№2 есеп
68 жастағы Ш., науқас бетінің және аяқтарының ісінуіне шағымданады. Анамнезінде созылмалы іріңді бронхит. Тексеру кезінде: ісіктер бозғылт, жылы, жылжымалы, басқанда «шұңқыр» қалмайды.
Көрсетіген ісіну қандай синдромға тән?
Тақырып № 10
1) Тақырыбы: Қарттардың психикасының өзгеруі. Альцгеймер ауруы.Үй жағдайындағы күтім. Жанұяны науқас күтімінде туындайтын стрессті басуға үйрету.
2) Мақсаты: Геронтология мен гериатрияда қарттардың Альцгеймер ауруында мейірбикелік процесті ұйымдастырудағы, жоспарлаудағы және орындаудағы білімді қалыптастыру.
3) Оқыту мақсаты:
Альцгеймер ауруымен ауыратын қарт адамдардың жағдайын бағалау үшін терең білімді қалыптастыру.
Теориялық және тәжірибелік білімдерін нығайту.
Қарттарға үйде және стационарда медициналық көмек көрсетуге машықтандыру.
Гериатрияда кәсіптік этика және деонтология принциптерін үйрету.
4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Қарттардағы психиканың өзгерісінің ерекшеліктері
Альцгеймер ауруының даму сатылары
Деменция симптомын күшейтетін факторлар
Альцгеймер ауруының этиологиясы, патогенезі
Альцгеймер ауруының клиникалық көрінісі
Науқастарды емдеу принциптері
Үй жағдайында күту ерекшеліктері
Альцгеймер ауруымен ауыратын науқасты күту жағдайында жанұяда стресс болдырмаудың негізгі принциптерін үйрету
5) Білім беру және оқыту әдістері шағын топтар, дискуссиялар, жағдайлық есеп, жұптасып жұмыс жасау, презентациялар)
ауызша сұрау
тест тапсырмаларды шешу
жағдайлық есеппен жұмыс жасау
медбикенің пациентпен жұмыс жасауында әр түрлі мәселелерді бағалау және талқылау;
шағын топтармен жұмыс жасау, рольдік ойындар, симуляцияланған пациенттермен жұмыс жасау.
6) Әдебиет
Бақылау (сұрақтар,тесттер, жағдайлық есеп)
Қарттардың психикасының өзгерісінің себебін атаңыз.
Альцгеймер ауруына анықтама беріңіз.
Үй жағдайында қарт адамдарды күтуді ұйымдастыруды атаңыз.
Альцгеймер ауруы ... жаста болады
а) 27-30
б) 55-60
в) 80
г) 40-45
д) 35-50
... Альцгеймер ауруының ошақты симптомы болады
а) естудің бұзылысы
б) иіс сезудің бұзылысы
в) сөйлеудің бұзылысы
г) ұйқының бұзылысы
д)тәбеттің бұзылысы
Сөйлеудің бұзылысы – бұл ...
а) афазия
б) афакия
в) диспепсия
г) анорексия
д) асфиксия
Альцгеймер ауруы кезінде ... атрофияланады
а) бүйрек үсті безі
б) алдыңғы мидың милық заты
в) қалқанша безі
г) мидың қыртысты заты
д) ұйқы безі
Галлюцинациясы бар науқастарда қолданылатын нейролептикалық препарат . . . :
а) анальгин
б) но-шпа
в) эуфиллин
г) фуроселид
д) аминазин
Макроскопиялық зерттеуде . . .
а) ми үлкейген, қарыншалар кішірейген
б) ми кішірейген, қарыншалар үлкейген
в) мида ешқандай өзгерістер жоқ
г) мида қан құйылулар
д) ми мен жұлынның зақымдалуы
Микроскопиялық зерттеуде . . . :
а) нерв клеткаларының саны азайған
б) нерв клеткаларының саны көбейген
в) атипикалық клеткалардың пайда болуы
г) Фибрилдердің санның жоғарлауы
д) қосымша клеткалардың пайда болуы
Апраксия дегеніміз . . . :
а) сөйлеудің бұзылысы
б) ойлаудың бұзылысы
в) күнделікті іс-қозғалысының бұзылысы
г) есте сақтаудың бұзылысы
д) естудің бұзылысы
Альцгеймер ауруының этиологиясы . . . :
а) белгісіз
б) инфекция
в) вирус
г) бактерия
д)аралас
Альцгеймер ауруын емінде ... қолданылады
а) иммунодепресанттар
б) диуретиктер
в) психотропты препараттар
г) анальгетиктер
д)спазмолитиктер.
N 1 есеп
Сіз 78 жастағы артериалды гипертониясы бар науқасқа күтім жасайсыз. Соңғы айларда науқас мінезі адекватты, ұмытшақ, бей жай екенін аңғардыңыз. Сөйллескен уақытта басқа тақырыпқа сөйлейді. Бөлмеден шығу жолды ұмытып кеиеді.
- Көрсетілген мәселе немен байланысты ?
- Бұл жағдайдағы күтушінің және жаұя тұрғындарының іс әрекеті.
N 2 есеп
Қарттар үйінде тұратын 82 жастағы науқас сан алуан шағым айта бастады. Екі күннен бері аш екенін, оған тамақ бермейцтінін, оны ешкім жақсы көрмейтінін айтып шағымданды. Интернаттың қызметкерлерінің айтуына қарағанда науқас ұйқысыздыққа ұшыраған, тыным таппайды, ұмытшақтық пайда болған. Кейде өз атын ұмытып кетеді.
- диагнозыңызды құрастырыңыз.
- интернат қызметкерлері науқасты күтуде не істеу керек ?
Тақырып №11
Тақырыбы: Инсульт. Түрлері, себебі. Негізгі клиникалық симптомдар.
Мақсаты: Геронтология және гериатриядағы қарт науқастарда инсульт кезінде медбикелік процесті жоспарлау және ұйымдастыру және науқаста туындаған мәселелерді өздігінен шешу жолдарын қарастырудың білімін жетілдіру.
Оқыту мақсаты:
қарт адамдардың инсультпен ауырғанда жағдайын бағалау үшін терең білімді қалыптастыру
инсультпен ауырған науқастарды күтуде теориялық және практикалық білімдерін нығайту
үйде және стационарда қарттарға медициналық көмек көрсетуді машықтандыру
егде және қарт науқастар инсультпен ауырғанда үйде және стационарда емдеуде, күтуде, реабилитациялық шараларды ұйымдастыруда кәсіптік этика және деонтология прициптерін үйрету.
4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Клиникалық практикада инсульттің қандай негізгі түрлері кездеседі?
Инсульттің себептері
Инсульттың көрінісі
Негізгі клиникалық симптомдары
Стационарда науқасқа күтім жасау ерекшелігі
Инсульт болған науқастарды амбулаториялық-емханалық реабилитациялау
5) Білім берудің және оқытудың әдістері(шағын топтар, дискуссиялар, жағдайлық есеп, жұптасып жұмыс жасау, презентациялар)
ауызша сұрау
тест тапсырмаларды шешу
жағдайлық есеппен жұмыс жасау
медбикенің пациентпен жұмыс жасауында әр түрлі мәселелерді бағалау және талқылау(созылмалы гастрит және асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруының тексерілуінің дұрыстығы);
шағын топтармен жұмыс жасау, рольдік ойындар, симуляцияланған пациенттермен жұмыс жасау оқытушының бақылауында.
6) Әдебиеттер
Бақылау (сұрақтар,тесттер, жағдайлық есеп)
1.Инсульттың анықтамасы.
2. Инсульттың түрлері.
3. Инсульттың негізгі клиникалық симптомдарын атап шығыңыз.
... - жедел ми-қан айналым бұзылысы.
а) инсульт
в) инфаркт
с) атрофия
д) гипертрофия
е) гипоплазия
Ишемиялық инсульт ... дамуы мүмкін
а) атеросклерозда
в) гипертониялық ауруда
с) артритте
д) қан ауруларында
е) а, в, с, д
Геморрагиялық инсульт көбінесе ... кенеттен, жиі дамиды
а) түнде
в) күндіз
с) әр кезде әр түрлі
д) а, в
е) с, д
Геморрагиялық инсульттің ишемиялық инсульттан ажырататын негізгі тест бұл ...
а) ЖҚА
в) ЖНА
с) б/х
д) асқазан сөлі
е) церебральды сұйықтық
Инсультте кездесу мүмкін асқыну
а) пневмония
в) тромбоэмболия
с) жауыр
д) а, в, с
е) с, д
Бастапқы кезде инсульттік науқастарды ... палатасында емдейді
а) хирургия
в) урология
с) интенсивті терапия
д) неврология
е) нейро-хирургия
Жүрек қызметін жақсарту үшін ... қолданады
а) строфантин
в) лазикс
с) анальгин
д) эуфилин
е) NaCI
Қозғалыс қызметінің бұзылысында ... көмектеседі
а) жүру
в) жуыну
с) а, в
д) с, д
е) д, е
Қан қысымын төмендететін препарат ....
а) строфантин
в) лазикс
с) анальгин
д) эуфилин
е) NaCI
Қан тамыр ішіне 5% глюкоза ерітіндісі, реополиглюкин ... енгізіледі
а) коллапста
в) қозғалыс бұзылғанда
с) жүрек қызметін жақсарту үшін
д) тілдің түсуі
е) науқас коматозды және сопорозды жағдайда болғанда.
N 1 есеп
65 жастағы науқас инсультпен ауырғаннан кейін реабилитациялық ем қабылдауда. Науқаста оң жақты оң қол және оң аяқтың парезі, моторлы афазияның қалдық белгілері. Соңғы 4 күннен бері үлкен дәреті жүрмейді.
- Осы мәселенің дамуының қандай себептері бар?
- Көрсетілген жағдайды шешу үшін жоспар құрыңыз.
N 2 есеп
Сіз палата медбикесісіз. Палатада 4- күннен бері жіті геморрагиялық инсультпен науқас жатыр. 3 күн бойы комалық жағдайда.
Осы науқаста қандай ерекшеліктер дамуы мүмкін?
Науқасты күту ерекшеліктері қандай?
Тақырып №12
1) Тақырыбы: Стационарда гериатриялық науқастарға медициналық күтім жасау принциптері. Жіті аурулары бар қарттарға үй күтім жасау. Науқасты кереуетке, орындыққа, каталкаға ауыстыру. Гериатриялық реабилитация, оның түрлері.
2) Мақсаты: Стационарда гериатриялық науқастарға медициналық күтім жасау үшін қарт адамдардың мінездерінің ерекшеліктерін білу қажет. Мінез ерекшелігі көптеген аурулардың симптомдарымен тығыз ұштасып жатады.
3) Оқыту мақсаты:
Қарта адамдардың денсаулығын бағалау бойынша терең жүйелі білімді қалыптастыру.
Қарт адамдарды күту және тасымалдаудың практикалық және теориялық негізін үйрету.
Қарт адамдарға стационарда немесе үйде медициналық көмек көрсетуге машықтандыру.
Гериатрияда кәсіптік этика және деонтология принциптерін үйрету.
4) Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Стационарда гериатриялық науқастарға медициналық күтім жасау
принциптері.
Науқасты кереуеттен, орындықтан, каталкедан ауыстыру әдістері;
Егде және қарт жастағы науқастарда несептің тоқтамауында жасалатын күтім;
Ауыр геронтологиялық науқастарда ойылудың алдын алу;
Гериатриялық науқасқа үй жағдайында күтім жасау принциптері.
Қарт науқасқа тұрмыстық жағдай жасау.
Гериатриялық науқасқастарда реабилитация түрлері.
5) Сабақты өту әдісі(шағын топтар, дискуссиялар, жағдайлық есеп, жұптасып жұмыс жасау, презентациялар)
ауызша сұрау
тест тапсырмаларды шешу
жағдайлық есеппен жұмыс жасау
медбикенің пациентпен жұмыс жасауында әр түрлі мәселелерді бағалау және талқылау(созылмалы гастрит және асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруының тексерілуінің дұрыстығы);
шағын топтармен жұмыс жасау, рольдік ойындар, модельдік кеңес жүргізу.
Әдебиеттер
www.mail.ru, www.insult.ru, www.google.ru, www.rambler.ru, www.yandex.ru.
Р. С. Яцемирская: «Социальная геронтология» Владос,1999
Н.В. Верещагин, М.А. Пирадов, З.А. Суслина Национальный центр инсульта — Терминология.
Медицинская библиотека Пентадент.ру/Ишемический инсульт можно предупредить.
Р.Д. Коллинз Диагностика нервных болезней. — «Медицина», 1986. — С. 240.
В.В. Михеев, П.В. Мельничук Нервные болезни. — «Медицина», 1981. — С. 543.
Бақылау (сұрақтар,тесттер, жағдайлық есеп)
Стационарда қарт адамдарды медициналық күту принциптерін атаңыз.
Үй жағдайында кәрі адамдарды күту принциптерін атаңыз.
Гериатриялық реабилитацияның түрлерін көрсетіңіз.
Қартарда тәуліктік несеп мөлшері:
а) 1л
б) 2л
в) 0,5л
г) 1,5л
Қарттарда шомылатын судың температурасы ... жоғары болмау керек:
а) 360
б) 350
в) 400
г) 320
Гериатриялық науқастың төсегі ... см аспауы керек
а) 70
б) 65
в) 60
г) 20
Гериатриялық науқастардың төсегі ... болмау керек
а) жұмсақ
б) қатталу
в) өте қатты
г) өте қатты
Төсектік режимде жатқан науқастардың бөлімесінің салыстырмалы температурасы:
а) 250
б) 240
в) 220
г) 200
Жасына байланысты терісінің өзгерісі қай жастан басталады:
а) 60
б) 50
в) 40
г) 30
Жасқа байланысты дермографизм түрі:
а) ақшыл қызыл, ұзақ сақталады
б) қызғыш, ұзақ сақталады
в) қызыл, тез жойылады
г) қызғыш, тез жойылады
Қарттарда шомылу ... болу қажет:
а) айына 1 рет
б) аптасына 3 рет
в) аптасына 1-2 рет
г) қарттардың қалауы бойынша
Қарт адамдардың бас терісінде қайызғақ пайда болғанда ... қолданылады
а) дуст
б) айран
в) кармазин
г) кастор майы
Төсекте ұзақ жату алып келеді:
а) контрактураға, іш қатуға
б) депрессияға, диареяға
в) метеоризмге
г) ықылыққа, қыжылдауға.
N 1 есеп
Сіз учаскелік медбикесіз. Сіздің учаскеңізде 73 ж. науқас екі аяғының тізе буынының остеоартрозы және қантамыр жетіспеушілігімен ауыратын науқас тұрады. Науқас бірөзі тұрмыс кешеді.
Көрсетілген науқастың травмасының алдын алуы.
Кереуеттен дұрыс тұрудың техникасын көрсетіңіз.
N 2 есеп
Қарттар үйіне ревматойдты артритпен ауыратын 76 жастағы науқас түсті. Науқаста сағат 11- ге дейін таңертеңгілік құрысу.
- Травманың алдын алуыдың жоспары қандай?
- Кереуеттен дұрыс тұрудың техникасын көрсетіңіз ?
- Науқасты жуындыру техникасын көрсетіңіз?
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы
Кафедра Терапия бакалавриат
Мамандық: 051101« Мейірбике ісі»
Пән: Геронтология,гериатрия
КУРС : 3
СТУДЕНТТІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ
ШЫМКЕНТ, 2013 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланған
Хаттама №___«____»2013ж.
Кафедра меңгерушісі
м.ғ.д.,проф. Бекмурзаева Э.К.
1) 1Тақырып: Геронтология мен гериатрияның даму тарихы.
2) Мақсаты:
Егде және қарттық шақта туындайтын мәселелерді өз бетінше шешу үшін геронтология мен гериатрияда мейірбике процесін жоспарлау, іске асыру, ұйымдастыру туралы білім қалыптастыру.
3) Тапсырма:
Егде және қарт науқастың денсаулығының жағдайын бағалау туралы терең, жүйелі білім беру.
Егде және қарт науқастраға күтім көрсетуге қажеттігі теориялық және практикалық негіздерді оқыту.
Қарттарға стационарда және үйде медициналық көмек көрсетудің принциптерін оқыту.
Кәсіби этика және гериатрия деонтологиясының принциптерін оқыту.
4) Орындау түрі:
Презентация
Интеллект-карта
«Кейс-стадия»
Постерлі баяндама
Тақырып бойынша эссе
Кластерлер
Тақырып бойынша глоссарий ж/е т.б.
5) СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері (тапсырманы орындау талаптары):
Орындау критерилері:
Жазылған реферат сабақ тақырыбы бойынша өзіндік мәліметпен қамтылған;
Тақырыптың презентациясы және мазмұны толық және көркем болуы керек;
Әдістемелік нұсқаулардағы шешілген тесттер мен ситуациялық есептердің дұрыстығы;
Өзіндік тесттер мен ситуациялық есептердің сауатты түрде құрастырылуы;
СӨЖ- дің сауатты жазылғанын рецензиясы;
Студенттердің, дәрігердің пациентпен және бейне, бейне- аудио басылымдары;
Меңгерген коммуникативті дағдылар жазылған күнделік арнау;
Әр тақырыпқа қатысты индивидуалды өз ойын жазуы;
Рольдік ойындар қойылымы;
Студентпен өзіндік жұмыстың орындалу сипаты: 1-3 пуектегі 1- пункт, 4-9 пунктен – 1.
Бағалау критерилері: Терапия бакавриат кафедрасында «Мейірбике ісі» 051101 ГОСО ҚР 5.03.006-2006 кезінде өңделген баллдық- рейтингтен әріптік жүйе бойынша анықталады.
1.
|
Рефератты дайындау және қорғау
|
Өте жақсы
|
Реферат тиянақты дайындалған және белгіленген уақытта тапсырылды, өздігінен 10 беттен кем емес, 5-тен төмен емес әдебиет көздерін қолданып жазылған. Рефераттың тақырыбына сәйкес сызбалар, кестелер және суреттер келтірілген. Рефератты қорғау барысында тақырыпты оқымай, мәтінін айтып берді. Берілген барлық сұрақтарға сенімді және қатесіз жауап берді.
|
|
Жақсы
|
Реферат тиянақты дайындалған және белгіленген уақытта тапсырылды, өздігінен 10 беттен кем емес, 5-тен төмен емес әдебиет көздерін қолданып жазылған. Рефераттың тақырыбына сәйкес сызбалар, кестелер және суреттер келтірілген. Рефератты қорғау барысында тақырыпты оқымай, мәтінін айтып берді. Сұрақтарға жауап беруде принципті емес қателіктер жіберілді.
|
|
Қанағаттанарлық
|
Реферат тиянақты дайындалған және белгіленген уақытта тапсырылды, өздігінен 10 беттен кем емес, 5-тен төмен емес әдебиет көздерін қолданып жазылған.Рефератты қорғау барысында тақырыпты оқиды. Сұрақтарға сенімсіз жауап береді, принципті қателіктер жіберді.
|
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Реферат тиянақты емес және белгіленген уақытта тапсырылмады, өздігінен 10 беттен кем, 5-тен төмен әдебиет көздерін қолданып жазылған. Рефератты қорғау барысында тақырыпты оқиды. Сұрақтарға жауап беруде дөрекі қателіктер жіберілді.
|
2.
|
Тақырыптың презентациясы
|
Өте жақсы
|
Презентация белгіленген уақытта, өз бетінше дайындалған, көлемі 20 слайдтан тұрады. 5-тен төмен емес әдебиет көздерін қолданылған. Слайдтар құрамды және мәнді.Автор қорғау барысында тақырыб бойынша терең білімін көрсете білді. Сұрақтарға жауап беруде қателіктер жіберілмеді.
|
|
|
Жақсы
|
Презентация белгіленген уақытта, өз бетінше дайындалған, көлемі 20 слайдтан тұрады. 5-тен төмен емес әдебиет көздерін қолданылған. Слайдтар құрамды және мәнді.Автор қорғау барысында тақырыб бойынша жақсы білімін көрсете білді. Сұрақтарға жауап беруде өзі түзету жүргізген принципті емес қателіктер жіберілді.
|
|
|
Қанағаттанарлық
|
Презентация белгіленген уақытта, өз бетінше дайындалған, көлемі 20 слайдтан тұрады. 5-тен төмен емес әдебиет көздерін қолданылған. Слайдтар құрамды емес. Автор сұраққа жауап беру барысында принципті қателіктер жіберілді.
|
|
|
Қанағаттанарлықсыз
|
|
3.
|
Тестілік тапсырмалар дайындау
|
Өте жақсы
|
Тест сұрақтары 10 сұрақтан тұрады. Белгіленген уақытта тапсырылды. Тесттің мазмұны негізсіз,сұрақ анық қойылған.Жауаптың нұсқалары біртекті және адекватты. Жауаптардың алгоритмдері бар. Жауаптары дұрыс белгіленген.
|
|
|
Жақсы
|
Тестілік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Белгіленген уақытта тапсырылды. Тесттің мазмұны негізді, сұрақтар айқын қойылған. Жауаптардың нұсқалары біртекті емес. Жауаптардың алгоритмдері енгізілген. Дұрыс жауаптары белгіленген.
|
|
|
Қанағаттанарлық
|
Тестілік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Белгіленген уақытта тапсырылды. Тесттің мазмұны негізсіз, сұрақтар айқын қойылмаған. Жауаптардың нұсқалары біртекті емес. Жауаптардың алгоритмдері енгізілмеген. Дұрыс жауаптары белгіленбеген.
|
|
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Тестілік тапсырмалар 10 сұрақтан кем емес. Тесттің мазмұны негізсіз, сұрақтар айқын қойылмаған. Жауаптардың нұсқалары біртекті емес. Жауаптардың алгоритмдері енгізілмеген. Дұрыс жауаптардың 50% -нан көбі белгіленбеген.
|
-«өте жақсы» бағасы 1,5 балға сәйкес, яғни ол студенттің СӨЖ тақырыбын толық меңгергенін, еш қателік жібермегенін, СӨЖ уақытылы тапсырғанын, сонымен қатар тапсырмаларды орындап, өз уақытымен , қателіксіз тапсырғанын, өз бетінше қосымша әдебиеттер қолданғанын, бағдарлама материалдарын өз бетінше жүйелей алғанын көрсетеді.
- «жақсы» бағасы 1,2 балға сәйкес, яғни ол студенттің СӨЖ тақырыбын 75%- дан кем емес меңгеріп, соған қарамастан қатаң қателіктер жібергенін, СӨЖ уақытылы еш ескертусіз орындап тапсырғанын, тапсырманы уақытылы ескертусіз орындағанын, оқытушының нұсқауымен қосымша әдебиеттерді қолданғанын, студенттің өздігімен түзетілген принципиалды емес қателіктердің жібергенін, бадарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйеленгенін көрсетеді.
- «қанағаттанарлық» баға 0,8 балға сәйкес, яғни ол, студент СӨЖ тақырыбын 50%- дан төмен емес меңгергенін, жұмысты орындау барысында оқытушының көмегін қажет еткенін, жұмысын уақытылы орындап тапсырғанын, жұмысты тапсыру кезінде принципиалды емес қателіктердің жібергенін, жұмысқа белсенділік танытпағанын, материалды жүйелеуде қиындықтар сезінгенін көрсетеді.
- «қанағаттанарлықсыз» баға 0- сәйкес, ол яғни, студент СӨЖ тақырыбын 50%- дан төмен меңгергенін, СӨЖ тақырыбы бойынша білімінің нашарлағанын, жұмыста және жауаптарында принципиалды қателіктердің жібергенін, тапсврманы орындамағаны, жұмысты мерзімінен кейін тапсырғанын, әдістемелік нұсқауларда барлық негізгі әдебиеттерді қолданбағанын көрсетеді.
6) Тапсыру мерзімдері: Тақырып жоспаы бойынша 2 сабақтан кшікпеу керек.
7) Әдебиеттер
8) Бақылау (сұрақтар,тесттер, есеп):
Геронтологияға түсініктеме беріңіз.
Геронтологияның негізгі этаптарын атаңыз.
Гериатрия туралы түсінік.
Қартаю кезінде зақымдалу факторы:
а) глюкоза
б) липидтер
в) бос радикалдар
г) ақ ұыздар
д) майлар
Геронтология - бұл ... ғылымы.
а) қартаю үдерістерді зерттейтін
б) қарт адамдардың тыныс алу жүйесінің өзгеруін зерттейтін
в) асқазан-ішек жолдарының ауруларын зерттейтін
г) несеп жолдарын ауруларын зерттейтін
д) организмдегі өзгерістерді зерттейтін
Қартаю кезеңдері:
а) 3
б) 4
в) 5
г) 6
Қартаю кезінде организмдегі өзгерістер:
а) липидтерге толеранттылықтың төмендеуі
б) глюкозаға толеранттылықтың төмендеуі
в) ақ ұыздарға толеранттылықтың төмендеуі
г) минералдарға толеранттылықтың төмендеуі
Қарт адамдарда өлімнің жиі себебі:
а) қантты диабет
б) панкреатит
в) атеросклероз
г) артериалды гипертензия
Қартаю кезінде синдромдар:
а) нейрогенді
б) астеновегетативті
в) сарғаю
г) кәрілік қышыма
9. Геронтологияның негізгі мақсаты:
а) белсенді ұзақ өмір суруге жету
б) мәреге жету
в) жоғары шығармашылық жетістіктерге жету
г) зейнеткерлікке жету
д) шекараға жету
10. Егде жастағы адамдардың емінде дәрі-дәрмектерді ұтымды пайдалуын ... зерттейді.
а) геронтофармакология
б) клиникалық фармакология
в) фармакогнозия
г) терапия
д) эндокринология
1 жағдайлық есеп
Сіздің участкеңізде 10 зейнеткер тұрады. Оның екеуі бұрынғы жұмыстарында жұмыс істейді. Олар жыл сайын медициналық тексеруден өтіп тұрады- қандағы қанттың және холестериннің мөлшері қалыпты жағдайда, артық салмақ жоқ, активті.
Үшеуінде тыныс жүйесінің патологиясы және қант диабеті бар. Физикалық активтілігі төмен.
Қалғандарында қан қысымының жоғарылауы, Альцгеймер аурының көріністері байқалады.
Оларды биологиялық, күнтізбелік, психологиялық жастары бойынша бөліңіз.
2 жағдайлық есеп
Участкідегі тұрғындар арасында жылдық есепте төменде келтірілген аурулар анықталды:
Эпидемиялық паротит;
Варикоцеле;
жатыр қосалқыларының қабынуы;
Гастрит;
Артериалды гипертония;
Альцгеймер ауруы;
Геронтологиялық жасқа тән ауруды көрсетіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |