Жылдық есеп, 2018. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ



жүктеу 10,68 Mb.
Pdf просмотр
бет18/113
Дата25.12.2019
өлшемі10,68 Mb.
#24924
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   113

ҚОРЛАРДЫ БАҒАЛАУДАҒЫ  
ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ӘСЕРІ
Топ қорлар мен ресурстарды тұрақты 
негізде бағалайды. Нәтижесінде 
қорлар мен ресурстар қолданыстағы 
стандарттарға сәйкес қайта жіктелуі 
мүмкін. Мұндай қайта жіктеу Топтың 
қаржылық есептілігіне әсер етуі 
мүмкін. Мысалы, егер қайта жiктеу Топ 
жоспарлаған кенішті игеру мерзімінің 
өзгеруіне әкеп соқтырса, бұл амор-
тизациялық шығыстарға, құнсыздану 
шығыстарына, сондай-ақ кенішті иге-
ру мерзімі аяқталғаннан кейін әдетте 
туындайтын кенішті жоюға арналған 
шығыстарға тиісті әсер етуі мүмкін.
БК-МЕН ЖӘНЕ ҚАУЫМДАСҚАН 
КОМПАНИЯЛАРМЕН МӘМІЛЕЛЕР
Компания өзінің еншілес компания-
ларынан, БК және қауымдасқан ком-
паниялардан U
3
O
8
 негізінен кез келген 
қолданылатын жеңілдіктерді ескере 
отырып, спот бағасы бойынша сатып 
алады. Негізінен сатып алынатын U
3
O
8
 
көлемі Компанияның тиісті сатушы 
ұйымдардағы үлесіне сәйкес келеді. 
Топтың Уран сегментінен түсетін түсімі 
негізінен екі ағыннан тұрады: 
•  БК және Қауымдасқан кәсіпорын-
дардан сатып алынатын U
3
O
8
 сату, 
және
Сатып алу бағасы бойынша сатудың өзіндік құнында есепке алынатын БК, 
қауымдасқан компаниялардан және бақыланбайтын инвестициялардан сатып 
алынған U
3
O
8
 көлемі 2018 жылы 4 669 тоннаны құрады, 2017 жылмен салысты-
рғанда 47%-ға төмендеу негізінен Топ құрылымының өзгеруіне байланысты 
(толығырақ 30-бетте «Компания активтерінің құрылымын» қар).
•  Компания және оның шоғырлан-
дырылған еншілес кәсіпорындары 
мен СО өндірген өзінің меншікті 
U
3
O
8
 сату. 
Сатып алынатын уранды сатудың 
өзіндік құны БК мен қауымдасқан 
кәсіпорындардан (үлестік қатысу әдісі 
бойынша) сатып алу бағасына тең, ол 
негізінен тиісті дисконттарымен қоса 
басым спот бағасы болып табыла-
ды. Тиісінше, БК мен қауымдасқан 
компаниялар нәтижелерінің үлесі 
Топтың пайдасының едәуір бөлігін 
құрайды және оны Топтың қаржылық 
нәтижелерін бағалау кезінде тиісті 
түрде ескеру қажет. 2018 жылы сатып 
алынатын U
3
O
8
 орташа өлшемді 
дисконты спот бағасының 4,2%-ын 
құрады.
Компания, шоғырландырылған ен-
шілес кәсіпорындар мен БК өндірген 
уранды сату кезінде сатудың өзіндік 
құны, негізінен, өндірістің өзіндік 
құнында берілген. Мұндай сату 
үшін толық өндіру маржасы Топтың 
шоғырландырылған нәтижелерінде 
көрсетіледі.
Келесі кестеде Компания сатып алған 
көлемдер келтірілген; осы көлемдер 
көрсетілген кезеңдер үшін сатып алу 
бағасы бойынша Компанияның са-
туының өзіндік құнында көрсетілген:
Көрсеткіш
2017 жыл 2018 жыл
Ауытқу
БК-дан және Қауымдасқан компаниялардан сатып алынған U
3
O
8
6 877
3 022
(56)%
Бақыланбайтын инвестициялардан сатып алынған U
3
O
8
(1)
1 882
1 647
(12)%
ЖИЫНЫ
8 759
4 669
(47)%
(1)
 Бақыланбайтын инвестициялар «Байкен-У» ЖШС болып табылады, оның тікелей қатысуының 
5%-ы Компанияға тиесілі.
БК, ҚК-дан сатып алынған 
U
3
O
8
 және бақыланбайтын
инвестициялар көлемі
4 699
тонна
Компания сатып алған көлем, тонна
46 | Жылдық есеп. 2018
             2. Қаржылық және операциялық қызметке шолу 


Көрсеткіш
2017 жыл
(4)
(қайта 
есептелген)
2018 жыл
Ауытқу
Топтың шоғырландырылған түсімі
(қаржылық есептілікке сәйкес)
277,0
436,6
58%
Операциялық пайда
32,6
77,5
138%
Таза пайда 
139,2
380,3
173%
Опционның пут сатудан түскен кірісі (бір жолғы әсер)
(1)
107,7


Бизнес сатып алу(бір жолғы әсер)

313,5

Түзетілген таза пайда
31,5
66,8
112%
Меншік иелеріне тиесілі акцияға таза пайда (базалық 
және көбейтілген) теңге / акция 
534,1
1 435,0
169%
EBITDA
(2)
 түзетілген көрсеткіші
96,7
131,3
36%
EBITDA
(3)
 түзетілген көрсеткіші 
128,2
140,2
9%
Операциялық ақша ағыны
23,4
58,3
149%
(1)
 2017 жылы Топ алынған сыйақы мен инвестициялардың теңгерімдік құны арасындағы айыр-
машылық салдарынан 107,7 млрд теңге көлемінде пут-опционды сатудан түскен пайданы таныды.
(2)
 Түзетілген EBITDA негізгі қызметпен байланысты емес және бір жолғы әсері бар барлық баптарды 
EBITDA-дан алып тастау жолымен есептеледі.
(3)
 Түзетілген EBITDA (қатысу үлесі бойынша) «Аппак» ЖШС және «Инкай» БК» ЖШС түзетілген 
EBITDA үлесін шегере отырып және Топтың іске асырылмаған пайдасындағы кез келген өзгері-
стерді шегере отырып, БК және қауымдасқан компаниялардың (әр есептік кезең ішінде болмашы 
әсерге бола «Буденовский БК» ЖШС қоспағанда) таза пайдасындағы үлесін шегере отырып түзетіл-
ген EBITDA ретінде есептеледі.
(4)
 МАЭК-Казатомөнеркәсіп ЖШС қызметін тоқтатылған ретінде жіктегендіктен.
2.2
Қызметтің негізгі  
көрсеткіштері
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
Шоғырландырылған түсім 2017 жылмен 
салыстырғанда 58%-ға ұлғайып, не-
гізінен уран өнімдерін сатуды ұлғайту 
есебінен 2018 жылы 436,6 млрд теңгені 
құрады, бұл нарық үлесінің өсуін және 
Топ құрылымының өзгеруін көрсетеді 
(толығырақ 30-бетте «Компания актив-
терінің құрылымы» қараңыз).
2017 жылмен салыстырғанда, опера-
циялық пайда 138%-ға ұлғайып, 2018 
жылы 77,5 млрд теңгені құрады, бұл 
негізінен U
3
O
8
 сату көлемінің ұлғаюы-
на және сатудың орташа бағасының 
ұлғаюына байланысты болды.
Бір жыл ішіндегі таза табыс 380,3 
млрд теңгені құрап, 2017 жылмен са-
лыстырғанда 173%-ға ұлғайды. Алайда, 
алдыңғы жылмен салыстырғанда ұлға-
юдың едәуір үлесі негізінен екі жылда 
да бір жолғы әсерлерге, оның ішінде 
2017 жылы пут-опционды өткізуге 
және Топтың құрамына «Инкай» БК» 
ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «Ақбастау» АҚ 
шоғырландыруға енгізу нәтижесінде 
инвестициялар құнының өзгеруіне 
байланысты (толығырақ 30-бетте 
«Компания активтерінің құрылымы» 
қараңыз). Осы мәмілелер бойын-
ша бір жолғы нәтиже таза пайданы 
тиісінше 107,7 және 313,5 млрд теңгеге 
ұлғайтты. Осы әсерлерге түзетуді 
ескере отырып, түзетілген таза пайда 
2017 жылмен салыстырғанда 112%-ға 
ұлғайып, 66,8 млрд теңгені құрады.
EBITDA түзетілген көрсеткіші 2017 
жылмен салыстырғанда 36%-ға 
ұлғайып, 2018 жылы 131,3 млрд теңгені 
құрады, ал 2018 жылы қатысу үлесі 
бойынша EBITDA түзетілген көрсеткіші 
2017 жылмен салыстырғанда 9%-ға 
ұлғайып, 140,2 млрд теңгені құрады. 
Ұлғаю, негізінен, операциялық пайда-
ның өсуімен және Топ құрылымының 
өзгеруімен байланысты (толығырақ 
30-бетте «Компания активтерінің 
құрылымы» қараңыз).
Ұқсас себептер бойынша операциялық 
ақша ағыны 58,3 млрд теңгені құрап, 
2017 жылмен салыстырғанда 149%-ға 
ұлғайды.
2018 жылдағы таза пайда
(2017 ж салыстырғанда
173% көп)
380,3
млрд теңге
Қаржылық көрсеткіштер, егер өзгесі көрсетілмесе, млрд теңге
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 47


жүктеу 10,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау