Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет35/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   113

еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік
қауіпсіздік, еңбек жағдайларын
жақсарту бойынша заң талаптарын
қамтамасыз ету бойынша шара- 
ларды жүзеге асыруға бағытталған
7,38
млрд теңге
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ  
ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК  
ҚАУІПСІЗДІК
Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамта-
масыз ету Компанияның негізгі 
басымдығы болып табылады. Барлық 
қолданылатын заңдарды қатаң 
сақтауға қосымша, Компания еңбекті 
қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік 
саласындағы озық халықаралық 
тәжірибені қамтитын қауіпсіздікке 
кешенді тәсілді іске асырады.
 403-1 
Компания кәсіпорындарында Қа-
зақстан Республикасының еңбек заңна-
масына сәйкес өндірістік қауіпсіздік 
кеңестерінің құрамына тепе-теңдік 
негізде, жұмыс берушінің өкілдері 
мен қызметкерлердің өкілдерін қоса 
алғанда, техникалық инспекторлар 
кіреді. Өндірістік кеңестер өндірістік 
қауіпсіздік қызметін алмастырмайды, 
бірақ еңбек қауіпсіздігін және еңбекті 
қорғауды қамтамасыз ету, өндірістік 
жарақаттану мен кәсіптік аурулар-
дың алдын алу жөніндегі қызметті 
толықтырады, сондай-ақ өндірістік 
кеңестер техникалық еңбек инспектор-
ларының жұмыс орындарында еңбек 
жағдайларын және еңбекті қорғауға 
тексеру жүргізуді ұйымдастырады. Бұл 
ретте қауіпсіздік пен еңбекті қорғау 
жөніндегі өндірістік кеңестің шешімі 
жұмыс беруші мен қызметкерлер үшін 
міндетті болып табылады.
 403-1 
Компания Vision Zero халықаралық 
бағдарламасының қатысушысы ретінде 
тіркелген, өзінің нөлдік жарақаттануға 
деген ұмтылысын растай отырып, жұ-
мыста қауіпсіздікті, денсаулықты және 
әл-ауқатын жақсарту жөніндегі ха-
лықаралық әлеуметтік қамсыздандыру 
қауымдастығының (ISSA) бастамасын 
қолдай отырып, өткен жылы Компания 
Vision Zero халықаралық бағдарлама-
сының қатысушысы ретінде тіркелген.
 102-12 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на корпо-
ративтік басқару жүйесін диагности-
калау нәтижелері бойынша Өндірістік 
қауіпсіздік бойынша референстік 
модельдің талаптарына сәйкес жұмыс 
орындарында тәуекелдерді анықтау, 
бағалау және басқару және өндірістік 
үдерістің қауіпсіздігін басқару (PSM) 
бойынша жаңа процесті әзірлеу; 
корпоративтік тәуекел картасында 
«өндірістік жарақаттану» тәуекелін 
алдын алу шараларының пайда болу 
себептері мен тиімділігіне қатысты 
қайта қарау ұсынылды. Осы ұсынымды 
іске асыру мақсатында «Қазатомөнер-
кәсіп» ҰАК» АҚ Өндірістік қауіпсіздік 
департаменті жаңа процесс — мі-
нез-құлық аудитін әзірледі, онда қыз-
меткерлердің өндірістік тапсырманы 
орындау кезіндегі мінез-құлқына, 
жұмыс орындарының/учаскелерінің 
ұйымдастырылуына және шарттарына, 
жабдықтардың, құрал-саймандар мен 
құрылғылардың техникалық жағдайы-
на, барлық қажетті ішкі құжаттардың 
(нұсқаулықтар, рәсімдер, стандарттар 
және т.б.) болуына бақылау жүргізіледі. 
Бұл процесті енгізу қауіпсіздік деңгей-
ін арттыруға оң әсер етуі мүмкін.
Компания қауіпсіздік мәдениетін 
жақсарту және өз қызметкерлерімен 
және барлық деңгейдегі басшылармен 
өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын 
саналы түрде сақтау деңгейін арттыру 
бойынша үнемі жұмыс істейді. 2018 
жылы 7,38 млрд.теңге (2017 жылға 
қарағанда 300 млн. теңгеге артық) 
еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қа-
уіпсіздік, еңбек жағдайларын жақсарту 
бойынша заңнамалық талаптарды 
қамтамасыз ету жөніндегі шаралар-
ды іске асыруға бағытталды. Соңғы 
5 жылда қызметтің осы түрлеріне 
арналған шығыстар серпіні тұрақты 
өсімді көрсетеді.
 403-7 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ биз-
несін ЕТҰ-ға трансформациялау 
бағдарламасы шеңберінде «Кешенді 
қауіпсіздікті басқару жөніндегі ныса-
налы модельді енгізу» КАР20 жобасы 
іске асырылды.
ЕТҰ-да ISO-14001 экологиялық менед-
жмент және OHSAS 18001 өндірісінде 
денсаулық және қауіпсіздік менед-
жменті жүйесін енгізді.
 102-12 
2018 жылы бақыланбайтын жарылыс- 
тар, қауіпті заттардың шығарынды-
лары немесе ғимараттардың бұзылуы 
сияқты өнеркәсіптік аварияларға жол 
берілген жоқ.
Сонымен қатар 9 жол оқиғасы (жа-
рақатсыз) және 12 жазатайым оқиға, 
оның ішінде «ҮМЗ» АҚ-да өліммен 
аяқталған бір жазатайым оқиға (соңғы 
3 жылдағы жалғыз өлім оқиғасы) тір-
келді. Оқиға оператор электр тогымен 
жарақат алған жағдайда орын алды. 
Мұқият тексеру нәтижелері бойынша 
бұл жағдайдың негізгі себебі қауіпті 
энергия көздерімен жұмыс істеу 
қатерін бағалаудың жеткіліксіздігі бо-
лып табылады. Нәтижесінде, Холдинг 
кәсіпорындарында қауіпті энергия 
көздерін оқшаулау жүйесі енгізілуде.
Бұдан басқа, Компания басшылары-
ның еңбекті, қоршаған ортаны қорғау, 
өнеркәсіптік және радиациялық 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселе-
леріне жетекшілік және тартылу көр-
сеткіші ретінде өндірістік қауіпсіздік 
қызметтері компанияның, еншілес, 
бірлескен және тәуелді кәсіпорындар-
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 83


«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, оның 
еншілес және тәуелді ұйымдарының 
басшылығы: экологиялық көрсет-
кіштердің жақсаруы Компанияның 
бәсекеге қабілеттілігін арттыраты-
нына сенімді. «Қазатомөнеркәсіп» 
қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға, 
экологиялық және аса қауіпті өн-
дірістік объектілер орналасқан жер-
лерде экожүйелердің тұрақтылығын 
сақтауға ұмтылады: 
3.3
Экологиялық
жауапкершілік
нормативтік техникалық 
базаны жетілдіру, техникалық 
регламенттер мен стандарт-
тарды әзірлеу және қабылдауға 
жәрдемдесу; 
қоршаған ортаны қорғау 
саласында тұрақты жақсарту 
мақсатында ISO 14001 халықара-
1
лық стандартының талаптарына 
сәйкес экологиялық менед-
жмент жүйесін енгізу; 
 
102-12
 
өндірістік қызметтің барлық 
кезеңдерінде экологиялық 
тақырыптарды есепке алуды 
және экологиялық тәуекелдерді 
төмендетуді қамтамасыз ететін 
жағдайлар мен тетіктер жүйесін 
құру; 
ең жақсы қолданыстағы тех-
нологияларды енгізу арқылы 
ластануды болдырмау және 
қоршаған ортаға әсер ету сал-
дарын азайту; 
Компания қызметкерлерінің 
және Компания объектілерінде 
жұмыс жүргізетін мердігер-
лердің қоршаған ортаны қорғау 
саласындағы талаптарды, өн-
дірістік қауіпсіздік саласындағы 
стандарттар мен нормаларды 
сақтауы. 
2
3
4
5
Жарақаттану саласындағы көрсеткіштер
Көрсеткіш
2017 жыл
2018 жыл
Өзгеріс, %
Жазатайым оқиғалар саны
7
12
71
LTIFR көрсеткіші
0,15
0,31
*
107
Өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар

1

ЖКО
7
9
28
 403-9 
дың бірінші басшыларының тікелей 
басшылығымен болуы тиіс деген 
шешім қабылданды. 
 403-9 
Қауіпсіздік мәдениетін одан әрі 
жетілдіру және өндірістік қауіпсіздік 
саласындағы озық халықаралық 
практикаларды қолдану шеңберінде 
әлеуетті қауіпті жағдайларды анықтау 
және ден қою сияқты алдын алу 
шараларын қолдануға ерекше назар 
аударылады.
Еңбекті қорғау шараларының 
тиімділігін бағалау үшін Компания 
LTIFR көрсеткішін пайдаланады 
(жұмыс уақытын жоғалта отырып, 
жарақат жиілігі), ол 1 000 000 сағатқа 
жұмыс уақытының жоғалуына әкелетін 
оқыс оқиғалардың санын көрсетеді.
*
 2018 жылғы LTIFR бойынша деректер «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 2018 жылдың екінші  
жартыжылдықтағы жұмыс істеген уақыты есепке алынбай қабылданды. 
Компания кәсіпорындарында 
«Экологиялық менеджмент жүйесі», 
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 
еңбекті қорғау, қоршаған ортаны 
қорғау, ядролық және радиациялық 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету сала-
сындағы біріктірілген саясаты жұмыс 
істейді, олар нарық конъюнктурасы 
өзгерген, өндірістерді реконструк-
циялау немесе жаңғырту, қоршаған 
ортаны қорғау саласында жаңа өзекті 
міндеттер пайда болған жағдайда 
қайта қаралады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Корпора-
84 | Жылдық есеп. 2018
             3. Орнықты даму 


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау