Тақырып 7 ҚР Қылмыстық құқығында нормаларында көзделген қылмыс құрамының жағымсыз белгілері
Дәріс мақсаты: Қылмыс құрамының жағымсыз белгілерін анықтау
Сұрақтар:
ҚР Қылмыстық құқығының бланкеттік нормаларының түсінігі және маңыздылығы.
ҚР ҚҚ бланкеттік нормаларың қолданудың мәселелері
ҚР ҚК жалпы бөлімінің нормаларында көзделген барлық қылмыс құрамдарының жағымсыз белгілерін 3 топқа бөлуге болады: қылмыстық құқыққа қайшылық бар кезіндегі, жасалған іс әрекеттін қоғамаға қауіптілігі жоқ кезіндегі қылмыс құрамын жоққа шығаратын белгілер және қарамақарсы; жасалған іс әрекеттін қоғамға қауіптілігі жоқ және қылмыстылығы жоқ кезіндегі қылмыс құрамын жоққа шығаратын белгілер; аяқталмаған қылмыс құрамын жоққа шығаратын белгілер.
Әр қайсысыда бір неше түрлерге бөлінеді.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қылмыс құрамының жағымсыз белгілері дегенді қалай түсінесіз?
Оның қандай түрлері бар?
2 бөлім: Қылмыстарды саралау ережелерінің түсінігі мен түрлері
Глоссарий
Қылмыстарды саралудың ережелері – қылмыстық заңда, қылмыстық құқық теориясында, ҚР Жоғарғы Сот тәжірибесінен туындаған қылмыстық заңды қолданудын тәсілдерімен жолдары
Қылмыстарды саралаудың жалпы ережелері – бүкіл қылмыстарды саралау барысында қолданылатын ережелер
Қылмыстарды саралаудың жеке ережелері – қылмыстардың ұқсас түрлерін ажыратуда қолданылады
Қылмысқа қатысу – екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық әрекетті істеуі.
Ұйымдастырушы – қылмысты ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сонымен бірге ұйымдасқан қылмыстық топ құрған немесе қылмыстық қауымдастық (ұйым) құрған тікелей басшылық еткен адам.
Айдап салушы дегеніміз – басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен нмесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам.
Көмектесуші адам – кеңестерімен, нұсқауларымен , ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен инее қылмысты жасауға кедергілерді жоюмен қылмыстың жасалуына көмектескен адам.
Тақырып 8 Қылмыстарды саралаудың ережелерінің түсінігі және түрлері
Дәріс мақсаты: Қылмыстарды саралаудың ережелерінің түсінігін ашу, түрлерін анықтау
Сұрақтар:
Қылмыстарды саралаудың ережелерінің түсінігі
Қылмыстарды саралаудың ережелерінің түрлері
Қылмыстарды саралудың ережелері – қылмыстық заңда, қылмыстық құқық теориясында, ҚР Жоғарғы Сот тәжірибесінен туындаған қылмыстық заңды қолданудын тәсілдерімен жолдары
Қылмыстарды саралаудың жалпы ережелері – бүкіл қылмыстарды саралау барысында қолданылатын ережелер
Қылмыстарды саралаудың жеке ережелері – қылмыстардың ұқсас түрлерін ажыратуда қолданылады
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қылмысты саралаудың ережелері дегеніміз не?
Оның қандай түрлері бар?
Тақырып 9 Қылмыстарды саралаудың жалпы ережелері
Дәріс мақсаты: Қылмыстарды саралаудың жалпы ережелеріне түсініктеме беру
Сұрақтар:
ҚР ҚҚ белгіленген принциптар негізіндегі қылмыстарды саралаудың жалпы ережелері
ҚР ҚҚ белгіленген басқа да жалпы қағидаларының негізіндегі қылмыстарды саралаудың жалпы ережелері
ҚР Конституциясы мен ҚК қағидаларында негізделген қылмыстарды саралаудың жалпы ережелері үш түрге бөлінеді.
Біріншісі- жасалған іс әрекет қылмыс ретінде қылмыстық заңда тұра көзделу керек. Бұл ереже ҚР ҚК-де көзделген заңдылық қағидасында негізделген. Екінші ережесі – жасалған іс әрекетте нақты қылмыс құрамының белгілері болу қажет. Үшінші ереже – қылмысты ресми түрде саралау ҚР ҚІЖК белгіленген ережелерде дәлелденген, нақты анықталған айғақтарда негізделген болу керек.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қылмысты саралаудың жалпы ережелері дегеніміз не?
Оның қандай түрлері бар?
Тақырып 10 Қылмыстарды саралаудың жеке ережелері
Дәріс мақсаты: қылмыстарды саралаудың жеке ержелерінін мазмұның ашу.
Сұрақтар:
Бір қылмыс құрамының шегінде қылмыстарды саралаудың жеке ережелері
Қылмыстардың көптілігін саралаудың жеке ережелері
Қылмыстарды саралаудың өзгерүінің жеке ережелері
Бір қылмыс құрам шегіндегі қылмыстарды саралаудың жеке ержелері келесі топтардан құрылады: 1) қылмыстың субъективтік белгілерінің ерекшеліктері бойынша; 2) жартылай аяқталмаған қылмыстық әрекет; 3) қылмысқа қатысушылық; 4) жалған қорғану. Осылардың әр қайсысы бір нешен топтарға, саралау ережелеріне бөлінеді.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қылмысты саралаудың жеке ережелері дегеніміз не?
Оның қандай түрлері бар?
Тақырып 11 Қылмыстарды ажырату
Дәріс мақсаты: Қылмыстарды қылмыс құрамының элементтері бойынша ажыратуды түсіну
Сұрақтар:
Объект бойынша қылмыстарды ажырату
Объективтік жақ бойынша қылмыстарды ажырату
Субъектвтік жақ бойынша қылмыстарды ажырату
Субъект бойынша қылмыстарды ажырату
Қылмыс құрамы деп – қылмыстың заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтады.
Қылмыс құрамы элементтері деп қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз.
Қылмыс құрамының белгілеріне төрт элемент жатады. Олар;
қылмыс объектісі
қылмыстың объективтік жағы
қылмыс субъектісі
қылмыстың субъективтік жағы.
Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер кіреді.
Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтық.
Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан, олар қылмыс құрамынан тысқары болсада, оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды.
Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды шарттарының бірі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, іс-әрекет пен әрекетсіздікке қылмыстық заң нормасының талабына сай баға беріп саралау болып табылады. Саралау – адамға қоғамға істеген қауіпті іс-әрекетін қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме – дәл жатқызу болып табылады.
Жалпы қылмыс құрамының маңыздылығы зор. Себебі, қылмыстың субъектісі, субъективтік жағының қылмыс құрамын қарап, дәрежесі, тәсілін анықтау – сол арқылы жаза тағайындау маңыздылығы ерекше. Сондықтан да, қылмыс құрамын толық білмей қылмыстың қылмыстық құқықтың ерекше бөліміндегі нақты қылмыстарды саралау мүмкін емес.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қылмыстарды объект бойынша қалай ажыратамыз?
Қылмыстарды объективтік жағы бойынша қалай ажыратамыз?
Қылмыстарды субъективтік жағы және субъект бойынша қалай ажыратамыз?
Тақырып 12 Қылмыстарды саралау процесі
Дәріс мақсаты: Қылмыстарды саралау процесімен танысу және оның ізділігін сақтау.
Сұрақтар:
Қылмыстарды саралау процесінің түсінігі
Қылмыстарды саралау процесінің жүйелілігі ( бірізділілігі)
Қылмысты саралау процесі дегеніміз – тұлғаның іс әрекетінде қай қылмыс құрамынын белгілері бар екендігін анықтау процесі.
Психология жағынан саралау процесі дегеніміз нақты міндетті шешу мен байланысты ойлау процесі. Логика жағынан логикалық ойладың заңдарына бағынышты ойлау құралдарынын жиынтығы. Осы ережелер қылмысты саралау процесін анықтау кезінде негізгі болып табылады және оны жалпы түрде сипаттайды.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1)Қылмыстарды саралау процесі қай кезде басталады?
2) Қылмыстарды саралау процесінің ізділігі дегеніміз не?
Тақырып 13 Аяқталмаған қылмыстарды саралау
Дәріс мақсаты: Аяқталмаған қылмыстарды квалификацияладың жалпы сипаттамасын беру және квалификация тәртібін қарастыру.
Сұрақтар:
Аяқталмаған қылмыстардың жалпы сипаттамасы және жалпы тәртібі.
Қылмысқа дайындалу және квалификация тәртібі.
Қылмысқа оқталу және квалификация тәртібі.
Аяқталмаған қылмыстардың қатарына қылмыстық құқық қылмысқа даярлану мен оқталуды жатқызады. Қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі баптардың диспозицияларында тек аяқталған қылмыстардың белгілері келтірілген. Ал қылмыс кінәлінің еркіне байланысты емес жағдайларда аяғына дейін жеткізілмесе, онда аяқталмаған қылмысты әрекеттердің түрлері орын алып, іс әрекетті саралау аяқталған қылмыстармен салыстырғанда өзгеше жүргізіледі және жауаптылық тағайындауда да айырмашылық болады.
Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігін білдіретін белгілердің қатарына мыналар жатады:
Аяқталмаған қылмыстар тек қасақана, оның ішінде тікелей қасақана әрекеттермен жасалады.
Аяқталмаған қылмыстарда кінәлінің еркіне тәуелсіз себептерге байланысты орындалуы аяғына дейін жеткізілмейді.
Аяқталмаған қылмысты құрайтын әрекеттер қоғамға қауіпті деп бағаланады, себебі қылмысқа дайындалу немесе оқталу әрекеттерінде адамда кауіпті ой-ниет орын алады және ол аяғына дейін жеткізілілу мақсатын көздейді, сонымен қатар, заңмен қорғалатын мүдделерге нақты қауіп туындайды және қылмыстық мақстақа жету үшін осындай мүдделерге қарсы бағытталған әрекетттердің алғашқы сатысы көрініс алады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтар:
Қылмысқа даярлану деген не, және оған қылмыстық жауаптылық көзделеме?
Қылмысқа оқталу деген не?
Қылмысқа даярлану және оқталу кінәнің қандай түрімен жасалады?
Тақырып 14 Қылмысқа қатысушылықпен жасалған іс әрекеттерді саралау
Дәріс мақсаты: Қылмысқа қатысудын түсінігін ашу, және қылмысқа қатысушылардың жауакершілігін анықтау
Сұрақтар:
Қылмысқа қатысушылықтың белгілері және қылмысты саралаудағы маңызы.
Қылмысқа қатысушылардың әрекетін қатысу нысандары бойынша саралау
Аяқталмаған қылмысқа қатусышылық және квалификация тәртібі.
Қылмысқа қатысушылық нысандары бойынша (экцесс) әрекеттерін және арнайы субъектілердің қатысушылығын саралау
Қылмысқа қатысу 27,28,29,31 баптарда қаралған.
Қылмысқа қатысу – екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыстық әрекетті істеуі. Қылмысқа қатысудағы басты шарт – барлық қатысушыларға қылмысты орындаушының істейтін қылмысының мәнін сезе отырып, іртүрлі ниетпен соның болуын тілеп, қылмысты жүзеге асыру үшін өзгенің қылмыстық әрекеттерін біріктіру.
-
Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдарсен бірге тікелей қатысқан адам.
Ұйымдастырушы – қылмысты ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сонымен бірге ұйымдасқан қылмыстық топ құрған немесе қылмыстық қауымдастық (ұйым) құрған тікелей басшылық еткен адам.
Айдап салушы дегеніміз – басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен нмесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам.
Көмектесуші адам – кеңестерімен, нұсқауларымен , ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен инее қылмысты жасауға кедергілерді жоюмен қылмыстың жасалуына көмектескен адам.
Қылмысқа қатысу заттай (материалдық) интелектуалдық көмектесу жолымен орын алуы мүмкін. Қалай болғанда да қылмыстық әрекетті жүзеге асыру, ізін жасыру осы көмектесуші адам арқылы жүзеге касады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Қылмысқа қатысу дегеніміз не?
Қылмысқа қатысушылардың түрлерің атаныз.
Тақырып 15 Жекелеген жаза тағайындаудың өзекті саралау мәселелері
Дәріс мақсаты: қазіргі өзекті мәселелердің бірі – жекелеген жаза тағайындаудың саралау мәселелері.
Сұрақтар:
1) Жаза тағайындаудың жалпы негіздері
2) Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін жағдайлар
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқ қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады.
Қылмыстық жаза кнәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында індетті болып табылады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
Жекелеген жаза тағайындаудың өзекті саралау мәселелері дегеніміз не?
2. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау?
Семинарлық (тәжірибелік) сабақтардың тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыптың атауы
|
Сағат саны
|
1
|
Қылмысты саралудың ұғымы. Саралаудың түрлері
|
1
|
2
|
Қылмыстарды саралаудың методологиялық-философиялық негіздері
|
2
|
3
|
Қылмыстарды саралаудың заңдық негіздері
|
1
|
4
|
Қылмыстарды объектісі бойынша саралау. Қылмыстарды объективтік жағыбойынша саралау. Қылмыстарды субъективтік жағы бойынша саралау.
|
2
|
5
|
Қылмыстарды субъектісі бойынша саралау
|
1
|
6
|
Нормалардың бәсекелстігінде қылмыстарды саралау
|
2
|
7
|
Қылмыстардың көптігі бойынша қылмыстарды саралау
|
2
|
8
|
Қылмысқа қатысу қылмыстарды саралау Жеке адамға қарсы қылмыстар бойынша қылмыстарды саралау
|
2
|
9
|
Конституциялық құрылыс негіздері мен мемлекет қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды саралау
|
1
|
10
|
Меншікке қарсы қылмыстарды саралау
|
1
|
|
Барлығы
|
15
|
7.3. Студенттердің оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспары (СОӨЖ)
№
|
СОӨЖ арналған тапсырмалардың тақырыбы мен мазмұны
|
Өткізу түрлері
|
Сағат саны
|
1
|
Саралаудың ұғымы, оның негізі мен маңызы. Саралаудың түрлері, олардың ерекшеліктері.
|
ауызша
|
5
|
2
|
Қылмыстарды объектісі және объективтік жағы бойынша , субъектісі және субъективтік жағы бойынша саралау.
|
ауызша
|
5
|
3
|
Нормалардың бәсекелестігінің ұғымы, бәсекелестіктің түрлері және оларды саралаудың проблемалық сұрақтарын ашу.
|
ауызша
|
5
|
4
|
Қылмыс сатылары, қылмыс коптігі, қылмысқа қатысу институттары бойынша саралаудың ғылыми негіздері.
|
ауызша
|
5
|
5
|
Жеке адамға қарсы қылмыстарды саралаудағы проблемалық мәселелерді шешу. Ұқсас құрамды қылмыстарды саралаудың ерекшелігі.
|
ауызша
|
5
|
6
|
Пайдакүнемдікпен ұштасқан меншікке қарсы қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері. Пайдакүнемдікпен ұштаспаған меншікке қарсы қылмыстардан ажырату мәселелері.
|
ауызша
|
5
|
|
Барлығы
|
|
30
|
8. Студенттердің өзіндік жұмысының тапсырмалары
8.1. Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары
№
|
Тақырыптың атауы
|
Сағат саны
|
1
|
Саралаудың ұғымы, оның негізі мен маңызы. Саралаудың түрлері, олардың ерекшеліктері.
|
5
|
2
|
Қылмыстарды объектісі және объективтік жағы бойынша , субъектісі және субъективтік жағы бойынша саралау.
|
5
|
3
|
Нормалардың бәсекелестігінің ұғымы, бәсекелестіктің түрлері және оларды саралаудың проблемалық сұрақтарын ашу.
|
5
|
4
|
Қылмыс сатылары, қылмыс коптігі, қылмысқа қатысу институттары бойынша саралаудың ғылыми негіздері.
|
5
|
5
|
Жеке адамға қарсы қылмыстарды саралаудағы проблемалық мәселелерді шешу. Ұқсас құрамды қылмыстарды саралаудың ерекшелігі.
|
5
|
6
|
Пайдакүнемдікпен ұштасқан меншікке қарсы қылмыстарды саралаудың ғылыми негіздері. Пайдакүнемдікпен ұштаспаған меншікке қарсы қылмыстардан ажырату мәселелері.
|
5
|
|
Барлығы
|
30
|
Достарыңызбен бөлісу: |