тивтік басқару жүйесін диагностика-
лау нәтижелері бойынша экологиялық
аспектілерді талдау мен бағалауды
жақсарту жөніндегі корпоративтік
жоспар/бағдарлама әзірлеу ұсынылды,
ол эмиссияға рұқсаттарды уақтылы
алуды бақылау жөніндегі бөлімді
қамтиды. Осы ұсынымды іске асыру
мақсатында OHSAS 18001 және ISO
14001 менеджмент жүйелерін әзірлеу,
енгізу, сертификаттауға дайын-
дау бойынша жұмыстарды жүргізу
шеңберінде еңбек және қоршаған
ортаны қорғау қауіпсіздігі менед-
жменті жүйесі бойынша, оның ішінде
экологиялық аспектілер мен тәуекел-
дерді басқару бойынша құжаттаманы
әзірлеу және өзектендіру жүргізілуде.
Осы бағыттағы жұмыстар 2019 жылы
жалғасуда.
Бұдан басқа, 2018 жыл ішінде корпо-
ративтік басқару жүйесінің диагно-
стикасын жүзеге асырған тәуелсіз
консультанттардың ұсыныстары
бойынша тәуекелдер қайта қаралды
және 2019 жылға арналған тәуекелдер
тіркелімінің жобасына әзірленген тәу-
екел факторлары және олар бойынша
алдын алу іс-шаралары бар эколо-
гиялық тәуекел енгізілді (тәуекелдер
тіркелімі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ
Директорлар кеңесінің 06.12.2018 ж.
№11/18 шешімімен бекітілді).
2018 жылы атом саласында қоршаған
ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар-
ды өткізуге арналған жалпы шығыстар
2 138,3 млн.теңгені құрады, бұл 2017
жылға қарағанда 127,3 млн. теңгеге
артық. Көрсетілген соманың 1124,6
млн.теңгесі қоршаған ортаға ұйымда-
стырылмаған эмиссияларды азайтуды
қоса алғанда, технологиялық процес-
терді жетілдіруге, 51,03 млн. теңге
— қолданыстағы шаң-газ ұстайтын
және су тазартатын қондырғылары-
ның тиімділігін арттыруға және 124,1
млн. теңге-қоршаған ортаны қорғау
саласында ғылыми және жобалау жұ-
мыстарын жүргізуге бағытталды.
Есепті жылы Компания кәсіпорын-
дары қоршаған ортаға әсер етудің
ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАҚЫЛАУ
ЖӘНЕ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Компанияның өндірістік қызметі
барысында әртүрлі қалдықтар түр-
лерінің едәуір саны қалыптасады,
олардың ішінде негізгілері:
• қатты және сұйық радиоактивті
қалдықтар;
• флюорит мыс-молибден кенін өн-
діру кезіндегі аршу жыныстары;
• ПСВ полигонында ұңғымаларды
бұрғылау кезіндегі бұрғылау шла-
мы;
• плавик қышқылын өндіру кезінде
фторлы гипс;
• жылу энергиясын өндіру кезіндегі
күл-қож қалдықтары;
• коммуналдық қалдықтар;
• пайдаланылған мұнай өнімдері;
• автокөлік шиналары.
Өндіру процесінде пайда болатын
қатты радиоактивті қалдықтар:
негізгі көрсеткіштерін (ластаушы зат-
тардың жалпы шығарындылары мен
төгінділері) төмендетуге қол жеткізді.
2018 жылы ластаушы заттардың жалпы
көлемі 1 866 тоннаны құрады, бұл
2017 жылға қарағанда 1 829 тоннаға аз
(«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ға берілуіне
байланысты 2018 жылдың есебінде
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бой-
ынша деректер ескерілмеген).
2017 жылмен салыстырғанда есепті
кезеңде зиянды химиялық заттар
шығарындыларының едәуір қысқаруы
технологиялық жабдықты қалдық газ-
ды конверсиялау және соңғы абсорб-
ция сатыларында сүзгілер мен тұман
ұстағыштарды ауыстыра отырып,
жоспарлы-алдын ала жөндеу нәтиже-
сінде табиғатты қорғау іс-шараларын
жүргізумен түсіндіріледі.
Кәсіпорындар қызметінің секторлары
бойынша және тұтастай Компания
бойынша 2018 жылы ластаушы заттар-
дың төгінділерінің көлемі — 9,5%-ға
қысқарды. 2018 жылы «МАЭК-Қаза-
томөнеркәсіп» ЖШС эмиссиялары
ескерілмегенін ескеру қажет.
Сонымен қатар, Компанияның ЕТҰ
табиғатты қорғау қызметінде есепті
кезеңде кемшіліктер мен олқылықтар
байқалады, оларды түзету жұмыстары
жалғасуда. Компанияның көптеген
кәсіпорындарында экологиялық
аспектілерді талдау және бағалау на-
шар жүзеге асырылады, кәсіпорын қы-
зметінің қоршаған ортаға теріс әсерін
азайту қамтамасыз етілмейді, эколо-
гиялық заңнама талаптарының бұ-
зылуы орын алады. Жалпы 2018 жылы
Компания кәсіпорындары бойынша
экологиялық заңнама талаптарын
сақтамағаны үшін айыппұлдар мен
экономикалық санкциялар төмендеді
және 15,3 млн.теңгені құрады, оның
ішінде экологиялық заңнаманың
негізгі бұзушылығы «ҮМЗ» АҚ болып
табылады, ол мемлекет бюджетіне
13,6 млн. теңге төлеген. Есепті кезеңде
қаржылық емес санкциялар болған
жоқ.
307-1
өндірістік ерітінділерді құбы-
ржолдар арқылы жеткізу пай-
даланылатын учаскелерде радио-
активті ластанған топырақта;
өндірістік циклден алынатын,
пайдаланылған ион алмасты-
рғыш шайырлардан тұратын
қалдықтарда;
құрама резервуарлардан радио-
активті ластанған сұйық ерітінді-
де; және
өндірістен алынған жабдықтар
мен металл конструкциялардың
бөліктерінде жатады.
1
2
3
4
Қатты радиоактивті қалдықтар-
дың осы түрлері белсенділігі төмен
ретінде сипатталады және 4-ші мен
5-ші санатқа жатады, бұл олардың
аса қауіпті қатты радиоактивті қал-
дықтар болып табылатындығының
белгісі. Компаниялардың өндіруші
кәсіпорындары Қазақстан заңнамасы-
на сәйкес кәдеге жарату үшін арнайы
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 85
бөлінген орындарда қатты радиоак-
тивті қалдықтарды кәдеге жаратуды
жүзеге асырады.
Компанияның ЕТҰ-да өнеркәсіптік
және радиоактивті қалдықтарды
басқару үшін негіз болып Компанияда
әзірленген «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»
АҚ кәсіпорындарында өндіріс және
тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу
ережелері» және «Радиоактивті қал-
дықтармен оларды көму сәтіне дейін
жұмыс істеу жөніндегі әдістемелік
нұсқаулар» корпоративтік стандартта-
ры қызмет етеді.
Есепті кезеңде компанияның ЕТҰ эко-
логиялық заңнаманың талаптарына
сәйкес өндірістік экологиялық бақыла-
уды (бұдан әрі — ӨЭБ) жүзеге асырды.
ӨЭБ тоқсан сайын ӨЭБ жоспар-кестесі
негізінде аккредиттеу аттестаты бар
мердігерлік ұйымдарды (зертхана-
ларды) тарта отырып жүргізіледі. «Қа-
затомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2018 жылы
қоршаған орта сапасының белгілен-
ген нормативінен асып кеткен жоқ.
Есепті кезеңде қалдықтардың пайда
болу көздері мен сақтау және көму
орындарын есепке алу, түгендеу;
қалдықтарды қайталама ресурстар
ретінде пайдалану, оларды арнайы
бөлінген аумақтарда өнеркәсіптік қал-
дықтарды пайдалану, кәдеге жарату
2017 жылмен салыстырғанда 2018
жылы өнеркәсіп қалдықтарының 57%-
ға өсуі өнеркәсіптік алаңдарда өндіріс
көлемінің ұлғаюына және Қаражал
флюорит кен орнынан (ШҚО) аршу
жыныстары көлемінің пайда болуына
байланысты.
Жақын арада Компанияның еншілес
тәуелді ұйымдары есепті кезеңде
анықталған кемшіліктерді түзетуге
күш жұмсайды:
1. өндіріс және тұтыну қалдықтары-
ның жиналуының өсу үрдісі байқа-
лады. Пайда болатын қалдықтар-
дың жалпы санынан қалдықтардың
1%-дан сәл артығы кәдеге жара-
тылады. Қалған саны жиналады
немесе жойылады.
Кәсіпорындарда жүргізілетін қал-
дықтарды орналастырар алдында
оларды кәдеге жарату және қайта
өңдеу бойынша жұмыс күшейтілетін
болады. Қалдықтарды басқару жүйесі
жетілдіруді талап етеді.
2. бұрғылау шламының қауіптілік дең-
гейін анықтау мен кодтауды регла-
менттейтін нормативтік-құқықтық
құжат жоқ.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қал-
дықтарды басқару жүйесін құрудың
2016-2020 жылдарға арналған кешенді
тәсілі бойынша іс-шаралар жоспарын
іске асыру шеңберінде әзірленген
«Уран кен орындарында техноло-
гиялық ұңғымаларды салу кезінде
пайда болатын бұрғылау шламының
қауіптілік деңгейін анықтау және қал-
дықтарын кодтау жөніндегі әдістеме»
(бұдан әрі- Әдістеме) оны «Қазатомө-
неркәсіп» ҰАК» АҚ-ның барлық уран
өндіруші кәсіпорындарында одан әрі
қолдану үшін мемлекеттік органда
бекітуде. Бұл әдістеме экологиялық
және салық заңнамасын бұзумен
байланысты проблемаларды шешуге
мүмкіндік беретін компания кәсіпо-
рындарындағы бұрғылау шламының
қауіптілік деңгейін және жіктеу кодын
анықтау тәртібін регламенттейді.
және қайта өңдеу, көму үшін бөгде
ұйымдарға беру бойынша жұмыстар
жүргізілді.
2018 жылы Компанияның өнеркәсіптік
алаңдарында 1 366 мың тонна қалдық
қалыптасты.
Қауіпті қалдықтар (38 401,54 кг.) ма-
мандандырылған кәсіпорындарға кә-
деге жаратуға берілді. Технологиялық
және барлау ұңғымаларын бұрғылау
процесінде пайда болған бұрғылау
шламы түріндегі қауіпті емес қал-
дықтар (1 163 195,76 кг.) арнайы шлам
қоймаларында орналастырылады
және толған сайын жобалық шешім-
дерге сәйкес қайта құнарландырыла-
ды. Сондай-ақ қауіпсіз қалдықтардан
коммуналдық қалдықтар қалыптасады
(2 490,49 кг.).
Пайда болған қауіпті қалдықтардың
басым бөлігі шарттық негізде маман-
дандырылған кәсіпорындарға берілді.
Қалдықтарды қолдану әдістері ҚР Эко-
логиялық кодексіне сәйкес белгіленді.
Мемлекеттік органдар белгілеген
қалдықтар эмиссияларының шегінен
асып кетулер (1812,9 мың тонна) тір-
келген жоқ.
Компания қалдықтарын түрлері бой-
ынша егжей-тегжейлі бөлу төмендегі
кестеде көрсетілген:
Қалдықтардың түрлері
2016
жыл
2017
жыл
2018
жыл
Өзгеріс
2017-2016
Өзгеріс
2018-2017
Өнеркәсіптік
443,6
797,1
1 253,5
80%
57%
Коммуналдық
3
2,7
2,5
–10%
–7%
Қатты радиоактивті
2,9
11,5
3,9
297%
–66%
Сұйық радиоактивті
111,1
125,5
106,1
13%
–15%
БАРЛЫҒЫ
560,6
936,8
1 366
67%
46%
Түрлері бойынша бөлінген Компания қалдықтарының жалпы
салмағы, мың тонна
306-2
86 | Жылдық есеп. 2018
3. Орнықты даму
Достарыңызбен бөлісу: |