Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ


Қаржылық емес активтердің құнсыздануы



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет74/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   113

Қаржылық емес активтердің құнсыздануы
Әрбір есептілік беру кезеңінің аяғында басшылық қаржылық емес активтердің (қордан және кейінге қалдырылған салық 
активтерінен айырмашылығы бар) құнсыздану белгілері бар екенін анықтайды, осындай кез келген белгі анықталса, бас-
шылық өтелетін құнын бағалайды, ол екі мөлшердің ең көбі ретінде айқындалады: активті сатуға кеткен шығыстарды алып 
тастағандағы әділ құнының (бағалау күніне нарықтың қатысушылары арасында ерікті түрде өткізілген операция барысын-
дағы міндеттемелерді өткізу кезінде төленген немесе активті сатыпалуға болатын бағасы) және оны пайдалану құндылығы 
(яғни, ақшалай ағымдарды өндіретін, сәйкес келетін нысан бойынша болашақта күтілетін ақшалай ағымдардың таза 
келтірілген құны). Пайдалану құндылығын бағалау кезінде, бағаланатын болашақ ақшалай қаражат ағымдары дисконт мөл-
шерлемесін салық салуға дейін пайдаланумен қоса олардың келтірілген сомасына дейін дисконтталады, ол уақытша ақша 
құнына және, болашақ ақшалай ағымдарын бағалау кезінде оларға түзетулер жүргізілмеген, аталған активтер тәуекелдеріне 
тән қолданып жатқан нарық бағалауын білдіреді.
Бөлек активтің өтелетін сомасын бағалау мүмкін емес болса, Топ аталған актив тиесілі бірліктің ақшалай ағымын генерир-
лейтін өтелетін соманы бағалайды. Ақшалай ағымдарын өндіретін нысан (генерирлеуші бірлік) – бұл ең аз айқындалатын 
активтер тобы, ол ақшалай ағымын өндіреді, және олар өзге активтерден немесе активтер тобынан түскен ақшалай ағымда-
рынан елеулі дәрежеде тәуелді емес. Генерирлеуші бірліктерді анықтау қағидасы 4 Ескертуде ұсынылған.
Құнсыздану мәніне тексеруді жүргізу кезінде қолданылатын бағалау мәні кен орнын әзірлеудің егжей-тегжейлі жоспары-
на және «Активтердің құнсыздануы» 36 (IAS) ХҚЕС талаптарына сәйкес келтірілген жұмыс бюджетіне негізделген. Болашақ 
ақшалай ағымдар мыналарға негізделген: 
•  есептесу резерв көлеміне, олар бойынша экономикалық тұрғыдан негізделген алудағы жоғары дәрежедегі сенімділік бар; 
•  болашақ өндіріс көлеміне; 
•  болашақ тауар бағаларына (ағымдағы нарық бағалардың, үш жылдан бес жылға дейінгі мерзім ішінде,Топпен есептелген 
ұзақмерзімдік перспективадағы орташа бағадан айырмашылығы болмаған жағдайда), сондай-ақ
•  болашақ өндірістің өзіндік құнына және өзге де операциялық және капиталдық шығындарға.
Активтің баланстық құны оның өтелетін құнынан асатын болса, активтің құнсыздануы мойындалады, және құнсызданудан 
болған залал, шоғырландырылған қаржы жағдай туралы есептілікте көрсетілген баланстық құнын активтің өтелетін құнына 
дейін азайту мақсатында, жылдағы пайда немесе залалда көрсетіледі. Активтердің өткен есептілік беру кезеңдерінде 
мойындалған құнсыздануынан болған шығын қалпына келтіріледі (қажет болған кезде), егер де активті немесе оның сатуға 
кеткен шығыстарын есептемегенде, әділ құнын пайдаланудан болған құндылықты айқындау кезінде бастапқы пайдаланған 
есептеу бағалары өзгерген болса. Аталған қалпына келтіру мөлшері, алдыңғы жылдары құнсызданудан ешбір шығын мой-
ындалмаған жағдайда айқындалуы мүмкін тозуды есептен шығарып, баланстық құнының сомасымен шектелген.
Сатуға арналған санатқа жатқызылған ұзақмерзімді активтер 
Бақылауды жоғалтуды қоса алғанда (ұзақмерзімдік және қысқамерзімдік активтер қамтуы мүмкін) ұзақмерзімдік активтер 
мен шығу топтары, олардың баланстық құны сату арқылы өтеледі болады, егер «сатуға арналған ұзақмерзімдік активтер» 
қаржылық жағдай туралы есептілікте көрсетіледі ( еншілес ұйымы), есептілікті күннен кейінгі 12 ай ішінде. (а) Активтердің 
классификациясы төменде көрсетілген шарттардың барлығы болған жағдайда активтер оның қазіргі жағдайы дереу сату 
үшін қол жетімді: төменде көрсетілген шарттардың барлығы кезде активтері қайта жіктеледі (б) Топ басшылығы клиенттерге 
іздеу үшін іс-қимыл бағдарламасын бекітті және оны жүзеге асыруға кірісті; (в) активтерді ақылға қонымды бағамен сату 
үшін белсенді қызмет атқарады; 
(г) сатылым бір жыл ішінде күтіледі, және (д) сату жоспарына елеулі өзгерістер болмайды немесе оның жойылуы күтіледі. 
Ағымдағы есептіліктік кезеңдегі қаржылық ахуал туралы шоғырландырылған есептілікте сатуға арналған ретінде жіктелген 
ұзақмерзімдік активтер немесе шығу топтары, басқа санатқа ауыстыруға жатпайды және ағымдағы есептілік кезеңінің 
соңындағы жіктелумен сәйкестікке келтіру үшін қаржылық ахуал туралы есептің салыстырмалы деректеріндегі ұсынылу 
нышанын өзгертпейді.
Шығатын топ сату немесе өзге тәсілмен бір операция нәтижесінде топ ретінде бірге шығуға жататын активтер (қысқа-
мерзімді немесе ұзақмерзімді) және осы активтермен тікелей байланысты, осы операциялардың нәтижесінде табысталатын 
міндеттемелер болып табылады. Шығарылатын топ құрамында гудвил есептеледі, егер шығатын топ сатып алу кезінде 
гудвил бөлінген ақша құралын генерирлеуші бірлік болып табылса. Ұзақмерзімді активтер болып есеп беру күнінен кейін 12 
айдан асатын мерзімде өтелуі немесе алынуы күтілетін сомалар кіретін активтер есептеледі. Егер жіктеуді өзгерту қажеттігі 
туындайтын болса, мұндай өзгеріс активтің қысқамерзімді бөлігі үшін де, сонымен қатар ұзақмерзімді бөлігі үшін де жүр-
гізіледі.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 173


Сатуға арналған шығарылатын топтар жалпы алғанда екі мәннің: баланстық құн мен әділ құн сомаларын төменімен бағала-
нады. Сату үшін ұсталатын негізгі құралдар амортизацияланбайды. Қайта жіктелген ұзақмерзімдік қаржы құралдары сатуға 
жұмсалған шығындарды шегергендегі баланстық құнның және әділ құнның аз сомасына дейін есептен шығаруға жатпайды.
Шығарылатын топпен тікелей байланысты және шығу кезінде табысталатын міндеттемелер қайта жіктеуге жатады және 
қаржылық ахуал туралы шоғырландырылған есептілікте бөлек жолмен көрсетіледі. 
Тоқтатылған қызмет
Тоқтатылған қызмет Топтың шыққан немесе сатуға арналған болып жіктелетін компоненті болып табылады және: (а) қыз-
меттің бөлек елеулі түрі немесе операциялар жүргізілетін географиялық аудан болып табылады; (б) қызметтің бөлек елеулі 
түрінің немесе операциялар жүргізілетін географиялық ауданның шығуының бірыңғай үйлестірілген жоспарының бір бөлігі 
болып табылады; немесе (в) тек кейіннен қайта сату мақсатында ғана сатылып алынған еншілес ұйым болып табылады. 
Тоқтатылған қызметтен ақша ағындары, егер олар бар болса, жалғасатын қызметтен бөлек көрсетіледі; бұл ретте салыстыр-
малы көрсеткіштер ұсынымы тиісті түрде өзгереді. 
Қаржы құралдары 
Бағалаудың негізгі тәсілдері 
Әділ құны – бағалау күніндегі нарық қатысушылары арасындағы өз еркі негізінде активтерді сату кезінде немесе операци-
яларды жүргізу кезіндегі міндеттемелерді тапсыру кезінде алынуы мүмкін баға. Белсенді нарықтағы баға белгілеу әділ құ-
нының ең жақсы растауы болып табылады. Белсенді нарық – бұл, тұрақты негізінде бағалау туралы ақпаратты алуды мүмкін 
ететін, жеткілікті жиілігі мен жеткілікті көлемінде активтер мен міндеттемелер мен операциялар жүргізілетін нарық.
Белсенді нарықта айналымы бар қаржы құралдарының әділ құны, белгілеу бағасын бөлек активке немесе міндеттемені, 
олардың кәсіпорын ұстап отырған санына көбейту кезінде алынған сома ретінде бағаланады. Нарықтың тәуліктік қарапай-
ым сауда айналымы кәсіпорындағы активтер мен міндеттемелерді басып алуға жеткіліксіз болса, ал бөлек операцияларда 
позицияларды сатуға арналған тапсырыстарды орналастыру, белгілеу бағасына әсер етуі мүмкін. 
Дисконтталған ақшалай ағымдардың моделі сияқты, сондай-ақ нарық ережелерімен жасалатын ұқсас операциялардың 
деректерімен негізделген модельдер сияқты бағалау әдістері, немесе инвестициялар объектісінің қаржы деректерін қарау 
әдістері қолданылды.Қаржы құралдарының әділ құнын айқындау үшін мәмілелер бағасы туралы нарық ақпарат қол жетім-
сіз. Әділ құнын бағалау қорытындысына мынадай түрде әділ құны иерархиясының деңгейі бойынша талдау жасалады және 
бөлінеді: (i) 1 Деңгейге ұқсас активтер немесе міндеттемелер үшін белсенді нарықтағы белгіленетін бағалар (белгіленбей-
тін) бойынша, (ii) 2 Деңгейге – бағалау әдісі арқалы алынған бағалаулар жатады, онда қолданылатын барлық елеулі шығыс 
деректер, тікелей (мысалы, баға), немесе жанама түрде (мысалы, баға негізінде есептелген) актив пен міндеттемелер үшін 
бақыланатын болып табылады, және (iii) 3 Деңгейдің бағалауы, олар, тек бақыланатын нарық деректеріне негізделген емес 
бағалау болып табылады (яғни бағалау үшін бақыланбайтын шығыс деректерінің елеулі көлемі талап етіледі). Әділ құны 
иерархиясының деңгейінен деңгейге ауысу есептілік беру кезеңнің аяғында орын алған деп саналады.
(i) Мәміле бойынша шығындар
Мәміле бойынша шығындар қаржы құралын сатып алуға, шығаруға немесе істен шығаруға тікелей жататын қосымша 
шығындар болып табылады. Қосымша шығындар – бұл, мәміле жасалмай қалса, шегілмейтін шығындар. Мәміле бойын-
ша шығындарға агенттерге (сауда агенттері ретінде әрекет ететін қызметкерлерді қоса), консультанттарға, делдалдарға 
және дилерлерге төленген сыйақылар мен комиссиялық төлемдер, реттеуші органдарға және қор биржаларына төленетін 
алымдар, сондай-ақ меншікті тапсыру кезіндегі алынатын салық пен алулар кіреді.Мәміле бойынша шығындарға сыйақы-
лар немесе борыштық міндеттемелер бойынша дисконттар, қаржыландыруға кеткен шығындар, ішкі әкімшілік шығыстар 
немесе сақтауға арналған шығыстар кірмейді. 
(ii) Амортизациялық құн
Амортизациялық құн мөлшерлемені білдіреді, ондағы қаржы құралы есептелген пайыздың мөлшеріне азайтылған немесе 
көбейтілген, қарыздың негізгі сомасын өтеудегі ұстап қалынған ақшаны, ал қаржы активтері үшін – құнсызданудан туын-
даған шығындар сомасын санамағанда (бағалау резерві шотын тікелей немесе пайдалану арқылы), бастапқы мойындалған 
кезде бағаланған болатын. Қосылған проценттерге мәміле бойынша шығындардың, сондай-ақ кез келген сыйақылардың 
3. 
Есептілік саясатының негізгі ережелері 
(жалғасы) 
174 | Жылдық есеп. 2018
             Шоғырландырылған қаржылық есептілік  


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау