45.
Бизнесті сатып алу
(жалғасы)
2018 жылғы 1 қаңтарға Топта уран сатып алу келісімшарты бойынша «Ақбастау» БК» АҚ алдында 5,420 миллион теңге сома-
сында кредиторлық берешегі, сонымен қатар тауарлар мен қызметтер ұсыну келісімшарттары бойынша 87 миллион теңге
сомаға дебиторлық берешегі бар болды.
Төменде «Қаратау» ЖШС бойынша сатып алынған активтер мен міндеттемелердің әділ құны және гудвил туралы ақпарат
(қатысу үлесіне 50% пропорционал түрде) берілген:
Миллион Қазақстан теңгесімен берілген
Әділ құн
Ақша қаражаты және олардың эквиваленттері
372
Дебиторлық берешек
4,977
Қорлар
1,716
Жер қойнауын пайдалану құқығы
123,268
Негізгі құралдар
7,167
Өндіріске дайындау шығындары және Барлау және бағалау активтері
6,134
Өзге активтер
616
Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері
(24,809)
Несиелер мен қарыздар
(2,235)
Кредиторлық берешек
(2,087)
Өзге міндеттемелер
(658)
Сатып алған таза сәйкестендірілетін активтердің әділ құны (топішілік берешектерді
алып тастағанға дейін)
114,461
Азайту: топішілік берешектерді алып тастау
(3,205)
Сатып алған таза сәйкестендірілетін активтердің әділ құны
111,256
Гудвил, сатып алумен байланысты
24,809
БЕРІЛГЕН СЫЙАҚЫ ЖӘНЕ САТЫП АЛҒАН ҰЙЫМДАҒЫ БҰРЫН ТИЕСІЛІ ҮЛЕСТІҢ
ӘДІЛ ҚҰНЫ ЖИЫНЫ
136,065
Бағалаудың нәтижесінде «Қаратау» ЖШС активтерінің құны, негізінен, жер қойнауын пайдалану құқығын әділ құн бойынша
бағалау есебінен, 124,123 миллион теңгеге ұлғайды, мұның нәтижесінде баланстық құн 61 миллион теңгеден 123,270 миллион
теңгеге дейін ұлғайды. Негізгі құралдардың құны 914 миллион теңгеге артты.
Кейінге қалдырылған 24,809 миллион теңге сомасындағы салық әділ құнның баланстық құннан асуы сомасына есептелді
және гудвилді мойындаудың негізгі себебі болып табылды.
2018 жылғы 1 қаңтарға Топта уран сатып алу келісімшарты бойынша «Қаратау» ЖШС алдында 4,027 миллион теңге сома-
сында кредиторлық берешегі, сонымен қатар тауарлар мен қызметтер ұсыну келісімшарттары бойынша 822 миллион теңге
сомаға дебиторлық берешегі бар болды.
«Байкен-U» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС және «Хорасан-U» БК» ЖШС
2006 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Байкен-U» ЖШС және «Қызылқұм» ЖШС-дағы, тиісінше, 95% және 40% қатысу
үлестерін өткізді, нәтижесінде Топ жоғарыда аталған кәсіпорындарға бақылауды жоғалтты. 2014 жылы Топ Британиялық
Виргиния аралдарындағы келесі жауапкерлерге: Power System International Limited (бұдан әрі-PSIL), Swinton Investment
and Finance S.A. және жеке тұлғаларға «Байкен-U» ЖШС және «Қызылқұм» ЖШС-на қатысу үлестері ресімделген оффшорлық
юрисдикцияда тіркелген компания акцияларына құқықты мойындау туралы талап арызға бастамашылық етті. 2017 жылғы 28
қыркүйекте келіссөздер нәтижесінде жауапкерлермен келісімге қол қойылды, оның шарттары бойынша жауапкерлер Топтың
иелігіне өз кезегінде «Байкен-U» ЖШС және «Қызылқұм» ЖШС қазақстандық уран өндіруші компанияларының белгілі бір
қатысу үлестерінің жанама ұстаушысы болып табылатын PSIL компаниясындағы 99.91% акцияны табыстады. PSIL компания-
сындағы қалған 0.09% акцияның иесі Nynco Limited компаниясы болып табылды, ол да Уэльс және Англия Жоғарғы әділ со-
тының конкурстық өндіріс туралы бұйрығы бойынша PSIL компаниясының акцияларын Топ пайдасына табыстады. Сонымен,
2017 жылғы қазаннан бастап Топ Британиялық Виргиния аралдарында тіркелген PSIL компаниясының жалғыз акционері
болып табылады.
252 | Жылдық есеп. 2018
Шоғырландырылған қаржылық есептілік
Жауапкерлермен келісім жасасып, PSIL компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ иелігіне көшкеннен кейін Британиялық
Виргиния аралдарындағы сот қарауы тоқтатылды.
2018 жылғы 3 қыркүйекте «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ , Marubeni Corporation, PSIL, Energy Asia Holdings Ltd және Energy
Asia (BVI) Limited (EAL) арасында реттеу туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісімге сәйкес, бірқатар шарттар орындалған
жағдайда, тараптардың әрқайсысы тараптардың кез келгенінің қандай да бір одан арғы әрекеттерінсіз жоғарыда аталған
реттеу шеңберінде бір біріне және кез келген қауымдастырылған кәсіпорындарға болуы мүмкін наразылықтардан бас
тартады. Шарттарға сонымен қатар біржолғы ақшалай сыйақыға айырбасқа «Хорасан-U» БК» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС және
«Қызылқұм» ЖШС-дағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қатысу үлестерін қалпына келтіру кіреді.
2018 жылғы желтоқсанда Топ Energy Asia Holdings (BVI) Limited компаниясынан Energy Asia (BVI) Limited компаниясының
40.05% акциясын және «Хорасан-U» БК» ЖШС жарғылық капиталындағы 16.02% акцияны сатып алу бойынша мәміленің
аяқталғандығы туралы хабарлады.
Жасалған мәміленің нәтижесінде Топтың «Байкен-U» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС және «Хорасан-U» БК» ЖШС-дағы иелену үле-
стері тиісінше 52.5%, 50% және 50% болды (2017 жылғы 31 желтоқсан бойынша иелену үлестері тиісінше 14.45%, 33.98% және
33.98% құрады).
2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ көпшілік дауыс алу және байқау кеңесінде өкілдік ету жолымен «Бай-
кен-U» ЖШС-ына бақылау алды. Топ сатып алған активтер мен міндеттемелерді есепке алу үшін баланстық құнды қолдан-
ды, өйткені есептік кезең аяғында бағалау бойынша есеп әлі аяқталмаған болды.
2018 жылғы 31 желтоқсан бойынша Топ «Қызылқұм» ЖШС және «Хорасан-U» БК» ЖШС-дағы елеулі ықпалын сақтап қалды.
Топ 2018 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Хорасан-U» БК» ЖШС-не бақылау Компанияның құрылтайшылық құжат-
тарына Топтың көпшілік дауысқа иелік етуіне мүмкіндік беретін өзгертулерді акционерлердің мақұлдауы алынғанға дейін
алынған жоқ деген қорытындыға келді.
«Байкен-U» ЖШС
Төменде табысталған өтем мен оның құрамдастарының жалпы сомасы иемденулер күніне көрсетілген:
Миллион Қазақстан теңгесімен берілген
Ақша қаражатының төленген сомасы
34,193
Бұрын болған қатынастар бойынша міндеттемелер
(10,286)
Берілген сыйақы жиыны
23,907
«Байкен-U» ЖШС-не иемденулерге дейінгі инвестициялар, 5%
6,168
PSIL/EAL арқылы «Байкен-U» ЖШС-дегі иемденулерге дейінгі үлес, 9.45% тиімді
11,657
БЕРІЛГЕН СЫЙАҚЫНЫҢ ЖӘНЕ САТЫП АЛҒАН ҰЙЫМДАҒЫ БҰРЫН ТИЕСІЛІ ҮЛЕ-
СТЕРДІҢ ӘДІЛ ҚҰНЫНЫҢ ЖИЫНЫ
41,732
Топ бітімгершілік келісім шарттарына сәйкес табыстаған өтем «Байкен-U» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС және «Хорасан-U» БК»
ЖШС-ін сатып алу бойынша мәмілелерге олардың салыстырмалы алдын ала әділ құны негізінде бөлінді.
Инвестицияға дейін «Байкен-U» ЖШС және EAL компаниясындағы иемденулер ХҚЕС (IFRS) 9 талаптарына сәйкес әділ құнға
дейін қайта бағаланды.
Бұрын болған қатынастар бойынша міндеттемелер Топтан «Байкен-U» ЖШС негізінен уран жеткізілімі үшін дебиторлық
берешегімен көрсетілген.
Қазіргі мезетте ХҚЕС (IFRS) 3 «Бизнесті біріктіру» стандартына сәйкес Топ сәйкестендірілетін сатып алынған активтердің
және ұйымды сатып алу кезінде қабылданған міндеттемелердің және шартты міндеттемелердің әділ құнын бағалауды
жүзеге асыруда. Бағалауды тәуелсіз кәсіби бағалаушы орындауда және осы шоғырландырылған қаржылық есептілікті шығару
күніне аяқталған жоқ. Сатып алынған активтер мен міндеттемелер және осы сатып алумен байланысты туындаған гудвил
туралы ақпарат 2018 жылғы 31 желтоқсан бойынша баланстық (алдын ала) құн негізінде дайындалған.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | 253
Достарыңызбен бөлісу: |