5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
А) Нормативтік құқықтық актілер:
1.ҚР Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл өзгерістермен және толықтыруларымен.
2.ҚР Қылмыстық кодексі 16 шілде 1997 жыл өзгерістермен және толықтыруларымен. 2012 жыл.
3.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Қазақстан Республикасының Заңы 2 шілде 1998 жыл
4.Контрабанда үшiн қылмыстық жауапкершiлiк жөнiндегi заңдарды қолдану тәжiрибесi туралы Қазақcтан Республикасы Жоғарғы Сотының 1997 жылғы 18 шiлде N 10 нормативтiк қаулысы
5.Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды саралаудың кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы N 2 Нормативтiк қаулысы
6.Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктер жөнiндегi заңнаманы қолданудың кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шiлдедегi N 2 Нормативтiк Қаулысы
7.Қорқытып алушылық туралы iстер бойынша сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы N 6 Нормативтiк қаулысы
8.Бөтеннiң мүлкiн заңсыз иемдену жөнiндегi iстер бойынша сот тәжiрибесi туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шiлдедегi N 8 нормативтiк қаулысы
Арнайы әдебиеттер:
А) Негізгі
1.А.Н. Ағыбаев Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы. Жеті-Жарғы.2008 ж.
2.Волженкин Б.В. Служебные преступления. - М., 2000.
3.Егорова Н. Ответственность за преступления против интересов службы // Законность, 2000. № 1.
4.Здравомыслов Б.В. Должностные преступления. Понятие и квалификации. – М.,1975.
5.Кириллов И.А., Ступина С.А. Уголовно-правовые средства противодействия коррупции // Меры противодействия коррупции: проблемы разработки и реализации. – Барнаул, 2009.
6.Ковалева Н.М. Должностное лицо и должностное преступление в законодательстве, теории и судебной практике России: монография. – М., 2006.
7.Уголовное право. Общая часть. Под ред. А.Н.Агыбаева, И.И.Рогова, Г.И. Баймурзина. Алматы, 2005г.
8.Каиржанов Е. И. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы 2006 г.
9.Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан / Под ред. Б. Борчашвили. Алматы, 2007г.
10. ҚР Қылмыстық кодексіне түсіндірме. Алматы. Жеті Жарғы.2010 жыл.
Қосымша:
1.Агыбаев. А.Н. Ответственность должностных лиц за служебные преступления- Алматы: Жеті Жаргы, 1997.- 304 с.
2. Е.З. Тургумбаев Уголовная ответственность за превышение власти или должностных полномочий, Алматы Экономикс, 2004.
3.Нукенов М.О. Коррупционные преступления: Криминологический и уголовно-правовой анализ.-Алматы: Международная академия права и рынка, 1999.
4.Волженкин Б.В. Служебные преступления.-М.: Юрист, 2000 г.
Білімнің бақылау нысаны:
СӨЖ:
Қорытынды емтихан: емтихан сессиясы кезінде.
Жеке тапсырмалар:
СӨЖ №1
Тақырыбы: Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түсінігі.
Тақырып бойынша тапсырмалар:
Ағымдағы ҚР ҚК және 22 шілде 1959ж. ҚазССР ҚК экономикалық қылмыстар бойынша салыстырмалы кесте құру.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар тарауындағы әрбір қылмыс түрімен қол сұғылатын объектілерді көрсете отырып кесте жасау
Келесідей тақырыптардың біріне рефераттар жазу:
Экономикалық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін қылмыстық заңдардың даму тарихы.
Экономикалық қылмыстармен күресудің мемлекет үшін стратегиялық маңызы және қылмыстық құқықтық шаралары
СӨЖ №2
Тақырыбы: Салық және бюджетке түсетін басқа да төлемдер саласындағы қылмыстарды саралау (өзекті тақырып)
Тақырып бойынша тапсырмалар:
Келесідей тақырыптардың біріне рефераттар жазу:
Салық төлеу тәртібі мен ережелерін сақтау;
Салық төлеудегі декларацияның маңызы.
Салықты төлеуден жалтарған жағдайда қолданылатын қылмыстық жауаптылықтар.
Қылмыс белгісі мен қылмыс құрамдарына баға беру.
СӨЖ №3
Тақырыбы: Кеден ісі саласындағы қылмыстарды саралау.
Тақырып бойынша тапсырмалар:
Келесідей тақырыптардың біріне рефераттар жазу:
Кеден қызметіне қол сұғатын қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Экономикалық контрабанда қылмыс құрамын саралау
Кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыс құрамын саралау
Сәйкес қылмыс құрамы бойынша №№ 1-14; 46-50 бб. /5/ есептерді шешу
СӨЖ №4
Тақырыбы: Ақша несие саласындағы қылмыстарды саралау
Тақырып бойынша тапсырмалар:
Банкілік қызмет аясындағы қылмыстарды талдай отырып әрбір қылмыстың қылмыс құрамының төрт элементін (объект, субъект, объективтік жақ, субъективтік жақ) көрсете отырып кесте жасау
СӨЖ №5
Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызмет саласындағы қылмыстарды саралау
Тақырып бойынша тапсырмалар:
1 Келесідей тақырыптардың біріне рефераттар жазу:
Банкроттық жағдайындағы заңсыз iс-әрекеттер
Әдейi банкроттық
Төлем қабілетсіздігіне дейін жеткізу
Жалған банкроттық
2 Сәйкес қылмыс құрамы бойынша №№ 1-14; 46-50 бб. /5/ есептерді шешу
СӨЖ №6
Тақырыбы: Бағалы қағаздар саласындағы қылмыстарды саралау
Тақырып бойынша тапсырмалар:
1 Келесідей тақырыптардың біріне рефераттар жазу:
Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының көрiнеу жалған мәлiметтер беруi Акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен ережелерiн бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану
Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесін құрайтын құжаттар мен мәліметтерді жоғалту
Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерiн бұзу
Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату
2 Сәйкес қылмыс құрамы бойынша №№ 1-14; 46-50 бб. /5/ есептерді шешу
СӨЖ №7
Тақырыбы: Компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстарды саралау
Тақырып бойынша тапсырмалар:
1 Келесідей тақырыптардың біріне рефераттар жазу:
Компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кiру, ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату
Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын, абоненттiң сәйкестендiру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттiк құрылғының сәйкестендiру кодын өзгерту үшiн бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату
2 Сәйкес қылмыс құрамы бойынша №№ 1-14; 46-50 бб. /5/ есептерді шешу
СӨЖ №8
Тақырыбы: Қаржылық қызмет және валюталық реттеу аясындағы қылмыстар
Тақырып бойынша тапсырмалар:
Қаржылық қызмет және валюталық реттеу аясындағы қылмыстарды талдай отырып әрбір қылмыстың қылмыс құрамының төрт элементін (объект, субъект, объективтік жақ, субъективтік жақ) көрсете отырып кесте жасау
ПӘННІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Жұмыстардың барлық түрін кӛрсетілген мерзімде жасап тапсыру керек. Кезекті тапсырманы орындамаған, немесе 50% - дан кем балл алған студенттер бұл тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта жасап, тапсыруына болады.
Орынды себептермен сабақтарға қатыспаған студенттер оқытушының рұқсатынан кейін лаборанттың қатысуымен қосымша уақытта тапсырмаларды орындауға болады. Тапсырмалардың барлық түрін ӛткізбеген студенттер емтиханға жіберілмейді
Бағалау кезінде студенттердің сабақтағы белсенділігі мен сабаққа қатысуы ескеріледі.
Толерантты болыңыз, яғни ӛзгенің пікірін сыйлаңыз. Қарсылығыңызды әдепті күйде білдіріңіз. Плагиат және басқа да әділсіздіктерге тыйым салынады. СӨЖ, аралық бақылау және қорытынды емтихан тапсыру кезінде кӛшіру мен сыбырлауға, ӛзге біреу шығарған есептерді кӛшіруге, басқа студент үшін емтихан тапсыруға тыйым салынады. Курстың кез келген мәліметін бұрмалау, Интранетке рұқсатсыз кіру және кӛшірме қолдану үшін студент «F» қорытынды бағасын алады.
Өзіндік жұмысын (СӨЖ) орындау барысында, оның тапсыруы мен қорғауына қатысты, сонымен ӛткен тақырыптар бойынша қосымша мәлімет алу үшін және курс бойынша басқа да мәселелерді шешу үшін оқытушыны оның келесі офис-сағаттарында таба аласыз:
1 Кіріспе.
Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында қоғамға азаматтарға аса зор материялдық нұқсан келтіретін экономикалық қылмыстардың қауіптілігі ерекше .Кең мағынасында экономикалық қылмыстарға контрабанда жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындап сату волюта операцияларының ережелерін бұзу , мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді ұрлау, парақорлық және т.б. жатады.
Алайда нарықтық экономикалық жағдайында тікелей экономика аясында жасалатын , сауда ережесін бұзу , сапасыз өнімдерді і сату, жалған кәсіпкерлік , монополияға қарсы заңдарды бұзу және т. б қылмыстардың қоғамдық қауіпі зор.
Экономика аясындағы қылмыстардың обьектісіне нарықтық экономика жағдайларында , Қазақстан Республикасы саудасының қоғам мен азаматтардың мүдделері жағдайларында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
Экономика аясындағы қылмыстардың обьективтік жағы қасақана , заңға қайшы белсенді әрекеттер мен сиппаталады .
Экономика аясында қылмыстардың субьектісі мемлекеттік кәсіп орындарда , мекемелерде және ұйымдарда экономикалық , шаруашылық міндеттерді атқаратын , сондай- жеке кәсіпорындарда істейтін 16 жасқа толған азаматтар болып табылады.Экономикалық қылмыстардың субьективтік жағы қасақана сипатта жасалады.Олардың қылмыстарының себебі- материялдық мүделілік. Олар өз игіліктерін қоғамның, азаматтардың мүдделеріне зия келтіру есебінене пайда тауып , жасайды.
Экономикалық заңдар саласындағы қылмыстар дың қазіргі кезеңде көп орын алған олардың түрлері де қылмыс саласында алып отырған орны ауқымды десек қателеспеймі себеббі бұл қылмыстар басқа қалмыстарға қарағанда яғни адам мен азаматтарға қарсы қылмыстардан кейі келтірер зардабы жоғары және түрлері де көп бұл қылмыстар тікелей қасақаналық пен жасалады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ғасырлар тоғысында тәуелсіздік туын берік қадап, өз алдына егемен ел атанған Қазақстан мемлекетінің даму бағытын басқаша саралап, жаңаша жолға түскеніне де он жылдан асты. Еліміздің мызғымас ірге тасы қаланып, Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып енді, тәуелсіз мемлекет ретінде 120-дан астам елдер мойындады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналысында сөйлеген сөзінде «біз осы жылдар ішінде, сөз жоқ талай ондаған жылдарға татырлық жылдан өттік, біз Конституция қабылдадақ, онда билік құрудың жаңа қағидаттарын бекітіп, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға алдық. Біздің басты жетістіктеріміз – 1995 ж. бүкіл халқымыз қабылдаған осы Конституцияның жемісі»,- деді.
Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілгеніндей қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен ажырамастығын тану негізге алынуға тиіс.
Бұл тұжырымдамада көзделген шараларды орындау Қазақстанда демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет құруға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2002 жж. Арналған түбегейлі бағдарламасында әлеуметтік – экономикалық реформаларды және қоғамдық демократияландыруды одан әрі тереңдете түсу, құқықтық салалы реформаларды , қалыптасқан құқықты қолдану іс-тәжірибесінің өзгеруіне, жаңа құқықтық институттардың құрылуына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастардың заңнамалық реттелуін қалайды.
Міндеттері. Берілген зерттеу жұсысының алға қойған міндеттері – елімізде жиі кездесіп отыратын экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды болдырмау, оның болуына жол бермеу болып табылады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. ҚҚ-тің қарастырылып отырған тарауының маңыздылығы осында.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Экономикалық заңдардың мәні мен түрлері.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті бөлуге, айырбастауға және тұтынуға байланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін, қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. ҚҚ-тің қарастырылып отырған тарауының маңыздылығы осында.
Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде қалыптасқан бірыңғай тектік қоғамдық қатынас болады.
Осы тарауға жататын бірқатар қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны ондағы қылмыс заты болып табылады. Мысалы, тауарлық белгі (ҚҚ-тің 199-бабы), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтер (200-бап), бағалы қағаздар (202,205-баптар), жалған ақша (206-бап), төлем карточкаларымен өзге төлем және есеп айырысу құжаттары (207-бап), акциздік алым маркалары (208-бап).
Қарастырылатын қылмыстардың көбісінің объективтік жағы қылмыстың жасалуымен сипатталады. Кейбіреулері әрекетсіздік арқылы да жасалынады. Мысалы, несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚҚ-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап), салықтарды төлеуден жалтару (221, 222-баптар).
Экономикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны, ол – заңда көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың болуы. Оларда материалдық құрам болады. Мысалы, ҚҚ-тің 192-194, 196-198, 203-205, 215-222 -баптарында көзделген қылмыстар.
ҚҚ-тің осы, қарастырылып отырған тарауына кіретін бірқатар баптарда бланкеттік сипат бар. Мысалы, ҚҚ-тің 197, 205, 218-баптары.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы, субъективтік жағынан, өздерінің әдейі қасақана жасалғандығымен сипатталады. Олардың кейбіреулерінің субъективтік жағының міндетті түрдегі нышаны, оларда себеп пен мақсаттың болуы (ҚҚ-тің 192, 193, 198, 204-баптары).
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың субъектісі қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған, есі дұрыс адам бола алады. Ал, мұндай қылмыстардың кейбіреулерінің субъектісі тек лауазымды адамдар (ҚҚ-тің 189, 225-баптары), банк қызметкерлері ғана (189, 225-баптар) болады.
Тікелей субъектісі бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды шартты түрде мынандай түрлерге бөлуге болады:
1) кәсіпкерлік саладағы және экономикалық қызметтің басқа да саласындағы қылмыстар: заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚҚ-тің 189 бабы), заңсыз кәсіпкерлік (190-бап), заңсыз банктік қызмет (191-бап), жалған кәсіпкерлік (192-бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (193-бап), монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу (196-бап), көрінеу жалған жарнама беру (198-бап), тауарлық
белгіні заңсыз пайдалану (199-бап), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (200-бап), кәсіптік спорт жарыстарының және ойын сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып лау (201-бап), банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер (215-бап), әдейі банкроттық (217-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап), табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу (225-бап), мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету (ҚК-тің 226 бабы);
2) ақша-несие саласындағы қылмыстар: несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (ҚК-тің 194 бабы), несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (195-бап), бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (202-бап), бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (203-бап), бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (204-бап), бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (205-бап), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (ҚК-тің 207 бабы);
3) қаржылық қызмет саласындағы қылмыстар: акциздік алғы маркаларын қолдан жасау және пайдалану (ҚК-тің 208 бабы), экономикалық контрабанда (209-бап), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (219-бап), банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану (220-бап), азаматтың салық төлеуден жалтаруы (221-бап), ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (ҚК-тің 222 бабы);
4) сауда және халыққа кызмет көрсету саласындағы қылмыстар: көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды еткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу (ҚК-тін 197 бабы), тұтынушыларды алдау (223-бап), заңсыз сыйақы алу (ҚК-тін 224 бабы);
5) экономикалық қызмет саласындағы баска да қылмыстар: компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру. ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (ҚК-тің 227 бабы).
2.2 Экономикалық заңдар саласындағы қылмыстардың түрлер.
Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану
Бұл қылмыстың негізгі тікелей объектісі – банктердің және басқа несиелік мекемелердің несиелік қызметі саласындағы қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың қосымша объектісі – несие берушілердің мүліктік мүдделері.
Қылмыстың заты – несие, демеуқаржы не несиелеудің жеңілдікті шарттары.
Несие дегеніміз – ақша қаражаты немесе тауар түрінде берілген қарыз, оны қарыз алушы несие берушіге қайтаруға тиіс.
Бұл қылмыстың объективтік жағы әрекет арқылы да, яғни несие, демеу қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не өзге де мән-жайлар туралы кепе-көрінеу жалған мәліметтерді беру арқылы несие, демеуқаржы не жеңілдікті шарттар алу жолымен, сонымен қатар әрекетсіздікпен де, яғни несиелеуді, демеуқаржы беруді тоқтатуға, жеңілдікті алып тастауға не бөлінген несиенің немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғуы мүмкін, кейін туындаған мән-жайларды банкке немесе басқа несие берушіге хабарламау арқылы да жүзеге асырылады. Бұл қылмысты жасаудың тәсілі — несие, демеуқаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар туралы көпе-көрінеу жалған мәлімет беру.
Қылмыстың құрамы — материалдық. Несиені заңсыз алу бұл іс-әрекет ірі зиян келтірген кезде аяқталады, зиянның мөлшері ҚК-тің 189 бабына берілген ескертуде белгіленген.
Бұл қылмысты алаяқтық түріндегі ұрлықтан бөлектеп алу қажет, себебі, бұл жағдайда айыпкер несие берушіден мүлікті тегін алуды мақсат тұтпайды, келешекте оны қайтарамын деп ойлайды.
Қылмыстың субъективтік жағы — тікелей ниет түріндегі кінә. Жеке кәсіпкер немесе ұйымның бастығы несие, демеу-қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар жөніндегі ақпаратты көпе-көрінеу жалған беріп, не несиелерді, демеуқаржы бөлуді тоқтатуға, жеңілдіктерді жоюға, не бөлінген несиенің немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғатын мән-жайлар туралы ақпаратты банкке немесе басқа несие берушіге хабарламай несие, демеуқаржы нежеңілдікті шарттар алып отырғанын біледі және соны қалайды.
Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару
Бұл қылмыстың негізгі тікелей объектісі — банктердің және басқа несиелік мекемелердің несиелік қызметі саласында қалыптасқан қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың қосымша объектісі — несие берушілердің мүліктік мүдделері.
Қылмыс заты — несиелік берешек.
Несиелік берешек дегеніміз — несие берушіге белгілі бір мерзімде қайтарылуға тиісті, қарызға алынған ақша қаражаты.
Қылмыстық, объективтік жағы ірі мөлшердегі несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару болып табылады.
Несиелік берешекті өтеуден жалтару дегеніміз несиені шартта көрсетілген мерзімде қайтармау. Егер, соттың тиісті шешімі күшіне кіргеннен кейін несие қайтарылмаса, ал несие алушының оны қайтаруға мүмкіндігі болса, онда бұл несиелік берешекті етеуден әдейі жалтару деп танылады.
Айыпкердің іс-әрекетін осы бап бойынша саралау үшін несиелік берешек, осы бапқа берілген ескертуге сай, азамат-қарызгер үшін жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома немесе ұйым-қарызгер үшін екі мың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын сома болуға тиіс.
Қылмыс құрамы — формальды. Бұл қылмысты аяқталды деп санау үшін тиісті сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, өтеуге мүмкіндік бола тұрып
ірі мөлшердегі несиені қайтармау фактісі анықталса жеткілікті.Бұл қарастырылып отырған қылмыстың субъективтік жағы — тікелей ниет түріндегі кінә. Кінәлі адам ірі мөлшерден несиелік берешекті өтеу жөніндегі заңды күшіне енген сот шешімін орындамай отырғанын біледі және өзінің несиелік міндеттемелерін орындаудан жалтаруды қалайды.
Қылмыс субъектісі —16-ға толған азамат немесе ұйым басшысы.
Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу
Мемлекет экономикасының маңызды салаларының бірі — бағалы қағаздар рыногы, ол Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздан «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені мемлекеттік тіркеу туралы» Заңымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы» Заңымен реттеледі. Бұл нормативтік актілер бағалы қағаздарды шығару және айналымға жіберу, бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілейді, бағалы қағаздар рыногының кәсіпкер қатысушыларының қызметін реттейді.
Бұл қылмыстың тікелей объектісі — бағалы қағаздардың эмиссиясына байланысты бағалы қағаздар рыногында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңға сәйкес эмиссия дегеніміз — бағалы қағаздарды шығару және орналастыру (2-бап). Эмиссия жарияланған жарғылық капиталды құрастыру және өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында эмитент аркылы іске асырылады (өндіріледі), (13-бап). Эмиссияның нәтижесінде мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздар шығарылады және орналастырылады (14 және 15-баптар). Эмиссия әртүрлі әрекеттерді қамтиды, оның ішінде эмиссия проспектісінде инвесторлар үшін берілген ақпараттарды ашу және бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың корытындысы бойынша есеп ұсыну (15-б).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бағалы қағазды белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат деп анықтайды (129-баптың 1 бөлігі).
Қылмыс заты — эмиссия проспекті немесе бағалы қағаздар шығару жөніндегі есеп.
Эмиссия проспектісі дегеніміз — эмитент, оның қаржылық жай-күйі және шығарылатын бағалы қағаздар жайындағы ақпараты бар құжаттар пакеті (заңның 2 бабы).
Бағалы қағаздарды шығару жөніндегі есеп дегеніміз — эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындысы туралы құжаттар пакеті, оны эмитент қағаздарды орналастыру кезінде әрбір алты айдың қорытындысы бойынша (әр алты ай біткен соң бір ай ішінде), сондай-ақ орналастыру біткен соң бір ай ішінде уәкілетті органға ұсынады (заңның 24- бабы).
Бұл қылмыстың объективтік жағы — көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіту түріндегі, не бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіту түріндегі әрекет.
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Заңның 22 бабына сәйкес эмитет, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырушы кәсіпкер қатысушылары потенциалды инвесторларға, олар бағалы қағаздарды сатып алғанға дейін, бағалы қағаздар эмиссиясының проспектісімен (шығару шартымен), сондай-ақ эмитент қызметі туралы және ол эмитерлеген құнды қағаздар, мерзімі алты айдан аспаған ақпаратпен танысуға мүмкіндік жасайды.
Бұл қылмысты жасағанда айыпкер осы қылмыстың жалған. Бұл қылмыстың құрамы — формальды, яғни бағалы қағаз шығару жөніндегі көрінеу жалған есеп, не көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісі бекітілген кезден бастап қылмыс аяқталған болып саналады.
Бұл қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінәмен сипатталады. Айыпты өзінің не көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін, не бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіткенін біледі, соны қалайды. Қылмыс субъектісі — арнаулы — көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіткен ұйым — эмитент басшысы, немесе уәкілетті органның бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті бекіткен лауазымды адамы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университететі
|
Құжат СМК 4 кезеңдегі
|
ОӘК
|
ПОӘК 042-18-20.1.64/03-2013ж
|
Қылмыстың саралау ғылыми негіздері пән бойынша оқу-әдістемелік кешен атауы
Заңтану 5В030100
|
Баспа №1
|
Достарыңызбен бөлісу: |