Ұйымдастарылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы «Бөбек» шағын орталығы Білім беру саласы



жүктеу 1,12 Mb.
бет6/6
Дата21.02.2018
өлшемі1,12 Mb.
#10377
1   2   3   4   5   6

Сөздік жұмыс: отшашу.

Оқу іс-өрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог балаларды жартылай шеңберге тұрғызып, балалармен сәлемдеседі.

Сәлем деймін достарға,

Сәлем деймін құстарға,

Сәлем деймін ұстазға,

Ашық болсын айымыз.

Тату болып халқымыз,

Аман болсын балалар.


Өлең жолдарын қимылмен қайталап,

барлығы орнына отырады.



Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог балалардан отшашудың қашан, қайда қолданылатынын сұрайды. Қандай мереке жақындап келе жатқанын сұрайды. (Жеңіс күні).

Балалардың толық жауап беруін

қадағалайды.

Бой сергіту:

Ақ көгершін, көгершін,

Қол қанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін. - Осы мерекеге байланысты отшашудың суретін саламыз. Сурет салу жолдары:



1. Қалың қылқаламмен парақты сулап аламыз.

2. Бояуға жіңішке қылқалам ұшын тигізіп, ақ парақтың жоғары жағына нүкте түсіріп алып, жан-жағына үзік сызықтар арқылы түрлі түсті отшашуды саламыз. Отшашудың іздерін немесе жолдарын салу үшін сүйкей жағу тәсілі арқылы төменнен жоғарыға қарай сызықтар сызамыз.

Балаларға бояу түстерін алмастырып қолдану қажеттігін ескертеді.



Толық жауап береді.

Отшашу қандай болатынын айтады.

(Үлкен, әдемі, жарық. Қызыл, сары, жасыл, түрлі түсті.) Аспанға отшашуды шашқанда түнгі аспан қандай түрге енетінін естеріне түсіреді. (Әдемі, жарық түске боялады). Баяу өнді тыңдай отырып

балалар екі түрлі

қылқаламмен

жұмыс


істейді. Сосын қылқаламды тазалап жуады.

Рефлексиялық - түзетушілік

- Мына суреттерде алуан түсті отшашулар салынған. Педагог балалардың салған суреттерін қарап мадақтайды.



Балалар жауапты толық береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: үлкендерді сыйлау, құрметтеу қажет екенін.

Игереді: өз ойын еркін жеткізе білуді, отшашу суретін салуды.

Меңгереді: шығармашылық қабілетін дамытады, бояуды алмастырып пайдалануға дағдыланады.

35 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА


Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Алжапқышты әшекейлейміз.

Мақсаты: Сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыруды жалғастыру, ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, алжапқыштың жиегіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуге, түсіне қарай сәндік өң бере білуге жаттықтыру. Ою-өрнектің әдемілігіне мән беру арқылы көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: алжапқыштар (матадан жасалған), алжапқыштың суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: қылқаламдар, қағаз, 6 түсті бояу, су, сүлгі, магнитофон, баяу әуенді үнтаспа.

Сөздік жұмыс: алжапқыш, жиек.

Оқу іс-өрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады, бір-біріне жылы лебіздерін айтқызады.


Жақсы тілектерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Педагог балаларға күнделікті өмірде аналарымыз ас бөлмеде пайдаланатын, өздері кезекші болған кезде тағатын алжапқыш туралы әңгімелейді, оның не үшін керек екенін сұрайды. Әртүрлі алжапқыштар болатынын айтады. Балалардың анық сөйлеуін қадағалайды.

Сергіту сәті:

Мен аспазшы боламын,

Алжапқышты тағамын.

Дәмді тағам пісіріп,

Үлкен алғыс аламын. Педагог балаларға алжапқыштың жиегін әшекейлеуді ұсынады. Жұмыс барысында баяу әуен ойнатып қоюға болады. Жұмысты орындау үшін шыдамдылық керек екендігін, дәптердегі суретті аяқтау қажеттілігін түсіндіреді. Бөрі бірге алжапқыштың шетіне толқынды сызықтар сызып, алжапқыштың жиегіне өрнектер салып, бояу жағады. Бөлшектерін қылқаламмен анық басып алу керек, бірдей түстердің реңіне қарай орналасуына мән беріледі. Қарындаштарды да пайдалануға болатыны ескертіледі.




Балалар толық және анық етіп жауап береді.
Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді. Балалар дөптерде дайын үлгісі тұрған алжапқышты қылқаламмен үстінен үзбей бастырып, толқынды немесе түзу сызықтармен айнала шетін сызып шығады, белгілі бір элементті қайталау арқылы алжапқышты әшекейлейді.

Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорыта келе балалардың жұмыстарын қарап шығып, көрме ұйымдастырады. Балаларға өз ойларын айтуда еркіндік береді. Мақтап, мадақтайды.

Балалар жақсы салған суреттерді өздері таңдап, тақтаға іледі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: сәндік қолданбалы өнер түрлері - оюларды ойып жасауға болатынын, матадан жапсырмалар жасауды.

Игереді: алжапқыштың жиегіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттығады.

Меңгереді: ұлттық сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын жасаудың қарапайым жолдарын.
36 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА

Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы

№ 15«Көжек» ортаңғы топқа арналған

Күні, айы, жылы: 21.05.2015ж

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу.

Тақырыбы: Табиғат аясында.

Мақсаты: Көрініс, көкжиек, кеңістік туралы түсініктерін бекіту. Жыл бойындағы жұмыстарының нәтижесіне баға беру, өз ойларынан сурет салуда белсенділігін арттыру, қиялын дамыту, табиғаттың келбетін, әр жыл мезгілдерінің ерекшелігіне тән белгілерді ажырата білу, пейзаж, композиция, түс және эстетикалық қабылдау сезімдерін дамыту, іскерлікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жыл мезгілдері көрінісінің суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: қылқаламдар, қағаз, 6 түсті бояу, су, сүлгі, магнитофон, баяу әуенді үнтаспа.

Сөздік жұмыс: көкжиек, кеңістік, мамық, фон, дымқыл, гүлзар.


Оқу іс-өрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Педагог суреттегі жыл мезгілі туралы сұрақ қойып, әр жыл мезгілінің ерекшелігі туралы әңгімелейді.



Балалар толық жауап береді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

«Қай мезгіл?» дидактикалық ойыны. Педагог жыл мезгілдерін сипаттап айтып береді. «Қай мезгіл жоқ?» ойыны. (Педагог бір жыл мезгілінің суретін жасырып қояды). Қай мезгіл жақындап келе жатқанын сұрайды. (Жаз мезгілі). Бүгінгі сабақта жаз мезгілі суретін салатындарын хабарлап, дымқыл қағазға табиғат көрінісін салуды ұсынады.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалармен әңгіме жүргізеді.

Сергіту сәті (саусақ жаттығуы):

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бәрін, бәрін қосқанда,

Болады екен он саусақ.

(Онға дейін санау.)

Педагог пейзаж салу кезінде, табиғат аясын бейнелегенде бояудың қандай түстері пайдаланылатынын айтады. Акварель бояуымен жұмыс істеуді пысықтайды. - Гуашь - мөлдір бояу. Ол суда жақсы ериді, оның осы жақсы қасиетін пайдаланып, қағаз бетіне фон түсіреміз. Қылқаламды қағаздың жоғарғы жағынан бастап бір бағытта жүргізу керек. Содан соң қылқаламды аздап құрғату керек, қағаз бетіндегі дымқылдап жайылып жағылған бояу қабатының үстіне табиғат аясын саламыз. Күн, бұлт, ағып жатқан су, шөптер, ағаштар т.б. (қайталап, бекіту). Бояу ақырын жайылып, нәзік, жеңіл көрініс пайда болады.



Балалар ойланып, толық жауап береді.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.



Жалпақ қылқаламмен керекті бояуды алып, қағаз бетіне жағады, қылқаламды сулап алып, бояуды жағу тәсілімен жасайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

Педагог балалардың жұмысына талдау жасайды, сұрақ-жауап арқылы мақтап, мадақтайды.


Салған суретке қарап әңгіме құрайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: көрініс, көкжиек, кеңістік туралы түсініктерін бекітеді.

Игереді: жыл бойындағы жұмыстарының нәтижесін бағалауды.

Меңгереді: өз ойынан сурет салу белсенділігін, қиялын дамытады.

Тәрбиеші Галимова Б.Х.
жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау