жұмысты бастаудан бұрын санитарлық киімдерді (халатты, қалпақты) кию, қолды жуып, дезинфекциялау;
әжетханаға барғанда халаты шешіп қою, әжетханадан шығарда қолды жуып және дизинфекциялау;
санитарлық киіммен және аяқ киіммен дәріхана сыртына шықпау;
асептикалық жағдайларда жұмыс істейтін қызметкерлер түксіз матадан тігілген киім кию керек;
косметиканы қолдануға және аэрозольдік дезодоранты пайдалануға, сағат пен зергерлік бұйымдарды тағуға болмайды;
өндірістік бөлмеде тамақтануға және тағамдық заттарды сақтауға тыйым салынады;
әрбір дәріхана қызметкері медициналық тексеруден өтуі тиіс;
әрбір дәріхана қызметкері техника қауіпсіздік пен өндірістік санитария ережелерін сақтауға міндетті;
4. Иллюстрациялық материалдар:
Презентация, слайдтар
5. Әдебиеттер:
Гигиена. /Кенесариев У.И., Тогузбаева К.К. и др., Учебник Алматы. 2009 г. 668 с.
Измеров Н. Ф., Кириллов В.Ф. Гигиена труда. Учебник. Москва. 2008.592 с.
Общая гигиена. Учебник. А.М.Большаков, И.М.Новикова. М:Медицина. 2005. 383 с.
Руководство к практическим занятиям по гигиене труда. М. Медицина. 2001. 400 с. (под ред. В.Ф.Кирилова ).
ҚР ДСМ № 06214 24.06.1998 ж "Об утверждении правил по эксплуатации, техники безопасности производственной санитарии на фармацевтических фабриках" бұйрығы;
ҚР ДСМ № 243 “Зиянды, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторлардың әсеріне ұшырайтын жұмысшыларға алдын ала және кезеңдік медициналық тексерулер өткізу тәртібі туралы” бұйрығы;
ҚР ДСМ 25 наурыз 2002 ж № 9 "Дәріхана ұйымдарын жабдықтау, эксплуатациялау және негізгі санитарлық ережелер мен нормалар;
6. Қорытынды сұрақтар:
Дәріхана бөлмелеріне қандай талаптар қойылады?
Дәріхана құрал жабдықтарына қандай талаптар қойылады?
Дәріхана қызметкерлеріне қойылатын талаптар?
№3
1. Тақырыбы: Химия-фармацевтік кәсіпорындардағы еңбек гигиенасы: негізгі технологиялық процестердің гигиеналық сипаттамасы. Антибиотиктер және синтетикалық дәрілік заттар өндірісіндегі еңбек гигиенасы. Галенді және дайын дәрілік түрлер өндірісіндегі еңбек гигиенасы.
2. Мақсаты: Студенттерді химия-фармацевтік кәсіпорындардағы еңбек гигиенасымен таныстыру. Химия-фармацевтік зауыттарды санитарлық талаптарды сақтау.
3. Дәріс тезистері:
Химия фармацевтік өнеркәсібі фармацияның негізгі бір саласы. Ол шикізатты химиялық өңдеу әдісімен бірдей, дәрілік препараттарды биологиялық синтездеуді кеңінен қолданатын өндіріс комплексінен тұрады.
Замануи химия-фармацевтік өнеркәсібінің даму спецификасын анықтайтын бірнеше ерекшеліктер бар, олар:
шығарылатын өнімнің химиялық тазалығы;
тері асты, бұлшық етке, күре тамырға қолданылатын дәрілік препараттардың стерилдігі;
дәрілік препараттардың басым бөлігін аз көлемде өндіру;
дәрілік құралдардың синтезі көп сатылы және күрделі болуына байланысты, шикізат пен материалдар шығынының көп болуы;
өндірілетін дәрілік препараттардың нометклатурасы салыстырмалы түрде тез жаңартылады;
Дайын дәрілік түрлерді өнеркәсіптік өндірісі стандартты жазылымдар бойынша дайын дәрілік препараттарды сериялы жаппай өндіру үшін машиналар, аппараттар, ағымдық механикаландырылған және автоматтандырылған линияларды қолдану қарастырады.
Дәрілік түрлердің көп болуына және оларды өндіру үшін операциялардың әр түрлі болуына байланысты фармацевтік өнеркәсіпте еңбекті бөлу цехтік прицип бойынша ұйымдастырылады.
Цехтік принцип - өнеркәсіпті мамандырылған өндірістік бөлімдер комплексі түрінде ұйымдастыру болып табылады. Цех біртектес процестерді орындауға экстракциялау, бөлшектеп өлшеу немесе бір типті өнім шығаруға бейімделген өнеркәсіптің негізгі өндірістік бөлімі. Орындалатын тұрмыстық сипаттамасына қарай цехтар: негізгі, көмекші және қосымша болып бөлінеді.
Химия фармацевтік өнеркәсібінде дәрілік препаратты өндіру үшін қолданылатын технологиялық операцияларды шартты түрде 3 жіктеледі:
дайындық операциялары;
дәрілік препаратты алудың негізгі процестері;
қорытынды және қосымша толықтыру операциялары;
Дайындық операцияларына: консистенциясы әртүрлі (қатты, газ, сұйық) заттарды тасымалдау, сақтау, ұнтақтау, майдалау, тұндыру, бөлу, фильтрлеу, центрифугалау, суыту, кристалдау жатады.
Дәрілік препараттарды алудың негізгі операциялардың құрамына термияық, электрохимиялық, биологиялық процестер және т.б. кіреді.
Соңғы қорытынды сатысында дәрілік препараттарды кептіру, майдалау, таблеттеу, ампулалау, бөлшектеу және орамдау процестері жүргізіледі.
Дәрілік препараттарды дайындау ерекшеліктеріне сәйкес химия фармацевтік өнеркәсіптерді бірнеше топқа жіктейді:
Синтетикалық дәрілік препараттар дайындау зауыттары;
Антибиотиктер дайындау зауыттары;
Галенді және дайын дәрілік түрлерді дайындау зауыттары.
Синтетикалық дәрiлік құралдарды өнеркәсіптік өндірісінде дәрілерді органикалық синтез жолымен алу қолданылады.
Антибиотиктер дайындау бойынша кәсiпорындарды ерекше топқа бiріктірген. Бұл осы препараттарды алуды технологиялық процестің негізі биологиялық синтез болуына байланысты.
Галенді және дайын дәрілік түрлер өндірісі бойынша зауыттар көп мөлшердегі дәрілік түрлердің әртүрлі (экстрактар, тұндырмалар, ампулалар, таблеткалар және т.б.) болуымен ерекшеленеді.
Антибиотиктер өндірісіндегі еңбек гигиенасы
Антибиотиктер – микроорганизмдер, өсімдіктер және жануарлар жасушаларының тіршілік процессінде өндірілетін бактериоцидті және бактериостатикалық әсері бар заттар. Қазір химиялық қосылыстың әр түрлі класына жататын антибиотиктердің 400 түрі бар. Антибиотиктердің медицинада қолданылуы антибактериалды қасиетке негізделген. Антибиотиктерді алудың технологиялық процессі, белгілі реттілікте және қажетті сәйкес қондырғыларда жүретін бірнеше сатыдан тұрады:
егістік материалды өсіру және антибиотиктердің биосинтезі (ферментация);
Достарыңызбен бөлісу: |