Ұйымдастарылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы «Бөбек» шағын орталығы Білім беру саласы



жүктеу 1,12 Mb.
бет4/6
Дата21.02.2018
өлшемі1,12 Mb.
#10377
1   2   3   4   5   6

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қылқаламды қағаз бетінен алмай түзу сызықтар сызуды.

Игереді: заттық сурет салу үлгісін жасауды.

Меңгереді: қылқаламды тік бағытта ұстауды, ұқыптылықты.

Тәрбиеші: Комесхан Н.

22 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА


Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Қысқы табиғаттағы шыршалар.

Мақсаты: Қырау жапқан әртүрлі ағаштардың суретін салуға үйрету, аралас техникамен жұмыс істеуге баулу, түрлі бейнелеу құралдарымен жұмыс істеу. Алыс жақын орналасқан шыршалардың бейнесін салуды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қысқы табиғаттағы шыршалар көрінісінің суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.

Сөздік жұмыс: омбы қар, қырау, аяз.

Оқу іс-өрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Арайлап тан, атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түссін даламыз.

Қайырлы таң, достарым.



Балалар елеңді мұқият тыңдайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

- Балалар, қыстың жылы күндері естеріңде ме?

Педагог әңгіме, сұрақ-жауап әдісімен балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтеді. Бой сергіту:

Қайта-қайта қар жауады,

Қыс келгеннің белгісі.

Бойын түзеп, қар жамылды,

Биік, өсем шыршалар,

Қуанады, жайнайды. Үнтаспадан «Балалар, ағаштарды қыраумен көмкеруге көмектесіңдер. Ағаштар көп, мен үлгере алатын емеспін» деген дауыс естіледі. Сұрақ-жауап әдісімен балалармен жұмыс жүргізіледі.

- Ағаштағы қар ериді. Бірақ, түнде аяз қарып, оларды қырау басады. Ормандағы түрлі ағаштарды, шыршаларды қармен, қыраумен жабайық. Ол үшін жасыл шыршаларға ақ бояумен қарлардың суретін саламыз. Қар жамылғанда ағаштар қандай болады, естеріңе түсіріп көріңдер? (Мазмұнды сурет болғандықтан мынандай қосымшалар енгізуге болады: омбы қар, аңның іздері, аспан, бұлт, күн). Педагог жаңа техника - қылқаламның ұшымен сурет салуды меңгерту жұмыстарын жүргізеді. Қырауды жартылай құрғақ қылқаламмен салу жолдарын түсіндіреді. Ол үшін қылқаламды бояуға малып алып, артығын алып тастау үшін қағаз сүрткішке бір рет тигізіп алу керектігін айтады.



- Далада қар жауып түр. Шыршаларды қар басқан, балалар қар атысып ойнап жүр.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.


Қағаз бетіне орман ағаштарының әр түрін қылқаламмен бастыра салады. Ағаш бұтақтарын, шыршаның үстін басқан қырауды салады.
Қылқаламның ұшымен ағаш бұтақтарындағы қырауларды жасайды. Жақын және алыста орналасқан шыршалардың салыну жолын естеріне түсіреді. Сүйкей жағу тәсілімен ағаштар үстіне дақтар қалдырады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Осы шығармашылық саласы бойынша сурет салу оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар салған суреттерін талдап, шағын әңгіме құрайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: омбы қар, қырау басқан ағаштардың суретін өз ойларынан салуды.

Игереді: сүйкей жағу тәсілімен дақтар салуды.

Меңгереді: алыс және жақын орналасқан шыршалардың бейнесін салуды.

23 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА


Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Әжемнің қамзолы.

Мақсаты: Балаларды Қазақтың ұлттық киімі - камзолмен таныстыру және оны ою-өрнектермен әшекейлей білуге үйрету. Ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру және көркемдік талғамын дамыту. Балаларды өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру, оның суретін салу жолдарын меңгерту, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Қазақтың ұлттық ою-өрнегі және қазақтың ұлттық киімі - қамзолдың суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, фломастер, қылқалам, су.

Сөздік жұмыс: әшекей, әшекейлендіру.

Оқу іс-өрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

«Оюды құрастыр. атын ата!» дидактикалық ойыны. Педагог балалардан қазақтың қандай ұлттық ою-өрнектерінің атын білетіндерін сұрайды.

Балалар толық жауап береді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог балалардың қазақтың қандай ұлттық киімдерін білетіндерін сұрайды. Қамзол жайында әңгімелеп, оның пішініне, көлеміне, ою-өрнектермен әшекейленуіне назар аудартады.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Жоғары, төмен қарайық,

Қос аяқтап секіріп,

Бойымызды жазайық. Қамзолды салу үлгісіне қарап, сурет салу әдіс-тәсілдерін түсіндіреді.

- Қамзолдың суретін салып, жеңіл сүйкей жағу тәсілімен бояймыз, содан кейін жиегіне ою саламыз. Фломастермен қамзол жиегіне үшбұрыш тәріздес өрнек жасаймыз, қолымызды қағаз бетінен алмай салып жаттығамыз. Үлгіде көрсетілген ою-өрнектерді фломастермен жүргіземіз.

Педагог ою-өрнектердің түстерін таңдауға, оларды дұрыс орналастыруға бағыт беріп көмектеседі.


- Орамал, тақия, қамзол, шапан т.б.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Қылқаламды жеңіл және еркін ұстап, бояуды өздері таңдап, жұмысқа кіріседі.
Қамзолдың пішініне сәйкес ою-өрнектерді жасайды.


Рефлексиялық - түзетушілік

- Балалар, сендер бүгін жұмысқа белсене қатыстыңдар, жұмыстарыңды әдемі, ұқыпты салдыңдар. Енді сол жұмыстарыңнан көрме ұйымдастырайық.


- Қамзолдың суретін салып, оны өрнектермен әшекейледік.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұлттық сәндік-қолданбалы өнер деген ұғымның мәнін.

Игереді: өрнектерді дұрыс орналастыра білуді.

Меңгереді: ою-өрнектің суретін салу жолдарын.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Күні:

Тобы: «Айгөлек»

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Сүйікті ойыншығым

Мақсаты:

Білімділік: балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін қалыптастыру;

Дамытушылық: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,

Тәрбиелік: ойыншықтарды күтіп ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: бірнеше (жұмсақ және резинкадан, т.б. жасалған) ойыншықтар. Ойыншықтардың суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.

Сөздік жұмыс: айдар, жұмсақ.

Оқу іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

М.Әлімбаевтың «Ойыншықтар» өлеңін оқып беру.

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Ақыл айтсаң, бұйырсаң.



Балалар өлең мазмұнын қимылмен көрсетті.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Балаларға ойыншықтар туралы әңгіме жүргізу, ойыншықтар туралы не білетіндерін балалардың естеріне түсіру, неден жасалғаны т.б. туралы толық жауап алу, балаларға сөз беріп, мұқият тыңдау.

«Ойыншықты тап!» дидактикалық ойынын ойнату.

Ойын мақсаты: Ойыншықты атау және кеңістікте бағдарлап табу.



Сергіту сәті:

Алтын айдарлы әтеш ояныпты,

Тым ерте тұрыпты.

Ойқастап жүріпті,

Жан-жаққа қарапты,

Айдарын тарапты.

«Қо-қо-қо» деп қорада,

Ән салыпты жаңа да. - Олай болса, бүгін біз өзіміздің қалауымызша ең жақсы көретін, сүйікті ойыншығымыздың суретін саламыз.

Ойыншықтар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінеді: жұмсақ, резинадан немесе пластмассадан т.б. жасалған болуы мүмкін. Педагог оңай салынатын ойыншықтардың үлгісін көрсетіп, талдау жасайды. Суретті салмас бұрын педагог балалардың көздерін жұмғызып, өздерінің ең сүйікті ойыншықтарын елестеткізеді.

Дәптердегі пішінге көңіл бөлулерін сұрап, бір бейнені таңдатады. Ең маңыздысы, қағаз бетін тұтас пайдалана білулеріне, сондай-ақ үлкен заттарды қағазда композиция жасап, орналастыра білуіне аса назар аударады. Ашық түсті көңілді бояулар таңдату арқылы балалардың көңіл күйін көтеруді көздеп жұмыс істейді.



Ойыншықтар туралы әңгімеледі.

Тығылған ойыншықты тауып, атын, түсін, пішінін атап айтты. Сол ойыншыққа өз тілектерін айтты.

Өлең жолдарын қимылмен көрсетті.

Балалардың өз бетінше жұмыстары. Салған

ойыншықтары бөліктерін қылқаламды тік бағытта ұстап анық жүргізіп, қалаған бейнеге келтіреді, оңнан солға қарай немесе жоғарыдан төмен қарайғы бағытта бояйды.


Рефлексиялық – түзетушілік

Педагог балаларды мақтайды және мадақтайды. Өздері салған суреттер жайлы өз ойларын айтқызады.



Ойыншық туралы өздері білетін өлең не тақпақ айтып береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: белгілі бір бейне жасау кезіндегі түстердің үйлесімділігін.

Игереді: бастаған істерін аяғына дейін жеткізе білуді.

Меңгереді: қылқаламды дұрыс пайдалана отырып өз ойларынан сурет салуға дағдыланады.
Тәрбиеші: Комесхан Н.

25 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА




Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

№ 15«Көжек» ортаңғы топқа арналған

Күні, айы, жылы: 5.03.2015 ж

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Көктемгі гүлдер.

Мақсаты: Қылқаламмен салуда қарапайым қозғалысты нақты бере білу, түстерді сезіну және араластыра білу дағдысын жетілдіру. Эстетикалық сезімін қалыптастыру, әдемілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: көктем мезгілінің, гүлдердің суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.

Сөздік жұмыс: нәзік, хош иісті, әдемі т.б.


Оқу іс-өрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог жұмбақ жасырады:

Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай-салаға толады.

Ағаш басы, бүршік атып,

Гүл-бәйшешек толады.

Бұл қай кезде болады?

«Бұл қай мезгіл?»

дидактикалық ойыны.



Шеңбер бойында тұрып жұмбақ жауабын айтады.

Сұраққа жауап береді.




Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог жұмбақ жасырады:

Өзі сондай нәзік.

Су құйсаң кетеді.

Алақанын жайып.

Көктемде ең алғашқы, ерте гүлдейтін гүлдер туралы әңгімелейді.

Балаларды осы тақырыпта сөйлетіп, оларды тыңдайды, еркін сөйлеулерін қадағалайды. Сергіту сәті:

Біз гүлдердей өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Желге ырғалып шайқалған.

(Ф.Н.)

- Қазір өздерің айтқан гүлдердің бірі - қызғалдақ гүлінің суретін саламыз. Суретті салғанда оның хош иісі сезіліп тұрсын. Педагог дымқыл қылқаламмен сурет салу әдісін таныстырады. Алдымен қағаздың жоғарғы бөлігіне қылқаламның ұшын үшбұрыштап бастыра отырып, қағазды айналдыра бірінің жанына - бірін қатарластыра орналастыру арқылы гүлдің күлте жапырақтарын, содан кейін сабағы және жапырағын салу керектігін түсіндіреді. Сабағын жасыл бояуға қылқаламды көбірек батырып алып, күлте жапырақтан төмен қарай түзу сызықтар жүргізу арқылы салады, жапырақты екі қисық сызықты бір нүктеден бастап екінші нүктеге жеткізіп қосу арқылы салғызады. Одан соң қалаған түсті пайдаланып, қызғалдақ гүлін салу жолын көрсетеді.

- Қызғалдақты салғанда жоғарыдан төмен қарай доға тәрізді, ұзынырақ қисық сызық жүргізіп аламыз, оның жоғарғы бөлігінен төмен қарай қисық сызық сызамыз. Жоғары қарай үшбұрыш жасай отырып ортаңғы күлте жапырағы және шеткі бөлігін қисық сызық арқылы қосамыз. Оны өздерің таңдаған бояумен бояп алған соң сабағы және жапырағын саламыз.


- Гүл.


- Бәйшешек, қызғалдақ. Көктемде

күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, гүлдер өсіп шығады, құстар ұшып келеді, жөндіктер, жануарлар оянады.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

- Нәзік, әдемі, хош иісті ақ, сары, қызыл түсті гүлдер болады.


Гүлдің

ерекшеліктеріне көңіл аударып, қылқаламды жеңіл қозғалыста ұстап, бейнені нақты беруге тырысады, сабағын түзу сызықпен сызу арқылы салады, жоғарғы бөлігіне (үшбұрышқа, сопақшаға т.б. ұқсайтын) гүлін салып, сосын жапырақтарын салады, бояйды.



Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог балалардың салған суреттерін тексереді, мақтайды. Балалардың гүлдерді өз қалауы бойынша таңдап салуларына мүмкіндік береді және талдау барысында кімнің шығармашылық қабілеті басым болғанына көңіл аударады.


Балалар салған суреттеріне өздері баға береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қылқаламмен салуда қарапайым қозғалысты нақты бере білуді.

Игереді: эстетикалық сезімін қалыптастыруды.

Меңгереді: түстерді сезінуді және араластыра білу дағдысын жетілдіруді.

Тәрбиеші: Галимова Б.Х.

Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

№ 15«Көжек» ортаңғы топқа арналған

Күні, айы, жылы: 12.03.2015ж

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Аквариумдағы балықтар.

Мақсаты: аквариумдағы балықтардың ерекшеліктерін білуге, сурет салғанда бір бояудың үстіне екінші бояуды жағуға үйрету; композиция құра білу дағдыларын қалыптастыру, қиялын дамыту; бейнелерді қағаз бетіне түсірудің түрлі техникасын пайдалануға машықтандыру; іскерлікке, еңбек етуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: табиғат бұрышындағы аквариум, аквариумның суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.

Сөздік жұмыс: аквариум, ау, қармақ, балдыр.


Оқу іс-өрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Психологиялық сәт: «Мен бәрін жасай аламын» ойыны. Мақсаты: жануарлардың дене бітімін, қимылын ымдап, дененің ырғақты қимылы көмегімен бейнелеуге үйрету.

Балалар кезекпен бір жануардың атын атамастан қимылмен көрсетеді, өзге балалар оның нені көрсетіп тұрғанын табады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог балалардан балықтар суда не істейтінін сұрайды (жүзеді, ойнайды, қашады т.б.)-- Балалар, мен сендерге әртүрлі аквариум дайындап қойдым. Олар үшбұрышты, дөңгелек, сопақ пішінді. Оларда балықтар жүзетін болады.

Балықтар туралы түсінік береді. Үлгіге қарап аквариум балықтарының алдымен сопақша етіп денесін, одан кейін құйрығы мен жүзу қанаттарын салуға болатынын айтады (үлгіні көрсетеді). Балықтарды салып болғаннан кейін бояулармен олардың әртүрлі реңін қалай беруге болатынын, басқа бояудың үстінен екінші түспен бояу арқылы балықтардың түс реңктерін өзгертуге болатынын түсіндіреді. Түс реңктерін жасауды педагог өзі бірнеше бояуды ретімен, кезектестіріп жағып, араластырып көрсетеді.

Балықтың суретін салғызудың ең оңай жолы - әдістеме бойынша бір нүктеден жоғары және төменге қисық сызық сызу арқылы салғызу, ол үшін бір нүктеден жоғарыдан төменге қарай қисық сызық сызады, дәл осы қимыл қозғалысты сол нүктеден бастап төменнен жоғары қарай қайталап, соңғы бөліктерін айқастырып жіберсе балықтың құйрығы да дайын болады. Тек оның шеткі бөліктерін бір-бірімен толқынды немесе ішке қарай қисық сызықпен қосады, сонда үш сызықпен балықтың суретін салуға болады. Көздерін, қанаттарын толықтырып, қалаған түстерімен бояуларына болады. Сергіту сәті:

Балықтарды аулаймыз,

Ауды суға саламыз.

1,2, 3,4, 5; 1,2,3,4, 5,

Ауды қайта тартамыз,

Балықтарды санаймыз. Педагог балдырларды жіңішке қылқаламмен төменнен жоғарыға қарай толқынды сызық жүргізу арқылы салуға болатынын, содан кейін барып ұсақ жапырақтарын бейнелеу қажеттігін түсіндіреді.


Балалар толық жауаптар береді.

- Әдемі, кішкентай, үлкен,сары, қызыл.


Балалар балықтардың құйрықтары әртүрлі болатынына назар аударып, үшбұрышты, ұшы айыр болып келген балықтарды қылқаламды тік бағытта ұстап салады. Балықтардың түстерін (ала, ноқатты, дақтары бар) губкамен, қылқаламмен салады. Аквариумда болатын балықтардан өзге балдырлар мен тастарды қалың және толқынды сызықтармен салады. Тастардың суретін губкамен, саусақпен салып көреді.

Балалар


балықтар сияқты жүзіп, қолдарын қимылдатады.

Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог балаларды мақтап, мадақтайды. Суреттерін көрмеге іліп, салыстырады.



Балалар жұмыстарын жолдастарына көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: сурет салғанда бір бояудың үстіне екінші бояуды жағуды.

Игереді: композиция құра білу дағдыларын.

Меңгереді: аквариумдағы балықтардың ерекшеліктерін ажырата білуді.
Тәрбиеші: Галимова Б.Х.

27 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА


Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Сырмақты әшекейлейміз.

Мақсаты: Қазақтың сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен таныстыру, түстік үйлесімділікті сезінуге, ою-өрнек элементтерінің жазықтықта дұрыс орналасуын аңғаруды, әртүрлі әдіспен сурет салуды үйрету, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: сырмақтың суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуенді күйтабақ.

Сөздік жұмыс: балта, сырмақ.

Оқу іс-өрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Топқа қонаққа келген Қарлығаш құсы ұшып жүріп адасып кеткенін айтып, балалардан ауылдың қай жақта екенін сұрайды. Оқу іс- әрекетіне қатысып, ауылға алып кететін сыйлық жасап берулерін өтінеді.

Қарлығашқа балабақшаға келгенін, ауылда әжелері тұратынын айтады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог балаларды қазақтың сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен - сырмақ, текемет, алаша, сандық т.б. таныстырады. Әрбір бұйымның алуан түрлі ою-өрнектермен безендірілгеніне назар аудартады.

- Мұндай ою-өрнектерді ғимараттар, тұрмыстық заттарда т.б. көптеп кездестіруге болады. Ою-өрнек арнайы бір ретпен орналасады. Өзіндік заңдылықтары сақталып, симметриялы ырғақпен байланысты өрнектеледі. Өрнектер белгілі бір затты көркем безендіру үшін қолданылады. Ол бұйымдарға әсемдік береді және оның көлемі мен пішінін айқындай түседі. Педагог жұмбақ жасырады: Ою-өрнекпен өрнектелген, Үйге сәндік, көрік берген. Жерге төсесек әрқашанда, Бізге жылулық пен сәндік берген. Бой сергіту (саусақты жаттықтыру):

Өрмекші өрмелеп келеді,

Өрмегін тігіп, өрмелеп келеді.

Көбелек ұшып жүріп, торға түсті,

Бұлқынды, тартынды,

Торды үзіп, ұшып кетті.

Педагог «Балта» оюымен таныстырады және жасалу жолдарын түсіндіреді. Балалардың түстерді дұрыс таңдауын қадағалайды. Қылқаламмен дұрыс жұмыс жасауға дағдыландырады, сырмақтың шетіне «балта» оюын салуды ұсынады.



Сырмақтың үстінде отырып, педагогті мұқият тыңдайды.

- Сырмақ.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. «Балта» оюын бастыра сызып, шетін жүргізеді, ортасын бояйды, балалар түстік үйлесімдікті анықтап, бояуды өздері таңдайды. Екі түрлі қылқаламмен жұмыс істейді.


Рефлексиялық - түзетушілік

- Балалар, Қарлығаш ауыл жаққа қарай ұшып бара жатыр екен. Осы құсқа суреттерді тапсырайық. Әжемізге апарып берсін. Балалардың жұмыстарын мақтайды.

Суреттерді конвертке салып, құстың тұмсығына қыстырып береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қазақтың сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары туралы ұғымды.


жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау