Күтілетін нәтиже:
Біледі: бояй білу дағдыларын, тәсілдерін.
Игереді: түзу сызықтарды дұрыс сызуды.
Меңгереді: бір қабатты үй мен көп қабатты үйлердің суретін салуды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Күз бейнесі.
Мақсаты:
Білімділік: балаларды табиғатты бейнелеу жанрымен таныстыру;
Дамытушылық: балалардың күзгі табиғаттан өздері бақылағандарын суретте бейнелеп көрсете білу дағдыларын қалыптастыру;
Тәрбиелік: отанды, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: күз мезгілінің суреті. Саңырауқұлақ суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: бояу, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет дәптер.
Сөздік жұмыс: күзгі саябақ, орман.
Оқу іс-әрекет кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық – қозғаушылық
|
Күзгі орманға саяхат. Педагог балаларды бір-бірінің артынан тұрғызып жүргізеді, күзгі орманда нені көруге болатыны жайлы сұрайды.
|
Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап береді.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Педагог тақтаға күз мезгілінің суретін іліп, оның әсемділігі неде екендігін тамашалатады және осы тақырыпта әңгіме жүргізеді.
«Кім тез құрастырады?» дидактикалық ойыны. Балалар қиық суреттерден саңырауқұлақты құрастырады.
Сергіту сәті:
Саңырауқұлақ болайық,
Тізе бүгіп отырайық.
Жаңбыр жауса көтеріліп,
Өсіп - өсіп алайық.
Педагог сурет салған кезде қағаз бетін толық пайдалану қажеттігін ескертеді, қағаздың барлық бөлігіне күз көрінісінің суретін салуды ұсынады. Күзгі орман бейнесін, ағаштарды, қызыл-сары жапырақтардың көп түсіп жатқанын бейнелеуді тапсырады. Соның ішінде орманда саңырау құлақтар өсетінін, оны қалай салуға болатынын көрсетіп, түсіндіреді.
- Бірінші түзу сызық сызып алып, оның екі ұшын сопақша дөңгелек жасай отырып қосамыз, бұл саңырауқұлақ қалпағы болады. Саңырауқұлақтың сабағын салу үшін қалпағының астыңғы бөлігінен екі нүкте
|
Күзгі саябақ, ашық күнгі орман бейнеленгенін айтады.
Сурет салу үшін ашық бояу түстерін таңдайды. Күзгі бақтағы өзгерістерге көңіл бөліп, түстеріне назар аударады. Тақтаға екі бала шығып, саңырауқұлақ құрастырады (түсін, көлемін салыстырады).
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Саңырауқұлақтарды қылқаламның ұшымен жеңіл сүйкей жағу
|
|
белгілеп алып, оны түзу сызық сыза отырып дөңгелектеп, екінші жақ бөлігіндегі нүктеге жеткізе сызамыз.
Қылқаламды еркін ұстау, батыл жүргізу туралы кеңестер беріледі. Суретті толықтыру үшін күн, бұлт, ағаш, шөп салуға болатыны айтылады. Егер жаңын тұрған саңырауқұлақ бейнеленген болса үлкендеу етіп салу, ал алыста тұрған саңырауқұлақ бейнеленсе кішілеу етіп салу керектігі айтылады.
|
тәсілімен салады. Суретті ертерек бітірген балаларға қосымша тапсырма беріліп, балалар өз ойларын толықтырады.
|
Рефлексиялық – түзетушілік
|
- Бүгін сендер жақсы суретші болдыңдар, жұмыстарың өте тамаша шығыпты. Педагог балалардың жұмысына талдау жасап, жақсы салынған суреттерді көрмеге іледі.
|
Балалар бір-бірінің суреттерін көріп, тамашалайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: күзгі табиғатта өздері бақылаған жайларды суретте көрсете білуді.
Игереді: жағу, басу арқылы жалпақ, жуан із қалдыру, көлденеңінен жағуды.
Меңгереді: фигуралар салу арқылы бейне жасауды.
Тәрбиеші: Комесхан Н.
№11 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.
