Мақсаты: Магистранттар оқу барысында негізгі бағдарламалық пәндер «Дәрілердің өндірістік технологиясы», «Синтетикалық заттар технологиясы мен химиясы», «Табиғи заттар технологиясы мен химиясы» пәндерінен алған білімдерінің кешенді дағдыларын (білімдік, практикалық дағды т.б.) бағалау. Магистранттарды дайын дәрілік түрлер өндірісі бойынша теориялық білімдер мен іс-тәжірибелік дағдыларға үйрету.
Міндеттері:
химия-фармацевтикалық өндірістерді ұйымдастырудың негізгі принциптері туралы білімін қалыптастыру;
тиісті өндірістік тәжірибе - GMP туралы білімін қалыптастыру;
дәрілік түрлер өндірісінде инновациялық технологияларды жасау және ендіруге үйрету;
дәрілік түрлерді даярлаудың теориялық негіздерін игеру және кәсіптік дағдылар мен ептілікке үйрету;
өндірісте шығарылатын дәрілік құралдарды сатылы бақылау және стандарттау әдістерін үйрету;
дәрілік құралдар өндірісі технологиясын жетілдіру жолдарын үйрету;
фармацевтикалық өндіріс үшін жаңа қосымша заттарды іздестіруді және өндіріске енгізуді үйрету;
дайын дәрілік құралдардың, дәрілік заттардың, препараттардың, жартылай өнімдердің және басқа фармацевтік өнімдердің тұрақтылығын анықтау және сақтау мерзімдерін белгілеуді үйрету
6М074800 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша түсушілерге арналған пәндердің мазмұны
Дәрілердің өндірістік технологиясы – халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес санитарлық режимді сақтай отырып, басты міндеті - дәріханалық және өнеркәсіптік өндірісте дәрілік заттар дайындаудың теориялық негіздерін игеру болып табылатын фармацевтикалық өндіріс мамандарының тәжірибелік қызметін анықтайды. Рационалды дәрілік қалыптар түрінде дәрілік заттар ойлап табу және биофармацевтикалық зерттеулер негізінде алу жолының технологиялық сызбасын қазіргі заманғы құрылғыларды қолдана отырып жетілдіру.
Қазіргі заманғы этапта өзекті мәселе – дәрілік заттардың босап шығуын реттей отырып басқару, ұзақ әсер ететін және бағытталған әсерлі дәрілік қалыптар алу; қаттаудың жаңа түрін ойлап табу; жаңа қосымша заттар іздестіру; дәрілік заттар сапасын бақылауды жетілдіру; «in vivo» және «in vitro» әдістері көмегімен биофармацевтикалық зерттеулер жүргізу.
Синтетикалық заттар технологиясы мен химиясы – жалпы химиялық және физикалық заңдарға негізделетін және алу жолдары, құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері, химиялық құрылысының фармакологиялық белсенділігі арасындағы байланыс және дәрілік заттарды талдау әдістерін ойлап табу сияқты зерттеулермен айналысатын қолданбалы ғылым.
Синтетикалық заттар технологиясы және химиясы негізгі пәндер қатарындағы маңыздысы, дәрілік заттарды фармацевтикалық талдау жолдарын, медициналық тәжірибедегі рөлін анықтайды. Дәрілік заттар талдауындағы маңызды орынды әртүрлі ароматты және гетероциклды қосылыстар туындылары алады. Медициналық тәжірибеде бұл қосылыстардың мәні әртүрлі ауруларды емдеу және алдын-алу мақсатында қарқынды өсуде. Әсер тиімділігі химиялық құрылысына байланысты. Ароматты және гетероциклды қоысылыстардың дәрілік заттарын талдаудың химиялық, физика-химиялық, биологиялыық әдістерінің мүмкіндіктері осы қосылыстардың химиялық өзін көрсетуіне тәуелді. Әсіресе, бұл молекуланың физиологиялық белсенді бөлігіне ғана талдау жасауына қатысты емес, сондай-ақ қосылыс құрылысына кіретін жекелеген функционалды топтарына да қатысты. Бұл қатардың дәрілік заттардың талдауын анықтайтын факторлар: құрылыстық ерекшелігі, физикалық және химиялық қасиеттер болып саналады. Фармацевтикалық талдаудың әртүрлі түрлерін жүргізу ерекшелігін ескере отырып, дәріханалық және өнеркәсіптік өндірістегі дәрілік қалыптарды талдау заңдылығы қадағаланып отырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |