Келушілерге қызмет көрсету залындағы дәріхана қызметкерлерінің жұмыс орындары ауа арқылы тез жұғатын инфекциялардан қорғайтын құрылғылармен жабдықталады.
Асептикалық блокқа, ассистентік бөлмелер кірер есік алдында еденде дезинфекциялайтын ертінділерге шыланған кезекті резеңке кілемшелер төселеді. Өндіріс қалдықтары мен қоқыстар тиісті белгі соғылған арнайы контейнерлерге тасталады. Контейнерлерді ғимарат сыртындағы арнайы бөлінген орындарға шығарады.
Дәріханада дайындалатын дәрілердің (ұнтақтар, ертінділер, суспензиялар, эмульсиялар, жағар майлар, шаншуға арналған ертінділер және т.б.) технологиялық процесін гигиеналық бағалау ҚР ДСМ 25.03.2002 ж. № 9 бұйрыққа сәйкес жүргізіледі. Бұл бұйрықтың талаптары бойынша 1 жасқа дейінгі және жаңа туылған нәрестелерге арналған дәрілік түрлер қолдануға байланыссыз асептикалық жағдайға дайындалады, ал ішуге және сыртқа қолдануға арналған ертінділер, көз тамшылары, тері беттерін өңдеуге арналған майлар, шаншуға арналған дәрілік түрлер стерильді болуы тиіс.
Асептикалық блоктың қабырғалары майлы бояумен сырлануы немесе кафельді плиткалармен қапталуы тиіс. Төбесі эмульсиялық бояумен сырланады, еденіне линолеум төселінеді. Есіктері мен терезелері тығыз жабылады және тазалау мен дезинфекциялауға ыңғайлы болуы тиіс. Ауасын зарасыздандыру үшін бактерицидтік лампалар орнатылады. Асептикалық блокқа кіргізілетін жабдықтар алдын-ала өңдеуден өткізіледі.
Құрамында пирогендік заттары бар ертінділерді ағзаға енгізгенде пирогендік эффект қозады. Бұл кезде қалтырау, құсу, іш өту байқалады және барлық мүшелер мен ағза жүйесі азап шегеді. Депирогенизациялаудың (пирогендік заттардан арылу) бірнеше әдістері бар химиялық, физика-химиялық және т.б. Химиялық әдіс сутек асқын тотығы ертіндісінде 100°С температурада 1 сағат қыздыру немесе күкірт қышқылымен қышқылданған калий перманганатының 0,5 немесе 1% ертіндісіне 25-30 минут ұстау. Бұл әдіс дәнекерлеуші шыны түтіктерді өңдеу үшін қолданылады. Физика-химиялық әдіс активтелген көмір, мембрандық фильтрлері бар колонкалардан ертінділерді өткізу. Дәріханада дайындалған ертінділердің пирогендігін сынау биологиялық әдіспен жүргізіледі. Ол әдіс зерттелінетін объектіні қоянның күре тамырына енгізілген соң, оны дене өзгеруіне негіздеген.
Достарыңызбен бөлісу: |