Тақырыбы: Тәрелкені әшекейлеу
Мақсаты: Балаларды белгілі бір тұтынатың бұйымдардың пішініне сәйкес ою-өрнектермен тәрелкені әшекейлей білуге үйрету, қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалануды, нүкте арқылы ою жасауды, әсемділікті қабылдай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тәрелкенің суреті. Қазақтың ұлттық ою-өрнегінің суреттері және қазақ халқының тұрмыста тұтынатын бұйымдарының суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: бояу, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, тәрелкенің үлгісі.
Сөздік жұмыс: тамшы оюы.
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық – қозғаушылық
|
«Көрме» ойыны.
Кесе, тәрелке, торсықты көрсету, оларды бір-бірімен салыстыру, бұлардың барлығын бір сөзбен не деп атайтынын сұрау (ыдыстар), олардың ою-өрнектеріне мән беру.
|
Балалар ыдыстарды ұстап көреді, пішініне, түсіне көңіл аударады.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Педагог балалардан қазақ халқының тұрмыста тұтынатын бұйымдары жайлы сұрап, ол ыдыстармен таныстырады. Бұл ыдыстар күнделікті тұрмыста қолданылатыны туралы, ыдыстарға салынатын «омыртқа», «тышқан ізі», «толқын», «құс - қанаты» оюлары туралы түсіндіреді («құс қанаты» оюы құстың екі қанатына ұқсайды т.б.).
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Бойымызды жазайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
- Осы суреттегі ыдыстардың ішінде тәрелкенің суретін салып, оның ішін өрнектермен әшекейлейік. Тәрелкеде бейнеленген ою «су тамшысы» деп аталады. Су тамшысы - су, судың тамған бөлігі, демек судың тамшысы. Алдымен үлкен дөңгелек (шеңбер пішіндес) сызамыз, ішіне орташа дөңгелек сызамыз, сосын шет - шетіне айналдыра кішкентай тамшылар - судың тамшыларын салып, іштерін бояймыз. (Әртүрлі трафарет - үлкен, орташа дөңгелектерді қолдануға болады). «Тамып - тамып» деген сөзді қатты - ақырын дауыстап айтқызып, сөздік жұмысы жүргізіледі.
- Өрнегімізді жіңішке қылқаламмен бастырып, бояумен әдемілеп бояймыз. Міне, біздің тәрелкеміз әшекейлі, әдемі болып шыға келді.
|
- Қазақтың ұлттық ыдыстары - кесе, пияла, ожау, тостаған, тәрелке. Бұл ыдыстардың сырты өрнекпен әшекейленген, ол қазақтың ұлттық ою-өрнектері -«қошқар мүйіз», «құс қанаты».
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Қылқаламды тік бағытта ұстап, қылқаламның ұшымен жұмыс жасайды. - Бұл ою «су тамшысы» деп аталады.
Балалардың жауабы анық және толық болуы қажет.
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
Педагог мақтау, мадақтау жұмысын жүргізіп, балалардың жұмыстарын көрмеге іледі.
|
Әдемі
әшекейленген тәрелкелерді өздері таңдайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: белгілі бір тұтанатын бұйымдарды пішініне сәйкес ою-өрнектермен әшекейлеуді.
Игереді: қылқаламның ұшымен жұмыс жасай білуді.
Меңгереді: қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалануды.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.
Тақырыбы: Қандай заттың пішіні шаршыға ұқсайды?
Мақсаты: Шаршы пішіндес заттардың суретін салуды үйрету, шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту, байқағыштығы мен көз мөлшері, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру. Жан - жақтылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: шаршы тәріздес теледидар формасы, құстың ұясы, орамал т.б.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, қарындаш, бояулар, сүлгі, қылқалам,
Сөздік жұмыс: теледидар, шаршы тәріздес - шаршыға ұқсайтын.
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық – қозғаушылық
|
Балалар шеңбер құрап тұрып бір-біріне жақсы тілектерін айтады.
«Кім тапқыр?» дидактикалық ойыны.
Балалар топ бөлмесі ішінен шаршыға ұқсас заттарды табады.
- Қандай фигура жоқ? Педагог шаршыны көрсетеді. Шаршының төрт бұрышы бар екендігін айтады.
- Шаршыға ұқсайтын тағы да қандай заттарды білесіңдер? Сергіту сәті: (саусақ жаттығуы):
1,2,3,4,5 - 5,4,3,2, 1.
Құмырсқалар жыбыр-жыбыр,
Жұмыс істеді күнімен,
Дем алды ғой түнімен.
Құмырсқалар жыбыр-жыбыр.
|
Бір-біріне тілектер айтады.
Балалар ойларын толық сөйлемдер арқылы білдіреді.
- Шкаф, тақта, теледидар т.б.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Педагог шаршыны сала отырып белгілі бір бейне құрап шығарады.
Суретті топ-топқа бөлініп салуға болады.
- Нүкте арқылы шаршы жасап аламыз, содан кейін қарындашпен жоғарыдан төмен қарай бастырып сызамыз.
Педагог салу жолдарын түсіндіре отырып бет орамал, шкаф, теледидар, үй, ұяның суреттерін салғызады (қалаулары бойынша шаршы фигурасын пайдаланып салады).
Ол заттардың түстері әртүрлі болғандықтан, түсті өздері қалауынша таңдап алады. Жұмысын ерте аяқтаған балаларға шкафтың қасына қосымша теледидарды, үйдің қасына ұя салуды ұсынуға болады.
|
Балалар шаршы пішіндес бейне жасауға кіріседі. Солдан оңға қарай, жоғарыдан төмен қарай сызықтар сызады, қылқаламды қатты батырмай, ақырындап жүргізеді.
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
Педагог жұмыстарын талдау барысында суретті кеңістікте орналастыруда, бояуды пайдалануда, шаршы пішінін дұрыс салудағы жетістіктерін айтады.
|
Өздері не жасағандарын, түстерін, пішіндерін сипаттап айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: шаршы пішіндес заттардың суретін салуды.
Игереді: нүкте арқылы жоғарыдан төмен, оңнан солға қарай сызықтарды қосуды.
Меңгереді: байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыруды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Күні:
Тобы: «Айгөлек»
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Ақша қар.
Мақсаты:
Білімділік: қардың жауып тұрған бейнесін бере білу;
Дамытушылық: қардың ерекшеліктері жайында түсініктерін қалыптастыру, суретке көркемдік элементтерді кіргізе білуді үйрету;
Тәрбиелік: әсемдікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қыс мезгілінің, қардың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: дәптер, бояу, сүлгі, қылқалам т.б.
Оқу іс-әрекет кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық-
қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері:
Жарқырап күнде ашылды
Айналаға нұр шашылды
Қайырлы күн
Біз сүйкімді баламыз
Қайырлы күн
Біз көңілді баламыз
|
Балалар шаттық шеңберін жасады.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Балалармен бірлесіп қарды зерттеп, түстерін анықтау (жұлдызшаға ұқсайды, жылтыр жылтырайды, ақ, ақ сүр, ақша қар, аппақ).
Қардың қандай екенін сұрайды.
Жұмбақ жасыру:
Жерге қонар көлбеңдеп.
Ақ жұлдызша себелеп,
Ұстатпайды, не керек?
Педагог балалардың көңілін жауып тұрған қарға аударады.
Сергіту сәті:
Әппақ, әппақ, жапалақтап,
Қар жауып тұр далада.
Әппақ дала, барлық бала,
Қуанып жүр далада.
- Қазір барлығымыз суретшіге айналып, осындай әдемі қардың суретін қылқаламның тек ұшымен
|
Қарды ұстап көреді. Еритінін, суға айналатынын, мұз болатынын анықтады.Ол қар, мұз түстес болып келеді.
-Қар.
Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.
Әр бала сурет салу үшін бояулардың ішінен суық түстерді таңдап алады.
|
|
жеңіл сызықтар жүргізу арқылы саламыз. Ең бірінші, әртүрлі бейнедегі бұлттар саламыз. Ол үшін сызықтарды анық етіп, басып сызып салу керек. Қарды салғанда оңнан солға қарай сызық, солдан оңға қарай сызық, түзу сызық салу қажет, дәл ортасынан түзу сызық түсіреміз, сызықтар бірдей болу керек. Ол үшін қысқа сызықтарды санай отырып сызамыз.
|
Қылқаламды әртүрлі күш сала - қатты, ақырын басып, жуан жіңішке із түсіреді.
|
Рефлексиялық – түзетушілік
|
Балалардан қандай мереке жақындап келе жатқанын сұрау.
- Балалар, бүгін суретті бәрің жақсы, әдемі салдыңдар, Жаңа жылда Аязата келгенде осы суреттерді көрсетеміз.
|
Балалар өздері салған суреттері жайлы әңгімелейді.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қардың ерекшеліктері жайлы қарапайым түсініктерді.
Игереді: геометриялық фигуралар арқылы бейнелеуді.
Меңгереді: қардың суретін салуды.
Тәрбиеші: Комесхан Н.
№14 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.
Тақырыбы: Торсықты әшекейлейміз.
Мақсаты: Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру, заттардың пішіні, олардың құрылымы, өрнек элементтерінің орналасуына көңіл бөлуді үйрету, сурет салудың дәстүрден тыс әдістері: дымқыл және құрған қылқаламмен сурет салу әдісімен таныстыру. Көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ұлттық ою-өрнектермен безендірілген ыдыстар, торсықтың суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, магнитофон, баяу әуенді күйтабақ.
Сөздік жұмыс: торсық - теріден жасалған ыдыс.
Оқу іс-өрекетінің кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық – қозғаушылық
|
Психологиялық сәт.
Үш кесе ішем күніне,
Мен қымызды сүйемін.
Ашытылған күбіге,
Ол сүті ғой биенің.
|
Өлеңді мұқият тыңдап, түсінгендерін айтып береді.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Педагог ұлттық ою-өрнектермен безендірілген ыдыстарды балалардың есіне түсіруіне көмектеседі.
- Қымыз құятын ыдысты «торсық» деп атайды. Торсықтың суретін көрсетеді. Оның пішініне, көлеміне, ою-өрнектеріне, әшекейленуіне назар аудартады. «Торсықты құрастыр!» дидактикалық ойыны. Торсықтың тұрмыста не үшін қолданылатыны жайлы әңгіме жүргізеді.
- Бұрындары ата-бабамыз ұзақ жолға шыққан кезде торсыққа қымыз толтырып алып, жол - жөнекей ішкен. Қымыз - шөл қандыратын әрі күш беретін сусын. Торсық қазір де әрқайсымыз үйде қолданатын тоңазытқыш сияқты, бізге аса қажет зат десек те болады.
Сергіту сәті (саусақ жаттығуы):
Мынау менде басбармақ,
Бар жұмысты бастамақ.
Төрт досы бар өзінің,
Кәне, кәне санайық,
Санын біліп алайық, 1,2,3, 4,
Басбармақ, балан үйрек,
шылдыр шүмек,
кішкентай бөбек.
Дәптердегі тапсырманы орындау үшін алдымен өрнектердің үстінен қылқаламмен жүргізеді, сосын бояйды. Торсықты әдемілеп әшекейлейді. Педагог бояу түстерінің үйлесімді болуына, бояуды дұрыс таңдауға бағыт береді.
|
- Кесе, тәрелке, торсық т.б. Қымыз құятын ыдыс.
Торсықта қандай ою-өрнек түрлері бар екенін, қайда орналасқанын атап береді.
3 бөлікке бөлінген торсықты жылдам құрастырады. Берілген үлгіге қарап, торсықты ою-өрнектің қарапайым элементтері -«қойдың ізі», «құс - қанаты» түрлерімен әшекейлейді. Қылқаламды тік, дұрыс бағытта ұстап дағдыланады. Түстер үйлесімдігін анықтайды. Он саусақтарымен жаттығу жасап, 1 қимылмен көрсетеді.
Қылқаламның көмегімен нүктелердің үстін бастыра жүргізеді, әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып бояйды.
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
- Сендер нені әшекейледіңдер? Педагог «Кандай ою?» ойынын ұйымдастырады. Балаларды мақтап, жұмыстарынан көрме ұйымдастырады.
|
Сұрақтарға жауап береді.
Ең жақсы салған суреттерді балалар өздері таңдайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қылқаламмен жұмыс істеу барысында нақты қозғалыс жасай білуді.
Игереді: қазақ ою-өрнектерінің қарапайым элементтерін бейнелеуді.
Меңгереді: ою-өрнек элементтерінің орналасуын қадағалауды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Күні:
Тобы: «Айгөлек»
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлдімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Біздің әсем шыршамыз.
Мақсаты:
Білімділік: жаңа жылдық шыршаның бейнесін сала білуге үйрету;
Дамытушылық: сурет бейнені қабылдауын дамыту, түстермен ырғақты сезіне білуге үйрету;
Тәрбиелік: шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Жаңа жылдық шырша суреті.
Оқу іс-әрекет кезеңдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық – қозғаушылық
|
Педагог «Табиғи өскен шырша» тақырыбында әңгіме жүргізеді, балалардың естеріне шырша туралы мәліметтерді түсіріп, толық жауап алады, анық сөйлеуін қадағалайды.
|
Шыршаны ұстап көреді, сезінеді, ерекшеліктеріне көңіл аударады.
|
Ұйымдастырушылық – ізденістік
|
Жұмбақ жасыру:
Жасыл тонның бояуы,
Жыл он екі ай тозбайды.
Дің, бүршіктер, сояуы,
Қысқы аязға тоңбайды.
- Осы шыршаға ұқсас тағы қандай ағаш бар? Оның ұқсастығын хош иісі арқылы анықтаймыз.
- Балалар, біз шыршаны жақсы білеміз, Жаңа жыл мерекесінде үйде, балабақшада шыршаны ойыншықтар іліп, әдемілеп безендіріп қоямыз.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Әдемі шырша болайық,
Балдырғандар билесе,
Шыр көбелек айналып,
Бой сергітіп алайық.
Шыршаның суретін салу жолдарын көрсетеді. Алдымен діңін салуды, төменгі жағы жуандау, жоғарғы бөлігі жіңішке болып келетінін, бұтақтарын жоғарыдан төмен қарай көлбеу сызықтармен сызу арқылы салуға болатынын
|
- Шырша.
- Қарағай да шыршаға ұқсайды.
- Жаңа жыл мерекесін тойлағанда көреміз. Сол шыршаның қасында ән салып, би билеп Жаңа жыл мерекесін қарсы аламыз. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Қылқаламмен ойыншық ілінген әдемі шыршаның суретін түсті бояулармен салуға кіріседі, көлбеу сызықпен үзіліссіз сызып салады.
|
|
түсіндіреді. Шырша бұтақтарына оның тікендерін салғанда жоғарыдан төменге қарай көлбеу сызықты үзбей салу керектігін айтады. Шырша салып болған соң балаларға оны ойыншықтармен әшекейлеп, кішкентай домалақ, сопақша шарлар жасап, бояуды ұсынады. Тек сонда ғана ол мерекелік шыршаға айналатынын айтады.
|
Ойыншықтары сопақ және домалақ болып келетінін, өлшемі жағынан сәйкес келетініне көңіл бөліп жасайды.
|
Рефлексиялық - түзетушілік
|
- Балалар, бәрін, де жақсы сурет салдыңдар. Шыршаларыңды Аяз - ата көріп, қуанып қалатын болды. Балалардың жұмысына талдау жасайды, жақсы жұмыс істеген балаларды мақтап, мадақтайды.
|
Шырша туралы әндерін қайталап айтады.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Жаңа жылдық шыршаның бейнесін салуды.
Игереді: тікендерді көлбеу сызықпен үзіліссіз сызып салуды.
Меңгереді: түстер мен ырғақты сезіне білуді.
Тәрбиеші: Комесхан Н.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Күні:
Тобы: «Айгөлек»
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.
Тақырыбы: Түрлі түсті үшбұрыштар.
Мақсаты: Үшбұрышты заттарды ажырата білуді үйрету, кеңістікті, түстерді сезіне білуді, шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялын дамыту, байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыру. Ұқыптылыққа, тазалық сақтай білуге тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |