8-стратегиялық бағыт. Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру
|
8.1-мақсат. Әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттыру
Аталған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджет бағдарламаларының кодтары 001, 010, 016, 017, 026, 036, 040, 042, 047
|
Нысаналы индикатор
|
Ақпарат көзі
|
Өлшем бірлігі
|
Есепті
кезең
|
Қол жеткізілмеу себептері
|
жоспар
|
дерек
|
1.Арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санынан)
|
|
|
96,1
|
97,4
|
Көрсеткіш 101,4% орындалды
|
2.Ішінара оңалтылған мүгедектердің үлесі (қайта куәландырылған мүгедектердің санынан)
|
ДСӘДМ
деректер
|
%
|
9,8
|
11,7
|
Көрсеткіш 119,4% орындалды
|
8.1.1-міндет. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамыту
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi
|
1. Жеке сектор субъектілері (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар) көрсететін арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі
|
ДСӘДМ
деректер
|
%
|
5,4
|
5,3
|
Көрсеткіш 98,1% орындалды
Көрсеткіштің нақты мәні қол жеткізілген өңірлік көрсеткіштерден құралды.
Анықтама ретінде: Ақмола (жоспар – 2,3%, дерек – 2,1%), Шығыс Қазақстан (жоспар – 12,0%, дерек – 7,8%), Қарағанды (жоспар – 6,3%, дерек – 3,7%), Қостанай (жоспар – 3,1%, дерек – 0,7%), Манғыстау (жоспар – 6,0%, дерек – 3,4%), Павлодар облыстары (жоспар – 13,4%, дерек – 10,9%), Алматы қ. (жоспар – 3,9%, дерек – 3,4%). Атырау облысында ҰЕҮ қызметтерімен қамтылғандардың үлесі 0% құрады.
|
Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар
|
1. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру
|
|
2015 жылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру шеңберінде:
- халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету Стандарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 ҚР ДСӘДМ бұйрығы);
- медициналық-әлеуметтік мекемелердегі, оңалту орталықтарындағы, мүгедек-балалар үшін оқу орындарындағы, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы, күндіз болу бөлімшелеріндегі, әлеуметтік бейімделу орталықтарындағы адамдар үшін тамақтану Табиғи нормалары қайта бекітілді (2015 жылғы 27 қарашадағы № 896 ҚР ДСӘДМ бұйрығы);
- арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаждықты анықтау және бағалау Ережесі, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектердің зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларын пайдалану Ережесі қайта жасалды, жаңа ақылы негізінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету Ережесі, халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдарда киім және жұмсақ жабдықтардың есепке алу Ережесі, халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдарда ішкі құжаттаманы жүргізу Ережесі әзірленді. Осы нормативтік құқықтық актілермүгедектердің құқықтары саласындағы заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерді жүзеге асыру үшін жасалып және 2016 жылдың ақпан айында қабылданады.
|
2. Жергілікті өкілді органдардың шешімімен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтің қосымша түрлерін енгізу
|
|
Жергілікті өкілді органдардың шешімімен көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтің қосымша түрлерін енгізу «Анаулы әлеуметтік қызмет туралы» ҚР Заңымен (бұдан әрі – Заң) қарастырылған.
Заңды іске асыру кезеңінде арнаулы әлеуметтік қызметтің қосымша түрлері Қостанай, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында енгізілді. Арнаулы әлеуметтік қызметтің қосымша түрлерін енгізуді талдау олардың тізбесін кеңейту қиыншылығы біртұтас енгізу механизімі болмағанына байланыстылығын көрсетті, себебі заңнамаға сәйкес олар ақылы түрде көрсетілуі керек.
Осы мәселені реттеу мақсатында ақылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету тәртібін қабылдауға денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілдік берілген органның құзыретің анықтау бөлігінде Заңға өзгерістер енгізілді.
Қабылданған норманы жүзеге асыру үшін ақылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету Ереже жобасы әзірленіп және мемлекеттік органдарға келісу үшін жолданды.
|
3. Үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тапсырыс орналастыруды кеңейту
|
|
2015 жылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша орналасқан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 2014 жылғы 74 ҮЕҰ-нан 81 ҮЕҰ-ға дейін, 5,1 мың адамды қамтып 9,5% өсті.
Анықтама ретінде: 2015 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс 81 ҮЕҰ арасында 15 өңірлерде (Атырау облысынан басқа) жүзеге асырылды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру кезеңінде ҮЕҰ саны 2009 жылы 4 бастап 2015 жылы 81 дейін өсті, осыған сәйкес ҮЕҰ қызмет алатындардың саны 1,5 мыңнан 5,1 мың адамға өсті.
Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша үкіметтік емес сектордағы қызметтер жартылай стационар жағдайында 55 күндізгі болу бөлімшелерімен, үйде күту жағдайында 65 бөлімшелерімен (2014 жылы – 35 күндіз болу бөлімшелері, үйде күту – 48 бөлімшелері) көрсетіледі.ҮЕҰ арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін республикалық бюджет қаражатынан 586,7 млн.теңге жұмсалды.
|
4. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері жөнінде халықтың хабардарлығын арттыру
|
|
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру жөнінде жұмыс шеңберінде, 2015 жылдың 29 қаңтарда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша ақпарат «Седьмой канал» арнасына жолданды (шығ. №14-1-27/2404); 26 мамырда мүгедек - балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге қатысты ақпарат апта сайынғы қоғамдық-саясатты «Мегаполис» газетіне жолданды.
Бұдан басқа, тұрақты негізінде осы мәселе бойынша ақпаратты Министрліктің интернет ресурсында орналастыру қамтамасыз етілді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді дамыту басқарма басшысымен «Өмірлік қиын жағдайларын диагностикалау тәсілдері. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жинақталған моделін енгізу аясында азаматтардың қажеттіліктерін анықтау және бағалауға кешенді тұрғысының негіздері» атты тақырыпқа арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікгін анықтау және бағалау бойынша әлеуметтік жұмысшылар үшін тренингті ұйымдастыру және қатысу өткізілді (қарашаның 11-13, 19-20, 26-27). Тренингтермен елдің барлық өңірлерінен 150 жергілікті атқарушы органдардың мамандары қамтылды.
|
8.1.2-міндет. Мүгедектерді оңалту жүйесін дамыту
|
Тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi
|
1. Әлеуметтік бөлікте іске асырылған мүгедектердi оңалту бағдарламаларының үлесі (өткен жылғы есепті кезең үшін әзірленген ОЖБ қатарынан)
|
ДСӘДМ
деректер
|
%
|
74
|
68
|
Көрсеткіш 91,9 % орындалды
Көрсеткіштің қол жетілуіне:
-жергілікті атқарушы органдармен мүгедектерді оңалту қызметтерімен және жабдықтарымен қамтамасыз ету жеткіліксіз қаражаттандырылды;
|
Тiкелей нәтиже көрсеткiштерiне қол жеткiзуге арналған iс-шаралар
|
1. Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қабылдау және іске асыру (кезең-кезеңдік жоспарлар)
|
|
2. Алдағы Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялауға байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
|
3. Медициналық-әлеуметтік сараптама мен мүгедектерді оңалтуды (МКФ ережелерін ескере отырып) ұйымдастыру және жүргізудің инновациялық тәсілдерін әзірлеу
|
|
4. Мүгедектер мен халықтың басқа да баяу қимылдайтын топтарының тыныс-тіршілік ету объектілеріне кедергісіз кіріп-шығуы үшін жағдай жасау
|
|
5. Протездік-ортопедиялық және есту протезі көмегін көрсету стандарттарын жетiлдiру
|
|
6. Әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілерін паспорттау мониторингі
|
|