Кіріспе
«Мамандыққа
кіріспе»
пәнінің
оқыту
мақсаты
болашақ
мамандықтарының мазмұнын түсіндіру, студенттерді олардың негізін
түсінуге бағыттау.
Пәнді оқытудың міндеттері:
- студенттерді болашақ мамандықтарының мазмұнымен, жоғары оқу
орнындағы оқыту бағдарламасымен таныстыру;
- университетте әрі қарай оқу үшін студенттерге қажетті дағдыларды
қалыптастыру, соның ішінде ӛз бетімен жұмыс жасау және әдебиеттермен
жұмыс жасау дағдылары;
- тесттар, іскер ойындар мен басқа да тәсілдер кӛмегімен
студенттердің болашақ жұмысында қажет болатын қасиеттерді тауып,
оларды дамыту;
- студенттерде мәселеге қатысты ойлау қабілетін дамыту.
Пәнді оқытудың нәтижесінде студенттер келесілерді білуге тиісті:
- таңдаған мамандықтарыңыздың мамандарына қойылатын біліктілік
талаптары жӛнінде түсінік болу.
Пәнді оқытудың нәтижесінде студенттер келесілерді білуге тиісті:
ішкі тәртіп ережелері; басылымдардың библиографиялық
тізімдерінің жазылу ережелері мен қолданылған әдебиеттер тізімін дұрыс
жазу;
оқу құжаттарын дұрыс жазу ережелеі.
Сабақтарға қатысып және СӚЖ тапсырмаларды орындау барысында
студенттер үйренеді және практикалық машықтарды иемдену қажет:
жеке мақсаттарды қарастыра алу керек;
мәлімет-іздестіру аппараттарымен жұмыс жасай алу;
оқу құжаттары мен әдебиеттер тізімін стандарттар талаптарына сәйкес
орындау.
Негізгі бӛлім
1тақырып. «Мамандыққа кіріспе» пәні мен міндеттері
Мақсаты: бірінші курс студенттерін «Мамандыққа кіріспе» курсының
құрылымымен, мақсатымен, міндеттерімен таныстыру және маңызды
әдебиетті кӛрсету
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:
1. Пәннің объектісі, мақсаты мен міндеттері.
2. «Білім туралы» ҚР Заңы.
Пән бірінші курстың студенттеріне арналған. Негізгі мақсаты олардың
жоғарғы оқу орнында жаңа жағдайға студент ретінде тезірек қалыптасуына
кӛмек жасау. Курс негізінен лекциялық сабақтардан тұрады, олардың негізгі
мақсаты – кредиттік жүйенің түрлері мен әдістерін, оқу процесінде
пайдаланылатын терминдер мен сӛз тіркестерін, ғылыми әдебиетпен және
оқулықтармен жұмыс істеуге, кітапхана мен интернет қызметтерін
пайдалануды үйрету. Курстың ең үлкен бӛлігі студеттің кафедрадағы
ғылыми-зерттеу жұмысына араластыру мәселесіне арналады. Мұндай
жұмыстың негізінде қажетті ақпарат жинау жатыр.
Институт қабырғасында студент оқу жоспары бойынша кӛптеген жазба
жұмыстарын орындайды. Сондықтан да, аталмыш пәнді игеру барысында
студент конспект, реферат, рецензия, аннотация, курс және диплом
жұмыстарын жазу жӛнінде толық мағлұмат алады.
«Мамандыққа
кіріспе»
пәнінің
оқыту
мақсаты
болашақ
мамандықтарының мазмұнын түсіндіру, студенттерді олардың негізін
түсінуге бағыттау.
Пәнді оқытудың міндеттері:
- студенттерді болашақ мамандықтарының мазмұнымен, жоғары оқу
орнындағы оқыту бағдарламасымен таныстыру;
- университетте әрі қарай оқу үшін студенттерге қажетті дағдыларды
қалыптастыру, соның ішінде ӛз бетімен жұмыс жасау және әдебиеттермен
жұмыс жасау дағдылары;
- тесттар, іскер ойындар мен басқа да тәсілдер кӛмегімен
студенттердің болашақ жұмысында қажет болатын қасиеттерді тауып,
оларды дамыту;
- студенттерде мәселеге қатысты ойлау қабілетін дамыту.
2-тақырып. М. Ӛтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университетінің қысқаша тарихы
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:
1. БҚМУ тарихына қысқаша шолу
2. Экономика және басқару факультетінің даму белестері
3. Есеп және қаржы кафедрасы
М. Ӛтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің
ерекшелігі – бір ғасырға жуық шежірелі тарихи жолы бар. 2012 жылы оқу
ордасының құрылғанына 80 жыл толды. Университетіміздің қабырғасынан
білім алған 65 мыңнан астам жоғары білікті мамандар – баға жетпес
мұрамыз, кәсіби-рухани байлығымыз. Университет түлектері арасынан
танымал саясаткерлер, ғылыми қызметкерлер, жетекшілер жұмыс жасайды.
Атап айтсақ: ҚР БҰҰ жанындағы тұрақты ӛкілі – Б.С. Әйтімова, Елорда –
Астананың әкімі, саясаттану ғылымдарының докторы, БҚМУ-дың құрметті
профессоры – И.Н. Тасмағамбетов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты –
Ж.Ш. Кәкішов, Екі мәрте Кеңес одағының батыры, ұшқыш – Л.И. Беда, ҚР
мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің архивтер мен
құжаттарды басқару комитетінің тӛрағасы – Р.К. Сариева, ҚР Парламентінің
бұрынғы сенаторы, жазушы – Э.Г. Ғаббасов, Татарстан Ғылым
академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы – Р.И. Нафигов,
КСРО ҒА Поволжье археологиялық институтының директоры, тарих
ғылымдарының докторы – Б.Железчиков, ҚазССР Ғылым академиясының
академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор – А.Д.
Тайманов, ҚР Парламанті мәжілісінің депутаты – Е.И. Тарасенко, биология
ғылымдарының докторы, профессор – Е.А. Ағелеуов және т.б.
Қоғам мен саяси, ғылым мен мәдениет саласындағы кӛрнекті тұлғалар
университеттің құрметті профессорлары: Е. Мүсіреп, А. Бақтыгереева, Қадыр
Мырза Әли, И. Тасмағамбетов, Ә. Дінішев, Т. Мұсабаев, Т. Шамелов, А.
Амонашвили, М. Бисенғалиев, Крис Крейкер, Б. Ізмұхамбетов.
Бүгінде аймақтағы ірі білім және ғылым ордасы – М. Ӛтемісов атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті ӛз тарихын, озық дәстүрлерін
сақтаумен қатар, әрдайым даму, жетілу үстінде. 2004 ж. желтоқсанында
университет халықаралық сапа сертификатын ИСО 9001-2000 алды.
3-тақырып. Кредиттік жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру.
Мақсаты: студенттерді кредиттік жүйені оқу үрдісіне енгізу бойынша ресми
нормативтік құжаттарымен таныстыру
Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:
1. Кредит жүйесінің жалпы ережелері
2. Оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру
1) Кредиттік жүйенің негізгі ережелері.
Оқытудың кредиттік жүйесі негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру оған
дейін болған дәстүрлі оқыту жүйесінен айырмашылықтарын иеленеді.
Оқытудың кредиттік технологиясын пайдалана отырып оқу процесін
ұйымдастырудың басты міндеттері мыналар болып табылады:
білім кӛлемін бірыңғайлау;
оқытуды максимум жекелендіру үшін жағдай тудыру;
білім алушылардың дербес жұмысының ролі мен тиімділігін күшейту.
Оқытудың кредиттік жүйесіне (ОКТ) тән ерекшеліктер мыналар болып
табылады:
әрбір пән бойынша білім алушылар мен оқытушылардың еңбек
шығындарын бағалау үшін кредит жүйесін енгізу;
жеке оқу жоспарын құрастыру кезінде жұмыс-оқу жоспарына
енгізілген элективтік пәндер арасынан оқыту пәнін таңдау еркіндігі;
жоғары
оқу
орнында
профессорлық-оқытушылар
құрамның
жеткілікті саны кезінде білім беретін оқытушыларды таңдау еркіндігі;
ӛзінің жеке оқу жоспарын құрастыруға білім алушының тікелей
қатысуы;
білім траекториясын таңдау кезіндегі білім алушыға кӛмектесетін
эдвайзерді оқу процесіне тарту;
оқу процесін ұйымдастыруда, оқытушылардың педагогикалық
жүктемесінің түрлерін есепке алу мен анықтауда факультеттің кең
уәкілеттілігі;
оқу процесін басылған және электронды түрдегі барлық қажетті оқу
мен әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
Достарыңызбен бөлісу: |