Жұмыс бағдарламасы мамандыққа кіріспе Қаржы, коды 5B050900



жүктеу 282,22 Kb.
Pdf просмотр
бет7/9
Дата14.05.2018
өлшемі282,22 Kb.
#12323
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау жұмысы емтиханның белсенді дайындығына әрекеттеседі, оқу 

материалдарын  терең  меңгерудің  кепілі,  студенттің  ӛзіндік  бақылау  құралы 

болып саналады. Сонымен бірге, студент курстық және дипломдық жұмысты 

жазуға дағдыланады. 

Бақылау  жұмысының  тақырыбы  тек  қана  белгілі  семестрде 

оқытылытан курс бағдарламалары шеңберінде беріледі.  

Бақылау  жұмысты  орындау  барысында  студент  ұсынылған  әдебиетті 

және деректерді нақтылап оқып, ӛңдеуі тиіс.  

Бақылау жұмыстарды бір ғана кітап немесе брошюра кӛмегімен жазуға 

болмайды,  кафедрамен  ұсынылған  барлық  әдебиеттерді  пайдалану  арқылы 

жазу  керек.  Әдебиеттер  тізімін  жаңа  басылымдар  арқылы  толықтыруға 

болады,  бірақ  қысқартып  жіьеруге  болмайды.  Тақырыпты  да  баршалық 

әдебиетке қарай таңдау керек. 

Кіріспе,  жоспар  параграфтары,  қорытынды-  жеке  бӛліктерінің 

арасалмағын  ойластыру  керек.  Бақылау  жұмысы  А-4  форматында,  5-6  бет 

кӛлемінде болуы тиіс. Жұмыстың 1/16 бӛлігін кіріспе.  

Кіріспеде  тақрырып  қысқаша  анықталып,  зерттелген  әдебиет  пен 

деректер  сипатталып,  міндеттер  кӛрсетіледі.  Кейін,  атауы  бар,  бақылау 

жұмысының кішкене бӛліктері- сұрақтар мазмұны ашылады. Кӛбіне бақылау 

жұмыстарында 2-3 сұрақ болады. Қорытынды бӛлімі кӛлемі жағынан ең аз, 1-

2  бет.  Ол  ӛте  қысқа,  нақты,  бүкіл  жұмыспен  байланысты  болуы  керек. 

Қорытындыдан  кейін  библиография  немесе  пайдаланылған  әдебиеттер  мен 

деректер тізімі жазылады. 

Бақылау  жұмысының  таза  нұсқасы  бастапқы  беттен,  дәптерде  немесе 

парақтарда  жазылған  мәтіннен,  керекті  анықтамалық  аппараттан  құралады. 

Сыртында  оқу  орынның  атауы,      факультет,  кафедра,  жұмыс  атауы,  автор, 

орны мен жылы кӛрсетіледі. Кейін мазмұны мазмұндалады  және рецензент 

белгілеу  орны  қалдырылады.  Беттер  нӛмірленеді,  сӛздерді  қысқартуға 

болмайды, жұмыс бӛлімдерінің атауы болады.  

Орындалған  жұмыс  белгіленген  мерзімде  кафедраға  ұсынылады. 

Бақылау  жұмысы  қойылған  талаптарға  жауап  берген  кезінде  ғана  сынақтан 

ӛтеді:  а.  Ұсынылған  жоспардың  дұрыс  ашылуы;  б.  тақырып  бойынша 

деректер  мен  әдебиеттер  білімін  анықтайды;  в.  Шын,  нақты    мәліметтер 

келтірілсе; г. әзірлеу тәртібіне сай болса.  



 

9  -  тақырып:  Кітаппен,  жарыққа  шыққан  мақалалармен  жұмыс  істеу 

әдістері  

Мақсаты  –  студенттерді  қалалық  және  университеттік  кітапханалармен, 

ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу әдістемесімен таныстыру. 

       1. Оқу үрдісіне керекті әдебиетті іздестіру әдістемесі. 

 

2. Оқулықпен жұмыс істеу әдістемесі. 



 

3.  Оқу,  зерттеу  үшін  қажетті  мақалаларды  іздестіру  және  оларды 

қажетке жарату 

   


 


10-тақырып. Қаржының мәні, атқаратын функциялары және рӛлі 

Лекцияның  мақсаттары:  Қаржының  әлеуметтік-экономикалық  мазмұнын, 

қалыптасуы  мен  даму  шарттарын  зерттеу.  Нарықтық  экономикадағы 

қаржылардың  атқаратын  ролін  анықтау.  Қаржының  негізгі  нысандары  мен 

атқаратын функцияларын анықтау. 

1.Қаржы түсінігі, оның мәні және қажеттігі 

2.Қаржының атқаратын функциялары 

 

      Материалдық  игіліктерді  игеру,  олардың  үздіксізділігін  қамтамасыз  ету  



яғни  ұлғалмалы  ұдайы  ӛндіріс  үрдістерінің  жүзеге  асырылуы    ақшалай 

түрдегі  құн  қозғалысынсыз  мүмкін  емес.  Ақша  айналымының  негізінде 

қаржы    немесе  ақша  сомасының  бір  адамнан    екіншісіне  ӛту  үрдісі  жүзеге 

асады.  Бүл  ерекше  үрдіс  нәтижесінде  «қаржы  »  термині  қалыптасты. 

«Қаржы» термині латынның  деген сӛзінен, түсінігі –«соңы», «табысқа 

жету»,  «қолма  қол  ақша»деген  ұғымдарды    яғни  тӛлемнің  соңы,  тӛленуі 

деген  мағыны  береді.  Кейінірек  бұл  термин  француздың    түрінде 

беріліп,  кең  мағынада  ақшалай  тӛлемдер  түсінігін  және  мемлекеттің 

табыстарының жиынтығы түсінігін берді.  

            Құндылықты  категория  ретінде  қаржы      мемлекеттік  шаруашылық 

субъектлерінің  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  бағытталған  ақшалай 

қорлар  мен  кірістердің  қалыптасуымен,  қоғамдық  ӛнімді  бӛлістірумен 

байланысты экономикалық қатынастарды  береді. 

 Қаржы 


тек  орталықтандырылмаған  және  орталықтандырылған 

қорларды  қалыптастыру  мен  пайдалануға  байланысты  экономикалық 

қатынастарды ғана қамтиды.   Осыған сәйкес қаржы ғылымының  нысанына 

қоғамдық  ӛнімді  бӛлістірумен  байланысты  экономикалық  қатынастар 

жатады.  

Қаржының  объектісіне  мақсатты  ақша  қорлары  мен  кірістер  жатады.  

Қаржының  субъектісіне    кәсіпорындардар,  ұйымдар,  халық  және  мемлекет 

жатады.   

              Кәсіпорынның  қажеттілігін  қанағаттандыра  отырып  қаржы  құнның 

санаттарын(ақшалай  және  тауарлы  түрдегі)  ауыстыру  үрдісін  қамтамасыз 

етеді.    Тек  тауарлардың  қозғалысының  құндылықты  санаты(категориясы) 

ғана  ақша  айналымы  мен  бӛлістірушілік  сипаттағы  экономикалық 

қатынастарды  туындатады.  Жоғарыда  келтірілгендерді  қорытындылайтын 

болсақ,  қаржының  мазмұны  тауар-ақша  қатынастарының  қалыптасуы  және 

құндылық заңының жүзеге асырылуымен айқындалады.  

           Қаржы  –  бұл  ұлттық  табыс  пен  ІЖӚ  бӛлістіру  мен  қайта бӛлістірудің 

экономикалық құралы. 

   Қаржы    -  бұл  мемлекеттің  функцияларын  жүзеге  асыру  мақсатында  

және  шаруашылық  субъектлердің  ұдайы  ӛндірісін  жүзеге  асыруда 

қолданылатын  ақшалай  қаражаттардың  қорын  қалыптастыру  мен 

пайдаланумен байланысты ақшалай қатынастар жиынтығы болып табылады. 

 

11-тақырып. Қаржы жүйесін ұйымдастыру 



жүктеу 282,22 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау