Ұйымдастыру қаржы басқармасының бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы с-о-5 санаты, 1 бірлік



жүктеу 77,5 Kb.
Дата13.11.2018
өлшемі77,5 Kb.
#19055
түріКонкурс


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 120008, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 64 “г’’ анықтама үшін телефондары: 8(7242) 23-87-75, e-mail: moralbaeva@taxkzil.mgd.kz, mabdikerova@taxkzil.mgd.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Ұйымдастыру қаржы басқармасының бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты, 1 бірлік (уақытша, бала күтіміндегі қызметкердің орны, 26.08.2018 жылға дейін). Функционалдық міндеттері: Салықты және басқа да міндетті төлемдерді, зейнетақы аударымдарын, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақыларын есептеуді, олардың бет есептеріне аударуды жүргізеді. Берешек және алашақ қарыздардың есептерін жүргізеді; кіші бу қазандықтарын, дизель генераторларды, автомашиналарды жанар-жағар майымен және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етеді және есебін жүргізеді; құнды материалдардың, активтердің сақталуын, бөлінуін қамтамасыз етеді және есебін жүргізеді; ай сайын тауарлардың, қосалқы бөлшектердің, активтердің, құнды материалдардың қозғалысы жөніндегі есебін тапсырады; күнделікті департаменттің қалыпты жүмыс істеуі үшін керекті тауарлармен, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуді ұйымдастырады; автомашиналарға жол қағаздарын дайындайды; қатаң есептегі бланкілердың есебін, сақталуын және бөлінуін бақылауға алады және жоғары орындарға уақытылы есептіліктерді тапсырады; қазынашылықпен, банкілермен жұмыс жасайды; бөлім басшысының тапсырмасын орындайды, ол болмаған кезде міндеттерін атқарады; атқарылған жұмыстар жөнінде бөлім басшысына апта сайын мәлімет береді; мөртабандар мен мөрлердің тиісті пайдаланылуына және сақталуына жауапты.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (келесі мамандықтардың бірі: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика) білімі; Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика) білімі барларға рұқсат етіледі.Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерін, мемлекеттік тілді . «е-минфин» ақпараттық жүйесінің «бухгалтерлік есеп» кіші бағдарламасы және басқа да компьютерлік бағдарламалар бойынша жұмыс жасай білуі қошталады; қазіргі компьютерлік бағдарламалар бойынша жұмыс жасай білуі қошталады. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

2. Камералдық бақылау басқармасы №1 камералдық бақылау бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты, 1 бірлік (уақытша, бала күтіміндегі қызметкердің орны, 01.04.2016 жылға дейін). Функционалдық міндеттері: Салық органдары қызметтерінің бағалау көрсеткіші бойынша қосымша есептелген ҚҚС-ның бюджетке төленуі бойынша облыс бойынша жоғарғы нәтижесіне қол жеткізу мақсатында автоматтандырылған камералдық бақылауды уақытылы, сапалы өңделуін қадағалап отыру; салық төлеушілер берген салық есептілігін және басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негізінде камералдық бақылау жасау; бекітілген салықтар мен төлемдердің бюджетке уақытылы түсуін қадағалау; Аудандық мемлекеттік кіріс басқармаларының жұмысына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетуді жүзеге асырады; заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерден келіп түскен арыз-шағымдарды заңда көзделген тәртіпте қарайды; салық міндеттемесін орындауға байланысты туындаған сұрақтар бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (келесі мамандықтардың бірі: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика) білімі;Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (келесі мамандықтардың бірі: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика) білімі барларға рұқсат етіледі..Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерін, мемлекеттік тілді Салықтық әкімшілендіру ақпараттық жүйелері және басқа да компьютерлік бағдарламалар бойынша жұмыс жасай білуі қошталады. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

3.Аудит басқармасы САЭБ бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты, 1 бірлік (уақытша, бала күтіміндегі қызметкердің орны, 01.04.2016 жылға дейін). Функционалдық міндеттері: Салықтар мен міндетті төлемдердің дұрыс есептелінуі мен бюджетке уақтылы аударылуына кешенді, тақырыптық, қарсы және жекелеген сұрақтар бойынша тақырыптық тексерулер жүргізеді; құқық қорғау, қаржы және басқа да органдармен бірлескен тексерулер ұйымдастыру, бірлескен жұмыс жүргізу іс-шараларын жасауға ұсыныс келтіреді; белгіленген мерзімде тексеру барысында анықталған қосымша есептелген сомалар мен санкциялар жөніндегі хабарламаларды (тексеру актілерін қоса) дайындап, салық төлеушіге ұсынады; тексеру нәтижесімен лауазымды тұлғаларға хаттама толтыру және әкімшілік құқық бұзушылық материалдарын тексеру актілері біткеннен соң қарау; жүргізілген тексеру нәтижелерінің САЭБ жүйесіне енгізілуін және өңделуін қамтамасыз етеді; мекемелер мен кәсіпорындар бойынша тексеру нұсқамаларын міндетті түрде облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасына тіркету және 1-П карточкасы мен талон-қосымшасын өткізу; жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді арнайы журналға тіркеп, олардың сапалы орындалып, жауабының өтініш берушіге уақтылы жолдануын бақылайды; қала және аудан бойынша салық басқармаларының бақылау-экономикалық жұмыстарының нәтижелерін жинақтау және талдау жасалуын қамтамасыз етеді; өз құзыреті шегінде салық заңдылығына өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне басшылыққа ұсыныстар береді; салық төлеушілердің арыздарын, шағымдары мен ұсыныстарын қарастырады және салық заңдылығындағы салықтар мен төлемдердің бюджетке дұрыс есептелінуі мен төленуіне түсіндірулерді дайындайды;Салықтық тексеру актілерінің хабарламалары бойынша салық төлеушілердің шағымдарын қарау процесіне қатысады; тексеру актілерінің нәтижесіне салық төлеушінің сот органына ұсынған арыз-шағымының қаралу процесіне қатысады; салық төлеушілерден түскен шағымдар мен хаттар бойынша тексеру жүргізеді; салық органдарының жұмысын бағалау өлшем көрсеткіштерін облыс бойынша жинақтап, ҚР МКК жолдау үшін басшылыққа ұсынады; САЭБ жүйесі бойынша нұсқамаларды қажетті құжаттар негізінде тіркеуді, ұзартуды, қысқартуды қамтамасыз етеді; шаруашылық жүргізуші субъектілерге тексеру тағайындау туралы актілерді тіркеу журналын жүргізу және Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасымен және көлік прокуратурасымен арадағы салыстырмалы актілерді жасау; басқарма қызметкерлерінің тарапынан тіркелуге тиісті нұсқамалардың, карточкалардың және талондардың құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасына және көлік прокуратурасына тіркелуіне бақылау жасайды.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (келесі мамандықтардың бірі: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика) білімі;

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (келесі мамандықтардың бірі: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика) білімі барларға рұқсат етіледі.Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерін, мемлекеттік тілді Салықтық әкімшілендіру ақпараттық жүйелері және басқа да компьютерлік бағдарламалар бойынша жұмыс жасай білуі қошталады. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 120008, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 64 “г’’ анықтама үшін телефондары: 8(7242) 23-81-14, факс 8(7242) 23-87-32, e-mail: kyzylorda@taxkzil.mgd.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Талдау және болжамдау» бөлімінің бас маманы С-R-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкердің орны, 14.06.2017 жылға дейін). Функционалдық міндеттері: Қызылорда қаласы бойынша бюджетке түсетін салықтық түсімдер мен бекітілген болжам арасындағы айырмашылықтың себебіне талдау жасайды; бюджеттің болжамы орындалуы жөнінде, жыл басынан бастап түскен салық түсімдерінің алдыңғы жылда түскен салық түсімдерімен салыстырмалы жыл басынан бастап және айға факторлық талдау жасайды; Салық және төлемдердің артық төленген сомаларына ай сайын талдау жасайды; шағын кәсіпкерлікпен айналысатын мекемелер жөнінде оперативтік мәлімет жинайды; бюджетке түсетін кірістің түрлері бойынша перспективалық және ағымдық болжам жасауға, Қызылорда қаласының әлеуметтік дамуының индикативтік жоспарын құруға атсалысады; салық базасын зерделеу мақсатында Қызылорда қаласында ірі салық төлемгерлерінің қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жасайды; бюджеттік сыныптама коды шегінде салықтық түсімдердің динамикасын құрады. Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ішкі еңбек тәртіп ережесін сақтау; мемлекеттік және қызметтік құпия болып саналатын мәліметтерді жария етпеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика) білімі. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі қызмет көрсету, экономика және басқару (маркетинг, менеджмент, қаржы, статистика, есеп және аудит, экономика) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерін, мемлекеттік тілді Салық кодексін білуі, қазіргі компьютерлік бағдарламалар бойынша жұмыс жасай білуі қошталады. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.



2. «Мәжбүрлеп өндіру» бөлімінің бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына, С-R-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкердің орны 11.07.2016 жылға дейін). Функционалдық міндеттері: Бөлім басшысы жүктеген тапсырмалардың орындалуына дербес жауап береді; методикалық тапсырмаларға талдама жүргізу (қажеттілік шеңберінде) бақылау жұмыстарын жүзеге асыру барысында хабарламалар және мәжбүрлеп орындату туралы шаралар бойынша хабарламалар беру, банкілік есеп-шоттарының кіріс-шығыс операцияларының қозғалысын тоқтату, есеп-шотқа инкассалық өкімдер қою, қолма-қол ақша арқылы немесе дебиторлар есебінен өндірту, хатталған мүліктерін ашық аукцион арқылы сатудан өндірту немесе осы салық тарапынан шаралар толық қолданылғаннан кейін банкроттық, оңалту және сырттай байқау рәсімідерін енгізу; алдын-ала және жалған банкроттық жасау бойынша анықтау жұмыстарына бақылау жүргізеді; Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесе отырып келісімді түрде банкроттыққа дайындалатын мекемелердің кестесін жасайды; Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ішкі еңбек тәртіп ережесін сақтау; мемлекеттік және қызметтік құпия болып саналатын мәліметтерді жария етпеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық және құқық қорғау қызметі) білімі. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі қызмет көрсету, экономика және басқару (маркетинг, менеджмент, қаржы, статистика, есеп және аудит, экономика) немесе құқық (құқықтану және құқық қорғау қызметі) білімі барларға рұқсат етіледі;

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.



3.«Заң» бөлімінің бас маманы, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына, С-R-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, бала күтіміндегі қызметкердің орны 06.06.2016 жылға дейін). Функционалдық міндеттері: Сотта, сондай-ақ, басқа да ұйымдарда мемлекеттік кірістер қызметі органының құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік кірістер органының мүдделерін білдіреді. Мемлекеттік кірістер органының заң қызметінде нормативтік құқықтық кесімдерді, құқықтық кесімдерді, сот істерін, прокурорлық ден қою кесімдерін, құқық қорғау органдарынан және соттардан келіп түсетін басқа да материалдарды жүйелі есепке алынуы мен сақталуын қадағалайды; құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен мемлекеттік кірістер қызметі органының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері бойынша өзара жұмыс жасауды қамтамасыз етеді. Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ішкі еңбек тәртіп ережесін сақтау; мемлекеттік және қызметтік құпия болып саналатын мәліметтерді жария етпеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары құқық білімі. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі) білімі барларға рұқсат етіледі. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

4.«Салықтық бақылау» бөлімінің бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына, С-R-4 санаты, 1 бірлік (уақытша, бала күтіміндегі қызметкердің орны 25.08.2016 жылға дейін). Функционалдық міндеттері: Бекітілген кестеге сай салықтар мен міндетті төлемдердің дұрыс есептелінуі мен бюджетке уақтылы аударылуына кешенді, тақырыптық, қарсы және рейдтік тексерулер жүргізеді; кешенді тексеру жүргізу барысында мемлекеттік кірістер органына тапсырылған декларациялары мен есептілігі бойынша зиянның құрылымына талдау жасайды; құқық қорғау, қаржы және басқа да органдармен бірлескен тексерулер ұйымдастыру, белгіленген мерзімде тексеру барысында анықталған қосымша есептелген сомалар мен санкциялар жөніндегі хабарламаларды (тексеру актілерін қоса) дайындап салық төлемгеріне ұсынады; тексеру нәтижесімен заңды және лауазымды тұлғаларға хаттама толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық материалдарын тексеру актілері біткеннен соң істі қарау үшін заң бөліміне ұсынады; жүргізілген тексеру нәтижелерін ЭКНА бағдарламасының жүйесіне уақытылы, сапалы енгізілуін және өңделуін қамтамасыз етеді; Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ішкі еңбек тәртіп ережесін сақтау; мемлекеттік және қызметтік құпия болып саналатын мәліметтерді жария етпеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика) білімі. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі қызмет көрсету, экономика және басқару (маркетинг, менеджмент, қаржы, статистика, есеп және аудит, экономика) білімі барларға рұқсат етіледі; Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік актілерін, мемлекеттік тілді Салық кодексін білуі, қазіргі компьютерлік бағдарламалар бойынша жұмыс жасай білуі қошталады. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

5. «Есеп» бөлімінің бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына, (уақытша , бала күтіміндегі қызметкердің орны 06.05.2016 жылға дейін), С-R-4 санаты, 1 бірлік. Функционалдық міндеттері: Күнделікті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түскен сомасы жөнінде күнделікті жедел есебін жасау; ай сайын Ғ-1Н үлгідегі кеңейтілген есепті құрастыру және оны бекітілген үлгі бойынша Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне тапсыруды қамтамасыз ету; салықтар мен төлемдердің бюджетке түсуі жөнінде жергілікті атқарушы органдарға мәлімет дайындау; ірі салық төлеушілердің бет есебін жүргізу; заңды тұлғалардың бет есебін жүргізу; нөлдік ставка бойынша қосымша құн салығын қайтару, есепке алу есебін жүргізу; салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуі жөніндегі мемлекеттік кірістер органы бойынша мәліметін Қазынашылық органымен салыстыру және Қазынашылықтан келетін алғашқы құжаттарды өңдеу; Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген немесе азайтылған сомалары жазбасының дербес шотқа уақытылы түсуін, дұрыстығын және толықтығын қамтамасыз етеді; салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың төлем уақыттарының дұрыс көрсетілуін бақылау; Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ішкі еңбек тәртіп ережесін сақтау; мемлекеттік және қызметтік құпия болып саналатын мәліметтерді жария етпеу. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика) білімі. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
жүктеу 77,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау