы) туралы.

Сабақтың мақсаты: Музыканың эмоциялық сипаты арқылы неше бөлімді екенін анықтаймыз. Музыкалық сауатын ашу және ән айту шеберлікті дамыта отыра әлді - әлсіз үлесті байқап анықтау (мысалы: «Жаңбыр шақыру», «Бала тілегі» әндері).

Қолданылған музыкалық шығармалар:

  1. Л.Бетховен «Көңілді. Мұнды».

  2. Б.Ғизатов «Біздің ән» - үйрену, орындау.

  3. Д.Ботпаев «Жаңбыр шақыру» - үйрену.

Төртінші сабақ - 2 сағат

Тақырып: Музыкалық шығармалардың бір, екі, үш бөлімділігі және әр бөліміне музыкалық сипаттама.

Мақсаты: Музыканың құрылысына ерекше көңіл аударылады. Әртүрлі шығармалар тыңдау, әндерді орындау арқылы жүзеге асыру.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

  1. Д.Ботпаев «Жаңбыр шақыру» - үйрену.

  2. «Біз өмірдің гүліміз» әнін қайталау.

  3. К.Қуатбаев «Таң» - тыңдау.

  4. А.Еспаев «Ойла, тап» - орындау.

  5. Орыс халық ән-биі «Калинка» - тыңдау, орындау.

Бесінші сабақ - 2 сағат

Тақырып: ӘН - әуенділікті, би – ырғақтылықты, марш- екпінділікті, күй – ерекшелікті тілейді, оны ажырату.

Мақсат: Балалар қаншалықты әннің әуенділігін, би ырғақтылығын, марштың екпінділігін ажырата алады. Соның ішінде күйдің ерекшелігін және оның екпінділігін, ырғақтылығын, әуенділігін естіп, ажыратуға тәрбиелейміз.

Тыңдаған музыкалық шығармаға музыкалық сипаттама беруге үйрету.



Қолданылған музыкалық шығармалар:

  1. Р.Шуман «Первая утрата» - тыңдау.

  2. Ш.Қалдаяқов «Балдырғандар әні» - үйрену.

  3. Д.Кабалевский «Барабанщик» - тыңдау.

  4. Құрманғазы «Балбырауын» - тыңдау.

  5. А.Еспаев «Ойлан, тап» - орындау.

  6. Д.Ботпаев «Жаңбыр шақыру» - орындау.

Алтыншы сабақ - 2 сағат

Тақырып: Әуенділік, ырғақтылық, екпінділік, күй ерекшелігі - ол музыканың мәнерлеу тәсілдерінің қасиеттері (оның ішінде тембр – бояуы).

Мақсаты: Тембр өзгерсе - музыкалық сипаты да өзгереді. Осы негізгі мақсат, соңғы 4 сағаттың басты жолы.

Қолданылған музыкалық шығармалар:

  1. А.еспаев «Ойлан, тап» - орындау.

  2. Б.Ғизатов «Біздің ән» - орындау.

  3. С.С.Пркофьев «Петя және қасқыр» симфониялық ертегі -тыңдау.

  4. Ш.Қалдаяқов «Балдырғандар әні» - үйрену.

  5. Л.Хамиди «Бұлбұл» - тыңдау.

  6. И.Нүсіпбаев «Домбырасыз ән қайда?» - үйрену.

  7. А.Жұбанов «Би күйі» - тыңдау.

Жетінші саюақ – 3 сағат

Тақырып: Қорытынды. 4 – тоқсандағы негізгі тақырыптарды еске түсіріп қайталау.



Негізгі мақсат: Балалардың бір жылда алған білімдерін, ой - өрісінің дамуын, қандай шығарма тыңдаса да, ән орындаса олардың музыкадан алған жан–жақты білімдері, қолданылған әдіс-тәсілдері проблема арқылы шешілгенін дәлелдеп, музыка туралы, ән туралы, композитор туралы, тағы солай әңгіме қозғау, әңгіме тудыру – сұхбаттасу.

Ән айту ережесі

  1. Ән орындаған кезде түзу тұр (отыр).

  2. Ән айтар алдында дем (тыныс) алып ал.

  3. Дем алған уақытта йығыңды көтерме.

  4. Сөз ортасында дем алуға болмайды.

  5. Ән айтқан уақытта аузыңды дұрыс аш.

  6. Әннің сөзін анық айт.

  7. Әнді айқайламай орында, жаныңдағы досыңда тыңда.

  8. Әнді мұғалімнің белгісімен баста және аяқта.

  9. Сенің дауысың бөлектенбеуі керек.











Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Орындаушылық өнер кафедрасы


ДӘРІС КЕШЕНІНЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


ДӘРІС КЕШЕНІНЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

Студенттің дайындалу барысындағы жалпы берілетін және меңгеретін сұрақ-тапсырмалыр:
1. Музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері:

- пәні мен міндеттері:

- эстетикалық тәрбие, адамгаршілік тәрбие, еңбек тәрбиесі, дене тәрбиесі, танымдық процесс т.б.
2. Музыкалық білім беру педагогикасының ұғымы:

- музыкалық тәрбие, музыканы оқыту, музыкалық білім беру, ғылыми-теориялық функциясы, практикалық барысы, болжау білу, зерттеу мақсаты.


3. Жалпы музыкалық білім беру педагогикасының дамуы мен қалыптасуы: 1,2,3 кезеңдер:

- Музыкалық педагогиканың көрнекті өкілдері.

- Д.Б.Кабалевскийдің тұжырымдамасындағы үш міндет.

4. Қазақстандағы музыкалық білім беру педагогикасының дамуы мен қалыптасуы:

- Қазақ даласында музыкалық білім берудің Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде дамуы.

- 20 ғ. 20-80-ші жылдарында Қазақстанда музыкалық білім беру жағдайы.

5. Музыкалық білім беру педагогикасының өзге ғылымдармен байланысы

6. Музыфкалық білім беру пелагогикасының әдіснамалық сипаттамасы

7 Озық музыкалық-педагогикалық тәжірибе жетістіктерін мектеп практикасында жүзеге асыру

Студенттің дайындалу барысындағы жалпы берілетін және меңгеретін сұрақ-тапсырмалыр (сабақ барысында тапсырмалар)

(МББ әдімнамасы)


1.Музыкалық білім беруде педагогиканың философиямен өзара байланысының мәні мен мағынасы неде көрінеді?

2.Музыкалық білім берудің теориясы мен практикасында музыкалық психологияның қандай міндеттері бар?

3.Жастардың ортасындағы музыканың әлеуметтік статусын сипаттаңыз.

4.«Әдіснамалық талдау» терминін қалай түсінесіздер? Оның ерекшелігі неде?

5.Осы талдаудың обьективті-субьективтік өзгешілігі неде көрінеді?

6.Әдіснамалық талдаудағы кәсіби бағыттанушылықтың принципінің әрекетін қалай түсінесіздер?

6.Кәсіби рефлексияның мәні және ерекшелігі неде?

7.Педагог-музыканттың кәсіби рефлексиясының компоненттері, қасиеттері мен функциялары қандай бар?

8.Философиялық дәрежедегі музыкалық білім беру педагогика мәселелерінің әдіснамалық талдауының мысалынан біреуін келтіріңіздер?

9.Жалпы ғылыми дәрежедегі музыкалық білім беру педагогика мәселелерінің әдіснамалық талдауының мысалынан біреуін келтіріңіздер?

10.Жеке ғылыми дәрежедегі музыкалық білім беру педагогика мәселелерінің әдіснамалық талдауының мысалынан біреуін келтіріңіздер?

11.Музыкалық білім беру әдіснамасының мәнін қалай түсінесіңдер?

12.Музыкалық білім беру әдіснамасының негізгі аспектілерін сипаттаңыз?

13.Педагог-музыканттың эмпирикалық пен теориялық ойлауының арасында айырмашылық неде?

14.Музыкалық білім беру әдіснамасы мен музыкалық білім беру әдістемесі арасында қандай айырмашылық бар?

15.Музыка-педагогикалық ғылымды практикаға енгізудің мысалын келтіріңіз.

16.Педагог-музыканттың – зертеушінің, әдіскердің, музыка мұғалімінің іс-әрекетінің, міндеттерінің ұқсастықтары және формаларының мағынасы қандай?

17.Педагог-музыканттың зерттеу жұмысының негізгі формаларының мағынасы қандай?

18.Музыкант-педагогтардан беруінің тәжірбесін жалпы қорытындылауымен байланыстағы әдібиетті сипаттаңыз.

19.Сізге қызық педагог-музыканттың тәжірибесін жалпы қорытындылауға және талдауға тырысып көріңіз.

20.Курсттық жұмыстың формасындағы зерттеудің теориялық бөлімін келесі жүйелілікте іске асырыңдар:

а) зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негіздеу;

ә) музыкалық – педагогикалық практиканың нәтижелері және осы мәселеге қатысты бар білімдер арасындағы қайшылықтарды айқындау;

б) зерттеудің болжамын формулдау;

в) музыкалық-педагогикалық зерттеудің әдістерін көрсету;

г) тәжірибелік, тәжірибелік-экспирименттік жұмыстың негізгі логикалық кеңдерін белгілеу.



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРЫНА ТАПСЫРМАЛАР

ТӘЖІРИБЕ САБАҚТАРЫНА БЕРІЛЕТІН ТАПСЫРМАЛАР


        1. Музыкалық білім беру әдіснамасының үш аспектілерінде

талқылау:

- Музыкалық білім берудің ғылыми негіздеуінің әдіснамасы ретінде;

- Музыкалық білім берудің зерттеу мәселесінің ғылыми негіздеуінің әдіснамасы ретінде;

- Музыкалық-педагогикалық зерттеулер әдістерінің жиынтығы ретінде.

2. Музыка мұғалімнің әдіснамалық мәдениетінің мағынасы.

3. Музыкалық-педагогикалық ғылыми идеяларын практикаға енгізу


4.Музыкалық білім беруде педагогиканың философиямен өзара байланысының мәні мен мағынасы неде көрінеді.

5. Психологиялық сипаттаманы ескерудің қажеттілігі

6. Музыкалық білім беру социомәдени феномен ретінде

7 Әдснамалық талдаудың структурасы:



  • философиялық, жалпы ғылыми және жеке ғылыми деңгейлері;

  • әдіснамалық талдаудың философиялық дәрежесі;

  • әдіснамалық талдаудың жеке ғылыми деңгейі;

  • кәсіби бағыттылықтың апринципі;

  • музыкалық-педагогикалық зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістері.

8 Музыкалық – педагогикалық зерттеудің бастапқы жағдайлары

9 Музыкалық-педагогикалық зерттеудің негізгі категориялары

10 Педагог-музыканттың зерттеу жұмысының формалары

Пән бойынша қорытынды рейтинг әдістемесі

АҮ және МБ бағаларының қорытындысы негізінде пән бойынша студенттің рейтингі (Р1 және Р2) анықталады:

Р1 (2) = АҮ (2) *0,7 + МБ1 (2)*0,3.

Пән бойынша қорытынды рейтинг балл түрінде мына формула бойынша анықталады:

Қ = ЖР* СҮжр + ҚБ* СҮқб

Әр пән бойынша студенттердің оқу жетістіктері қорытынды бағамен (Қ) бағамен анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮжр және СҮқб). Қорытынды рейтинг пән бойынша (Б), № 2 кестеге сәйкес сандық эквивалентке айналдырғанда, әріптік және дәстүрлі баға «Студенттердің оқу жетістіктері журналыны» және «Рейтингтік ведомость» қойылады.


Студенттердің білімінің бағалық көрсеткіші

Балл түріндегі қорытынды баға (И)

Балл түріндегі сандық эквиалент (Ц)

Әріптік жүйе түріндегі баға (Б)

Дәстүрлі жүйе бойынша баға (Т)

Емтихан, диф. сынақ

Сынақ

95-100

4

А

Өте жақсы

Сынақ

90-94

3,67

A-

85-89

3,33

B+

Жақсы

80-84

3,0

B

75-79

2,67

B-

70-74

2,33

C+

Қанағаттанарлық

65-69

2,0

C

60-64

1,67

C-

55-59

1,33

D+

50-54

1,0

D

0-49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Сынақ емес

















Ағымдық үлгерімнің бақылау түрлерінен баллдарды бөлу




Бақылаудың түрі

Максималдық балдардың саны

рейтинг 1

рейтинг 2

рейтинг 3

рейтинг 4




100

100

100

100

1.

Бақылау түрлері:

100

100

100

100

1.1

Сабаққа қатысу

16

14

16

14

1.2

Жеке сабақтарды орындау (баллдар)

68

70

68

70

1.3

Студенттердің өздік жұмысы

8

8

8

8

1.4

Коллоквиум

8

8

8

8

1.5

Межеулік бақылау

100

100

100

100


Бақылау шаралардың күнтізбелік кестесі

Хор шеберлігі – 3 курс

1 рейтинг

Итого баллов

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

Максималды балл, бақылау түрлері бойынша

10

14

10

14

10

16

14

12

100

Сабаққа қатысуы

Я

2


Я

2


Я

2


Я

2


Я

2


Я

2


Я

2


Я

2

16


Жеке сабақтарды орындау

8

8

8

8

8

10

8

10

68


Коллоквиум










К

4








К

4




8


Студенттердің өздік жұмысы




СӨЖ

4











СӨЖ

4






8


Межеулік бақылау























100




2 рейтинг

Итого баллов

Апталар

9

10

11

12

13

14

15

Максималды балл, бақылау түрлері бойынша

12

12

16

16

12

16

16

100

Сабаққа қатысуы

Я

2


Я

2


Я

2


Я

2


Я

2


Я

2


Я

2

14


Жеке сабақтарды орындау

10

10

10

10

10

10

10

70

Коллоквиум







СРС

4








СРС

4




8


Студенттердің өздік жұмысы










К

4








К

4

8


Межеулік бақылау





















100





3 рейтинг

Итого баллов

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

Максималды балл, бақылау түрлері бойынша

10

14

10

14

10

16

14

12

100

Сабаққа қатысуы

Я

2


Я

2


Я

2


Я

2


Я

2


Я

2


Я

2


Я

2

16


Жеке сабақтарды орындау

8

8

8

8

8

10

8

10

68


Коллоквиум










К

4








К

4




8


Студенттердің өздік жұмысы




СӨЖ

4











СӨЖ

4






8


Межеулік бақылау























100




4 рейтинг

Итого баллов

Апталар

9

10

11

12

13

14

15

Максималды балл, бақылау түрлері бойынша

12

12

16

16

12

16

16

100

Сабаққа қатысуы

Я

2


Я

2


Я

2


Я

2


Я

2


Я

2


Я

2

14


Жеке сабақтарды орындау

10

10

10

10

10

10

10

70

Коллоквиум







СРС

4








СРС

4




8


Студенттердің өздік жұмысы










К

4








К

4

8


Межеулік бақылау





















100





жүктеу 1,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау